Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.

Содержание

КІРІСПЕ

1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі

2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту

3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қылмыстық істі қысқарту .doc

— 596.50 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда аталған пікірді қолдаған көптеген сұрау салынғандар айып тағу үшін дәлелдемелер жеткіліксіздігін немесе құқық қорғау органдарының материалды және техникалық базасының әлсіздігін атайды. Бұл себептерді қылмыстық істердің қысқартылуына ықпал етуші ретінде қабылдауға бола ма екен. Біздің ойымызша, дәлелдемелердің жеткіліксіздігі ‒ бұл жоғарыда аталған себептерден шығатын және қылмыстық істі қысқарту қажеттігіне әкеліп соғатын салдар, бірақ себеп емес.

Егер қылмыс жасауға сезікті  тұлға жедел немесе өзге де жолдармен  анықталып, бірақ қылмыс жасаудағы кінәсі дәлелденбесе, бұл, ең алдымен тергеушінің кінәсі, оның кәсіби лайықсыздығының немесе жоғарыда аталған себептердің нәтижесі.

Ал қылмыстық істерді қысқарту кезінде қылмыстық-процессуалды заңнаманың сақталуы үшін прокурорлық қадағалау  мен ішкі бақылаудың тиімділігін  күшейту қажеттігі ертеректен бері айтылып келе жатыр. Бұл пікірмен біз де келісеміз. Яғни әу бастан қылмыстық істің қысқартылуының заңдылығы сақталатын болса, оны қайта жаңғыртудың да мәселелері кейін алдымыздан шықпас еді. 

Бұл топқа пікір білдірушілер алдын  ала тергеуге процессуалды бақылау  жасаудың жеткіліксізідігін жатқызады, біз де бұған келісеміз. Әрине  бақылау тіптен жүргізілмейді деп  айту әділетсіз болар еді, алайда бақылаушы процесс тек процессуалды мерзімдерге ғана қатысты, сондай-ақ материалды және формальді құқық баптары мен тармақтарының сақталуына қатысты жүзеге асырылады, ал тергеудегі қылмыстарды тергеу тактикасы мен әдістерін қолдану саласында бақылау жүргізіле бермейді.

Қылмыстық іс жүргізу теориясында  прокурордың істі қысқарту туралы қаулынының күшін жоюы, сол бойынша іс жүргізуді жаңартуы мен істі өзінің нұсқауымен белгілі бір тергеу әрекеттерін жүргізуге жіберуі туралы актісі қылмыстық істі қосымша тергеу үшін қайтару болып санала ма деген мәселе даулы күйінде қалып отыр. Осы проблеманы қарастыра отырып, прокурордың қылмыстық істі қосымша тергеу үшін қайтару жөніндегі қызметінің мәні тергеу кезіндегі зандылықтың бұзылуын әшкерелеу мен ашу жөніндегі қадағалаудың процессуалдық нысанына байланысты өзгермейді деп санайды. Негізінде бұл істің прокурорға айыптау қорытындысымен жіберілгеніне немесе оның қысқартылғанына қарамастан тергеу органына ұсыну фактісімен анықталады. Бұл жерде істі қысқарту туралы тергеушінің қаулысының күшін жоя отырып, прокурор іс жүргізуді жаңартудың қажеттігі туралы жай ғана көрсетіп қоймай, онсыз істі жаңарту мүмкін емес болғандықтан, іс бойынша қосымша іс жүргізудің қажеттігі туралы шешім прокурордың қаулысының құрамдас бөлігі болып саналатындықтан прокурор өзінің шешімімен істі жаңартады. Қысқартылған істі жаңарту туралы мәселені шешудің мұндай тәртібі, ҚР ҚІЖК 64-бабында қарастырылған тергеушінің іс жүргізулік дербестігіне сай келеді, яғни соңғысы мұндай шешімге келіспеуі де мүмкін. Егер, заң тергеушінің істі қысқарту туралы қаулысымен келісуін талап ететін болса, онда мұндай жағдайда ол зандылықтың бұзылуына дереу мойын бұрып, бірден тергеушінің заңсыз қаулысының күшін жою және істі қосымша тергеу үшін қайтару туралы шешім қабылдайды [47].

Сонымен қысқартылған қылмыстық істерді  қайта жаңғырту түрлі себептер бойынша болуы мүмкін, ал осы сұраққа қатысты бастама тергеуші, анықтаушы, прокурор, процеске қатысушылардан шығады. Бұл қылмыстық процестегі тұлғалардың құқықтарын жоғары деңгейде қорғаумен сипатталатын қалыпты тәртіп болып табылады.

ҚР ҚІЖК-нің 272-бабы 1-бөлігінің ережесінде көрсетілгендей тергеушінің қадағалау  жүргізуші прокурордың келісімімен  қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысының күшін жоғары тұрған прокурор ғана жоя алады. Бұл құқығын ол өз бастамашылығымен немесе процеске қатысушылардан түскен арыздарды қарау нәтижесінде жүзеге асырады.

Процеске қатысушылардың арыздары, өтініштері сотпен қанағаттандырылған жағдайда судья қылмыстық істі заңсыз немесе негізсіз қықсартылғандығы туралы қаулының күшін жою туралы қаулысын шығарады немесе пркурорды азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын бұзушылықтар мен жіберілген қателіктерді жою үшін міндеттейді. 

ҚР ҚІЖК-нің 272-бабы 3-бөлігіне сәйкес іс бойынша iс жүргiзудi қайта жалғастыру туралы сезiктiге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, жәбiрленушiге және оның өкiлiне, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сондай-ақ арызы бойынша iс қозғалған адамға немесе ұйымға жазбаша түрде хабарланады. Сондай-ақ осы қабылданған шешімге шағым асау  туралы құқықтары да түсіндірілу керек. Міне,  сондықтан да аталған жайтқа қатысты мыналарға тоқтала кетсек. Соңғы жылдары отандық және ресейлік қылмыстық-іс жүргізу заңнамасында адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін бөлек институттар сапалы түрде жаңа даму қарқынын алып жатыр. Олардың қатарына қылмыстық процесс қатысушыларын хбарландыруды анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы да жатады. Хабардар ету институты қазіргі таңда қылмыстық сот өндірісінің нәтижесін белгілеуде басты орынға шығып отыр. Көптеген тәжірибедегі қызметкерлер қылмыстық процестің қатысушыларының хабардар болу құқығын олардың процессуалды мәртебесінің негізгі шарты деп көрсетеді.

Аталған беталыстар осы қысқартылған қылмыстық істер бойынша істерді  қайта жаңғырту барысында туындайтын қатыснатарды заңнамалық регламенттеуден көрініс тауып жатады. Бұл, біріншіден, тараптар өкілдерінің істің даму барысына қызығушылық танытуынан, қылмыстық-іс жүргізу өндірісі кезінде қабылданатын негізгі шешімдер туралы білуге құқықтары бар екендігінен шығады. Себебі олар өдеріне қатысты іс бойынша қабылданып жатқан шешімдердің әр түрлі салдарларына, сондай-ақ ендігі кезекте өздері жасайтын қадамдарды біртіндеп ойластыра бастауына тікелей мүдделі болады.

Қазіргі әрекеттегі қылмыстық іс жүргізу  заңнамасы процеске қатысушыларды аталған шешіммен хабардар етудің жазбаша түрін қарастыра отырып, оның қалай рәсімделетініне назар аударады. Хабарландыру жазбаша түрде және екі данада жасалады. Біріншісі тиісті адрестақа кетсек, екнішісі іс материалына тігіледі. Сондай-ақ процеске қатысушылар санына қарай тиісті адресаттарға жолданады. Хабарландыру өзі екі бөлімді хат тәріздес болып келеді. Бірінші бөлігінде анықтау немесе тергеу өндірісіндегі істің мән-жайы қысқаша баяндалады, екінші бөлікте қабылданған шешім туралы айтылып кетеді. Хабарландырудың мынадай міндетті реквизиттері болады: уақыты, шығыс нөмірімен бірге хабарландыруды жолдап жатқан органның мөртабаны; хабарландырудың қандай мекен-жайға жолданатыны көрсету; хабарландыру мазмұны; ҚР ҚІЖК-не сәйкес қабылданған процессуалды шешімдер қабылданған көшірмеелрінің жолдануы туралы белгі; ҚР ҚІЖК-нің 272-бабы 3-бөлігіне сәйкес қабылданған шешімге шағымдану құқығы жайлы түсіндіру; алынған хабарландыруға қатысты қылмыстық процесс қатысушылары пайдаланулары мүмкін құқықтарын түсіндіру; 

Хабарландырудың ең соңында оны  жолдап жатқан орган мен лауазымды  тұлға жайлы ақпарат болуы  керек, және жолдаушының қолы.

Жалпы қысқартылған қылмыстық істің  қайта жаңғыртылуы прокурордың  тергеушінің шығарған шешімінің  күшін жою арқылы жүргізілетіні  айтылып кеткен болатын. Міне, сондықтан да бұл процесс прокурор қызметімен, яғни прокурордың қылмыстық істі қысқарту кезіндегі қадағалау қызметімен тығыз байланысты. Ең алдымен осы қықлмыстық істі қысқарту  туралы тергеуші, анықтаушы шығарған қаулылардың заңдылығын, негізділігін, яғни аталған шешім ведомстволық бақылаудан өтетіні рас. Ведомстволық процессуалдық бақылаудың нормативтік реттелуі тергеу бөлімінің бастығы тарапынан тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы шешімінің заңдылығы мен негізділігін тексеруіне қатысты қандай да бір алып қоюды немесе шектеуді өзіне кірістірмейді. Аталған салада тереушінің шешімінің заңдылығын, негізділігін тексеруге жататын, қолайлы құралдар мен әдістер жатады.

Сонымен осы тергеу мен анықтау  органдарының бастықтарының келісімдерін біз істі қысқарту туралы қаулыға бастықтардың қол қоюларынан көре аламыз. Мұны екі түрлі қарастыруға болады. Кейбір авторлар бастықтардың олардың шешіміне араласуын тергеушінің тәуелсіздігіне араласу, оның процессуалдық дербестігіне қол сұғушылық деп қарайды. Бірақ не де болса тергеуші  кез келген тұлға сияқты белгілі бір адамдар мен органдарға тәуелді жағдайда бола тұра қызмет атқарады. Кез келген оның шешіміне қандай да бір тәуелділік әсер етеді деп қарастыруға болмайды. Жалпы алғанда процессуалдық қызмет шеңберінде қылмыстық іс жүргізу субъектісінің толығымен тәуелсіздігі жайлы айту қиын. Егер тергеушінің қылмыстық істі тергеудегі қызметіне мүлдем кіріспеу туралы ережені қисынды деп танысақ, онда тергеуші толығымен тәуелсіз бола алмайды. Тергеуші шешім шығарар кезде заң ережелеріне және бөлек криминалды ситуацияларға, сондай-ақ іс бойынша өндіріске қатысушылардың тәртібіне, олардың өтініштері мен арыздарына, орын алып отырған құқық қолдану тәжірибесі мен жұмыстағы статистикалық мәліметтерге және т.б. ескереді. Басқаша айтқанда заңдылықты сақтауға тәуелді боолады. Ал тергеушіні мұндай тәуелділігінен айыру мүмкін емес нәрсе.

Сонымен қатар тергеушілердің квалификациялық  деңгейлерінің (білімінің тереңдігін, кәсіби икемі мен әдеттерінің  болуы және т.б.) бірдей еместігін ескерген жөн. Осыған байланысты субъектінің әмбебаптық тәуелсіздігінің модельдері құрылады. Бірақ кәсіби-тергеуші мен жаңадан жұмысқа кіріскен тергеушіге әр түрлі деңгейдегі бақылау жасау керек. Сондай-ақ жаңадан келген тергеуші өзінің әрекеттері мен шығарған шешімдерінің өзіне қарағанда тәжірибелі әріптесімен немесе жетекшісімен үнемі бақыланып, түзетіліп тұруына мүдделі болғаны жөн. Тергеу жүгізуде қателіктерге ұрынбау үшін ол тәуелді болуға мәжбүр болады.

Сондықтан да анықтаушының, тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы шығарған шешімдерін ішкі ведомстволық бақылауда олардың бастықтарымен келісілуі заң нормаларына қайшы келмейді және тергеушінің іс жүргізудегі дербестігін шектемейді. Керісінше, мұндай құбылыс процессуалды қателіктер мен бұзушылықтардан қашуға мүмкіндік береді.

Заң шығарушы ведомстволық процессуалды бақылауға қарағанда қылмыстық  істі қысқарту туралы тергеуші шешімінің  заңдылығы мен негізділігін прокурордың  тексеру қажеттігіне ерекше назар  аударады, соған сәйкес оған тиісті өкілеттіктер ұсынады. Осы салада прокурорлық қадағалаудың қажеттілігі, бірінші кезекте, жалпы бекітулерден шығады. Себебі прокурор анықтау мен тергеудің заңдылығына қадағалау жүргізуге, қажет жағдайларда тергеу бағыты бойынша жазбаша нұсқаулар береді, тергеуші, анықтаушы, төмен тұрған прокурорлардың ззаңсыз немесе негізсіз  шешімдерінен бас тартады, іс бойынша өндірісті қысқартады.

Қылмыстық істерді қысқарту (қылмыстық  ізге түсу) заңдылығы мен негізділігін қадағалаудың тиімді жүзеге асырылуы үшін жеткілікті нормативтік реттелудің іске асырылып жатқанына қарамастан, қазіргі таңда бұл қызметті аса тиімді теп айту да қиынға айналып бара жатыр.  Қысқартылған қылмыстық істерді оқып-зерттеу барысында мынадай тұжырымға келуге болады, яғни кейбір жағдайларда қылмыстық істі қысқартуға прокурордың келісім беруі тек формальді түрде ғана орын алады, соның ішінде іс бойынша жиналған материалдар мен дәлелдемелерді салмақты түрде зерттеместен, оларға талдау жасамастан және т.с.с. Мысалға, жәбірленушінің қылмыстық істі қысқартуына келісімі болуы керек жағдайларда, іс материалында оның өтінішінің болмауы. Бірақ прокурормен тергеуші, анықтаушы қабылдаған істі қысқарту туралы заңсыз немесе негізсіз шешімдердің күші жойылатынын мүлдем жоққа шығаруға болмайды.  Оғанбір мысал келтіре кетсек. Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша мына бір қылмыстық істің оқиғасы осы жағдайға мысал бола алады. 18.12.2011 жылы шамамен саған 07.43-те азамат Д. мемлекеттік нөмірі Z 136 FHM болатын «Митсубиси Спейс Руннер» маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Бөгенбай даңғылы бойымен Жеңіс даңғылы жағынан Желтоқсан көшесіне қарай келе жатып №36а үйге қарама-қарсы тұста автобус аялдамасына соғысып, онда тұрған жаяу жүргіншілерді басып кеткен. Аталған жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жаяу жүргіншілер М. мен А. оқиға болған жерде қайтыс болды. Ал жаяу жүргіншілер 1) Б. "ЗЧМТ, СГМ, травматикалық шок, оң жақ балтырының ашық сынығы" диагнозымен, 2) Н. "ОЧМТ, оң жақ көз шарасының ампутациясы" диагнозымен, 3) Г. "жалғасқан сынық, жіліншік сүйегінің ашық сынығы" диагнозымен, 4) Р. "ЗЧМТ, СГМ, көптеген сынықтар, білектің ашық сынығы, білек сүйегінің жабық сынуы" диагноздарымен Астана қаласының реабилитациялық орталығына жеткізіліп, аурухаанға жатқызылды.  18.12.2011 жылы Астана қаласы ІІД ТБ аға тергеушісі Ивановпен ҚР ҚК-тің 296-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.  22.01.2012 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы күшіне енді (келесіде Заң).

22.01.2012 жылы аға тергеуші Ивановпен ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы 1-бөлігі 3-тармағы бойынша өндірісті қысқарту туралы шешім қабылданады.

Қылмыстық іс материалдарын прокурормен  оқып-зерттеу барысында жасалған осы әрекет үшін бес жылдан он жылға  дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгеніне байланысты  іс бойынша өндірістің қысқартуға жатпайтыны анықталды. 

Заңның 4-бабына сәйкес осы Заң күшіне енгенге дейін жасалған, бес жылға  дейін бас бостандығынан айыру  немесе бас бостандығынан айырумен байланыссыз жаза көзделген онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы сотпен қарастырылмаған қылмыстық істер Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіпте қылмыстық іс қозғауға немесе өндірістің қысқартылуына жатады. Осылайша, жоғарыда аталған негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту прокурормен алдын ала және негізсіз деп танылған. Мұндай мысалдар тәжірибеде аз емес. Сондықтан да прокурормен аталған шешімге қатаң түрде қадағалау жүргізудің маңызы зор екені көрінеді. Тек оған көз жұма, мән бермей қараудың салмақты зардаптарға әкеп соғатыны да айқын болып тұр.

Қылмыстық істі қысқарту туралы іс материалдарын  тексергеннен кейін прокурордың  келісім беруі немесе ол шешімнің күшін жоюы белгілі бір түрде  ресімделеді. Мысалға, егер тергеушінің қабылдаған шешімі заңды және негізді болса, онда прокурор оны дәлелді қорытынды (резолюция) шығарып, сол қорытындыда келісу негіздерін көрсетеді. Ал егер келіспеген жағдайда қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің күшін жою туралы қаулы шығарады, сондай-ақ жазбаша нұсқаулар береді. Осыған бір мысал келтіре кетсек. Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша мына бір қылмыстық істің заңды қысқартылғаны жөніндегі қорытынды: 17.03.2010 жыл мен 31.07.2010 жыл аралығында 20.06.1977 туылған азаматша  Байжанова Алмагуль Турсуновна сенімге алдау мен қиянат жасау арқылы азаматша С.М. Алимбаеваға материалды шығын келтірген. Алдын ала тергеу барысында 17.03.2010 жылы Байжанованың Алимбаевадан 17.04.2010 дейінгі уақытқа 1.800.000 теңге қарызға алғаны, кейіннен тағы да 04.08.2010 ж. уақытқа дейін нотариалды түрде қарызға алу шартын жасап, 5.250.000 теңге сомасында ақша қарызға алғаны, сондай-ақ уақытылы қарызын қайтармағаны анықталды. 

21.12.2010 жылы Астана қаласы Сарыарқа ауданы ІІБ тергеушісі П.Н. Ивановпен ҚР ҚК-нің 182-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

2011 жылдың 4 ақпанында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы әрі қарай ізгілендіру мен қылмыстық процестегі заңдылық кепілін күшейте түсу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР №393 –IV Заңы (келесіде Заң) өз күшіне енді. Осы Заңға сәйкес ҚР ҚК-нің 182-бабы 1-бөлігі декриминализацияланды.

Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі