Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.
КІРІСПЕ
1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі
2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту
3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
ҚР ҚIЖК-нiң 40-бабының 4-бөлiгiне сай өзiне-өзi жала жапқан адамға зиянның өтелмейтiндiгiн ескере отырып, әр нақты жағдайда өзiне-өзi жала жабу ерiктi түрде жасалғанын және iстегi ақиқатты ашуға кедергi келтiргенiн анықтау қажет. Іс бойынша тергеу жүргiзудiң рұқсат етiлмеген тәсілдерi немесе басқа да сезiктiнiң, айыпталушының, сотталушының өзiне-өзi жала жабуына немесе жалған жауап беруiне әкелiп соқтырған заң бұзушылықтары анықталған жағдайда, заңсыз сотталу немесе қылмыстық процестi жүргiзген органдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиян қанағаттандырылуға жатады.
Амнистия туралы актiнiң қабылдануына, ескiру мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты, қылмыстық жауапкершiлiктi жоятын немесе жазаны жеңiлдететiн заңның қабылдануына байланысты қылмыстық iс қысқартылған жағдайда, зиянды өтеу туралы талап тек, егер осы негiздер бойынша iстi қысқарту туралы келiсiм болып, қылмыстық iзге түсуді тоқтату туралы және қолданылған процессуалдық мәжбүрлеу шараларды тоқтату туралы шешiмдер уақытылы қабылданбаған жағдайда қанағаттандырылады [36].
ҚР ҚIЖК-нiң 43-бап 5-бөлiгiнiң ережелерi
бойынша мүлiктiк зиянды өтеу туралы талапты
анықтау алдын ала тергеу прокуратура
органдарының лауазым иелерi қарайды.
Сот ақтау үкімін шығарған кезде немесе
істі қысқарту туралы қаулы шығарған кезде
ҚР ҚІЖК-нің 40-бабында, 371-бабының
екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың
талаптары бойынша заңсыз қылмыстық жауапкершілікке
тартудың және соттаудың салдарынан келтірілген
зиянды өтеу жөнінде шешім қабылдайды.
Сот актісінің күші жойылғаннан кейін
қойылған талапты заңсыз актіні шығарған
соттың судьясы сот отырысына мүдделі
тұлғаларды шақыра отырып, жеке-дара қарайды.
Сот мәжiлiсiне ағымдағы жылдың бюджетi
туралы Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың
заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды
өтеу үшiн қаржылар бөлiнген мемлекеттiк
органдардың адамдары мемлекет өкiлi ретiнде
шақырылады. Аталған өкілдiң немесе талап
жасаған адамның сот мәжiлiсiне келмеуi,
оны қарауға кедергi бола алмайды. Талапты
қарау қорытындылары бойынша қаулы шығарылуға
тиiс. Онда ақтау туралы шешiм қабылдаған
органның немесе соттың арызданушының
талаптарын қанағаттандырарда немесе
қанағаттандырмағанда негізге алған мән-жайлары
көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ қаулыда мыналар:
қаулы шығарған органның және оның лауазымды
адамының аты және оның шыққан жерi мен
уақыты; азаматты қылмыстық жауапкершiлiкке
тартқанда, күзетпен қамауға алғанда,
жаза немесе процессуалдық мәжбүрлеудiң
басқа шаралары қолданылғанда негiзге
алынған процессуалдық құжаттың датасы
мен атауы; адамды ақтау туралы процессуалдық
құжаттың датасы мен атауы, ақтау негiздерi;
ақталған адамның талаптарының мазмұны;
есеп жасауда негiзге алынған құжатқа
және зиянды өтеудi көздейтiн заңға сiлтеме
жасай отырып, өтелуге жататын мүлiктiк
зиянның толық есебi; зиянды өтеу есебiнен
төленуге жататын жалпы сома және оны
төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi; зиянды
өтеу туралы талапты iшiнара қанағаттандырудың
немесе қанағаттандырмаудың негiздерi;
қаулыға шағымданудың наразылық келтiрудiң
тәртiбi мен мерзiмдерi көрсетiлуi тиiс.
