Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.
КІРІСПЕ
1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі
2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту
3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Тұлғаны есі дұрыс емес деп сот-медициналық сараптама қорытындысына сүйене отырып, сот қана тани алады. Анықтау органынын, тергеушіні немесе соттың тұлғаның психикалық толықтығына күмән туған барлық жағдайларда сот-медициналық сараптамасының тағайындалуы міндетті. Тұлғаны есі дұрыс емес деп таныған сотпен, оған медициналық мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
Сонымен жоғарыда аталғандарға сүйене
отырып, есі дұрыс емес адамдарға
қатысты қылмыстық істерді
Сонымен қатар іс материалдарында тергеу жүргізіліп жатқан адамға қатысты мінездемелер (егер ол кәмелетке толмаған болса, әдетте ата-анасына мінездеме, кәмелетке толмағандар учаскелік инспекторынан мінездеме-анықтама), егер ПНД-де тіркеуде тұрған болса немесе тұрса, ауруға қатысты амбулаторлық карталары, егер ол психиатриялық емханада емделген болса, стационарлық карталары, сондай-ақ қандай да бір аурулар бойынша тіркеуде тұрғандығы немесе тұратындығы жөніндегі психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалар талап етіледі. Сараптама күні бойы жүргізіледі, ал тергеуші дер кезінде комиссия мүшелеріне тергеу жүргізіліп жатқан тұлғаға қатысты кешенді сот-психиатриялық сараптамасын тағайындау туралы қаулыны (екі данада шығарылады, біреуі - іске, екіншісі - сараптама жүргізушіге, кейбір кездерде қылмыстық ізге түсу органының қаулыда мөрі де талап етіледі )және тағы да басқа қажетті құжаттарды ұсыну керек. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бірнеше күндерден кейін дайын болады, кейбір кездерде сараптама көлемінің және ол бойынша қорытындының ұзақ уақыт жасалуына байланысты мерзім ұзаққа созылып та жатады.
Көбінесе тұлғаны есі дұрыс емес деп тануға негіздер бола тұра, комиссия тергеушіге кезекті дәл осы сараптаманы (қосымша ретінде) стационар жағдайында тағайындауды ұсынып жатады. Мысалға, Алматы психиатриялық емханасында ішкі істер органы бақылауымен өзіне қатысты стационарлы сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаларға арналған арнайы бөлімше бар. Осындай сараптама едәуір ұзақ, ол бір ай көлемінде жүргізіледі, сонымен бірге осы сараптама түріне кезек те көп. Сондықтан да стационарлы сот-психиатриялық сараптаманың көптеп жүргізілуі іс бойынша тергеуді және айыпталуышыны қамауда ұстау мерзімін ұзартудың негізі болып табылады.
Кейбір кездерде егер сезікті тергеу барысында ауырып қалса және психикалық ауруына байланысты стационарға орналастырылса, оған қатысты бірден стационарлы сот-психиатриялық сараптама тағайындалатын жағдайлар да болады. Барлық жағдайларда да қылмыстық істер барлық керекті құжаттарымен бірге тергеушімен комиссияға алдын ала ұсынылады.
Тергеу аяқталуы бойынша тергеуші қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарады және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшін сотқа жолдайды. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сұрақ сотпен шешіледі. Аталған жағдайдағы қылмыстық іс барлық сотқа жолданатын қылмыстық істер сияқты бірінші прокурорға келіп түседі, ал прокурор, өз өкілеттігіне сәйкес айыпталушыны сотқа беру мәселесін шешеді. Қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізушілік заңдар нормалары бұзылмаған жағдайда, прокурор оны сотқа жолдайды. Олай болмаған жағдайда іс прокурормен қосымша тергеуге (қылмысты дұрыс дәрежемелеу, тергеудің біржақтылығы, толық еместігі) кері жіберіледі.
Әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты қылмыстық істі қысқарту. ҚР ҚК-сі (14, 15-баптар) мен оған берілген түсініктемеге сәйкес, кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапқа тартудың келесідей ережелері бекітілген: қылмыстық жауаптылыққа ҚР ҚК-нде көзделген жас шамасына жеткен, есі дұрыс жеке тұлға тартылады; қылмыс субъектісінің міндетті белгісі заңға сәйкес белгілі бір жасқа толуы, жалпы ‒ он алты жас, ал кейбір қылмыстар үшін ‒ он төрт жас; он төрт жасқа толған тұлғалар ҚР ҚК-нің 15-бабы 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады; егер кәмелетке толмаған адам ҚР ҚК 15-бабының бiрiншi немесе екiншi бөлiгiнде көзделген жасқа толса (он төрт, он алты жасқа толған), бiрақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезiндегi өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн толық көлемiнде түсiне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес; он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың қоғамға қауіпті әрекетті жасағандығы үшін қылмыстық жауаптылық мүлдем болмайды [37]. Оларға арнайы мамандандырылған мемлекеттік органдар қорытындысы, соттың анықтамасымен бірге ішкі істер органының ұсынысы бойынша тәрбиелеудің ерекше шарттары бар оқу-тәрбиелеу мекемелеріне (он бірден он төрт жасқа дейінгі құқық бұзушыларға арналған жалпы білім беретін арнайы мектептер) жіберу түріндегі тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады; он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам қылмыстық жауаптылық 16 жастан басталатын қылмысты жасауға қатысып, бірақ қылмыстық жауаптылық он төрт жастан басталатын қылмыстарды жасамаса, ол жоғарыда аталған қылмысқа қатысқаны үшін жауапқа тартылмайды (яғни қылмыстық жауаптылық он алты жастан басталатын қылмысы бойынша); қылмыс жасаған кездегі кәмелетке толмаған адамның жасы (туған жылы, айы, күні) дәл анықталуы керек. Әдетте кәмелетке толмағанның жасы құжаты бойынша анықталады; тұлғаны белгілі бір жасқа дәл туған күні емес, келесі тәуліктен бастап (туған күнінен кейінгі күннің 00 сағатынан бастап) толды деп саналады; ал туған күнін айқындайтын құжаттары болмаған кезде, оның жас мөлшерін сот-медициналық сараптамасын жүргізу арқылы анықталады. Кәмелетке толмаған адамның жас шамасы белгісіз болған жағдайда, оның туған күнін сарапшы атаған жылдың соңғы күні (яғни 31 желтоқсан) деп есептеу керек, ал жас мөлшерін анықтауда сарапшы болжауы бойынша ұсынылған ең аз жас мөлшерімен есептеген жөн.
Кәмелетке толмағанның психикалық дамуында артта қалуын куәландыратын негіздер болған жағдайда, оның психикалық дамуындағы артта қалушылық дәрежесін анықтау керек, яғни ол өз әрекетінің мәнін толық түсіне білді ме және әрекеттеріне қаншалықты ие бола алды? Бұл үшін қажетті жағдайларда балалар және жасөспірімдер психологиясы саласындағы маманмен сараптама жүргізілуі керек, немесе жоғарыдағы сұрақтар психиатр-сарапшылардың алдына қойылуы тиіс.
Аталған жағдайларда, яғни кәмелетке толмаған тұлға қылмыстық жауаптылық жүктелетін жасына толған болып, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы дәрежесі артта қалуы салдарынан, кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысты жасаған кезде, өзінің әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесін түсіне алмай және оларға басшылық ете алмаса, онда ол қылмыстық жауаптылыққа жатпайды [20,45 б.].
Сонымен заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу жасына толмаған тұлғаға қатысты қабылданатын процессуалды шешім қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе істі қысқарту түрінде болуы мүмкін. Осылайша тергеулік қарау әрекеттерін жүргізуге, сараптама тағайындауға, сұрау салуға, қажет құжаттарды талап етуге мүмкіндік беретін тергеуге дейінгі тексеру әрекеттері барысында қылмыстық-жазалау жасына жетпегендігі үшін кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы сұрақ шешілуі мүмкін. Бірақ бұл тергеуге дейінгі әрекеттер қылмыс жасаудағы кәмелетке толмаған тұлғаның кінәсіне қатысты дәлелдемелер жиынтығы туралы сұрақтарды шешу керек. Олай болмаған жағдайда іс бойынша дәлелдеу процесін әлдеқайда кең құралдармен жүргізу үшін қылмыстық істің қозғалғаны қажет, содан кейін ғана қылмыстық-процессуалды жағдайға сәйкес кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы мәселені шешкен дұрыс болар еді.
Сондай-ақ, жоғарыда аталып өткендей, кәмелетке толмаған адамның жасын куәландыратын тиісті құжаттарының болмауы, не оның жеке басын, жас мөлшерін, тұрғылықты жерін анықтауға, қылмыстық-процессуалды мерзімдер шеңберінен шығатын, ұзақ уақытқа созылатын тексерулер жүргізу керек болатын жағдайлар да орын алып жатады.Ал сезіктінің өзі жас шамасын, кім екендігін жасырып, айғақтарын бірнеще рет өзгертуі мүмкін. Оған қатысты жас мөлшерін анықтау үшін, оның минимальді не максимальді жам шамасын болжап анықтайтын, сот-медициналық сараптама жүргізу қажеттігі туындайды. Жоғарыда атап өтілгендей, алдын ала тергеу органдарымен және сотпен минимальді жас шамасы назарға алынады. Оның анкеталық мәліметтері құжат жүзінде бекітілуі қажет, сондай-ақ оның кінәсі жөнінде дәлелдемелер жиналуы тиіс. Мұның барлығы уақыт алатыны белгілі. Осылайша, бір жағынан, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарып, жәбірленуші мен кәмелетке толмаған адамның ата-анасына келтірілген зиянды өтеу мәселесін шешу мүмкіндігін беру керек болса, екінші жағынан, қылмыстық іс қозғалғаннан кейін, сол жағдайлар мен кәмелетке толмаған адам үшін сол бұрынғы салдарлармен іс бойынша өндірісті қысқарту мәселесін шешсе де болады. Сол және басқа жағдайда, бұл, кәмелетке толмаған адамды ішкі істер органына есепке алудың негізі болып табылады.
Іс бойынша іс жүргізу қайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты тергеу үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты. Қылмыс жасаудағы кінәлі тұлғаның қайтыс болуы іс бойынша өндірісті болдыртпайтын жағдай болып табылады. Тергеуге дейінгі әрекеттерді жүргізу арқылы қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы процессуалды шешім шығарылады. Бірақ бұл қайтыс болған адамның кінәсі туралы сұрақтарды шешу үшін жеткілікті болмауы мүмкін, қайтыс болған адамның туыстары, оны ақтауды талап етуі мүмкін, сондықтан да қылмыстық істі қозғап, істі толық тергеп және іс бойынша барлық жағдайларлы анықтаған жөн болар еді.
Осыларды ескере отырып, қылмыстық ізге түсуден бас тарту негізі ретінде осындай жағдайларды қолдану келесі шарттар болған кезде заңға сәйкес: 1. қозғалған қылмыстық істің болуы; 2. тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігі; 3. қылмыс жасаудағы қайтыс болған тұлғаның кінәсі жөніндегі дәлелдемелердің болуы, олардың қатыстылық, жеткіліктілік, дұрыстығы және жол берушілік белгілері бойынша бағалануы.
Адамдар тобымен жасалған қылмыс туралы іс бойынша айыпталушылардың біреуі қайтыс болған жағдайда, қылмыстық істі қысқарту туралы емес, тек қайтыс болған тұлғаға қатысты қылмыстық ізге түсуді қысқарту туралы шешім шығарылады. Іске тұлғаның қайтыс болу фактісін куәландыратын құжаттар қосылады.
Қылмыстық заң тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босатуға мүмкіндік беретін Қылмыстық кодекстегі бірнеше нормаларды атап көрсетеді.
ҚР ҚК-нің 65-бабы ‒ шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, бұл бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейiн айыбын мойындап өз еркiмен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе, немесе қылмыс келтiрген зиянды өзгеше түрде қалпына келтiрсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн [37].
Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам, егер ол ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарға басқа да қатысушыларды әшкерелеуге белсендi түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
Қылмыстық кодекске берілген түсініктемеге сәйкес аталған норманың қолданылу тәртібі мен шарттары мынадай:
Қылмыстық жауаптылықтан босату ‒ қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын, мемлекеттің өкілетті органдарының қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстық-құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолданудан бас тартуы.
Қылмыстық жауаптылықтан босату дегеніміз тұлғаны ақтаумен, қылмыс жасауда оны кінәсіз деп танумен тең емес. Керісінше қылмыстық жауаптылықтан босату мәселесі тұлғамен қылмысты әрекет жасалған жағдайда ғана туындайды.
Шын өкінумен байланысты тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босатуға тұлғаның қоғамдық қауіптілік деңгейі шағын қылмыс жасағаннан кейінгі тәртібі негіз болып табылады. ҚР ҚК 53-бабы "д" және "к" пункттерінде шын өкінуді қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырады. Ал бұл жағдайда шын өкіну қылмыстық жаупптылықты жеңілдететін емес, керісінше босататын мән-жай ретінде болып отыр.
Шын өкінумен байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заңмен көзделген шарттар болғанда ғана мүмкін болады. ҚР ҚК 65-бабы 1 бөлігі кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған тұлғаға қатысты сотпен, алдын ала тергеу органдарымен қолданылады. Ал бірінші рет қылмыс жасаған тұлғаларға бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған, сотталмаған, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылған, бірақ ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық ізге түсу қысқартылған тұлғалар жатады.
Егер тұлға қылмыс жасап, оған қатысты қылмыстық ізге түсу қысқартылмаған немесе ақтамайтын негіздер бойынша қысқартылған, не сот пен тергеуден жалтарған, соттылығы бар не бұрын сотталған болса, қылмыс бірінші рет жасалған болып саналмайды.
Шын өкіну ‒ кінәлімен жасалған қылмысты оның моральды сынауы. Ол белсенді әрекеттерден көрінеді. Шын өкінудің белгілеріне жататын және қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз болатын тізімдер ҚР ҚК 65-бабының диспозициясында белгіленеді.
Мұндай әрекеттерге кінәсін мойындап келу жатады. Кінәсін мойындап келу деп қылмыс жасаған тұлғаның құқық қорғау органдарына, оған қатысты әлі күдік келтірілмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда ерікті түрде келіп мәлімдеме жасауы. Ал кінәсін мойындап келудің бірнеше себептері болуы ммүкін: моральды уайымдау, қатаң жазалануға деген қорқынышы және т.б.
Шын өкіну кінәлімен қылмысты ашуға септігін тигізеді. Мысалға, қылмысты әрекеттің барлық жағдайларын, қылмысқа қатысушыларды, олардың қылмыс жасаудағы рөлін айқындауда, қылмыс құралын және заттарын, өзге де заттай дәлелдемелерді іздесіруде, анықтауда көмегін тигізеді.
Шын өкінудің кез келген нысаны қылмыстағы өз кінәсін мойындауды болжайды. Егер ол мәжбүрлі түрде жасалмай (қылмыс жасаған тұлғаның кінәсі жайлы жеткілікті көлемде дәлелдемелер жиналса), қылмыстық жауаптылық пен жазадан жалтарып кету мүмкіндігі бола тұра, ерікті түрде жасалса, онда бұл жағдай қылмыс жасаған тұлғаның түзелуінің бастауы мен оған қылмыстық қудалау шарасын қолданудың қажет еместігін куәландырады. Шын өкіну алдын ала тергеу сатысымен бірге сотта да орын алуы мүмкін. Сондай-ақ шын өкінумен байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату міндетті болып табылмайды. Егер жауаптылықтан босатудың осы түрі қолданылған болса, кінгәлінің әрі қарайға тәртібіне қарамастан бұл шешім қайта қарауға жатпайды.
Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі