Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций
Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді
Негізгі қоректері: балдырлар, жлғарғы сатыдағы су өсімдіктері, насекомдардың дернәсілдері, моллюскала және де басқа организмдер. Торталардың тұрғылықты формалары аралас қоректермен азықтаныды. Қоректерінің негізгі бөлігі балдырлардан, былқылдақ денелілерден және басқада организмдерден тұрады.
Өрістеуші торталарға қарағанда тұрғылық формалары баяу өседі. Әсіресе қамыс арасында өсетіндері олардан да баяу өседі. Жалпы алғанда торталардың өсу қарқындылығына бірден бір қорек түрі мен көлемі тікелей әсер етеді.
Көбеюі. Тұрғылықты формалары баяу өсуіне байланысты 2-3 жасында, дене тұрқы 12 см жетісімен жыныстық қабілетке жетіп ұрықтануға қытысады. Жартылай өрістеушілері, 2-4 жасында жетіліп, денесінің ұзындығы 13-17 см болысымен ұрықтарын шаша бастайды. Солтүстік Каспийде қаракөздердің (вобланың) 8 жастан асқандары кездеспейді. Әдетте олардың ұзындығы 18-35 см болады, бірақта, денесінің ұзындығы 50 см ге жететін дарақтары сиректе болса кездеседі
Өсімталдығы: жартылай өрістеушілері 9,9 -147,8 мың дана уылдырық шашса, баяу өсетіндері не бары 1,1-85,0 мың дана уылдырық береді екен. Уылдырықтарын сәуір-мамыр айлары аралығында, өткен жылғы су өсімдіктеріне шашады. Уылдырық шашу кезінде олар суды шалпылдатып мазасызданады. Уылдырық шашар алдында аталықтары таңдаған субстаратты қорып тұрады. Уылдырқ шашуға дайын болған кезде аталықтары мен аналықтары бір біріне суйкеліп, жанасып, уылдырықтарын шашатын өсімдікке жақыныдап оның үстінен секірп ойнақтап ұрықтарын шаша бастайды. Жартылай өрістеуші топтары ұрық шашу үшін өзенге өтіп уылдырықтарын жайылма суға шашады. Ұрықтарын шашып болысымен ересек дарақтары теңізге қайтадан оралып қоректенуге кіріседі. Қазан айының соңы мен қарашаның басында, торталар, азықтанбай қыстауға кіреді. Жас ұрпақтары сол жайылма суда өсіп су тартылысымен теңізге өтеді. Жалпы, торталар, қоректену және уылдырықтарын шашу жағдайларына байланысты өте бейімді балықтар. Уылдырықтарын шашу жағдайына байланысты сібір торталарын екі экологиялық топқа бөледі: бірі ұрықьтарын су өсімдіктеріне шашады, екіншісі уылдырықтарын өзендердің табанындағы тастарға шашады.
Қазақстанда, торталар, Балхаш – Іле, Алакөл, Арал, Каспий теңізі, Ертіс өзені су алаптарында кеңінен таралған.
Кәсіптік маңызы жоғары түршелеріне: қаракөз, тыран, арал қаракөзі жатады.
Т ы р а н - тарань – Rutilus rutilus hekkeli (Nordman). Ауызы жартылай төменгі. Денесі биік. Арқа қанаттарында тармақталынған шыбықтары 10 нан кем емес. Қара және Азов теңздерінің тұщылау суында тіршілік етеді. Дене тұрқы 20 см жетеді және салмағы шамамен 400 грамм болатын балық. 4 жасында пісіп жетіледі. Наурыз – мамыр айларында өзендердің төменгі жағының, суы жайылған алқаптарына уылдырықтарын шашады. Өсімталдығы 22-202 мың уылдырық. Дернәсілдері өсе келе теңізге өтеді. Ересектері уылдырықтарн шашып болысмен теңізге қайтадан оралады. Қоректері: шаянтәрізділер, моллюскалар, құрттар. Қыста өзеннің ойпат жерлерінде, немесе шұңқырларында қыстап шығады. Құнды кәсіптік маңызы бар балық.
К а с п и й қ а р а к ө з і – каспийская вобла- R.r. caspicus (Jak). Каспий қара көздері Капий теңізінде кең тараған балық. Ауызы төменгі. Днесі аласалау. Арқа қанатындағы сәулелі шыбықтарының саны 9 дан аспайды. Тұрқы 30 см шамасында болады. Каспий теңізінде қаракөздер үш табын құрады, олар: солтүстіккаспий, кура және түркмен үйілері.
Жартылай өрістегіш балық. Ұрықтарын өзеннің төменгі сағасына шашады. Жайылымға теңіздің тұщылау жеріне өтеді. Жыныстық қабілетке 2-5 жасында жетеді. Көбею кезеңі сәуір-мамыр айларында, судың температурасы 7-9 0 С болған жағдайда басталады. Көбею кезеңінің алдында аналық дарақтарының қабыршақтарында қызыл моншақ секілді бүртіктер пайда болады. Уылдырықтарын өткен жылғы ескі шөптерге шашады. Уылдырықтарын шашап болысымен аналықтары ұрықтанған жерінен кетеді. Ал аталықтары шәуеттерін бөліп-бөліп шашатындықтан сол жерде біраз кідіріс жасайды. Өсімталдығы 20-200 мың уылдырық. Инкубациялық уақты 5-6 тәуілік. Жұмыртқадан жарылып шыққан дернәсілдері тез арада өзеннен теңізге өтеді. Ұрықтарын шашып, әбден жүдеген балықтар теңізге семіру үшін қоныс аударады. Қаракөздердің өміршеңдігі 8-10 жыл аралығында.
Кәсіптік маңызы өте жоғары. Әсіресе, олардың ең көп шоғырланған жері Каспийдің солтүстік бөлігі.
А р а л т о р т а с ы – аральская плотва- Rutilus rutilus aralensis Berg. Ауызы төменгі. Денесі биіктеу. Арқа қанатында 10 жуық тармақталынған шыбықтары болады. Таралуы: Арал теңізі және Арал теңізі алабы. Олар: жартылай өрістеуші және қамыс арасында тіршілік ететін ержегей секілді екі экологиялық топтарды құрайды. Жартылай өрістегіш тобына жататындар екінші топқа қарағанда тез өсіп, тез жетіледі және салмағы мен дене ұзындығы әлдеқайда жоғары болады.Дене тұрқының ұзындығы 13-17 см жеткенде ұрықтану қабілеттері басталады. Ұрықтану үшін су жағалауына жақындайды. Сәуір айында , судың температурасы 1-5 0 қа жеткенде уылдырықтарын шаша бастайды. Уылдырықтарын ескі өсімдік қалдықтарына шашады. Уылдырықтарын шашып болысымен қоректеніп семіру үшін теңіз айдынына қоныс аударады. Қыс айларында азықтануларын тоқтатпайды. Кәсіптік маңызы жоғары. Бірақта соңғы жылдары Арал теңізінің тартылып кетуіне байланысты саны мен сапасы мүлдем төмендеп кетті.
С а қ т а қ - в ы р е з у б – Rutilus frisii (Nordman). Торталарға қарағанда қабыршақтары көпсанды. Тұмсығы сүйір, ауызы жартылай төмен. Жартылай өрістеуші балық. Таралуы: Қара және Азов теңіздерінің су алаптары. Уылдырықтарын өзендерге шашады, ал өмір тіршілігі теңіздің тұщылау жағалауында өтеді. Жыныстық қаблетке 4-5 жасында жетеді. Ұрық шашу алдында басы мен жотасында бүртіктер пайда болады. Уылдырықтарын су табанындағы тастарға шашады. Уылдырықтарын шашып болысымен сақтақтар тез арада теңізге қайта оралады. Жас шабақтары өзенде күзге дейін қалады. Бұл балықтар Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде де кездеседі.
К у т у м – Rutilus frisi kutum (Kamenskii). Бұл балық сақтақтарға өте ұқсас келеді. Каспий теңізінің су алабтарнда кең тараған балық. Өрістегіш балық. Уылдырықтарын наурыз дан мамырға дейін өзендер мен көлдерге шашады. Фитофильді балықтар. Өсімталдылығы 90-150 мың дана уылдырық. 4 жасында пісіп жетіледі. Кәсіптік маңызы жоғары. Олардың негізгі мекені Каспийдің оңтүстік бөлігі.
Қара амур туысы – род черный амур – Mylopharyngodon. Жұтқыншақ тістері ірі, мықты және азығын шайнауға ыңғайлы және де 2 қатарда орналасқан. Бүйір сызығында 39- 42 қабыршағы болады. Денесі мен қанаттары қара түсті.
Қ а р а а м у р - Mylopharyngodon piceus (Richard). Амур өзені мен Қытайда кең тараған балық. Кәсіптік маңызы өте жоғары және қолда өсіруге, жерсіндіруге өте ыңғайлы балық түрі. Дене тұрқы 120 см ге дейін жететін, салмағы 36 кг болатын балық. 7-9 жасында, денесінің ұзындығы 70 см жеткенде пісіп жетіледі. Маусым-шілде айларында, су қатты көтерілген шақта көбееді. Ұрықтырын үзбей бірақ шашады. Уылдрықтары пелагиальді.
А қ а м у р туысы – род белый амур – Ctenopharyngodon. Жұтқыншақ тістері екі қатар болып орналасқан. Тістері араның жүзіндей. Денесінің түсі ақшыл.
А қ а м у р – белый амур- Ctenopharyngodon idella(Val). Амур өзені мен Қытайда кең тараған тұщы су балығы. Денесінің ұзындығы 120 см-ге, ал салмағы 32 кг жететін балық. Ұрықтануы көктем – жаз айларында өзендердің суы көтерілгенде өзен сағасында өтеді.Өзендер мен көлдерде тіршілік ететін тұщы су балықтары.Ұрықтарын судың температурасы 26-300 жеткенде өзендердің арналарына шашады. 6-9 жасында денесінің ұзындығы 60-70 см жеткенде есейіп жыныстық қаблетке жетеді. Өсімталдығы 290- 816 мың дана уылдырық. Ұылдырықтарын бөліп-бөліп шашады. Уылдырықтары жартылай пелагиальды. Жұмыртқадан жарылып шыққан дернәсілдері судың жағалауында өмір сүріп майда шаянтәрізділермен қоректененді, ал ересек ақ амурлар болса жоғара сатыдағы су өсімдіктерімен азықтанады соған байланысты оларды тоғанадрды қаптап өсіп кеткен су өсімдіктерінен тазарту мақсатында да пайдаланады. Ақ амур тоған шаруашылығында өсіруге өте ыңғайлы балық түрі. Сондықтан болар Ресейде, Қырғызстанда, Украинада, біздің елімізде т.б. жерлерде осы балық түрін тоғандарда өсіру жақсы жолға қойылған.
Тарақ балық туысы – род елцы - Leuciscus. Тарақ балықтарына жататындардың төс қыры болмайды. Қабыршақтары бірінің үстін бірі жауып орналасқан. Жұтқыншақ тістері екі қатарда орналасқан. Туыс құрамына Европа, Азия, Солтүстік Америка суларында тіршілік ететін 50 –ге жуық түр кіреді. ТМД және Қазақстаг суларында: тұрпан (головаль), аққайран (язь), амур шабағы, қыйыршығыс қызылқанаты, тарақ балық (елец) секілді түрлері кездеседі.
К әд і м г і т а р а қ б а л ы қ – Leuciscus leuciscus (L). Ауызы төмен қарай орналасқан. Денесі аласа. Анальді қанаты ойықша болып келген. Европа мен Сібір суларында кең тараған. Қазақстанда Каспий су алабында кездеседі. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей суларында тарақ балықтар, бөлек түрше қалыптастырған. Тынық мұхит алабында тарақ балықтар кездеспейді. Тарақ балықтар таралу аймақтарына байланысты ұрықтарын наурыз – мамыр айлары аралығында шашады. Уылдырықтарын с табанына шашады. 2-3 жасында , денесінің ұзындығы 11-14 см жеткенде есейіп көбею қаблетіне жетеді. Өсімталдығы 17 мың дана уылдырық. Кәсіпетік маңызы жоқ. Бірақта, гидробиоценоздағы орны ерекше.
С і б р т а р а қ б а л ы ғы , немесе шабақ, - L. Leuciscus baicalensis (Dybowski). Кәдімгі тарақ балықтарына қарағанда сібір тарақтарының ауызы алға қарай орналасқан. Сібір суларында кең тараған балық түрі. Дене тұрқы 30 см , салмағы 350 г шамасында., әдетте денесінің ұзындығы 20 см, салмағы 120 г болады. Негізінен өзендерде мекендейді, кей біреулері көлдерде де кездеседі. Тарақ балықтарды қызыл және ақ қанаттылары болады. Көбеюі мамыр – маусым айларында өтеді. Ұрықтарын шашу жағдайына байланысты сібір тарақтарын екі экологиялық тапқа бөледі: бірі – 3 жасында есейеді, өсімталдығы төмен (не бары 2,5-15,5 мың дана уылдырық) және уылдырығын су табанындағы тастарға шашады.; екінші топтағылары 4-5 жасында жетіледі, өсімталдығы біршама жоғары ( 2,9-21,6 мың уылдырық), уылдырықтарын су өсімдіктеріне шашады.
Таралуы: Арал теңізінің, Ертіс өзенінің, Балқаш-Іле алабтары. Негізгі қоректері: былқылдақ денелілер, насекомдардың дернәсілдері, әуедегі насекомдар. Кәсіптік маңызы төмен.
Тарақ балықтарының бірнеше түршелері бар: қырғыз тарақ балығы – L. leuciscus kirgisorum Berg, талас тарақтары – L. lindbergi, түркмен тарақтары – L. latus (Keyserling), кубань тарақ балығы – L. aphipsi Alecsandrov , ыстықкөл шабағы – L. schmidti Herz.. Кәсіптік маңызы барларна тек ыстық көл шабақтары жатады.
Т ұ р п а н – голавль – Leuciscus cephalus (L). Ауызы алдына қарай орналасқан. Денесі аласалау және анальды қанаттары дөңгеленіп келген. Европа және Азия құрлықтарының суларында кеңінен таралған. Дене тұрқының ұзындығы 80 см, салмағы 4 кг дейін болатын балық. Салқын сулы, жылдам ағатын , суы таза табаны тасты болатын өзендерде мекендейді. Көлдерде сирек кездеседі. Ұрықтануы наурыз- маусым айларында өтеді. Жыныстық қаблеттік жасына 4-5 жасында жетеді. Сол кезде олардың денесінің ұзындығы 23-25 см жетеді. Өсімталдығы 9,7-194 мың дана уылдырық. Желімді уылдырықтарын су табанына шашады. Азық құрамы әртүрлі. Азық ретінде моллюскаларды, майда балықтарды, су өсімдіктерін кейде майда сүтқоректілерді пайдаланады. Қыс кезінде өзен табанында жатады. Кәсіптік маңызы жоқ. Әуесқой балықшылар мен спорттық аулуға өте қолайлы балық түрі.
А қ қ а й р а н - язь – Leuciscus idus (L). Ауызы алға қарай орналасқан. Денесі биік. Анальді қанаты ойық формалы. Денесінің ұзындығы 70 см, салмағы 8 кг болатын балық. Тұшы су балығы. Негізгі мекені: дала өзендері, көлдер мен су қоймалары. Сәуір- мамыр айларында судың температурасы 3-40 жеткенде көбееді. 3-4 жасында пісіп жетіледі. Өсімталдығы 39-114 мың уылдырық шамасында. Негізгі қоректері: моллюскалар, құрттар, насекомдар дернәсілдері0, балдырлар, майда шабақтар.
Таралуы: Ортаңғы Европа,
Сібір, сулары. Қазақстанда, Арал, Каспий
теңіздері мен Ертіс өзені
алабтарында кең тараған балық.
Арал теңізінде түркістан аққайраны
Аққайрандардың амур шабағы, угай секілді түрлері кездеседі.
Қызыл қанатты шұбар балық туысы – род красноперка - Scardinius. Төс қыры нашар дамыған және сырты қабыршақпен жабылған. Арқа қанаты кеуде қанаттарынан төменірек орналасқан. Арқа қанаттарынан басқа қанаттары қызыл түсті. Ауыза жартылай жоғары, жұтқыншақ тістері екі қатарда орналасқан. Бұл туыстың екі түрі бар: қызыл қанат – S. erythophthalmus (L) және грек қызыл қанаты – S.graecus.
Қ ы з л қ а н а т - S. erythophthalmus (L) . Европаның тұщы суларында мекендейтін балық түрі. Әсіресе Қара, Каспий, Азов және Арал теңіздеріне қосылатын өзенднрде жиі кездеседі. Ұзындығы 35 см, салмағы 1,5 кг болатын балық№ Әдетте ұзындығы 20 см, салмағы 300 г шамасында болады. Мекені: су өсімдіктері қалың өсетін, ағысы баяу өзендер, тұщы көлдер мен тоспалар, теңіз шығанақтары. 3 жасында жыныстық қаблетке жетеді. Өсімталдығы 160-180 мың уылдырық Уылдырықтарын өсімдікке шашады. Негізгі қоректік азығы: өсімдіктер, өсімдіктердің жас өркендері, жіпше тәрізді балдырлар, фитопланктондар, құрттар, шаянтәрізділер, балықтардың шабақтары мен уылдырықтары және былқылдақ денеліліредің ұрықтары.
Кәсіптік маңызы төмен.
А қ м а р қ а туысы – род жерехи – Aspius. Ауызы үлкен және жоғары орналасқан. Төменгі жақ суйегі жоғарғы жақ сүйегіне қарай шығынқы болады. Арқа қанаты құрсақ қанатымен тұспа тұс орналасқан. Төс қыры нашарлау дамыған. Жұтқыншақ тістері екі қатрда орналасқан. Желбезек сағақтары сирек және қысқа. Ақмарқалардың екі түрі бар: бірі –кәдімгі ақмарқа, немесе шереспер – Aspius aspius (L). екіншісі – Тигр өзенінде мекендейтін Aspius vorax Htck.
К әд і м г і а қ м а р қ а – обыкновенный жерех – Aspius aspius (L). Таралуы: Балтық, Солтүстік, Қара, Каспий, Арал теңіздерінің алабтары. Оңтүстік Каспий және Арал теңіздерінде ерекше түршені қалыптастырған. Денесінің ұзындығы 80 см, салмағы 12 кг дейін блатын ірі балық. Тұщы су балықтары бола тұра тұздылау суларда да еркін тіршілік ете алады. Оңтүстік теңіздерде мекендейтін дарақтары жартылай өрістеуші балады. 4-5 жасында , денесінің ұзындығы шамамен 40 см жеткенде есейіп ұрық шашу қаблетіне жетеді. Көбею кезеңі сәуір-мамыр айларында, судың температурсы 9-100 С болғанда басталады. Уылдырықтарын ағысы қатты, табаны тасты өзендерге шашады. Өсімталдығы 58-483 мың дана уылдырық. Жас шабақтар алдыңғы кезеңде омыртқасыздармен қоректенеді, ал 2-3 айлық шабақтары майда шабақтармен қоректене бастайды, ал ересектері ұсақ балықтармен қоректенеді. Қыс айларында өзен табандарындағы шұңқырларында қыстап шығады. Кәсіптік маңызы бар.