ҚР ҚIЖК-нiң 44-бабына сәйкес рухани зиян
салдарын жою туралы талаптарды қанағаттандырарда
қаулының қорытынды бөлiгiнде заңсыз қылмыстық
iзге түсумен байланысты сол адам жөнiнде
жайылған мәлiметтердi жоққа шығару үшiн
кiм және қандай нақты әрекеттердi жасау
қажет екендiгi туралы көрсетiлуi тиiс. Қажет
жағдайда қаулыда баспасөз немесе радио,
теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы жариялануға жататын
үндеудiң мәтiнi берiлуi мүмкiн.
Ақталған адам зиянды өтеу туралы талаптың қорытындылары бойынша шығарылған шешiмге қарсы болған жағдайда, анықтау, алдын ала тергеу органдарының, прокурордың қаулысына сол органдардың жоғары тұрған лауазым иелерiне шағымдануға құқылы. Зиянды өтеу мәселесi туралы қабылданған сот қаулысына апелляциялық, кассация немесе қадағалау ретiнде шағымдануға, наразылық келтiруге болады. Жеке арыз немесе/және жеке наразылық келтiрiлерде, олар тиiстi тәртiп бойынша қаралғанша, қаулының орындалуы тоқтата тұрылады. Бұл орайда, арызды ҚР ҚIЖК-нiң 43-бабында көрсетiлген тәртiп бойынша қараған кезде, оны толық көлемде немесе iшiнара қанағаттандырусыз қалдыру ‒ өздiгiнен сол адамның келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап арызын дәл сол негiздер бойынша азаматтық сот iсiн жүргiзу ретiнде қараудан бас тартуға немесе талапты қанағаттандырмауға негiз бола алмайтынын ескеру керек [36].
Қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеумен байланысты ақшалай төлемдердi жасау сол органдардың кiнәсiне қарамастан республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Зиянды өтеу туралы талапты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулының көшiрмесiне елтаңбалық мөр басылып, төлем жасауға мiндеттi органдарға ұсыну үшiн арызданушыға немесе оның заңды өкіліне жолдануға тиiс.
Егер зиянды өтеу кезiнде негiзге алынған соттың iстi қысқарту туралы ақтау үкiмi немесе қаулысы бұзылып, iс бойынша айыптау үкiмi шығарылса, сот шешiмiнiң керi орындалуына байланысты зиянды өтеу үшiн төленген сомалар оны алған адамнан өндiрiлуге жатады.
Iстердi қараған
кезде азаматтардың заңды
Сонымен, біздің ойымызша, қылмыстық істі ақтайтын негіздерге байланысты қысқартуда келтірілген зиянды өтеу мәселесін ақталған адамның өтініш беру-бермеуіне байланыссыз алға қойған жөн. Бұл қылмыстық іс жүргізудегі адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуының кепілі. Сондай-ақ ақтауды жүргізудің процессуалдық тәртібінде оны аяғына дейін жеткізудің маңызы зор.
2.2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ АҚТАМАЙТЫН НЕГІЗДЕР БОЙЫНША ҚЫСҚАРТУ
Қылмыстық істі қысқарту негіздерінің екінші бір тобы, ол ақтамайтын негіздер. Бұл негіздер жоғарыда айтылып өткен ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы 1-бөлігі 1, 2, 5, 7 және 8 тармақтардан басқалары болып табылады. Неліктен ақтамайтын негіздер деп бөлінетіндігіне тоқталсақ. Бұл негіздер қылмыстық әрекет нақты сол тұлғамен жасалынады, оның кінәлілігі дәлелденеді, бірақ көптеген мән-жайларға қатысты, оны айыптаудың немесе қылмыстық эауаптыылққа тартудың аса бір қажеттілігі жоқ болғандығынан сол тұлғаға қатысты іс қысқартылады. Яғни істі қысқартылады, бірақ тұлғаның кінәлілігі жоққа шығарылмайды. Оның шын өкінуіне, жәбірленушімен татуласуына, келтірген шығынның орнын ерікті түрде толтырғанына, сондай-ақ өзге де объективті жағдайлар салдарынан, ол тұлғаның алдын ала тергеу кезіндегі мінез-құлқына қарай отырып, қылмыстық іс ақтамайтын негізде қысқартылады.
Егер ол әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары. Бұл мән-жай төмендегі шарттарға сәйкес, қылмыстық ізге түсуден бас тартудың негізі болып табылады және қарастырылады: біріншіден, қозғалған қылмыстық істің болуы. Керісінше жағдайда, тергеу әрекеттері барысында дәлелдемелерді толық, объективті және жан-жақты жинау, зерттеу мен бағалау мүмкін болмайды. Олар, әрине, тұлғаның кінәсіне қажетті дәлелдемелер жиынтығын жинауға жеткіліксіз, ал оның қылмыс жасауды мойындауы, қылмыстық іс жүргізудегі кінәсіздік презумпциясы қағидасына сәйкес, жалғыз дәлелдеме болып табылмайды. Екіншіден, сезікті (айыпталушы) кінәсіне қатысты дәлелдемелердің болуы. Яғни дәлелдеудің дұрыстығы, жеткіліктілігі және іске қатыстылығымен жол берушілігі деп аталатын қасиеттерімен бағаланған дәлелдеу процесінен өтіп, заңды түрде алынған фактілі деректердің болуы. Үшіншіден, сезікті (айыпталушы) кәмелетке толмаған, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, бірінші рет қылмыстық жауаптылыққа тартылып тұрған тұлға болса, рақымшылық актісінде атап көрсетіледі. Төртіншіден, қылмыстық іс қозғалған және ол үшін қылмыстық жауапқа тартылатын қылмыстық бап (бөлім, тармақ) рақымшылық актісінде көрініс алу керек. Бесіншіден, айыпталушы қылмыс жасаудағы өз кінәсін толығымен мойындауы керек. Алтыншыдан, айыпталушының өзіне қатысты рақымшылық ету актісі арқылы істі қысқартуға келісімі болуы тиіс.
Олай болмаған жағдайда ешқандай қылмыстық ізге түсуді тоқтату мен қылмыстық істі қысқарту туралы сөз де болмайды, себебі айыпталушы, оған қатысты ақтамайтын негіз бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіріп, өзінің кінәсін дәлелдеуін, ақтау үкіміне үміттеніп, сот талқылауын талап етуі мүмкін. Бұл жағдайда іс бойынша өндіріс жалғасады.
Айыпталушының және кінәсін мойындау туралы айғақтары мен аталған процессуалды шешімге келісуі ‒ сәйкесінше оның әрекеті нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген зиянды (материалды және моральдық) өтеуді білдіреді. Алдын ала тергеу органдарында зиянды өтеу қылмыстық істі аталған негіз бойынша қылмыстық істі қысқартуда міндетті шарт ретінде қарастырылады, дегенмен мұндай сұрақтар әрі қарай азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде шешімін табуы тиіс. Бірақ мұндай процедура жәбірленуші тарап үшін ыңғайсыз және оларды әбігерге салып, артынан қылмыстық ізге түсу органдарының әрекетіне шшағымдануына әкеліп соғады. Сондықтан да алдын ала тергеу органдары үшін аталған сұрақты іс бойынша өндіріс аяқталғанша шешіп алған жөн [20,20 б.].
Жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуы. Аталған жағдайда жәбірленуші өтініші негізінде жеке айыптау істері бойынша өндіріс тек қана сотпен қозғалатындығын ескерсек, онда жеке айыптаушының айыптаудан бас тартқан жағдайында іс бойынша өндіріс қысқартылады, егер жәбірленушінің өтініші сот кеңесі бөлмесіне кетпес бұрын берілсе, ол бойынша сот шешімі шықпайды. Сондай-ақ жеке айыптау істерін қоспағанда, прокурор барлық қылмыстық істер бойынша сот талқылауына қатысуға міндетті.
Қылмыстық істі қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты.
Жалпы ессіз күйдегі адамдармен жасаланатын қылмыстар бойынша қылмыстық іс өндірісін жүргізу тәртібі мен негіздері ҚР ҚІЖК-нің 54-тарауымен (12 бөлім ‒ айрықша іс жүргізу) реттеледі.
ҚР ҚК 16-бабына және оған берілген түсініктемеге сәйкес қоғамдық қауiптi әрекеттi жасаған кезде есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес. Есi дұрыс емес деп танылған адамға сот осы ҚР ҚК-нде көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкiн.
Есі дұрыс емес күйде қылмыс жасаған адам қылмыс субъектісі болып табылмайды және қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Есі дұрыс еместік тұлғаның қылмыстық
заңда көзделген қоғамға
Есі дұрыс еместік ұғымын түсіндіруде заң екі критерийді басшылыққа алады: 1) медициналық (биологиялық) және 2) заңды (психологиялық).
Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану үшін медициналық және заңи критерийдің жиынтығы болу қажет.
Есі дұрыс еместіктің медициналық критерийі ҚР ҚК 16-бабы 1-бөлігінде көрсетілген психикалық қызметі бұзылуының мынадай түрлерін қарастырады: а) созылмалы психикалық ауруы; б) психикасының уақытша бұзылуы; в) кемақылдылық; г) психикасының өзге де дертке ұшырауы.
Созылмалы психикалық ауру ‒ ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін және біртіндеп психика бұзушылығының одан сайын нашарлауына әкеп соғатын жазылмайтын немесе күрделі емделетін психикалық ауру. Мұндай психикалық ауруларға, мысалға, шизофрения, эпилепсия, үдемелі паралич және т.б. жатады.
Психикасының уақытша бұзылуы
деп уақытша сипат алатын (кейбір
жағдайларда бірнеше
Кемақылдылық ‒ бұл туа біткен немесе ерте жаста пайда болған психика қызметінің патологиялық өзгерісі (олигофрения), сондай-ақ туа біткен кемақылдылық (деменция) түрлі зақым алудың, инфекциялық және өзге де аурулардың нәтижесінде мидың шектеулі өзгеруі салдарынан бұрынғы қалыпты ойлау қызметінің төмендеуі немесе жарамсыз болуымен сипатталады. Кемақылдылық ақыл-оқ қызметінің жетіспеушілігінен көрінеді, яғни танымдық қызметі мен пайымдау алу қабілетінің төмендеуі, өз әрекеттерін дұрыс бағалай алмауы.
Ойлау қызметі бұзылуының күрделілігі мен ауырлығына байланысты кемақылдылықтың үш түрі бар: идиотия (өте ауыр деңгейі), имбециалдылық (орташа деңгей), дебилділік (жеңіл түрі).
Психиканың өзге де дертке ұшырауы ‒ жоғарыда аталған үш түрдің белілеріне жатпайтын психикалық қызметтің бұзылуы. Мұнда кейбір психикалық емес аурулардың әсерінен пайда болған психикалық ауытқылар жатады. Мысалға, бөлек инфекциялық аурулар (құрсақ және бөртпе сүзек), ішкі органдар жүйесі мен зат алмасу ауруларының ауыр нысандары, бас миының зақымдануы мен ісіктері мен т.б. психикалық емес аурулар нәтижесіндегі психикалық ауытқушылықтар.
Есі дұрыс еместіктің заңдық критерийі өзіне екі белгіні кірістіреді: интеллектуалды және еріктілік. Заңды негіздің интелектуалды критерийі дегеніміз тұлғаның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілік деңгейін түсіне алмау қабілетінен көрінеді.
Ал еріктілік белгісі
Заңды критерий болу үшін осы аталған екі белгінің біреуі болуы керек.
Интеллектуалды белгі
Заңды критерийдің екінші белгісі ‒ еріктілік. Адамның еріктілік қызметі оның санасымен тығыз байланысты. Сананың өте күрделі бұзылушылығы кезінде, яғни адам өз әрекетінің мәнін түсіне алмаған кезінде, онымен бірге сол әрекеттеріне ие бола алмайды.
Психикалық аурулар, сонымен бірге адамның психикалық қызметінің барлық ортасын жайлап алады. Сондықтан да тұлғада өзі жасаған әрекеттің әлеуметтік мәні мен іс жүзіндегі жағын түсінудегі сана қызметінің салыстырмалы сақталса да, бірақ аурулық психикалық қызметінің бұзылушылығы салдарынан өз әрекеттеріне (әрекетсіздігі) басшылық жасай алмайтын жағдайлар да болады. Мұндай еріктілік қызметінің бұзылуы импульсивті құштарлық жағдайларында байқалады. Импульсивті құштарлыққа мыналар жатады: ұрлық жасауға (клептомания), өртеуге деген (пиромания), ауыр есірткілік ашығу кезіндегі есірткіге деген (абстиненция) құштарлық және т.б. Эпилепсия, эпидемиялық энцефалит және т.б. аурулар кезінде де еріктілік қызметінің бұзылушылығы орын алуы мүмкін.
Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі