Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.

Содержание

КІРІСПЕ

1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі

2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту

3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қылмыстық істі қысқарту .doc

— 596.50 Кб (Скачать документ)

Жамбыл облыстық сотының үкімімен сотталушы Д. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-бөлігінің «д» тармағымен (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және 131-бабының 1-бөлігімен азамат П-ны басқа сотталғандармен бірлесіп қасақана қаза келтіргені үшін сотталған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы үкімді өзгертіп, 131-баптың 1-бөлігі туралы үкімнің күшін жойған. Алқа өз қаулысында: не алдын ала тергеу, не сот Д-ның П-ны қасақана өлтіруге қатысты деген айып туралы қандай әрекет жасағанын келтірмеген деп шешімін тұжырымдаған.

Қылмыстық іс материалдық қылмыстық заңның нормаларына негізделіп, процессуалдық заңдарға сілтеме жасалынып, қысқартылуға тиіс. Қылмыстық-процессуалдық нормалар тергеу органдары мен сотқа өз қызметтерін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз етіп, олардың шешімдерінің заңдылығын, негізділігін жэне әділеттілігін жоғары инстанциялардың тексеруіне мүмкіндік береді. Тергеу және сот органдары қылмыстық істі қысқарту кезінде қылмыстық-процессуалдық заңды басшылыққа алуға, оның баптарына сілтеме жасауына міндетті. Айтылғандарға орай, қылмыстық іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Конституциялық заңдармен, Қылмыстық іс жүргізу кодексімен айқындалатынын көрсететін Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 1-бабын атауға болады.

Қылмыстық істің дұрыс, заңға сүйеніп қысқартылуының мәні зор. Қылмыстық істің қысқартылуы ақиқатты анықтауға негізделу арқылы кінәсіз адамның қылмыстық жауапқа тартылу, оған процессуалдық мэжбүрлеу шараларының қолданылу, оны сотқа беру, соттау және жазалау мүмкіндігі жойылады.

Қылмыстық істерді қысқарту мен  қылмыстық-іс жүргізу өндірісін қысқартудың басқа жағдайлары оның өзге бір жағдайға ауысуын тудырмайды, іс бойынша кез-келгені қысқартылып жатады. 

Қылмыстық істі қысқартумен барлық процессуалды қызмет қысқаратын болғандықтан, алдын ала тергеу де қысқартылады.

Г.М. Миньковский атап көрсеткендей, осы сатыны төмендегілерді қамтиды: іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығы күйінде талдануы мен бағалануын; қылмыстық іс материалдарының тиісті түрде ресімделуі мен жүйеленуін; қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығаруды; істі қысқартумен байланысты туындайтын барлық сұрақтардың шешілуін (сезікті мен айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасынан бас тарту, мүлкіне тыйым салуды алып тастау және т.б.) [3,54 б.].

Жалпы қылмыстық процесс тәрізді  қылмыстық істі қысқарту ‒ анықтау, тергеу органдарының, прокурордың, соттың қызметі, алдын ала тергеудің құрылымдық бөлігі болып табылатын қызмет.  Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шыққаннан кейін, ол қандай негізде, яғни ақтайтын немесе ақтамайтын негізде қысқартылып жатқанына қарамастан мәні бойынша шешіледі. 

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдын ала тергеуді жүргізетін органдар іс бойынша өндіріс барысында  мына мәселелерді шешуі орынды: қылмыс оқиғасы орын алды ма, әрекетте қылмыс құрамы бар ма, бұл әрекет нақты  бір  тұлғамен жасалған ба, қылмысты жасауды осы тұлға кінәлі ме. Осы сұрақтардың біреуіне болсын жауап табылмаған жағдайда қылмыстық ізге  түсу органдары іс бойынша өндірісті қысқартуы тиіс.

Қылмыстық істердің қысқартылуы ‒ бұл, жалпы алғанда, қылмыстық-іс жүргізушілік қызмет.

Сонымен бірге қылмыстық істерді қысқарту ‒ қылмыстық-іс жүргізуішілік құқығының институты. Аталған институттың негізгі кемшілігі ‒ оның нормаларының барлық қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша шашылып жатқанында. 

Қылмыстық істерді қысқартудың  негіздері қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37, 38 баптарында көзделген.   Қылмыстық істерді қысқартуды реттейтін нормалардың қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша шашыраңқы орналасуы, осы сұрақтарды шешуде құқық қорғау органдарына белгілі бір қиындықтарды туғызады.

Жалпы осы мәселені шешуде қылмыстық іс жүргізу кодексіне бөлек тарау енгізу арқылы шешуге болатын сияқты.

Осылайша қылмыстық істерді қысқарту ‒ алдын ала тергеу өндірісіндегі органдардың және тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, оны қысқарту туралы қаулы шығарып алдын ала тергеуді аяқтау мүмкіндігін немесе міндетін заңмен жүктелетін, бекітілген негіздерге сәйкес прокурор қызметтеріндегі алдын ала тергеу сатысы болып табылады. Сонымен бірге қылмыстық істерді қысқарту жоғарыда атап өтілген қызметті нормалары реттейтін қылмыстық-іс жүргізу институт.

Енді қылмыстық істі қысқарту мәнін  қарастырсақ:

Қылмыстық істі қысқартудың анықтамасына келетін болсақ, бұл мәселелер  жөнінде заң ғылымында әлі  ортақ пікір қалыптаспаған. Аталмыш  ұғым анықтамасы нұсқаларының көптігі осы құбылыстың жан-жақты зерттелгенін, әрі қарастырылып отырған саланың күрделі екенін аңғартса керек.

Тілге тиек етіп отырған құқықтық институттың әр түрлі анықтамаларын  талдау көрсеткендей, қылмыстық істі қысқарту ұғымын қарастырып қараған  кезде авторлар олардың мынадай елеулі тұстарын атап өтеді. Совет елінің ғалымдары қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту іс бойынша іс жүргізудің қысқартылуы екендігін айтып өтеді.

Өз кезегінде келешекте бұл  көзқарас қатты сынға түсті, советтік қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу оқулықтарында жоғарыдағы пайымдаулар негізді деп саналған болатын. Мұндай пайымдаудың бір себебі ретінде істі қысқартудың көп жағдайларда оның негізсіз қозғалуының, сондай-ақ қысқартылу фактілерінің орын алуының нәтижесі болып табылатындығын келтіруге болады.

Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы  қылмыстық-процессуалды қатынасты  тоқтатуға ықпал ететін заңды  факт ретінде қызмет жасайды. Алдын  ала тергеу барысындағы заңға  сәйкес, негізді қысқартылған қылмыстық  іс маңызды мәнге ие болады.  Алдын ала тергеуді аяқтаудың ммүкін болатын нысаны деп мойындап қана қоюдың маңызы жоқ, себебі бұл, бізге, істі қысқартуды тергеудің заңға сәйкес аяқталуының бір түрі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, және, өз кезегінде, процессуалды мәні бойынша істі айыптау қорытындысымен сотқа жіберумен тең түседі.   Г.М. Миньковский, алдын ала тергеудің аяқталудың нысаны ретінде істі қысқарту, өзінің мақсаттылығы және мәні бойынша да істі айыптау қорытындысымен сотқа жіберу сияқты мағынаға ие болады деп атап көрсеткен болатын.

Бірақ осындай көзқарастармен бірге, ғылыми және тәжірибедегі қызметкерлер арасында айыптау қорытындысымен істі сотқа жіберу алдын ала тергеу аяқталуының нысаны, ал істі қысқарту ‒ бұл, процесстің қалыптан тыс ағымы  деп түсінетін пікірлер де жетіп  жатыр. Қылмыстық істі қысқарту олармен қосымша акт ретінде бағаланады, ал кей жағдайда, тіпті, ақау деп ретінде саналады.

Қылмыстық істің қысқартылуы қылмыстық  істі қозғау кезіндегі, немесе істі тергеу кезінде жіберілген тергеу қателігі болып табылады, ал қылмыстық іс дұрыс қозғалып, ол бойынша тергеу де дұрыс жүргізілсе, онда көптеген жағдайларда іс айыптау қорытындысын жасаумен аяқталуы қажет деген пікірлер де жоқ емес.   Мұндай айыптаушылық кей жағдайларда тәжірибедегі қылмыстық істердің негізсіз қозғалуының, сондай-ақ заңсыз негізде қысқарту фактілерінің орын алуымен түсіндіріледі. Осылайша барлық қылмыстық істердің қысқартылуы, оның заңсыз қозғалуын куәландырмайды.  С.А. Шейфер, негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тартуға қарсы азаматтардың процессуалды кепілдіктері деп қылмыстық істі қысқартуды атайды, бұл, шыныда да, солай болып отыр.  Қазіргі кездегі қылмыстық істі ақтайтын негізде қысқартудың мәні алдын ала тергеудің айыптау қорытындысымен аяқталуы мәнінен кем түсіп жатқан жоқ.  Қарастырылып отырған проблемалар шеңберінде қылмыстық іс негізді қозғалды ма. жоқ па, онда тұрған ештеңе жоқ. Егер қылмыстық іс заңды түрде, негізді қозғалған болса да, бірақ алдын ала тергеу кезінде қылмыс жайлы бастапқы ақпараттар расталмаса, заңсыз немесе негізсіз қылмыстық іс қозғаудағы сияқты дер кезіндегі қылмыстық істің қысқартылуы да өте маңызды болады [3,69 б.].  Қылмыстық істерді ақтамайтын негізде қысқарту да маңызды мәнге ие болып тұр. Біріншіден, қылмыстық жауаптылықтан босатылған азаматтар әрі қарай өздерінің тәртібімен парасаттылығын дәлелдеуге мүмкіндік алады.  Екіншіден, алдын ала тергеу органдары өздерінің назары мен бар күш-құралдарын қоғамдық мәнге ие болған, тұлғаның және қоғамның мүддесіне елеулі нұқсан келтірген қылмыстарды тергеуге аудара алады.  

Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасы бойынша 2010-2011 жж өндірісте болған қылмыстық істер және қысқартылған қылмыстық істер жайлы салыстырмалы кестеде мынадай сандық мәліметтер көрсетілген.  2010 жылы барлық қылмыстық істер өндірісі бойынша аяқталғаны 1005, ақтамайтын негізде қысқартылғаны 80, ал 2011 жылы барлық қылмыстық істер бойынша аяқталғаны 852, ал ақтамайтыне негізде қысқартылғаны 196. Бұдан көретініміз, жыл сайын қылмыстық істерді қысқартудың өсіп келе жатқандығы, соған сәйкес қылмыстық істі қысқартудың да маңызды екендігін.  

 

 

1.2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ  НЕГІЗДЕРІ МЕН ЖІКТЕЛУІ, ТӘРТІБІ

 

Қазақстан Республикасында қылмыстық  істер заңда көзделген жағдайларға  сәйкес қысқартыла алады. Негіздер  дегеніміз кейбір құбылыстардың  өмір сүруінің алғышарттары немесе себептері, бастапқы шарттары. Қысқарту негізі қылмыстық істі қысқартудың басты шарты және қажетті себебі болып қызмет жасайтыны толық түсінікті. Әр негіздің өзіне тән дербес сипаты бар. Олар бір-бірін ауыстыра алмайды, және бір-біріне қосымша бола алмайды. Әрекеттегі заң қылмыстық процесте қылмыстық істі қысқартудың барлық негіздерін беріп отыр. Сонымен ҚР ҚІЖК-нің 37, 38 баптарында көзделген істі қысқарту негіздерін атап өтсек. Қылмыстық іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар: қылмыс оқиғасы болмауы; әрекетте қылмыс құрамының болмауы; егер ол жасаған әрекет үшiн жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актiсiнiң салдары; мерзiмiнiң ескiруiне байланысты;  жеке және жеке-жариялы айыптау істері бойынша жәбiрленушi шағымының болмауы; жеке айыптаушының жеке айыптау істері бойынша айыптаудан бас тартуы; өзi туралы белгiлi бiр айыптау бойынша соттың заңды күшiне енген үкiмi не қылмыстық iзге түсудiң мүмкiн еместiгiн белгiлейтiн соттың күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты; белгiлi бiр айыптау бойынша қылмыстық iзге түсу органының қылмыстық iзге түсуден бас тарту туралы күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты; қылмыстық iс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты; артықшылықтары немесе қылмыстық қудалауға қарсы иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды тұлғаның келiсiм беруден бас тартуына байланысты; iс бойынша iс жүргiзу қайтыс болған адамды ақтау немесе iстi басқа адамдарға қатысты тергеу үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң ережелерiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты. ҚІЖК-нің 38-бабына сәйкес ҚК-тің 65-бабы (шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату), 66-бабы (қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату), 67-бабы 2-бөлігі (татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату), 68-бабы (жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату), 373 (қашқындық), 375 – 378 (жауынгерлiк кезекшiлiктi атқарудың ережелерiн бұзу, шекаралық қызмет атқарудың ережелерiн бұзу, қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық ережелерiн бұзу, ішкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерiн бұзу), 381-баптарының (қызметке селқос қарау) ескертулерiнде көзделген жағдайларда қылмыстық іс қысқартылуы мүмкін.

Заң әдебиетінде қылмыстық істі қысқартатын негіздерді жіктеу қалыптасқан. Мұндай жіктеулердің негізіне түрлі критерийлерді жатқызуға болады, әдебиетте түрлі жіктеулер ұсынылады.

Сонымен, профессор В. Случевский іс бойынша өндірісті жүргізуді болдырмайтын жағдайларды фактілік және заңды деп бөлуді ұсынған. Осы жіктеу түрін ұсынатын тағы да бір көрнекті ғалым И.Я. Фойницкий қылмыстық істі қысқартудың фактілік шартарына айыптау үшін негіздердің жеткіліксіздігін, айыпталушыға тағылған істің мәні бойынша тұжырымдардың сенімсіздігін, ал заңды шарттарына әрекеттің қылмыстылығын және жазаланушылығын болдырмайтын жағдайларды жатқызған.

Кеңес ғалымы С.А. Голунский заңды шарттарға әрекеттің қылмысты сипатын немесе әрекеттің жазалану сипатын болдыртпайтын жағдайларды ғана жатқызып, заңды шарттарға сотқа жіберу үшін деректердің жеткіліксіздігін қатысты деп таныған [4]. 

Әрі қарай бұл ұстаным  кеңес процессуалды әдебиетінде салмақты сынға алынды.  1980 жылдары Н.В. Жогин мен Ф.Н. Фаткуллин, мәні бойынша барлық негіздер заңнамада көзделген, сондықтанда, олар, осы мағынада  заңды болып табылады. Сонымен қатар олардың әрбіреуі нақты фактілердің бар-жоғын топшылайды, нақты фактілік жағдайларға сүйенеді, міне, сондықтанда фактілік сипатқа ие болады.

Соңғы жылдары да ғалым-процессуалистер  аталған мәселені зерттеуді қолға  алды. Ал С.А. Шейфер мынадай жіктеуді ұсынады: қылмыстылықты жоққа шығаратын немесе қоғамға қауіпті сипаттағы әрекеттің кейінгі залалын белгілейтін негіздер; жазалауды жоққа шығаратын негіздер; бір айыптау бойынша екінші өндірісті жүргізудің мүмкін еместіген белгілейтін негіздер.

Іс жүргізушілік негіздер материалды-құқықтық негіздерге қарағанда іс жүргізу  заңында көзделеді. Олар жасалған қылмыстар  мен жаза қолдануға жол беруді куәландыратын барлық жағдайлардың болғанына қарамастан, қылмыстық  сот өндірісін жүргізуді болдырмайды. 

Соңғы көзқарасты қолдайтын атворлар, негіздердің жіктелуіне қатысты  материалды-құқықтық топқа мыналарды  жатқызады: қылмыс оқиғасының болмауы; қылмыс құрамының болмауы; ескіру мерзімінің өтуі; егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық актісі салдары; қоғамға қауіпті әрекет жасаған сәтте, заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық ‒ жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты; қылмыс жасаған тұлғаның қайтыс болуына байланысты; кінәлі тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босатуға мүмкіндік беретін жағдайлардың болуына байланысты.

Олардың ойынша, қылмыстық істі қысқартудың  іс жүргізушілік негіздеріне мыналар  жатады: бір айыптау бойынша заңды  күшіне енген сот үкімі не сол  негізде бойынша істі қысқарту туралы сот қаулысы немесе анықтамасы болса; өндірісінде жатқан қылмыстық іс бойынша істі қозғау қажеттілігі  сотпен талап етілген жағдайларды қоспағанда, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың белгілі бір айыптау бойынша күшін жоймаған қаулысы болса; егер оның арызынсыз іс қозғалмайтын болған жағдайда, жәбірленуші арызының болмауы; жәбірленуші арызымен ғана қозғалатын істер бойынша жәбірленушінің айыпталушымен татуласуы қылмыс жасаудағы тұлғаның қатысы дәлелденбеуі.

Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі