Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.

Содержание

КІРІСПЕ

1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі

2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту

3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қылмыстық істі қысқарту .doc

— 596.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 
     

1

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ

 

1.1

Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен  маңызы

 

1.2

Қылмыстық істі қысқарту негіздері  мен жіктелуі, тәртібі

 
     

2

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ 

 

2.1

Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту

 

2.2

Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту

 
     

3

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ

 
     
 

ҚОРЫТЫНДЫ

 
     
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 
     
 

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы: 1995 жылы 30-тамызда республикалық референдумда қабылданды. (2010 жыдың мамырына дейін қамтылған)// РҚАО «Заң» деректер базасы.
  2. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы №206-1 Заңымен қабылданған. (2012 жылғы 15 ақпанына дейін қамтылған)//РҚАО «Заң» деректер базасы.
  3. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған. (2011.11.29 N 502-IV Заңымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен)// РҚАО «Заң» деректер базасы.
  4. ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме. И.И. Рогов және С.М.Рахметов редакциялауымен. ‒Алматы, 2000. ‒704 б.
  5. Когамов М.Ч. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная части. ‒ Алматы: Жеті Жарғы, 2008. ‒ 896 с.
  6. ҚР Рақымшылық туралы 2012 жылы 11 қаңтарда жарияланған Заңы.// РҚАО «Заң» деректер базасы.
  7. Қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы 1999 жылғы 9 шілде N 7. Алматы.
  8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 21 маусым N 4//РҚАО «Заң» деректер базасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН  ҰҒЫМДАР

 

ҚР ҚК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі

ҚР ҚІЖК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі

ІІД - Ішкі істер Департаменті

ІІБ - Ішкі істер бөлімі

АЕК - айлық есептік көрсеткіш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының қылмыстық  іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала  тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген  адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жасалған кезекті Жолдауында Қазақстан Республикасы саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрылғанын атап, оны нығайту дың жолдарын ұсынады. Ол Республикада заңдылыққа негізделген, адам құқығы мен бостандығына кепіл болатын қылмыстық іс жүргізу өкілеттігінің дұрыс жолға қоюылуын көздейді. Сондықтан да, қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген міндеттері адам және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудын, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда ‒ оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыру аса қажет.

Осындай міндеттерге жетудің бір  жолы қылмыстық істі қысқарту институтын жетілдіру, оны дұрыс пайдалана  білу. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 52-бабында қылмыстық іс бойынша  іс жүргізуді аяқтау қылмыстық іс бойынша іс жүргізу толық қысқартылғандығы туралы қаулының күшіне енуі бойынша аяқталады. Міне, сондықтан да қылмыстық істі қысқартудың маңызы елеулі болып тұр.

Қылмыстық істің заңға сүйеніп  қысқартылуының мәнін дұрыс түсіну керек. Қылмыстық істің қысқартылуы  ақиқатты анықтауға негізделген, яғни осы арқылы кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту, оған іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану, оны сотқа беру, соттау және жазалау мүмкіндігі жойылады.

Қысқарту нысанында қылмыстық  іс бойынша өндірістің аяқталуы тек  сол оқиғаға байланысты емес, сондай-ақ сол іс бойынша айыпталушы ретінде жауапқа тартылған адамға қарсы қылмыстық ізге түсуді тоқтату, кейбір жағдайларда кінәсіз адамды қылмыстық қудалаудан босатуды және сонымен қатар тергеу, сот органдарының назарын нағыз қылмыскерді анықтауға және әшкерелеуге аударады.

Қылмыстық істі қысқартудың ұғымы  туралы тоқталатын болсақ, бұл мәселелер  жөнінде заң ғылымында әлі  ортақ пікір қалыптаспаған. Аталмыш  ұғым анықтамасы нұсқаларының көптігі  осы құбылыстың жан-жақты зерттелгенін, әрі қарастырылып отырған саланың күрделі екенін аңғартса керек.

Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқартудың да маңызы төмен  емес. Біріншіден, қылмыстық жауаптылықтан  босатылған азаматтар өзінің әрекеттерімен  болашақта жақсы ниеттерін дәлелдей алады.  Екіншіден, алдын ала тергеу органдары өздерінің назарларын тұтас қоғам мен азамат мүдделеріне ауыр зиян келтірген, қоғамдық қауіптілігі өте жоғары қылмыстарға аудара алады.

Қылмыстық істі қысқартудың жәбірленуші  үшін, оның құқықтары үшін де маңызды, біріншіден, қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыға шағым жасай алады, екіншіден, қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту оң сипаттамасы бар тұлғаға қатысты орын алады. Сондықтан да қылмыстық іс қысқартылғанға дейін ол тұлға жәбірленушімен барлық мәселені шешіп, оған келтірілген залады өтейді. Бұл да жәбірленушінің аталған шешімге қанағаттануына ықпал етеді,  үшіншіден, қылмыстық істің уақытында қысқартылуы нағыз қылмысты жасаған тұлғаны анықтап, соның әсерінен жәбірленушінің құқықтарын қорғап, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге әсер етеді.

Алдын ала тергеу кезінде қылмыстық  істің қысқартылуы соттың ауыртпалығын төмендетеді. Бірақ қазіргі таңда  қылмыстық істі қысқарту институтын жүзеге асыру барысында бірқатар кемшіліктер байқалып отыр, біріншіден, қылмыстық істі қысқартудың нақты ұғымының болмауы, екіншіден, осы қылмыстық істі қысқартуды белгілі бер негіздерге сәйкес жүргізуде тәжірибеде орын алатын қателіктер, оның ішінде заң нормаларына қайшы келетін қателіктер, сондай-ақ істі қысқартудың ақтайтын және ақтамайтын негіздерін орынды жіктеу.

Қылмыстық істі қозғауға дейінгі және қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі  алдын ала тергеу барысында қабылданатын шешімдер, қылмыстық процесті жүргізуші  органдар мен іске қатысушы тараптар арасында қылмыстық істі қысқартуға байланысты туындайтын құқықтық қатынастар болып табылады.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңындағы  қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға  мүмкіндік беретін мән-жайлар, ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген  қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері, сонымен қатар сезікті мен айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеген және прокурор мен жәбірленушінің қылмыстық ізге түсуден бас тартқан жағдайлар бойынша заңнамалардың қалыптасуы және олардың жүзеге асырылу тәжірибесін зерттеу. Қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық істі қысқарту ұғымын, мәні мен мақсатын айқындау, қысқарту негіздерін және олардың жүйелену саралау; қылмыстық іс жүргізу тәртібінің маңызын сипаттау; қылмыстық істі қысқартудың негіздерін ақтайтын және ақтамайтын негізерге бөліп қарастыру; қысқартылған қылмыстық істерді қайта жаңғыртуды айқындап, оның мәселелеріне тоқталу зерттеудің мақсаты мен міндеттері болып табылады.

 

 

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ  ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ 

 

1.1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН МАҢЫЗЫ

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық процеске қылмыстарды тез және толық ашылуын, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуін және қылмыстық жауапқа тартуын, әділ сот талқылауы мен қылмыстық заңды дұрыс қолдануын міндеттеп, бұл мақсатты орындау барысында қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан сақтауды, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда ‒ оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуін, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуды, қылмыстың алдын алуын, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесу міндеттерін жүктейді.

Міндеттер жеке-жеке салаға бағытталғанмен, олардың ең басты міндеті, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында бекітілген мынадай қағидаларын жүзеге асырылуын қамтамасыз ету:

  1. Әркімнің құқық субьектісі ретінде тануылына құқығы бар және өзінің кұқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
  2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
  3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңға көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі [1].

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін заңды қолдану органдарына және сот саласына қылмыстық іс қозғаудан бастап ақырғы шешім қабылдауға, ал іске қатысушы талаптарға іс жүргізу барысында шешім қабылдауға тікелей өз талаптарын жүзеге асыруға құқықтар көзделген.

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес іс бойынша іс жүргізуді аяқтау былайша жүзеге асырылады: қылмыстық іс бойынша іс жүргізу толық қысқартылғандығы туралы қаулының күшіне енуі бойынша; үкімнің немесе іс бойынша басқа да түпкілікті шешімнің күшіне енуі бойынша ‒ егер ол оны атқару жөнінде арнаулы шаралар қабылдауды қажет етпесе; үкімнің немесе іс бойынша басқа да түпкілікті шешімнің орындалғандығы туралы растау алынуы бойынша ‒ егер ол оны атқару жөнінде арнаулы шаралар қабылдауды қажет ететін болса [2].

Әрекеттегі қылмыстық-іс жүргізушілік заңнама алдын ала тергеудің  түрлі аяқталу нысандарын қарастырады. Соның ішінде қылмыстық істі қысқарту туралы шешіммен аяқталуы.

Қылмыстық істі қысқарту оны қозғаудан бас тартумен тығыз байланысты. Ол байланыс қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың негіздері мен оны қысқартудың негіздері бір баптың ішінде (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 37-бабынын бірінші бөлігінде) керсетілген. Заң, сонымен, қылмыстық іс бойынша өндірісті бастауға не оны жалғастыруға болмайтын негіздерді жеке-жеке белгілейді. Сөйтіп, заңға қарсы іс қозғалу мүмкіндігін жоққа шығарады. Өйткені, қылмыстық істің дұрыс қозғалмауы қатерлі қателіктерге әкеп соқтыруы мүмкін.

Қылмыстық іс, негізінен, қылмыс құрамының белгілері оқиғаның өзінде орын алған жағдайда қозғалады. Қылмыстық істі қозғау үшін оқиғаны қоғамға қауіпті деп сипаттайтын белгілердің табылуы жеткілікті. Қылмыс құрамының басқа элементтерін айқындау анықтау және тергеу органдарының міндеті.

Қылмыстық істі қозғау тек заңға сәйкес шешім қабылдауға кедергі жасайтын мән-жайлар жоқ болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Олар кейде қылмыстық істі қозғау сәтінде белгісіз де болуы мүмкін. Оларды анықтау үшін, олардың дұрыстығына көз жеткізу үшін іс бойынша өндірісті бастап, бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болады. Ал бұл, әрине, қылмыстық істі қозғамай мүмкін емес.

Қылмыстық істі қысқарту айып тағылғанға дейін де және одан кейін де орын алады. Өйткені айып тағылған сәтте тергеуде барлық дәлелдемелердің бола қоюы күмәнді, ал тергеуді әрмен қарай жүргізу барысында істі қысқартуға жатқызатын мән-жайлар анықталуы күмәнсіз.

Кейде істі сотқа өткізу, сот талқылауы, апелляциялық және қадағалау өндірісі сатыларында қарау кезінде, анықтау немесе алдын ала тергеу процесі барысында жинақталған іске қатысты барлық материалдар қайта зерттелініп, жаңа мән-жайлар анықталып жатады. Апелляциялық және қадағалау сатылары басты сот шешімінің заңдылығын, негізділігін тексергенде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-ші, 38-ші баптарында жэне 269-баптың екінші бөлігінде бекітілген мән-жайларға да аса көңіл бөлуге тиіс [2].

Сонымен, қылмыстық істі қысқарту ‒ бұл анықтау органдарының, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, соттың заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын қылмыстық-процессуалдық әрекеттері. Олар дәлелдемелерді жинау және фактілерді анықтау жөніндегі қызметтің бір саласы болып табылады, іс материалдарына баға беруде, шешім қабылдауда заңды негіздер мәртебесіне ие болады.

Заң қылмыс белгілері анықталған әрбір жағдайда қылмыстық істі қозғау жөнінде прокурордың, тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының міндеттерін көрсете отырып, сонымен қатар, бұл органдарға, егер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында көзделеген мән-жайлардың бірі анықталса, онда іс қозғаудан бас тартуды немесе қылмыстық ізге түсуді тоқтатуды міндеттейді. Істі қысқарту міндеті сотқа да жүктелген (басты сот талқылауын тағайындау туралы сот отырысына, бірінші, апелляциялық және қадағалау сатыларына).

Демек, қылмыстық істі қысқарту жиналған дәлелдемелерге басқа баға берілгенде не әрмен қарай қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын жаңа мән-жайлар ашылғанда жүзеге асырылатыны анықталады. Істі сотқа өткізу үшін, заңда көрсеткендей, тергеу органдары айыпталушының кінәлі екендігіне сенімді болу керек. Сондықтан да қылмыстық істі қысқарту тек сол іс қарауында жатқан анықтау органдарының, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, судьяның құзырына жатады. Олардың істі қысқарту туралы қорытындыны заңға сүйене отырып, іске қатысты барлық мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу нәтижесінде жасайтын қағида заңмен бекітілген. Заңдылық принципі қылмыстық-процессуалдық қызметте барша мемлекеттік органдары жұмыстарының мәні болып табылады.

Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі