Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.

Содержание

КІРІСПЕ

1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі

2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту

3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қылмыстық істі қысқарту .doc

— 596.50 Кб (Скачать документ)

ҚР ҚК-нің 5-бабына сәйкес «Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады».

21.02.2011 жылы Астана қаласы Сарыарқа ауданы ІІБ-нің тергеушісі П.Н. Ивановпен қылмыстық іс бойынша өнірісті ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы 1-бөлігі 2-тармағымен қысқарту туралы шешім қабылданды. Қылмыстық іс материалдарын прокурормен оқып-зерттеу арқылы қылмыстық істі ақтайтын негізде қысқарту туралы шешімнің негізді қабылданғаны анықталады.

Сонымен қылмыстық сот өндірісі жүйесі әрбір кезекті саты алдыңғы  сатының процессуалды қызметінің сапасын  бақылап отыратындай етіп қаланған. Осыған байланысты сот өндірісі де сотқа дейінгі өндіріске тексеру функциясын жүзеге асырады. Олар қылмыстық істі прокурорға қайтарып беру, қылмыстық іс пен қылмыстық ізге түсуді қысқарту, дәлелдемелердің күшін жою, айыптауды өзгерту және т.б. соттармен қабылданатын шешімдер арқылы жүзеге асырылады.

Міне, сол сияқты қылмыстық істі қысқарту туралы шешімге жасалынған шағымдарға, ол тергеуші атынан болсын не болмаса басқа да процеске қатысушылар  атынан болсын, сот осы мәселені шешеді. Атап айтқанда бұл қызметті сот бақылауы деп танысақ та болады. Сөз жоқ, бұл соттың шешімдері кейін қылмыстық істі жаңғыртуға әкеліп соғады. Прокурор, тергеуші, анықтаушының іс-әрекеттері  (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалатын шағым ҚР ҚІЖК-нің 109-бабында толық қарастырылады. Сонымен нақтырақ мынадай шешәмдер сотқа шағымдануға жатады: 1) нақты тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы; 2) нақты бір тұлғаға қатысты, оған айып тағу белгілі бір деңгейде дәлелденбегеніне байланысты қылмыстық істі ішінара қысқарту туралы; 3) қылмыстық істі қысқарту туралы прокурор шығарған қаулыға немесе іс бойынша өндірісті қайта жаңғырту туралы қаулысына. Мұның барлығы қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты ережеден шығып, әрі қарай өрісін алып отыр. Сондай-ақ осы процеске қатысушылардың істі қысқарту туралы шешімге прокурорға шағым жасауы кейіннен олардың сотқа шағымдануына кедергі болмайды.

Тәжірибеде қылмыстық істі қысқарту туралы шешімге бір мезгілде прокурорға да, сотқа да шағым жасайтын оқиғалар орын алып отырады. Бір мезгілде сол бір талап етуді қарастырудың қисыны жоқ. Сондықтан да, біздің ойымызша азаматтар өздерінің шағымдары қанағаттандырылмаған немесе заңмен белгіленген мерзімде шешілмеген не қарастырылмаған жағдайда сотқа жүгінулері орынды болар еді [48,298 б.].

Сондай-ақ шағым жасайтын тұлғалар шеңбері заңды айқын көрсетілген. Атап айтсақ олар: сезiктi, айыпталушы, олардың қорғаушылары, жәбiрленушi және оның өкiлi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ арызы бойынша iс қозғалған адам немесе мемлекеттiк органның немесе ұйымның өкiлi. Көбінесе осы шағымдар өзіне қатысты іс қысқартылған немесе бас тартылған тұлғалармен, жәбірленушілермен және жәбірленуші деп танылмаса да қылмыспен өздеріне залал келтірілген тұлғалармен жасалынады.

Шағым түсiру шағым жасалып отырған iс-әрекеттiң жүргiзiлуiн және шағым  жасалып отырған шешiмнiң орындалуын тоқтата тұрмайды.

Шағым тұлғаның келiспейтiн шешiммен танысқан күнiнен бастап он бес тәулiк iшiнде не прокурордың өзiнiң атына берiлген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейiн сол мерзiмде немесе, егер прокурорға берiлген шағымға жауап алынбаса, ол берiлгеннен кейiн он бес тәулiк өткен күннен бастап қылмыстық процестi жүргiзетiн орган тұрған жердегi аудандық сотқа берiлуi мүмкiн7

Шағымды судья ол келiп түскен кезден бастап он тәулiктiң iшiнде прокурордың, арыз берушiнiң және оның қорғаушысының, егер олар қылмыстық iске қатысса, заңды  өкiлiнiң немесе өкiлiнiң, мүдделерiн шағым жасалатын iс-әрекет (әрекетсiздiк) және шешiм тiкелей қозғайтын өзге де адамдардың қатысуымен, жабық отырыста жеке-дара қарайды. Егер судья аталған адамдардың келуiн мiндеттi деп таппаса, олардың сот отырысына келмеуi шағымды қарауға кедергi болмайды. Iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және шешiмдерiне шағым жасалған лауазымды адамдар мұндай iс-әрекеттердi (әрекетсiздiктi) жасауға және шешiмдерге негiз болған материалдарды сотқа үш тәулiк iшiнде табыс етуге мiндеттi [39,287 б.].

Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыларға шағымды қарастыру кезінде судья сот залына тиісті шешімдерді қабылдаған анықтаушыны, тергеушіні шақыруға құқылы. Сот қарауының пәні болатын қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыға жасалған шағым өтініш берушінің талаптарына тәуелді жағдайда қылмыстық істі қысқарту туралы заңды және негізді шешім қабылдау үшін құқықтық және фактілі негізді құрай алады. Судья сәйкес шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қылмыстық материалдық  және процессуалды нормалардың сақталуын тексеруге міндетті. Қылмыстық істерді қысқартудың ақтайтын немесе ақтамайтын негіздеріне тәуелді сот қарауының пәні мен шегі әрқайсысына әр түрлі болып келеді. Сонымен сот шағымдарды қарау нәтижесінде мына шешімдердің: 1)  заңсыз деп танылған iс жүргiзу шешiмiн бұзу туралы; 2) тиiстi лауазымды адамның iс-әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) заңсыз немесе негiзсiз деп тану туралы және оның жол берiлген бұзушылықты жоюға мiндеттi екенi туралы; 3) прокурорға азаматтың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң жол берiлген бұзылуын жою мiндетiн жүктеу туралы; 4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулылардың бiрiн шығарады.

Қысқартылған қылмыстық істерді  соттармен қараудың тәжірибесін  оқып-зерттеу барысында анықтаушы, тергеушілердің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп жататын жағдайлар кездесіп жатады. Бірақ, қарап отырсақ, сот қылмыстық процесте қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттерді жасай алмайды. Қылмыстық процестегі бәсекелестікте соттың функциялары айыптау мен қорғаудан қатаң түрде бөлінген екендігі белгілі. Сол себепті,  кейбір авторлар сот алдын ала тергеу органдары мен прокурорға императивті түрде іс бойынша қандай процессуалды әрекеттер жасау керек екендігін, не болмаса қандай да бір шешімдерді ұсына алмайды деген пікірді ұстанады. Бұл пікірмен келіспеуге болмайды, себебі сот тергеуші, анықтаушы, прокурор шығарған шешімдердің заңсыздығын атап көрсетіп, орын алған қателіктерді жоюды ғана ұсынады. Ал судья анықтаған заң бұзушылықтарды, қателіктерді қалай жою жолдарын қадағалау жүргізуші прокурор өзіне заңмен жүктелген  өкілеттіктер мен нақты мән-жайларға тәуелділікте анықтайды.

Сонымен қатар осы судьяның қылмыстық  істі қысқарту туралы шешімді қолдауы  немесе одан бас тартуы кезіндегі  атқаратын функцияларын басқаша  бағалайтын көзқарастар да кездеседі. Мысалға, қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының күшін жойған кезде судья жанама түрде айыптау функциясын атқарады. Сондай-ақ, керісінше, қылмыстық істі қозғау туралы қаулының күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, ол қорғау жағына шығып кетеді. Бірінші және екінші жағдайда да судьяның әрекеттері қылмыстық процестегі тараптар теңсіздігін туғызады және конституциялық бәсекелестік қағидасын бұзады деп қарастырады. Алайда қылмыстық процеске қатысушылар өздерін қанағаттандырмаған таласты мәселемен сотқа жүгінгендіктен, сот аталған даулы мән-жайды мүмкіндігінше заңдылықты басшылыққа ала отырып, белгілі бір шешімге келуі тиіс. Сондықтан да сот шығаратын шешімге жоғарыдағы көзқараспен қараған дұрыс емес деп ойлаймыз. Сот функциясының мәні осында болып тұр[48,305 б.]

Сондықтан да заңнамадағы қылмыстық  істі қысқарту  туралы шешімге 

сот тәртібімен шағым жасау, сонымен  қатар сол шешімді шығарған лауазымды  тұлғалар мен органдардың әрекеттерін  соттың қарастырып, белгілі бір баға беруі, атап қайтқанда әділ түрде  шешуі қылмыстық істі жаңғыртуға қатысты орын алатын маңызды процестің бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қылмыстық іс жүргізу құқығанда  қылмыстық істі қысқарту күрделі  процестің бірі болып табылады. Қылмыстық  істі қысқарту туралы шешімді алдын ала тергеу және сот сатыларында жүзеге асырудың қоғамға және адам мен азаматқа келтіретін маңызы үлкен және қозғалған істі заңда көзделген негіздермен қысқарту ‒ адам мен азаматты негізсіз айыптаудан, соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде тәжірибелік тұрғыдан алғанда үлкен маңызға ие.

Бірнеше авторлардың қылмыстық  істі қысқарту ұғымына берген сипаттамаларын ескере отырып, біз де өзіндік түсініктеме  беруге тырыстық, яғни қылмыстық істі қысқарту дегеніміз ‒ қылмыстық  ізге түсу органдарының немесе соттың іс жүргізуді аяқтау үшін негіздердің орын алуына байланысты қабылдаған шешімі.

Өкінішке орай, қылмыстық іс жүргізу  заңында қылмыстық істі "қысқарту" деген сөздің орнына "тоқтату" деген сөздер қолданылып жатады. Мысалға, ҚР ҚІЖК-нің 38-бабы қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар орын алса,  қылмыстық іс тоқтатылуға жатады деп қарастырған. ҚР қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, қылмыстық істі "қысқарту" және "тоқтату" негіздері екі бөлек, яғни істі қысқарту қылмыстық істің аяқталғанын білдірсе, тоқтату қылмыстық істің уақытша үзілісін білдіреді. Осыған орай, ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы 4, 4-1 бөліктеріндегі, 38-бабы 1-бөлігінде, алдын ала тергеу барысында істі қысқарту деп аталатын 35-тараудағы 269-бабы 1-бөлігінде қолданылған "тоқтату" сөздерін "қысқарту" деген сөздермен ауыстыру орынды.

Қылмыстық істі қысқарту заңда көзделген  негіздерде ғана жүзеге асырылады. Ол негіздер ақтайтын және ақтамайтын негіздер болып бөлінеді. Соның ішінде ақтайтын негіздер деп жіктелу себебі мынада: ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылған тұлға кінәсіз деп танылады, заңда көзделген тәртіпте оған келген зиянның орны өтеледі, сондай-ақ ҚР Конституциямен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтары қорғалады.

ҚР ҚІЖК-нің 39-бабына сәйкес ақтайтын негіздер болып, қылмыс оқиғасының орын алмауы, қылмыс құрамының болмауы, жеке және жеке-жария айыптау істері бойынша жәбірленуші арызының болмауы, өзіне қатысты белгiлi бiр айыптау бойынша соттың заңды күшiне енген үкiмi не қылмыстық iзге түсудiң мүмкiн еместiгiн белгiлейтiн соттың күшiн жоймаған қаулысының болуы, белгiлi бiр айыптау бойынша қылмыстық iзге түсу органының қылмыстық iзге түсуден бас тарту туралы күшiн жоймаған қаулысының болуы табылады.

Т.А.Ханов ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлігі 5-тармағы жеке және жариялы істер бойынша жәбірленуші арызы болмағандығынан, өзіне қатысты іс қысқартылған тұлғаны ақтау субъектілерінің тізіміне енгізу, оны негізсіз кеңейту деп санайды. Біздің көзқарасымыз бойынша, жәбірленушінің өтініш бермеуі ақтамайтыне негіздер қатарына жатады, оның белгісі қылмыс оқиғасының, қылмыс құрамының орын алмауына байланысты қысқартылуы керек. Осы жағдайда сол тұлғаны ақтау субъектілері тізіміне енгізу мәселесі туралы дау туындамаушы еді.

Сонымен қатар ақтайтын негіз  бойынша іс қысқарту кезіндегі мәселе осы ақтау кезіндегі өтеуге жататын моральдық шығынды өтеу ең күрделі мәселелердің бірі. Себебі бұл ҚР Конституциясына сәйкес, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі және қылмыстық салдармен келген зиянды өтеу тек ақталған адамның өтініші бойынша қарастырылуға жатады.  С.Бачурин моральдық шығынның сомасын оннан мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде заңнамада бекітуді ұсынады.  Себебі орнын толтырудың төменгі шегінің бекітілуі ‒ мемлекеттің ақталған азаматтарға қатысты қолданылған қылмыстық жазаның, не қылмыстық-процессуалды мәжбүрлеу шарасының қате қолданылуын мойындау фактісі ретінде қарастырылып, ақталған адамның бұзылған құқықтарын ақшалай нысанда лайықты өтеу құқығын жүзеге асырады.

Біздің көзқарасымыз бойынша да, ақталған адамның зиянды өтеу туралы өтініші бар-жоғына қарамастан, оған келтірілген моральдық зиянның орнын толтырудың төменгі мөлшерін заңмен бекіту орынды.

Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту деп қылмыс оқиғасы  мен қылмыс құрамының орын алуын негіздей отырып, заң жүзінде қылмыстық жауаптылықтан босату деп түсінеміз. 

Ақтамайтын негіздер бойынша іс қысқарту негіздерінің бірі, ол тараптардың татуласуы. ҚР ҚІЖК 38-бабы кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін жәбірленушімен татуласуды қарастырады (ҚР ҚК 67-бабы 2-бөлігі). Біздің көзқарасымыз бойынша, ҚР ҚІЖК 38-бабын 5-бөлігін төмендегідей толықтыру қажет деп есептейміз: кіщігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша жәбірленушімен татуласуына 1) жәбірленушінің айыпталушымен шынайы татуласуына орай, қылмыстық істі қысқарту  туралы өтініші; 2) жәбірленушіге келтірілген шығында айыпталушының өтеу міндеттілігін туралы келісім қолхаты болғанда жол беріледі. 

Сонымен қатар тараптардың татуласуы  кезінде сезіктінің немесе айыпталушының қылмыс жасаудағы кінәсі толық дәлелденуі керек. Сондықтан да сезікті мен айыпталушыға қатысты қылмыстық істі қысқарту сезік келтіру мен айып тағу сияқты екі түрлі десек те болады. Аталған негізде іс қысқарту жәбірленушілердің де мүддесін ескерп, олардың құқықтарын шектемеуі қажет.

Осы зерттеулер нәтижесі қылмыстық  іс жүргізудегі қылмыстық іс қысқарту  институтын жетілдіруге қандай да бір  шамада болсын себеп болар деген  сенімдеміз.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы: 1995 жылы 30-тамызда республикалық референдумда қабылданды. (2010 жыдың мамырына дейін қамтылған)// РҚАО «Заң» деректер базасы.
  2. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы №206-1 Заңымен қабылданған. (2012 жылғы 15 ақпанына дейін қамтылған)//РҚАО «Заң» деректер базасы.
  3. Барабаш А.С., Володина Л.М. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования.‒М., «Юридическая литература».‒1985.‒235 с.
  4. Голунский С.А. О прекращении уголовных дел. // Соц. законность. . №12.
  5. Давыдов П.М., Мирский Д.Я. Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе.‒ М.: Госюриздат, 1980.‒248 с.
  6. Дубинский А.Я. Прекращение уголовного дела в стадии предварительного расследования. ‒М., Наука.‒ 1998. 285 с.
  7. Жогин Н.В., Фаткуллин Ф.Н. Предварительное следствие в уголовном процессе. ‒ М.: Госюриз дат, 1976.‒266 с.
  8. Келина С.Г. Теоретические вопросы освобождения от уголовной ответственности. ‒ М., Госюриз дат, 1979.‒201 с.
  9. Коробов П.И. Предотвращение следственных ошибок при освобождении от уголовной ответственности. // Вопросы укрепления законности устранение следственных ошибок в уголовном судопроизводстве: Сб. научных трудов.‒ М., 1978.‒ С. 143-145.
  10. Ленский А.В., Якимович Ю.К. Производство по делам частного обвинения в уголовном процессе.‒ М.: Юристъ, 1998.‒213 с.
  11. Митрохин Н.П. Законность и демократизм предварительного следствия.‒ Минск, 1979.‒231 с.
  12. Мотовимевкер Л.О. О некоторых вопросах уголовно-процессуального законодательства. // Советское государство и право. ‒ 1964.‒ № 5.‒ С. 20-25.
  13. Научно-практический комментарий к УПК РК. ‒ М., "Приор". 1999 г.‒369 с.
  14. Научно-практический комментарий к УПК РК. Изд. 2-е, переработанное и дополненное. ‒М., "Приор". 2001.‒375 с.
  15. Научно-практический комментарий к Основам уголовного судопроизводства. ‒ М. Госюриздат, 1993.‒396 с.
  16. Никитин В.В., Дунин В.А. Прекращение предварительного следствия с передачей уголовного дела в комиссию по делам несовершеннолетних. ‒
  17. Рзаев А.А. Прекращение уголовного дела по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования.‒ Учебное пособие.‒ Л., 1979.‒298 с.
  18. А.П. Гуляев. Следователь в уголовном процессе.‒ Москва.‒ 1981. ‒96 с.
  19. Ағыбаев А.Н., Алауханов Е.О. Алдын ала тергеудің аяқталуы. Оқу құралы. ‒ Алматы: Жеті Жағы.‒ 2004.‒136 бет.
  20. Нуржаубаева К.Ж. Соблюдение законности и организация прокурорского надзора при возбуждении дела, отказе в нем и прекращение производства по уголовному делу (методическое пособие). ‒ Алматы: Данекер, 2002. ‒ 120 с.
  21. Лупинская П. А. Законность и обоснованность решений в уголовном судопроизводстве. — М., 1972.‒245 с.
  22. Алексеева Л., Чефранова Е. О возмещении ущерба, причиненного гражданину // Советская юстиция. — 1990. — № 10. — С. 21-23; Бойцова Л. Возмещение ущерба «жертвам правосудия» в России // Российская юстиция. — 1994. — № 6. — С. 46; Необоснованное обвинение и реабилитация в уголовном процессе: Метод. пос. — М., 1995; Безлепкин Б. Т. Судебно-правовая защита прав и свобод граждан в отношениях с государственными органами и должностными лицами. — М., 1997; Прокудина Л. А. Возмещение ущерба, причиненного незаконными действиями правоохранительных органов (научно-практический комментарий). — М., 1998; Подопригора А. А. Реабилитация в уголовном процессе России: Дис. … канд. юрид. наук. — Ростов н/Д, 2004; Химичев О. В. Институт реабилитации в уголовном судопроизводстве // Закон и право. — 2004. — № 1. — С. 40-43.
  23. Российское законодательство X-XX веков. Т. 8. Судебная реформа. - М., 1991. ‒ С. 264.
  24. Комментарий к уголовно-процессуальному кодексу Российской Федерации // Под общ. ред. В. И. Радченко. — М., 2003. С. 286
  25. Подопригора А. А. Реабилитация в уголовном процессе России.‒Автореф. дис. канд. юрид. наук. — Ростов н/Д, 2004.‒ С. 12.
  26. Уголовный процесс России. / А. С. Александров, Н. Н. Ковтун, М. П. Поляков, С. П. Сереброва; Науч. ред. В. Т. Томин. — М., 2003. C. 153
  27. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть Общая: Академический курс / Под ред. Б. Х. Толеубековой. Кн. 2. — Алматы, 2004. ‒412 с.
  28. Строгович М. С. Курс советского уголовного процесса. — М., 1970. ‒Т. 2.‒ С. 169.
  29. Еркенов С.Е. Гарантии прав участников уголовного судопроизводства// Проблемы и усилия гарантий прав участников уголовного процесса: Материалы международной научно-практической конференции ‒ Алматы, 2003; Д.К. Канафина. Гарантии прав личности в уголовном судопроизводстве: Монография ‒ Алматы, 2005; М.Ч. Когамов Возвращать или нет?/ Юридическая газета, 2005; 190-191 (924-925).
  30. Бачурин С. Соотношение понятий «реабилитация» и «возмещение вреда» в уголовном процессе Республики Казахстан. Тураби №2, 2004. С. 45-47.
  31. Бачурин С., Бачурин Н. Определение размера компенсации морального вреда в денежном выражении реабилитированным в уголовном процессе Республики Казахстан. Фемида №4, 2002. С. 25-29.
  32. Дулатбеков Н.О. Гуманизация юридической науки как объективный процесс ее развития в третьем тысячелетии.// Право и современность: Материалы первого международного коллоквиума правоведов Украины, Казахстана и Россий. - Караганда: Болашак - Баспа, 2001. С.4-7.
  33. Шиктыбаев Т. Проблемы возмещения вреда гражданину при его реабилитации. Фемида №10, 2003.
  34. Журсумбаев С.К. Обеспечение прав личности на предварительном следствии: Монография, Алматы, 2000.
  35. Канафин Д.К. Гарантий прав личностив уголовном судопроизводстве: Монография, Алматы, 2005. С. 305.
  36. Қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы 1999 жылғы 9 шілде N 7. Алматы.
  37. Қазақстан Республикасының қылмыс<span class="dash0411_0435_0437_0020_0438_043d_0442_0435_0440_0432_0430_043b_0430__Char" style=" text-decor

Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі