Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.
КІРІСПЕ
1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі
2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту
3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Тағы да бір таласты мәселе ҚР ҚК 67 бабы тәртібінде татуласу негізімен қылмыстық істі қысқартқан кезде қылмыс жасаған тұлғаның әрекетімен екі объекіге зиян келген жағдайда осы мәселенің қалай шешілетіндігі. Мысалға алсақ, жалған ақша немесе бағалы қағаздарда жасау мен сатуда қылмыс объектісі Қазақстан Республикасының ақша және несие жүйесі, ал қосымша объектісі жеке тұлғаның меншік қатынастары болады. Мұндай жағдайда зиян келтірілген жеке тұлға мен кінәлі тұлға арасында тараптар татуласуы негізінде қылмыстық қудалауды тоқтату мүмкін бе? Мемлекеттің қорғалмаған мүддесін қайда қалдырамыз?
Сол сияқты бұзақылық орын алған жағдайда қылмыстың екінші объектісі қоғамдық тәртіп болғанда жәбірленуші ретінде кімнің қатысатындығы белгісіз. ҚР ҚК 67 бабы тәртібінде бұзақылық жасалған тұлғамен татуласу арқылы қылмыстық істі қысқарту туралы шешім қабылданған кезде, екінші объекті болатын қоғамдық тәртіп қорғалмай қалады.
Біздің ойымызша, аталған жағдайларда тараптар татуласуы негізінде қылмыстық істі қысқарту мен қылмыстық қудалауды тоқтату мүмкін емес. Себебі, көріп отырғанымыздай, мемлекет мүддесін ескерілмей қалып жатыр.
Аталған институттың сотқа дейінгі өндірістегі кемшіліктерін, кінәсіздік презумпциясына қайшылығын және тергеу органдарында сот әділдігін сотсыз жүргізу, қылмыстылықпен күресті ойдағыдай жүргізіп жатқандығы жөнінде көз бояушылықты жасай отырып, өз еріктерімен азаматтарды қылмыскерлер қатарына қосып қою құқықтарының сақталуын қарастыра отырып, біз, егер тұлғаның кінәсі анықталмаса қылмыстық жауаптылықтан босату туралы айта алмаймыз [42,88].
Бәрімізге белгілі, ҚР Конституциясының 75 бабы 1 тармағына сәйкес сот төрелігін жариялы түрде және тараптар бәсекелестігі негізінде тек қана сот жүзеге асыра алады. Аталған принцип кінәсіздік презумпциясы қағидасына негіз болып табылады, себебі соттың ерекше мәртебесі мен сот төрелігін жүзеге асыру процедурасының заңмен қатаң реттелуі, жалпы алғанда қылмыстық істің заңды жіне негізді шешілуін қамтамасыз етеді.
Ал егер де, ҚР ҚК 65, 67, 69 баптарының ережелеріне сүйенсек, прокуратура, анықтау мен тергеу органдары қылмыстық жауаптылықтан босату құқығына ие болып отыр. Яғни сот төрелігін жүзеге асыруға - істің мән-жайын мұқият зерттеместен тұлғаны кінәлі деп тануға құқылы. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, құқық қорғау органдарымен қылмыстық жауаптылықтан босату құқығы кездейсоқ қылмыс жолына түскен тұлғаларды құтқарумен қатар, тәжірибелі және кәсіби, рецидивист қылмыскерлерге әділ жазадан құтылуға мүмкіндік бере отырып, қоғамда пайдакүнемдік және ерекше зорлық қылмыстарының өсуіне алып келді. Сонымен, біз XX ғасырдың 30 жылдарына қайта оралып отырмыз. Яғни XXI ғасырда, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары басымдығының жалпы жұртшылықпен мойындалған дәуірінде құқық қорғау органдары кінәні анықтамай жатып, адамды кінәлі деп тауып, оның тағдырын шешіп жатыр. ҚР ҚК ережесі күшіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босауға жататын тұлғаға қатысты қылмыстық істі қысқарту ақтамайтын негізге жатады. Құқық қорғау органдарымен қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде осы талаптар ескерілмей қалады, сондай-ақ заң мен сот алдындағы азаматтар теңдігі принципі бұзылады (ҚР Конституциясының 14 бабы ), себебі аталған норма онда көрсетілген шарттар қолданылатын тұлғаларға таралады, ал қалған тұлғалар санаты жасанды түрде артықшылықты жағдайда қалады. Қылмыстық-процессуалды заңнама прокурордың келісімімен анықтаушыға немесе тергеушіге қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты қылмыс құрамы белгілері толық көлемде анықталмай жатып, яғни заңды күшіне енген сот үкімінсіз тұлға кінәлі деп танылады.
Сонымен Конституция, ҚК және ҚІЖК нормаларын салыстырып талдаудан көретініміз, қылмыстық ізге түсу органдарымен қылмыстық жауаптылықтан босату институты ешқандай құқықтық негізге ие емес және еліміздің Конституциясына, қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізушілік заңнамасына сай келмейді.
Жалпы алғанда алдын ала тергеу кезінде тараптар татуласуы арқылы қылмыстық жауаптылықтан босату кезіндегі тұлға кінәсі туралы байлам процессуалды кепілдіктер тапшылығы жағдайында тұжырымдалады, сондықтан да қылмыстық-процессуалдық заңды конституциялық нормаға, осындай негіздер орын алған жағдайда қылмыс жасаған кінәлі тұлғаны жазадан босатуды сот шешетіндей етіп сәйкестендіру қажет.
Осылайша, тараптар татуласуымен байланысты соттың қатысуынсыз қылмыстық істі қысқартудағы процедура, біздің ойымызша, қылмыс жасаған тұлғаларды әшкерелеу мен оларды қылмыстық жауаптылыққа тартумен байланысты қылмыстық іс жүргізу міндетіне, кінәсіздік презумпциясына қайшы келеді [42,90].
Соңғы кездері осы аталған
Жалпы алғанда бұл институттың жақсы жақтары да бар. Соларға тоқтала кетсек: біріншіден, айыптау мен қорғау арасындағы процессуалды таласты шешу процесі анағұрлым қысқарады, жеделдетілген мерзімде қылмыспен келтірілген залал, зиян өтеледі; екіншіден, алдын ала тергеу сатысында жұмыс көлемі мен материалдық шығын азаяды.
Сонымен, біз, аталған институттың жоғарыда аталған кемшіліктерін көрсете отырып, осы кемшіліктерді жоюды және одан әрі жетілдіруді мақсат етіп отырмыз. Осы мақсатта мына мәселелерді шешкен дұрыс деп санаймыз:
тараптар татуласуымен байланысты қылмыстық істі қысқартып, қылмыстық жауаптылықтан босатқан кезде қайта қалпына келтіруге жататын моральды және материалды шығынның көлемі мен өтеу тәртібі заңнамамен бекітілуі тиіс, себебі қылмыстық заң жәбірленуші және оның туыстары тарапынан қылмыс жасауға итермеленуі мүмкін қылмыскерден бірнеше рет елеулі мөлшерде ақша сомасын талап етіп алатын қорқытып алушылық құралына айналып кетпеуі керек.
Жәбірленушімен татуласумен
3 ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ
Алдын ала тергеуде қысқартылған қылмыстық істердің қайта жаңғыртылуы тоқтатылған тергеуді жаңғыртқан сияқты іс бойынша өндірісті болжайды. Бұл екі субинститутқа істің қозғалысын анықтап шығарылатын актімен өндірісті жаңғырту тәртібі мен негіздерінің сабақтастығы тән. Бұл сабақтастық әр субинститутқа тән сипат алады. Егер тоқтатылған істерді жаңғырту тоқтатыла тұрған өндірістің заңды жалғасы болып табылса, ал қысқартылған істерді жаңғырту алдын ала ойластырылмаған, ерекше акт болып табылады. Ол тоқтатылған қылмыстық істерді жаңғырту кезіндегідей белсенді әрекеттер нәтижесінде емес, керісінше тергеу кезіндегі кейбір қателіктер мен өзге де жетіспеушіліктер салдарынан туындайды [43].
Қысқартылған қылмыстық істі қайта
жаңғырту туралы шешімді орындау
тиісінше қайта жаңғырту туралы қаулының
қабылдануы арқылы іске асырыла бастайды.
Осы бір маңызды шешімді
Қысқартылған қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы әдеттегідей үш бөлімнен, яғни кіріспе, дәлелдеу-сипаттау және қорытынды бөлімнен тұрады.
Қаулының кiрiспе бөлiмiнде
Қаулының сипаттама-дәлелдеу бөлiмiнде iстi қозғауға себеп пен негiз болған жағдайлар, iс бойынша қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген немесе айыпталған адамдар, олардың мәнiсi, тергеу нәтижелерi баяндалады. Сондай-ақ қандай негізде және қашан, кіммен қылмыстық істің қысқартылғандығы жайлы көрсетіледі.
Қаулының қарар бөлiмiнде не себепті қылмыстық істің қысқартуға жатпайтындығы немесе шығарылған шешімнің заңсыз, негізсіз екендігі туралы айтылып, оны қайта жаңғырту туралы ҚІЖК-нің тиісті бабын (бөлiгiн, тармағын) көрсете отырып, осы аталған шешiм туралы, оны мүдделі адамдарға хабарлау туралы баяндалады.
Қысқартылған қылмыстық
Тергеудің қателіктері екі деңгейде көрініс алуы мүмкін: 1) объективті шындықты тану, мақсатты анықтау мен міндеттердің алға қоя білу деңгейінде; 2) мақсатқа жету мен міндеттерді шешу үшін құралдарды таңдау деңгейінде.
Бірінші деңгей үшін тергеу ситуацияларын, дәлелдемелерді талдау мен бағалау кезіндегі жаңылысудың нәтижесі ретінде туындайтын методологиялық және әдістемелік-криминалистикалық қателіктер тән. Екінші деңгейге қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзу және дұрыс қолданбаумен байланысты тактикалық-криминалистикалық және техникалық-криминалистикалық қателіктер тән [45].
ҚІЖК-нің 117-бабына с әйкес қылмыстық
іс бойынша өндіріс кезінде
Қылмыс жасауға ықпал етушi мән-жайлар да қылмыстық iс бойынша анықтауға жатады.
Аталған мән-жайлардың кез келгеніне жеткілікті көңіл аудармау немесе мән бермей кету тергеудің біржақтылығы мен толық еместігіне әкеліп соғады. Ал іс бойынша түпкілікті қорытынды тек болжау мен жорамалдарға немесе дәлелдемелерге негізделеді.
Әдеттегі қателерді талдау қылмыстарды тергеу әдісінің жеті сатысынан шығады. Сонымен криминалды ситуацияны анықтау сатысында әдеттегі қателер болып табылады: жіберіліп алынған уақыт; негізділерін елемеген кездегі қосымша мән-жайларға назар аудару (сахналанған, қолдан жасалынғандары болуы да мүмкін); аталған сатының болмауы (мысалға жасалынған қылмыс туралы өтініш келіп түскеннен кейінгі жұмыстың басталуы) [46].
Бастапқы мәліметтерді құрудағы қателіктер деп ол тиісті түрде белгілі бір топтарға топтастырылмаған жағдайлар саналады: әдеттегі субъектілер мен олардың байланысы; қылмыс жасалған ситуацияның сипаты; қылмысты қызметтің субъектілерінің жорамалды әрекеттері; мүмкін болатын іздер.
Криминалистикалық талдау кезіндегі қателіктер дегеніміз тергеліп жатқан қылмыстың криминалистикалық сипатының элементтері арасындағы корреляциялық тәуелділіктің дұрыс емес есебі (немесе пайымдамау). Болжаулар ұсыну кезіндегі қателіктер деп іс бойынша мүмкін болатын барлық болжамдарды ұсынбау, оларды дұрыс құрастырмауды санаған жөн.
Тергеуді жоспарлау кезіндегі
қателіктер, көбінесе, тергеулік және
жедел-іздестіру шараларының
Ал тергеу жоспарын жүзеге асырудағы
қателіктер ‒ бұл сол немесе өзге
де тергеу әрекеттерін жасау
Тергеушілер мен анықтау органдары қызметкерлерінен басқа сараптама мен зерттеу жүргізу кезінде сарапшылар да қателіктер жіберуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Сарапшының қате шығарған қорытындысы, өз кезегінде, тергеулік қатенің қайнар көзі болуы да мүмкін. Сонымен жалған ақша жасау, денсаулыққа зиян келтіру, меншікке қарсы қылмыстар бойынша істерде сарапшылар қате қорытынды шығаратын жағдайлар жеткілікті. Сарапшының жалған қорытындысының негізінде қылмыстық істі қысқарту туралы шешім қабылданып жатады. Нәтижесінде аталған шешім прокурормен бас тартылады, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындалып, оның нәтижесінде біріншіге мүлдем қайшы қорытынды беріліп жатады. Сарапшылық қателердің себептері субъективті (сарапшының қызметтік біліксіздігі, жұмысына деген салақтығы, ұқыпсыздығы, жіберетін қателіктері, сол немесе өзге де сараптама түрін жүргізу кезіндегі әдістерге немқұрайдылықпен қарау) және объективті (сарапшыға бастапқы материалдарды жеткіліксіз табыстау, сарапшылық бөлімшелердің соңғы қазіргі заманғы криминалистикалық техникамен жабдықталмауы және т.б.) болып келеді.
Тергеу қателігі мәселесін қарастыра отырып А.Д.Назаровтың мынадай қызық пікірін айта кетпесек болмайды, «тергеулік қателердің санын қысқартуға алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқарту институтын қолдану арқылы қол жеткізуге болады». Сонымен қатар ол мынадай тұжырымға келеді, айыптау қорытындысымен сотқа жолданған қылмыстық істер мен ақтамайтын негіздермен қысқартылған қылмыстық істер арасында алып бара жатқандай айырмашылық жоқ және болуы да мүмкін емес. Бұл пікірмен біз келісе алмаймыз, себебі ол біздің пікірімізге қайшы. Сонымен қатар мұндай ұстанымның зияндылығын В.В. Кальницкий дәл айқындап берді: «көптеген даулы жағдайларда тергеу органдары істерді сотқа жібермеуге тырысады, осылайша өндірісті қысқарта отырып, "әділсотты" өздері жүзеге асырады». Әрине, біз, "қорғау" тарапынан лайықты, заңды түрде, этикалық жол берілетін келісімге келуді түсінеміз. Алайда тергеу қателіктерінің санын азайту үшін ақамайтын негізде қылмыстық істерді көбірек қысқарту керек екендігімен келіспейміз. Керісінше, осылайша көз жұма қарасақ, қылмыстық істі қысқарту кезінде әділдік сақталмай кетуі мүмкін.
Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі