Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.
КІРІСПЕ
1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі
2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту
3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Осылайша орын
алған осындай жағдай салдарынан
сот тергеуі барысында
Қоғамнан оқшаулау жағдайында, сасқалақтау, эмоционалды стресс, заңи хабарсыздығы салдарынан, бөлмелестерінің әсер етуінен, әділеттілікке және өз күшіне сенбеушілігі жағдайында жігерсіз, эмоционалды тұрақсыз тұлғалар уәде берулердің ықпалына түсіп, тергеуші қалағандай, өзіне қарсы жалған айғақ беріп жатады, яғни оны жайын қалдырып, маза беруі үшін, осы бір жағымсыз процестің тезірек аяқталуы мақсатында. Көріп отырғандай, сезіктінің (айыпталушының) мұндай айғақтарында еріктілікпен қатар, мынадай бір қажетті белгісі, яғни өзіне өзі жала жабудың мақсаты болатын ‒ қылмысты өз мойнына алып тергеуді жаңылыстыруға деген ниетінің жоқ екендігі, сондықтан да осындай әрекеттерді өзіне өзі жала жабу деп тануға болмайды. Біздің ойымызша, дәл осы белгі көмегімен өзіне өзі жала жабудың шын себебін анықтау, мүмкіндігінше дұрыс болады, не болмаса мойындайтын айғақтардың еріктілік белгісіне қарағанда мақсатты анықтау біршама қарапайым.
Осылайша азаматтық өзіне өзі жала жабуы сияқты өзіне қарсы айғақ беруін анықтау негізіне пиғыл, еріктілік және өкілетті органдарды жаңылыстыру мақсаты (ниеті) сияқты белгілер жатқызылуы тиіс.
ҚР ҚІЖК-нің 119-бабы 4-бөлігіне сәйкес «айыпталушының қылмыс жасаудағы өзiнiң кiнәсiн мойындауы оның кiнәлiлiгi бар дәлелдемелердiң жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау негiзiне жатқызылуы мүмкiн». Демек тергеуші (анықтаушы) азаматық қылмыс жасағаны жөніндегі өтінішіне, айғағына қарамастан оның ақиқатын бекітетін дәлелдемелерді табуға міндетті. Егер айғақ сәйкес қуаттауды таппаса, қылмыстық ізге түсуді қысқартылады. Шын мәнінде қылмысты мойнын алуы туралы азамат берген айғақтың заңсыз қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдануда және жәбірленушіге зиян келтіруде жағымсыз рөл алатыны рас. Бірақ соған қарамастан, ең ақырында осындай салдарлардың басты себебі алдын ала тергеу кезіндегі тергеушімен (анықтаушымен) ҚР ҚІЖК-нде бекітілген талаптардың сақталуы [33,34 б.].
Қылмыстық жауапкершiлiкке негiзсiз тарту, процессуалдық мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану, негiзсiз соттау фактiлерi өрескел заң бұзушылық болып табылатыны бәрімізге белігілі және оның нәтижесiнде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiне елеулi нұқсан тиеді.
Қылмыстық процестi жүргiзу органдардың заңсыз әрекеттерi болып мыналар түсініледі: ҚР ҚIЖК-нiң 33-бабының 1-бөлiгiнде, 34-бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлген, осы баптардың 2-бөлiктерiнде көрсетiлген реттерден басқа, қылмыстар жөнiндегi iстер бойынша жеке айыптаушының арызынсыз қылмыстық iс қозғау және қылмыстық iзге түсудi жүргiзу; дәл сол айыптау және дәл сол адамға қатысты қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы бұзылмаған қаулы болған жағдайда қылмыстық iс қозғау; iсте қылмыстық iзге түсу органдарының қылмыстық iстi тоқтату туралы бұзылмаған қаулысы, сондай-ақ дәл сол айыптау және дәл сол адамға қатысты қылмыстық iзге түсудiң мүмкiн еместiгiн белгiлеген күшiне енген үкiм немесе сот қаулысы бола тұра қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыру; сот оқиғасының немесе адамның әрекетiнде қылмыс құрамының болмағанын немесе адамның қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбегенiн, прокурордың және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартқанын, жеке айыптау iсi бойынша жеке айыптаушының айыптаудан бас тартқанын (ҚР ҚIЖК-нiң 33-бабының 2-бөлiгiнде көзделген реттерден басқа), ҚК-тiң 69, 75, 85 баптарында көзделген қылмыстық жауапкершілiкке тарту мерзiмiнiң ескiруiн және адамның осы негiз бойынша iстi тоқтатуға келiсiмiн, ҚК-тiң 67-бабында көрсетiлген реттерде жәбiрленушi мен айыптының, сезiктiнiң достасқанын, адамның жасаған әрекетi үшiн қылмыстық жауапкершілiктi жоятын жаңа қылмыстық заңның қабылданғанын, жазадан босататын рақымшылық актiнiң шыққанын және адамның осы негiз бойынша iстi тоқтатуға келiсiмiн, адамға кешiрiм жасау актiсiнiң қабылдануын растайтын фактiлер белгiленгеннен кейiн қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыру [36].
Сондай-ақ, қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың заңсыз әрекеттерiне мыналар жатады: қылмысты дәрежелеу кезiнде қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданбау; бұлтартпау шараларын немесе заңда көзделген өзге де процессуалдық мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану; қылмыс жасағаны үшiн сезiктi ретiнде ұсталған адамды немесе бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алған адамды оның өмiрiне және денсаулығына қауiптi жағдайда ұстау; қамаудағы емес адамды сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн бұл туралы сот шешiмi болмаса да, медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру; зорлық, қатаң немесе адамның ар-намысын қорлайтын шаралар қолдану; процессуалдық әрекеттердi оған қатысатын адамдардың өмiрiне және денсаулығына қауiп тудыратын жағдайларда өткізу, қылмыстық процеске қатысушы адамның абыройын қорлайтын немесе ар-намысын кемiтетiн шешiмдер шығару және әрекеттер жасау жеке өмiр туралы мәлiметтердi, сондай-ақ өзге де адамның құпия етудi қажет көрген жеке сипаттағы мәлiметтердi ҚР ҚIЖК-да көзделмеген мақсаттар үшiн қолдану және жариялау; заңсыз соттау; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану; тәрбиелiк ықпал ету мәжбүрлеу шараларын және басқаларын заңсыз қолдану.
Қылмыстық процесс жүргiзушi органдардың әрекеттерiнiң заңсыздылығы сот үкiмiмен немесе қаулысымен немесе анықтау, алдын ала тергеу органы, прокурор шығарған қаулымен белгiленедi.
Ұсталған адамдарға, сезiктiлерге, айыпталушыларға, сотталушыларға, сотталғандарға, ақталғандарға қылмыстық процесс жүргізушi органдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан зиян келтiрiлген жағдайларда ҚР ҚIЖК-нiң 39-47-баптарының күшi қолданылатыны түсiндiрiлсiн. Қылмыстық процесс жүргiзушi органдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқы бар адамдардың ҚР ҚIЖК-нiң 40-бабында көрсетiлген тiзiмi түпкiлiктi болып табылады. Iс бойынша сот өндiрiсiне қатысқан өзге адамдарға (куәларға, айғақ адамдарға, аудармашыларға, т.б.) келтiрiлген зиянды өтеу мәселесi азаматтық iс жүргiзу тәртiбi бойынша шешiлуге тиiс.
Соттың ақтау
үкiмi немесе анықтау, алдын ала тергеу
органдарының, прокуратураның қылмыс
оқиғасының болмауы салдарынан, қылмыс
құрамының болмауы салдарынан немесе
адамның қылмысқа қатысқаны дәлелденбеуi
салдарынан қылмыстық iстi қысқарту туралы
қаулысы шығарылған жағдайда адамды толық
ақталды деп тану керек.
Адамды айыптаудың кейбiр эпизодтары бойынша
кiнәлi емес деп тану, оның әрекеттерiн
қылмыстық заңның жеңiлірек қылмыс үшiн
жауапкершiлiктi көздейтiн бабына қайта
дәрежелеу, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шарасын немесе тәрбиелiк ықпал ету мәжбүрлеу
шарасын заңсыз қолдануды бұзу оның iшiнара
ақталғанын бiлдiредi.
ҚР ҚIЖК-нiң 13-бабының 2-бөлiгiне, 14-бабының 8-бөлiгiне сәйкес ұсталған, сезiктi, айыпталушы, сотталушы және сотталған адамдар да сот iсiн жүргiзу барысында зорлыққа ұшыраған немесе қатаң ұсталған жағдайда, қылмыстық процесс жүргiзушi органдардың шешiмдерiмен немесе әрекеттерiмен олардың қадiр-қасиетi кемiтілсе, немесе қаралып жатқан iс бойынша адамның құпия деп тануды қажет еткен жеке сипаттағы мәлiметтерi жинақталып, қажетсiз жария етiлген немесе таратылған жағдайда, сондай-ақ бас бостандығынан айырылған адам өмiрге және денсаулыққа қауiптi жағдайда ұсталса, өздерiне келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқылы.
Соттың ақтау үкiмiнiң шығуы немесе анықтау, алдын ала тергеу органдарының, прокурордың ҚР ҚIЖК-нiң 37-бабының 1-бөлiгінде көрсетiлген негiздер бойынша қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысының, сондай-ақ амнистия, кешiрiм жасау актiлерiн, қылмыстық жауапкершілiктi жоятын немесе жеңiлдететiн жаңа қылмыстық заңды және т.б. қолдану туралы шешiмдi уақытылы қабылдамау фактiсiн белгiлеген қаулысының шығуы зиянды өтеу туралы талап қоюға себеп болып табылады. Бұндай шешiм қабылдаған кезде қылмыстық процесті жүргiзген орган адамның қылмыстық процесс жүргiзушi органдардың әрекеттерiнен келтiрiлген зиянды өтеуге құқын анықтап, негiз болған жағдайда ҚР ҚIЖК-нiң 42-бабына сәйкес ақтау үкiмiнде немесе iстi қысқарту туралы қаулысында көрсетуi тиiс.
Ақтау туралы шешiм қабылдаған анықтау, алдын ала тергеу органы, прокурор немесе сот ҚР ҚIЖК-нiң 42-бабына сәйкес адамға ақтау үкiмiнiң немесе қаулысының көшiрмесiн және зиянды өтеу тәртiбi туралы хабарламаны жiберуге мiндеттi. Хабарламада ҚР ҚIЖК-нiң 43-бабаның 1-бөлiгiне сәйкес адам мүлiктiк зиянды өтеудi, моральдық зиянның салдарын жоюды, iс жүргізуге байланысты бұзылған еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтiрудi талап етуге құқылы екенi көрсетiлуi керек. Сонымен бiрге, хабарламада зиянды өтеу тәртiбi түсiндiрiлуi керек, атап айтқанда: адамның талап қоюға құқылы мерзiмi; мүдделi адамның: ақталуы туралы мәлiметтердi тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарына, жұмыс iстейтiн, оқитын, тұратын жерiне жiберу туралы талапты, мүлiктiк зиянды өтеу туралы талапты, еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтiру туралы талапты, моральдық зиянның орнын толтыру туралы талапты, мемлекеттiк наградаларын қайтару, құрметтi және өзге де атақтарын, шендерiн, дәрежелерiн, біліктiлiк сыныптарын қалпына келтiру туралы, т.б. талаптарын жiберуге тиiс органдардың аты көрсетiлуi керек. Хабарламада шығыс номерi мен оны адресатқа жөнелту датасы көрсетiлуi тиiс.
ҚР ҚIЖК-нiң 44-бабының 1-бөлiгiне сәйкес қылмыстық процестi жүргiзушi орган келтiрген зиян үшiн ақталған адамнан ресми түрде кешiрiм сұрауға мiндеттi, ал ол жазбаша түрде берілуi тиiс екенi түсiндiрiлсiн. Хабарлама ресми болғандықтан, ол арнайы немесе қызмет бланкiсiне рәсiмделуi керек және оған ақтау туралы шешiм қабылдаған органның басшысы қол қоюы тиiс. Онда адамды ақтау туралы нақты шешiмге сiлтеме жасалып, қылмыстық iзге түсудiң заңсыздылығы көрсетiлiп, келтiрiлген зиян үшiн ресми түрде кешiрiм сұрау туралы сөздер жазылады [36].
Қылмыстық процестi жүргiзетiн органдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу құқы жеке де, заңды да тұлғаларға берiлген. ҚР ҚIЖК-нiң 43-бабының 3-бөлiгiне сәйкес мүлiктiк зиянды өтеудi ҚР ҚIЖК-нiң 40-бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген адамдармен бiрге олардың заңды өкiлдерi де талап ете алады. ҚР ҚIЖК-нің 40-бабының 5-бөлiгiнде көрсетiлген реттерде мұрагерлер және зейнет туралы заңына сай асыраушысынан айырылған жағдайда жәрдемақымен қамтамасыз етуге құқы бар адамдар да зиянды өтеттiруге құқылы.
Адамдар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы талапта қойылған мәселелерiн зиянды өтеу тәртiбi туралы хабарламаны алған күннен бастап есептелетiн ҚР ҚIЖК-нiң 45-бабында көрсетiлген мерзiмдер iшiнде оларды шешуге құзыреттi органдарға талап қоя алатыны түсiндiрілуі керек. Атап айтқанда, еңбек құқықтарын қалпына келтiру туралы талап ақталған адамның жұмыс iстеген және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуына немесе сотталуына байланысты қызметiнен босатылған ұйымға, кәсiпорынға, мекемеге жiберiледi; алынбай қалған зейнетақысын немесе жәрдемақысын төлеу туралы ‒ әлеуметтiк қорғау органдарына; тұрғын үй құқығын қалпына келтiру туралы ‒ жергiлiктi атқару органдарына; тәркіленген мүлiктi қайтару туралы ‒ сол мүлiк тұрған жердегi органға; мемлекеттiк наградаларды қайтару туралы, құрметтi, әскери, арнаулы немесе басқа да атақтарын, сыныптық шенiн, дипломатиялық дәрежесiн, бiлiктiлiк сыныбын қалпына келтiру туралы талаптар - осы мәселелердi қарауға құзыреттi органдарға жiберiледi.
Мүлiктiк зиянды өтеу туралы талап (алынбай қалған еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да қаржылар мен кiрiстердi төлеу туралы, тәркiленген немесе басқа негiздерi бойынша мемлекет есебiне алынған мүлiктi, төленген айыппұлдарды және үкiмдi орындау үшiн өндiрiлген басқа да сомаларды, басқа да шығындарды қайтару туралы) ҚР ҚIЖК-нiң 43-бабының 3-бөлiгiне сәйкес ақтау туралы шешiмдi қабылдаған органға, ал егер iстi қысқарту немесе үкiмдi өзгерту туралы шешiмдi жоғары тұрған сот қабылдаса, үкiм шығарған сотқа жолданылуы мүмкiн.
Әркiмнiң сот арқылы қорғалуы туралы конституциялық құқын ескере отырып, ақталған адамдар алдын ала өзге органдарға шағымданбай-ақ зиянды өтеу және құқықтарын қалпына келтiру туралы талап арыздарын азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбi бойынша тiкелей сотқа жолдай алады. Сондай-ақ ҚР ҚIЖК-нiң 47-бабына сай азаматтық сот iсiн жүргiзу ретiнде мыналар қаралады: ақтау туралы шешiм қабылдаған органы зиянды өтеу туралы құқын танымаған азаматтардың арыздары; талаптары тиiстi органдарда қанағаттандырылмаған немесе талаптары бойынша қабылданған шешiммен келiспейтiн ақталған азаматтардың талап арыздары, ақталған адамдардың мүлiктiк зиянды өтеу туралы, заңсыз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуына және сотталуына байланысты келтiрiлген рухани залалды ақшалай өтеу туралы, сондай-ақ еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және басқа да құқықтарын қалпына келтiру туралы арыздар [36].
Зиянды өтеу туралы талаптарын қараған кезде анықтау, алдын ала тергеу органдары, прокуратура және үкiмдi шығарған сот оларды қарау үшiн қажет құжаттарды: жұмыс орнындағы еңбекақысы туралы, заңгер көмегi үшiн төленген сомалар туралы, заңсыз тәркiленген немесе мемлекет кiрiсiне алынған мүлiктiң бағасы туралы, заңсыз үкiмдi немесе сот қаулысын орындаумен байланысты және басқа да шығындар сомасы туралы құжаттарды сұратуға және өтелуге жататын зиянның мөлшерiн анықтауға мiндеттi. Қажет болған жағдайда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қорғау органдарынан есептер сұратылуы мүмкiн.
Зиян мөлшерiн есептеу және оны өтеуге құқы бар адамдардың шеңберiн анықтау зиян келтiрiлген кезде күшiнде болған заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Зиянның мөлшерiн Қазақстан
Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі