Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.

Содержание

КІРІСПЕ

1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі

2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту

3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қылмыстық істі қысқарту .doc

— 596.50 Кб (Скачать документ)

Н.Я.Шило пікірінше, ақтау дегеніміз бұл сәйкес шешімдермен құқыққорғау органдарының  тұлғаның кінәсіздігін тануы, сондай-ақ оның құқықтары мен беделін қайта қалпына келтіру.  

Көптеген заңгерлер пікірінше, ақтаудың мәні негізсіз қылмыстық қудалауға  ұшыраған тұлғаның құқықтары мен  беделін қайта қалпына келтіру болып табылады. Ақтау фактісінің өзі, яғни сот-тергеу қателегін түзетуге бағытталған шаралар кешені сияқты құқықтық негіз, ақтаудың басы.  М.И. Пастухов жоғарыда аталған ақтау анықтамасы  негізінде  оны былайша бөліп қарастырады: моральді ақтау, яғни беделін қалпына келтіруге бағытталған шаралар (ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату  немесе ақтау фактісін барлық тұлғаларға жеткізу, басылымдар  арқылы, жұмыс істейтін, оқу орнын ресми хабардар ету және т.б.); мүліктік ақтау, яғни кеткен шығындарды өтеу, соның ішінде жалақысын, адвокатқа төлеген шығындары, алынып қойылған мүлікті қайтарып алу; өзге де бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шаралар (бұрынғы жұмысына немесе лауазымына қайта тұру, тең бағалы үй баспанасын қайтарып алу немесе ұсыну, еңбек немесе зейнетақы өтілін есепке алу, т.б.) [18].

ҚР ҚІЖК 8-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізудің мынадай міндеті бар: қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғау, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету.

Тұлғаны заңсыз және негізсіз айыптаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын шектеуден қорғау қылмыстық сот  ісін жүргізіп жатқан өкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың тұлғаны айыптаудың, соттаудың заңға сай еместігін, не қандай да бір әрекеттерді қолдануды, немесе оның құқықтары мен бостандықтарын шектейтін шешімдердің қабылданғандығын мойындауымен қамтамасыз етіледі.  Бұл негізсіз және заңсыз шешімдердің күшін жоятын соттың ақтау үкімдерін шығаруы,  тергеушінің, анықтаушының, прокурордың қылмыстық істерді қысқартуы, сондай-ақ кінәсіз тұлғаны жазадан босату жолымен жүзеге асырылады. Айып тағылып отырған әрекетке тұлғаның кінәлі еместігін бекітетін осындай шешімдерді қабылдау негізсіз қылмыстық қуғындауға ұшыраған әрбір адамды ақтаудың ‒ заңсыз қылмыстық ізге түсуден қорғаудың өзге шарасын жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады.

Қылмыстық процесс теориясында  тұлғаны негізсіз және заңсыз айыптаудан, соттаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын шектеуден  қорғау мәселелері өте ертеден бері жеткілікті зерттеліп келеді. Бірақ қылмыстық іс жүргізу барысында жіберілген заңның қателіктерін анықтау мен жою механизмімен байланысты сұрақтар ғана толық түрде қарастырылып келді. Тек соңғы кездері ғана қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу және ақтау институтымен байланысты құқықтық қатынастарды зерттеуге бет бұру елең алды [21].

Ұзақ уақыт бойы отандық  заңтануда мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеті үшін, соның ішінде қылмыстық сот ісін жүргізу саласында, мемлекет жауаптылықта болмауы керек деген пікір өмір сүріп келді.  

Заңсыз әрекеттері үшін азаматтарға  шығын келтірген лауазымды тұлғаларды мүліктік жауаптылыққа тарту туралы нормалар 1964 жылғы қылмыстық сот ісін жүргізу Жарғысында бекітілген болатын. Бірақ, бәрімізге белгілі, кеңес заманында аталған қылмыстық-процессуалды институт шектелген еді [22]. 1960 жылы 1 қаңтарда күшіне енген Қазақ ССР ҚІЖК алғашқы редакциясы қылмыстық процесті жүргізуші органмен келтірілген шығын мен бұзылған құқықтарды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік беретін нормаларды қарастырмады. Тек 1983 жылы КазССР КІЖК-не заңсыз әрекеттермен азаматтарға келтірілген шығынды өтеуге байланысты шаралар қабылдауға тергеушіге, анықтаушыға, прокурор мен сотқа міндет жүктейтін 30-1 бабы енгізілді. 

Сонымен бірге «ақтау» термині  КазССР қылмыстық-іс жүргізу заңнамасында қолданылмады, тек ғылыми әдебиетте  ғана қолданылатын еді. Теоретикалық негізделген ақтау институты қылмыстық сот ісін жүргізуге тек 1997 жылы ҚР ҚІЖК қабылдануымен енді.

Ақтаудың заңнамалық бекітілуіне  қарамастан, ҚР ҚІЖК-нде аталған  ұғымға түсініктеме берілмеген. Ал РФ ҚІЖК «ақтау»  ‒ негізсіз және заңсыз қылмыстық қудалауға ұшыраған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру  мен келтірілген зиянды өтеу тәртібі. аталған анықтама көптеген ресейлік процессуалистермен қолдау тапқан [23].

А. А. Подопригора аталған анықтаманы өзінше нақтылай түседі, яғни ақтау ‒ қылмыстық қудалауға ұшыраған, біраз заңмен көзделген тәртіппен қылмыс жасауда кінәсіз деп танылған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру және осыған байланысты келтірілген зиянды шынайы өтеуді қамтамасыз ету процесі [24]. 

Бірқатар ресейлік авторлар ақтау ұғымын тар мағынада түсіндіреді, ол бойынша ақтау деп тек қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндірісті жүргізетін қылмыстық ізге түсу органының әрекеттерімен, сондай-ақ сот шешімімен келтірілген зиянды өтеу бойынша өндірісті түсінуге болады [25]. Аталған пікірмен кейбір қазақстандық процессуалистерде бөліседі [26].

Профессор Б. Х. Толеубековамен  бірқатар өзгеше көзқарас айтылған болатын, ақтау  ‒ мемлекеттің уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалар бейнесінде тек қана позитивті (оң) сипаттағы негіздер болған жағдайда бұрын басталған қылмыстық ізге түсу мен сот талқылауын әрі қарай жалғастырудан бас тартуы [27].

 Ақтаудың қылмыстық-процессуалды институт ретіндегі дұрыс түсінігін айқындау үшін, біздің ойымызша, бірінші кезекте ол қолданылатын тұлғаларды анықтап алу қажет болып отыр.

Әрекеттегі ҚР ҚІЖК 39-бабының редакциясы сот бойынша ақталған адам, сонымен  бірге оған қатысты ҚР ҚІЖК 37-бабының 1 бөлігінің 1, 2, 5, 7, 8-тармақтарында көзделген  негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қылмыстық ізге түсу органының қаулысы шығарылған адам ақталуға құқылы болып табылатындығын көрсетеді.

Осы мәселеге қатысты Т.А. Ханов  аталған тізімге ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлігі 5, 7, 8  тармақтары бойынша өздеріне қатысты қылмыстық іс қысқартылған тұлғаларды қосу ақтау субъектілерінің тізімін негізсіз кеңейтіп тұр деп санайды.  Аталған баптың 5 тармағы қылмыстық ізге түсуді жеке және жеке-жариялы істер бойынша жәбірленуші арызы болмағандықтан мүмкін еместігін көрсетеді, бірақ бұл жерде қылмысты-жазаланушы әрекет тұлғамен жасалынды, бұл жерде қылмыстық ізге түсу  өзіне қатысты қылмыс жасалған тұлғаның диспозитивті қалауына байланысты болып тұр.  Аталған жағдайда процестің басталуына субъективті тәсілмен қарау орын алып тұр. Еске сала кететін жайт, егер тұлға дәрменсіз немесе тәуелді жағдайда болса, не өзге де себептерге байланысты өзіне тиесілі құқықтарды дербес  пайдалана алмаса, прокурордың қылмыстық іс қозғауға құқығы бар екендігін заң айқындайды [29].  

Осылайша жоғарыда аталған мән-жайларды анықтау қылмыстық процестің басталуына негіз болуы мүмкін, бұл жерде ереже императивті болып табылмайды, бірақ ендігі жерде прокурордың субъективті пікірі негізінде қозғалады, ал өзіне қатысты қылмыс жасалған тұлға диспозитивті құқығын жоғалтады. Осы жерден тағы ұғатынымыз, егер тергеуші немесе анықтаушы азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қылмысты-жазаланушы әрекетті жасаған тұлғаға қатысты қылмыстық істі қозғап, бірақ жәбірленуші қандай да бір себептерге байланысты өтініш бермесе не арызын кері алса, өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған тұлға ақталуға жатады, себебі ол қылмыс жасағанына кінәлі болғанына қарамастан жазаға тартылмайды, себебі жәбірленуші оған қойылатын талаптардан бас  тартты. Бұл жерде бас тарту түрлі себептермен орын алуы мүмкін, соның ішінде қылмыстық ізге түсу органдарына беймәлім қорқыту, зорлық немесе өзге де заңсыз әрекеттермен байланысты болып жатады.

Демек мемлекет өзінің қылмыс жасағанын  білген, бірақ жәбірленуші өтініш бермеуі үшін немесе одан бас тартуы үшін шаралар қабылдаған (мүмкін заңсыз)тұлғаны да толық ақтауы қажет.

ҚР ҚІЖК 37-бабы 7 және 8 тармақтарына қатысты айта кететін жайт, яғни олардың негізіне тұлғаның сол бір  қылмысты әрекеті үшін екі рет  қылмыстық жауаптылыққа тартылуы  және қылмыстық қудалауға ұшырауы тиіс еместігі, не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігі туралы шешім жоғары тұрған органмен бас тартылғанша құқықтарының шектелуінің мүмкін еместігі жатады. Аталған жағдайда тұлғамен қылмыстың жасалуы орын алып трұр. бірақ қылмыстық ізге түсу органы не сот аталған жайт бойынша шығарылған шешім бар екенін білмей, жасалған құқыққа қайшы әрекеттің мән-жайын анықтау барысында өз қызметтерін жалғастыра берген. Міне, осыған байланысты қылмыс жасаған тұлға, яғни оған қатысты заңмен көзделген негізде қоғамға қауіпті әрекет жасағанын әшкерелейтін, оның кінәлілігін дәлелдейтін қызмет жүзеге асырылу керек болған кезде, ол ақталуға құқылы болып шығады.

Жоғарыда аталған жағдайларда  тұлғамен жасалған әрекет қылмысты болып  табылмаған немесе тіптен орын алмаған  жағдайда қылмыстық ізге түсу жүзеге асырылған тұлға ғана ақтау құқығына ие болады деген ереже бұзылып тұр [2].

Осылармен қатар ҚР Жоғары Соты толық  және ішінара ақтау ұғымын түсіндіре  отырып, тұлғаны толық ақтау деп  оған қатысты соттың ақтау үкімінің шығарылуы, немесе анықтау органы, тергеуші, прокурормен қылмыс құрамы және қылмыс оқиғасы болмауына байланысты не болмаса қылмыс жасаудағы тұлғаның қатысы дәлелденбегендігі негізінде қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарылуы деп көрсетеді.  

Тұлғаны ішінара ақтау оның әрекетін неғұрлым жеңілірек қылмысы үшін қылмыстық жауаптылық көздейтін қылмыстық заңның бабына қайта дәрежелеудегі айыптаудың бөлек эпизодтарына қатысты кінәсіз деп танумен, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын немесе тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шараларын қолданудан бас тартумен байланысты.

Осылайша толықтай ақтауға өзіне  қатысты сотпен ақтау үкімі шыққан, немесе анықтау органы, тергеуші, прокурормен  қылмыс оқиғасы және қылмыс құрамы болмауы немесе қылмыс жасаудағы  тұлғаның қатысы дәлелденбегендігі негізінде қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарылған тұлға ғана ие болуы керек.

Жоғарыда аталғандардың  негізінде, Т.А. Ханов ҚР ҚІЖК 39-бабы 1-бөлігіне 5, 7, 8 тармақтарды алып тастап өзгеріс  енгізу керек деп айтады. 

Қылмыстық процестегі «ақтау» және «шығынды өтеу» ұғымдарын қарастыру маңызды аспектілер болып табылады. Бұл ҚР заңнамасындағы осы ұғымдардың бір-бірімен шектеспейтіндігінде, осыған байланысты олардың әрқайсысының мәнін, соның ішінде ҚР әрекеттегі заңнамасы тұрғысында нақты анықтаған жөн сияқты.

ҚР ҚІЖК-нде «Ақтау, қылмыстық  процесті жүргізуші органның іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу» деп  аталатын дербес 4-тарау бар. Аталған  тарау ақтау мен келтірілген  зиянды өтеу мәселелерін жете қарау  қажетттілігінен пайда болды. Сөз жоқ, осындай дербес тараудың енгізілуі құқықтық тәжірибеде оң бағытта айқындалады.

Осы арада төмендегілерді анықтап  алған жөн. Ақтау келтірілген  зиянды өтеу сияқты қылмыстық процестің  дербес институты болып табыла ма, әлде ақтау ұғымымен қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу қамтылып кете ме? Бірақ әрекеттегі заңнамадан шыға отырып, осы не екінші нұсқаны бекіту қиындау болып отыр.

Белгілі болып отырғандай, қылмыстық-процессуалды институт қылмыстық сот өндірісі саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін белгілі бір процессуалды нормалар тобын көрсетеді. ақтауға тек ҚР ҚІЖК-нің бір 39-бабы ғана арналған. Ал келтірілген зиянды өтеуге бірнеше баптар арналған. Осыдан түйіндейтініміз, не заң шығарушы ақтау мен зиянды өтеу ұғымдарын бір-бірінен ажырамайтын категория ретінде біртұтас қылып біріктіріп жіберген, не ақтау ұғымының өзіне тиісті назар аудармай кеткен.

Аталған мәселе бойынша біршама  ғылыми зерттеулер бар, атап айтқанда Т.Т. Таджиев, Б.Т.Безлепкин, В.М.Савицкий, Т.Н. Добровольский, В.В.Зинкевич, И.С.Касумова, А.Г. Эделяна және т.б. бірқатар ғалымдар.

Заң әдебиеттері мен заң нормаларын талдау ақтау туралы толық анықтама, ұсыныс жасауға мүмкіндік бермей тұр. Түрлі аспектілерде ақтау проблемалары қазақстандық ғалымдармен де қарастырылды: А.Н.Ахпанов, С.М.Жалыбин, Б.Х.Толеубекова және т.б.

Сонымен кейбір авторлар ақтау ұғымына  зиянды өтеу ұғымы да жатады десе, екінші ғалымдар зиянды өтеу ұғымы ақтаудан тәуелсіз бөлек дербес институт болып  табылады деп көрс етеді.

С.Бачуриннің пікірінше ақтау мен  қылмыстық процесті жұргізуші органның іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу біртұтас институт болып табылмайды. Оның бұл пікірі келесідей дәйектермен  пайда болған. Біріншіден, ҚР ҚІЖК-дегі 4-тарау атауының өзі екі дербес институттың бар екендігін тұспалдап тұр (РФ ҚІЖК-нің «Ақтау» деп аталатын 18-тарауы ақтау ұғымына зиянды өтеу құқығы да енгізеді).

Екіншіден, ҚР ҚІЖК-нің 39-бабы 2-бөлігі, қылмыстық iзге түсу органы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамды ақтау және оған қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан келтiрiлген зияндарды өтеу жөнiнде заңда көзделген барлық шараларды қолдануға тиiс. Осыдан келесідей ой түйіндеуге болады, егер ақталған адам қандай да бір себептерге байланысты (мысалға, қылмыстық процесті жүргізуші органның осындай құқығын түсіндірмеуі саларынан) келтірілген зиянды өтеу құқығын пайдаланғысы келмесе, не пайдалана алмаса ондай жағдайларда оның ерік білдіруіне қарамастан, сот не қылмыстық процесті жүргізуші орган ақталушы тұлғаға келтірілген зиянды өтеуге қажет шараларды қабылдау керек. Аталған сұрақтың осылай шешілуі ақталушының таңдау құқығын шектейді. Сондай-ақ оқып зерттелген қылмыстық істер бойынша анықталғаны, не сот, не қылмыстық ізге түсу органы ақталған тұлғаға келтірілген зиянды өтеуге бастамашы болмайды. Әрине мұндай көзқарас дұрыс, себебі заң оларға міндет жүктемейді. Аталған органдар тек ақталушы тұлғаға осындай құқықтарын түсінідіріп кетуі тиіс [43, 88 б.].

Сонымен қатар ҚР ҚІЖК-нің 4-тарауының зиянды өтеуге қатысты  нормалары императивті сипатта, бірақ бұл заңмен қарастырылмаған. Демек зиянды өтеу ақтау ұғымының элементі деген көзқарастың өзі осы түсінікке кіреді, себебі бұл жерде ақтаудың өзі ақталушы тұлғаның еркіне тәуелді болып тұр. Ақталған тұлғаның келтірілген зиянды өтеу құқығы азаматтық құқықта және процесте ақтау ұғымынан тәуелсіз дербес орын алуы керек, себебі зиянды өтеу, жалпы алғанда азаматтық сот өндірісі тәртібіне негізделген. Яғни ақталған тұлға зиянды өтеу құқығын қылмыстық процестен тыс жерде де қолдана алады.

Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі