Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.
КІРІСПЕ
1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі
2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту
3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Көбінесе рақымшылық жасау мемлекет өміріндегі маңызды оқиғаларға байланысты болып отырған. Мысалға, Ресей тарихына көз жүгіртсек, XVI ғасырда рақымшылықты Пасха мейрамдары кезінде кісі өлтіру мен қарақшылық қылмыстары үшін сотталғандардан басқаларына жарияласа, Борис Годунов кезінде таққа отыру, патша мен оның отбасы мүшелерінің аурудан айығуы, тақ мұрагерінің дүниеге келуі және т.б. себептерге байланысты жарияланып келді. Ал I Петр рақымшылық жасау себептеріне соғыстағы жеңіс күндерінде қосты. Кеңес заманында маңызды оқиғаларға байланысты рақымшылық жарияланған: Қазан революциясының 50-жылдығы, Ұлы Отан соғысының 50-жылдығы және т.б.
Рақымшылық ‒ мемлекет тарапынан орын алатын ізгілік таныту саясаты болып табылады. Көптеген сарапшылар пікірінше, рақымшылық жаау туралы актінің қабылдануы бас бостандығынан айыру орындарындағы ахуалды қалай да болсын қалыпқа келтірумен байланысты. Себебі түрмелер мен колониялардағы ұстау мен жазаны өтеу режимдері адамгершілікке жатпайтын жағдайда болғандықтан, мемлекетке әлсін-әлсін осы жағдайды реттеу үшін рақымшылықты қолданатын жайы бар.
Рақымшылық бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату құқықтық мемлекетті құру мен қоғамды әлеуметтендіруде оң бағыт болып табылады.
Бірақ заң әдебиеттерінде осындай пікірге қарсы көзқарастарды кездестіреміз. Мысалға, Ч. Беккария былай деп жазды: “ егер заң азаматтардың қауіпсіздігі үшін, жауыздарды ауыздықтау мен кінәсіздерді қорғау үшін бекітілген болса, онда мойындай кететін жайт, рақымшылық пен кешірім жасаудың қазіргі кездегі мақсаты заңды басып-жаншу немесе кінәлі адамға қамқорлық жасау үшін оны үнсіз қалуға мәжбүрлеуде болып тұр”.
Сонымен Ч. Беккария мейірімділік таныту рақымшылық пен кешірім жасау актілері сияқты бөлек шешімдерде емес, заңнаманың өзінде көрініс алуы керек деп тұжырымдады.
Рақымшылықтың әлеуметтік және құқықтық табиғаты қоғамдық қатынастарды реттеудің құрылымды бөлігі, бағыты, бір элементі ретінде, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның қылмыстық саясатының бір компоненті ретінде қарастыруға негіз береді. Рақымшылық пен кешірім жасау тұрғын халықтың қылмыстандыру процесін анықтайды, сондықтан да оны құқықтық тәртіпті орнатудың ең басты факторы деп санауға болады. Рақымшылық пен кешірім жасау бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып отырады.
Жоғарыда атап өткендей рақымшылық мемелекеттің қылмыстық саясатының бағыты болу себебі бұл қызметтің қажетті ақпарат жинау мен оны өңдеуге, құқықтық және техникалық-заңи базаны қалыптастыру үшін үлкен көлемді кәсіби күш салуды қажет ететіндігі ғана емес. Бұл жерде ең бастысы оның қылмыстық жазамен тығыз байланыста болып, адамдар тағдырын анықтауы, қоғам жағдайын, оның өз азаматтарына деген қатынасын реттеуі, ал бұлар үлкен саясаттың сұрақтары.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығына байланысты рақымшылық жарияланғаны белгілі. Азаттық алған 20 жыл ішінде осымен 7 рет рақымшылық жасалып отыр. Заң аясында қоғамға қауіпсіз азаматтар босатылатын болғандықтан, еркіндікке қол жеткізгендер қателіктерін қайта қайталамауға тырысады. Бұған жүріп өткен 20 жылдағы тәжірибе дәлел.
ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметіне сүйенсек, темір тордың арғы жағындағы 2696 адамға рақымшылық жасалады. Оның ішінде 2199 адамға бостандық берілетін болса, қалған 497 сотталушының жаза мерзімі қысқартылады. Рақымшылық жасалынып, бостандыққа шығатындардың басым бөлігі – түрмеде мерзімінің төрттен бірін өтегендер. Сонымен қатар рақымшылыққа кәмелетке толмаған жасөспірімдер, балалары бар әйелдер мен жүкті аналар ілігеді. Ұлы Отан соғысына қатысушылар және Ауғанстанда әскери борышын өтегендер мен Чернобыльдегі апатқа атсалысқандар да осы тізімді толықтырмақ. Тағы бір айта кетер дерек, бұған дейін шартты түрде сотталған 9320 азаматтың да жазалары алынып тасталынады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылы 11 қаңтарда жарияланған «Рақымшылық туралы» Заңына сәйкес онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін мына тұлғалар қылмыстық жазадан босауға жатады:
кәмелетке толмағандар; кәмелетке толмаған балалары бар немесе асырауында I, II топтағы мүгедек балалары бар, сондай-ақ жүкті әйелдер; I және II топ мүгедектері; зейнеткерлік жасқа жеткен әйелдер мен еркектер. Сондай-ақ осы тұлғалар тағайындалған жазаның үштен бірін өтеген жағдайда ғана қылмыстық жазадан босатылады [40].
Аталған Заңның 8-бабында былай деп көрсетілген: қылмыстық заңға сәйкес бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза көзделген, осы Заң күшіне енгенге дейін жасалған қылмыстар бойынша барлық қылмыстық істерді және сотпен қарастырылмаған істерді қысқарту, сондай-ақ қылмыстық іс қозғаудан бас тарту.
Сотқа дейін қылмыстық іс жүргізу сатысында рақымшылық туралы Заңды қолдану шарттары. Қылмыстық ізге түсу органы (прокурор, анықтау органы мен анықтаушы, тергеуші) рақымшылық жасау актісі салдарынан қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайды анықтағаннан кейін, сотқа дейінгі өндірістің кез келген сатысында қылмыстық істі қысқарту туралы немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығаруы керек.
ҚР ҚІЖК 51-бабы 2 бөлігі талаптарына сай сезіктіге немесе айыпталушыға қылмыстық істі қысқартуға дейін рақымшылық актісін қолдануға қарсылығын мәлімдеу құқығы түсіндіріледі. Егер тұлға қарсылық білдіретін болса, ҚР ҚІЖК 37-бабы 4-бөлігіне сәйкес іс бойынша өндіріс жалғастырылады және сотқа жолдаумен аяқталады.
Сондай-ақ тергеуге дейінгі тексеріс материалдарын қарастыруға осы Заңды қолдану жоғарыда аталғандай жүргізіледі.
Өзіне қатысты рақымшылық актісін қолдаенуға тұлға қарсылық білдірген жағдайда, тергеуге дейінгі тексеріс ҚР ҚІЖК талаптарына сай әрі қарай жалғастырылады, қылмыстық іс қозғалады және іс бойынша өндіріс оны сотқа жолдаумен аяқталады.
Бірақ атап өтетін жайт, сезікті, айыпталушы
қылмыстық процестің кез-келген
сатысында өзіне қатысты
Рақымшылық актісі нақты бір айыпталушы немесе сезікті тұлғаға қолданылуы мүмкін. Кінәлі тұлға анықталмаған қылмыстық істер бойынша рақымшылық актісі қолданылмайды.
Сондай-ақ рақымшылық актісі қылмыстардың жиынтығы кезінде, егер олардың біреуі ауыр не аса ауыр қылмыс болған жағдайда қолданылмайды. (Заңның 5-бабы 3 тармағы).
Рақымшылық актісін қолдану үшін негізгі шарттар: тұлғамен жасалған қылмыс санаттары онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарға жатуы керек; бұл әрекеттер осы Заң әрекеткее енгенге дейін, яғни 2012 жылдың 22 қаңтарының 00 сағатына дейін жасалуы керек; рақымшылық актісі қолданылатын тұлғаның келісімі.
Қылмыстық ізге түсу органы өндірісінде жатқан қылмыстық істер бойынша, соның ішінде бірінші кезекте, прокурорлар сезікті мен айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамау немесе үйде қамау таңдалынған істерді оқып-зерттеуі қажет.
Рақымшылық актісін қолдануға негіздер болғанда тергеуші дереу түрде бұлтартпау шарасынан бас тарту туралы қаулы шығарады, бұл ҚР ҚІЖК 154-бабы 5-бөлігіне сәйкес прокурорға жолданады. Прокурор тергеушінің немесе анықтаушының қаулысын қарап шығып, оны қолдаған жағдайда қаулыны сотқа жолдайды. ҚР ҚІЖК 154-бабы 5-бөлігіне сәйкес осы қаулы прокурордың қатысуымен, қылмыстық істің сотқа келіп түскенінен кейін 6 сағаттың ішінде сотпен тікелей қаралады.
Өндірісте жатқан қылмыстық істер бойынша рақымшылық актісін қолдану кезінде сезікті немесе айыпталушының келісімі білдірілетін жазбаша өтініші, не ауызша өтінішті қабылдғаны жөніндегі тергеушімен не анықтауды жүргізіп жатқан тұлғамен хаттама толтырылуы керек. Сонымен қатар келісім жауап алу хаттамасында көрініс алуы керек.
Осы Заңның әрекетіне сәйкес келетін тоқтатылған қылмыстық істер бойынша жеткілікті негіздер болған жағдайда іс бойынша өндірісті қайта жаңғырту туралы мәселені дереу шешу қажет.
Тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға жеткілікті негіздер мен дәлелдемелер болған кезде, сезіктіге (айыпталушыға) рақымшылық туралы Заңды және осы негіз бойынша оған қатысты істі қысқартуға қарсылық білдіру құқығын түсіндіріп өткен жөн.
Ал айыпталушыға іздеу жарияланған қылмыстық істер бойынша іздесудегі тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы анықталғанша рақымшылық актісі қолданылмайды. Егер ол тұлға анықталған жағдайда ҚІЖК барлық талаптарына сәйкес қылмсытық істі қысқарту туралы сұрақ шешіледі. Бірақ қылмыстық ізге түсу органына іздеудегі тұлғадан өзіне қатысты рақымшылық актісін қолдану туралы тиісті үлгіде рәсімделген өтініші келіп түсетін болса (нотариалды куәландырылған, шет елдің қылмыстық ізге түсу органымен алынған және т.б.), онда айыпталушының қатысуынсыз рақымшылық актісі қолданылуы мүмкін.
Жоғарыда аталған барлық талаптар сақталынған кезде тергеуші немесе анықтауды жүргізіп жатқан тұлға прокурормен санкцияланатын, қылмыстық істі қысқарту туралы не ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлігі 3-тармағында көзделген негізге сәйкес іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Рақымшылық актісін қолдану кезінде мүлікке тыйым салу, қызметінен уақытша шетттету және т.б. сияқты өзге де мәжбүрлеу шараларынан дереу бас тартылады.
Сонымен рақымшылық актісі туралы айта отырып, оны қолдану кезіндегі кейбір наразылықтарды ескермей кетуге де болмайды. Мысалға, рақымшылық ету кезіндегі қылмыс санатарына қатысты. Бұған Шымкент қаласында болған мына бір оқиғаны келтіре кетсек. Д.Қонаев даңғылы бойында экс-полицей жасөспірім қызды асқан жылдамдықпен қағып өлтірген. Рақымшылық Заңына сәйкес абақтыдан босату туралы соттың үкіміне байланысты және оның БАҚ-да заң тұрғысында дұрыс берілмеуіне байланысты әл-Фараби аудандық сотының төрағасы былайша түсініктеме берген: «Қонаев даңғылы бойында қызды қағып кетіп, қоғамды дүрліктірген оқиғаға кінәлі экс-полицей азамат К. ісін қарап, оны сол кезде қамауға алу жөніндегі шара қолданғанбыз. Сөйтіп, осы істі қарауды аяқтап, «Рақымшылық» Заңының талабына сәйкес қылмыстық істі өндірістен қысқарттық. Себебі, бұл Елбасының тарапынан алынған Заң болғандықтан, судья оны қолдануға міндетті болды. Алайда қазіргі жинақталған құжаттар бойынша, оның азаматтық әрекетінде әкімшілік істің құрамы бар деп отырмыз. Өйткені, оның спирттік ішімдік ішіп, мас күйде көлік құралын жүргізгені рас. Сондықтан осы істі тиісті шара көру үшін ішкі істер органдарына жолдадық. Іс материалдық, әкімшілік тараптан міндетті түрде қарауға жатады. Ал жәбірленушінің қайғысын біз түсінеміз. Сондықтан оларға азаматтық тәртіппен келтірілген моральдік, материалдық залалды өндіру жөнінде талап қою құқықтары түсіндірілген. Азамат К. қылмыстық жауапкершіліктен босатқанымен, ешкім де оны азаматтық әкімшілік және азаматтық жауапкершіліктен босатқан емес». Осы оқиғада айта кетеініміз жәбірленуші тараптың айыпталушыға қатысты істі қысқартқанына разы еместігі.
Шыныменде алып қарасақ, кісі өліміне әкеліп отырған қылмыстарды ауырлығы орташа қылмыс санатына жатса да рақымшылық актісіне қоспаған жөн бе деген сияқты екіұшты ойлар туындап отыр. Себебі жәбірленуші тарапқа орны толмас моарльдық зиян келіп отыр, оны өтеген жағдайда да олардың мүддесі ескерілмей қалатындығы айқын көрініп тұр. Бұл жағдай кейіннен қылмыстылықтың көбейетіндігіне алып келетін сияқты. Себебі өзіне қатысты іс қысқартылған тұлға тіптен қылмыстық жауаптылық дегеннің не екенін сезінбеуі мүмкін.
Енді тараптар татуласуына тоқталып кетсек. Тараптардың бітімге келуі арқылы қылмыстық жауаптылықтан босату институты, ақтамайтын негіздердің бірі ретінде отандық ғылымда қылмыстық процестің өткір таласты пәні болып табылады. Бұл тараптардың татуласуы салдарынан қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімнің құқықтық салдарларымен байланысты, сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органымен, прокурормен сотқа дейінгі өндіріс барысында қабылданатын аталған шешімнің заңи табиғатын түсіндірудегі нақтылықтың, біркелкіліктің болмауымен де байланысты.
Құқыққолдану тәжірибесі мен теорияның
осы институтқа кіретін қылмыстық-
Сонымен қатар, бір жағынан, бұл қылмыстылықтың өсуіне мүмкіндік берсе, әсіресе шектен шыққан түрдегі, екінші жағынан, құқық қорғау жүйесі мүмкіндіктерінің объективті шектері қылмыстылықпен күресудің компромистік әдістері жайлы, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ұдайы қамтамасыз ету бағытында қылмыстық ізге түсудің тиімділігін арттыру жолдары жайлы ойлануға мәжбүр етеді.
Жәбірленушімен татуласу арқылы қылмыстық ізге түсуді қысқарту қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың бір нысаны. Қылмыстық ізге түсу мына жағдайда іске асырылған болып саналады, заңмен белгіленген тәртіппен қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында материалды қылмыстық-құққытық қатынас бар немесе жоғы туралы түбегейлі констатация болған кезде, яғни айыптаушы қызмет өз мақсатына жеткенде, дәлірек айтқанда: қылмыс ашылған; қылмыс жасаған тұлға іс бойынша жиналған айыптаушы дәлелдемелермен әшкереленген; айыпталушы заңға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылған; қылмыс жасаған тұлғаға қылмыстық заң қолданылған; қылмыс жасалғанға дейін болған жәбірленушінің құқықтық жағдайы қалпына келтіріледі; қылмыстың жасалуына әсер еткен себептер мен жағдайлар жойылғанда.
Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі