Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.

Содержание

КІРІСПЕ

1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі

2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту

3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қылмыстық істі қысқарту .doc

— 596.50 Кб (Скачать документ)

ҚР ҚК-нің 66-бабы ‒ қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық  жауаптылықтан босату, қоғамдық қауiптi қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан, сондай-ақ тұтқиылдан шабуылдау салдарынан қажеттi қорғану шегiнен асқан адамды сот iстiң мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн [37].

Аталған нормаға берілген түсініктеме  бойынша: қажетті қорғану ‒ қылмыстылықпен күресуде белгілі бір профилактикалық  рөлі бар адамның қоғамдық маңызды  тәртібі. Бірақ қажетті қорғанудың шектен шығуы жалпы ережеге сәйкес құқыққа қарсы болып табылады, себебі осының нәтижесінде адамды заңсыз өліміне, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зиян келуі мүмкін. Мұндай жағдайда кінәлі тұлғаның әрекеті ҚР ҚК 99, 109 баптарымен дәрежеленген болар еді.

Жоғарыда аталғандай қажетті қорғаныс шегінен асқан кезде қылмыстық  жауаптылықтан босату, егер осы әрекет үрейлену, қорқу немеса сасқалақтау  салдарынан жасалған жағдайда орын алуы мүмкін.

Үрей ‒ бұл төніп тұрған қауіптен қорқу, алаңдау жағдайы. Қорқу ‒ қандай да бір қорқыныштан пайда болған жан күйзелісі. Сасқалақтау ‒ абыржу, қысылу, ыңғайсыздық. Үрей, қорқу, сасқалақтау ‒ оған қатысты қылмыс жасалып жатқан адамға тән табиғи жағдай [38].

ҚР ҚК-нің 67-бабы ‒ татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтiрумен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бiрiншi рет жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен, арыз берушiмен татуласса, оның iшiнде медиация тәртiбiмен татуласса және келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.

Орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен, арыз берушiмен  татуласса, оның iшiнде медиация тәртiбiмен  татуласса және жәбiрленушiге, арыз берушiге келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

Адамның қайтыс болуымен немесе денсаулығына ауыр зиян келтiрумен байланысты емес ауыр қылмысты бiрiншi рет жасаған  кәмелетке толмаған баланы, егер ол жәбiрленушiмен татуласса және келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған ҚК 82-бабында көзделген тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

Қылмыс қоғам мен мемлекеттiң  заңмен қорғалатын мүдделерiне зиян келтiрген жағдайларда осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам шын ниетпен өкiнсе және қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне келтiрiлген зиянның орнын толтырған болса, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

Бірақ ҚР ҚК 67 бабының ережелерi сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.

ҚР ҚК-нің 68-бабы ‒ жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық  
жауаптылықтан босату, қылмыс белгiлерi бар әрекет жасаған адамды, егер iстi сот қараған кезде жағдайдың өзгеруi салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауiптi емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның содан кейiнгi мүлтiксiз мiнез-құлқына байланысты iс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауiптi деп есептеле алмайтындығы белгiленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

Қылмыстық іс айыпталушының (сезіктінің)  зиян келтіруі заңды болып табылатын  не әрекетті айыпталушы (сезікті) ҚР ҚК сәйкес оның қылмыстылығы мен қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын жағдаятта жасаған жағдайларда әрекетте қылмыс құрамы болмауы бойынша қысқартылуға тиіс.

Осы аталған негіз бойынша ҚР ҚК-нде бірнеше нормалар қарастылырған.

ҚР ҚК 23-бабы ‒ жазықсыз зиян келтіру, егер iс-әрекет жасаған адамның iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) және одан кейiн пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар оның ниетiмен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауiптi зардаптар келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

Егер әрекет жасаған адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптiлiгiн ұғынбаған және iстiң мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық қауiптi зардаптардың пайда болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлмесе және iстiң мән-жайы бойынша оларды алдын ала бiлуге тиiс болмаса немесе бiлуi мүмкiн болмаса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауiптi зардаптардың пайда болуын алдын ала бiлген адам оны болғызбауға жеткiлiктi негiзде сенген болса не өзiнiң психика-физиологиялық қасиеттерiнiң қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуiне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмесе де, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

ҚР ҚК 32-бабы ‒ қажетті қорғану, қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды [37].

Барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан тиесiлi болып табылады. Нәтижесiнде қол сұғушыға тым шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Адам өмiрiне қол сұғатын не:

-қорғанушының немесе басқа адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қатер төндiретiн қаруды не өзге де заттарды немесе құралдарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен;

-қорғанушының немесе басқа адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi зорлық-зомбылықпен не мұндай зорлық-зомбылықтың тiкелей қатерiмен; 
 -тұрғын үйге немесе өзге де үй-жайға заңсыз басып кiрумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезiнде адамға зиян келтiру қажеттi қорғаныс шегiнен шығу болып табылмайды.

ҚР ҚК-нің 33-бабы ‒ қол сұғушылық  жасаған адамды ұстау кезінде  зиян келтіру, қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкiндiгiн тыю үшiн ұстау кезiнде зиян келтiру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл орайда осы үшiн қажеттi шаралар шегiнен шығуға жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды.

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтiрiлген зиян жағдай мәжбүр етпейтiн анық шектен тыс зиян қажетсiз келтiрiлген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне және ұстаудың мән-жайына көрiнеу сай келмеуi ұстау шараларын асыра сiлтеу деп танылады. Бұлайша асыра сiлтеу қасақана зиян келтiрiлген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады [38].

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға  бұған арнаулы уәкiлеттiгi бар  адамдармен бiрге жәбiрленушiлер  мен басқа азаматтардың да құқығы бар.

ҚР ҚК-нің 34-бабы ‒ аса қажеттілік, ҚР ҚК-мен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтiру, яғни белгiлi бiр адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зиян келтiру, егер бұл қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен шығып кетушiлiкке жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды [37].  

Құқық қорғау мүдделерiне алды алынғанға тең немесе одан гөрi елеулi зиян келтiрiлген, төнген қатердiң сипаты мен дәрежесiне және қатер жойылған жағдайға көрiнеу сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

ҚР ҚК 34-1-бабы ‒ жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру, уәкiлеттi мемлекеттiк орган қызметкерiнiң не осындай органның тапсырмасы бойынша осы органмен ынтымақтасып жұмыс iстейтiн өзге адамның заңға сәйкес жедел-iздестiру iс-шараларын орындауы кезiнде жасаған, осы Кодексте қорғалатын мүдделерге зиян келтiрген әрекетi, егер бұл әрекет адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделерiне келтiрiлген зиян аталған қылмыстармен келтiрiлетiн зиянға қарағанда аздау болса, және егер оларды болғызбауды, ашуды немесе тергеудi, сол сияқты қылмыс жасауға кiнәлi адамдарды әшкерелеудi өзге тәсiлмен жүзеге асыру мүмкiн болмаса, ол қылмыс болып табылмайды. 
      Жоғарыда аталған ҚР ҚК 34-1-бабы бiрiншi бөлiгiнiң ережелерi адамның өмiрiне немесе денсаулығына қатер, экологиялық апат, қоғамдық қасiрет немесе өзге де ауыр зардаптар қатерiн төндiретiн әрекет жасаған адамдарға қолданылмайды [37].

ҚР ҚК-нің 35-бабы ‒ орынды тәуекел  ету, қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткiзу үшiн орынды тәуекел еткен ретте қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.

Егер аталған мақсатқа тәуекелмен байланыссыз iс-әрекетпен (әрекетсiздiкпен) қол жеткiзiлмейтiн болса және тәуекелге жол берген адам қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн жеткiлiктi шаралар қолданса, тәуекел орынды деп танылады. Ал тәуекел ету адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына көрiнеу қатер төндiруге, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзелiске немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды [37].

ҚР ҚК-нің 36-бабы ‒ күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, егер күштеп мәжбүрлеудiң салдарынан адам өзiнiң iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудiң нәтижесiнде ҚР ҚК қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.

Психикалық мәжбүрлеудiң нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудiң нәтижесiнде  ҚР ҚК-мен қорғалатын мүдделерге зиян келтiргенi үшiн соның салдарынан адам өзiнiң iс-әрекетiне басшылық жасау  мүмкiндiгiн сақтаған қылмыстық жауаптылық туралы мәселе ҚР ҚК 34-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.

ҚР ҚК-нің 37-бабы ‒ бұйрықты немесе өкімді орындау, өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау жөнiнде iс-әрекет жасаған адамның ҚР ҚК-мен қорғалатын мүдделерге зиян келтiруi қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтiрiлгенi үшiн заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам қылмыстық жауапқа тартылады [37].

Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындағаны үшiн қасақана қылмыс жасаған  адам жалпы негiздерде қылмыстық  жауапқа тартылады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау қылмыстық жауаптылыққа ұшыратпайды.

Біз жоғарыда аталып, сипатталып өткен  ақтамайтын негіздер ішінде қазіргі  кездегі мәселелелі, өзекті деген  рақымшылық жасау мен бітімге  келу институттарын жеке қарастыруды жөн көрдік.

Рақымшылық актісі қылмыстық істі қысқартудың және соған сәйкес қылмыстық қудалауды тоқтатудың бір негізі болып табылады.

Қылмыстық құқықта рақымшылық деп  қылмыстық заңмен көзделген сол  не өзге де әрекеттердің қылмыстылығы мен жазалаушылығын жоққа шығармай, сондай-ақ олар бойынша шығарылған үкімнің заңдылығына ешбір күмән келтірусіз қылмыс жасаған адамдардың жеке айқындалмаған тобын дәл сол сәттегі немесе әрі қарайға қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық жаза шараларын бастан кешіруден босатуды, сотпен тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыруды, немесе қылмыстық ізге түсуді қысқартуды, ал егер қылмыстық ізге түсу әлі басталмаған болса, онда қылмыстық істі қозғау мүмкіндігін жоққа шығаратын мемлекеттік биліктің жоғары заң шығарушы органының  нормативті актісі ретінде түсіндіріледі.  Біздің Республикамызда рақымшылық жасау туралы актiнi адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнiнде Қазақстан Республикасының Парламентi шығарады.

Қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актiнiң негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкiн не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн, не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе оны одан әрi өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн. Қылмыстық Кодекстің осы нормасынан көретініміз, рақымшылық жасау туралы акті өзінің функционалды міндеттері бар нормативті акт болып табылады. Бұлар:  қылмыстық жауаптылықтан босату; жазаны тағайындау сатысында одан босату; жазаны атқару кезінде одан босату; жазаны тағайындау немесе оны атқару кезінде оны қысқарту; тағайындалған жазаны өзге немесе неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру; қосымша жаза түрінен босату; соттылығын алып тастау.

Рақымшылық жасау туралы актісі нормативті сипатта болғандықтан оның әрекетіне ілігетін адамдарға қатысты  мынадай құжаттар шығарылады: қылмыстық  істі қысқарту туралы қаулы, кінәліні жазадан бостаумен бірге айыптау үкімі, жазаны өтеуді жүргізіп жатқан органның сәйкес қаулылары. Бұл құжаттар нақты тұлғаларға рақымшылық жасау туралы актіні қолданудың заңды негізі болып табылады.

Жалпы рақымшылық (грек тілінен аударғанда «ұмыту, кешіру» деген мағынаны білдіреді) қылмыстық жауаптылық және (немесе) жазадан босатуды соттан тыс, яғни соттың шешімінсіз, жүргізілетін түрі болып табылады. 

Жазаны болдыртпайтын немесе одан босататын мән-жайлар ерте заманнан бері қылмыстық заңдармен жол  беріліп келеді. Барлық кезеңдерде барлық халықтар тарихында рақымшылық жасау мемлекеттік билік пен басқару органдарының  ерекше құзіреті ретінда қарастырылған. Сонымен оның дәл қай уақытта пайда болғанын айту қиын. Кейбір пікірлерге сүйенсек, рақымшылық пен кешірім жасау құқығы Ежелгі Римде республика кезінде ‒ халық жиналысы мен сенат шешімдері бойынша қолданылған, ал империя кезінде ‒ бұл құқық императорлардың қолына көшкен.  Кейбір заңгерлер өте ертедегі тарихи фактілерге сүйене отырып, шығу тарихын одан да бұрын деп қарастырады, бірақ Хаммурапи заңдарында (б.з.б. XVIII ғ.)қылмыскерлерге ешқандай кешірімділік көрсету айтылмайды да, тек Вавилон патшасы Хаммурапидың ұлының өлім жазасына кесілген құлды кешіргені туралы жағдай белгілі. Бірақ бұдан 200 жыл бұрын Египетте орын алған кешірім жасау туралы мәліметтер бар. Бұл жағдай б.з.д. XX ғ. орын алған, «Синуха туралы әңгімелер» деген атпен Берлин музейінде сақталған египет папирустарында жазылып қалған.

Ортағасырларда рақымшылық өзінің заңи мағынасы бойынша кешірім жасаудан айрықшаланбады. Бұл институт фоедалдармен жеке мүдделерін іске асыру үшін жиі қолданылатын. Кейінірек рақымшылық пен кешірім жасау айрықша дәрежедегі сословиеге жататын сотталғандарға қатысты кеңінен қолданыла бастады, бұл, өз кезегінде, ақсүйектердің қылмысын жазасыз қалдыруға мүмкіндік беру үшін жасалған болатын. Сондықтанда көптеген қоғам қайраткерлері орта ғасырлардың соңына дейін кешірім жасау институтына теріс көзқараспен қарап келді. 

Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі