Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 17:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………….. 11
1 Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі
1.1 Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні .................................... 15
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар ....................................... 23
1.3 Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу
модельдері және маңызы ....................................................................
31
2 Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер
2.1 Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі.... 36
2.2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері..................................................... 42
2.3 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері............................... 44
3 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
3.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі .................................................................................................
50
3.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер ............ 55
3.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау................ 59
Қорытынды .................................................................................................... 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 71

Прикрепленные файлы: 1 файл

дербес саты ісқоз.2012.doc

— 498.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі таңда қазақстандық ғылымда  нақты сотқа дейін іс жүргізудің модельдері қалыптаспаған. Қылмыстық  іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізумен байланысты пайда болатын қылмыстық процессуалдық құқықтық қатынастарды  реттейтін нормаларды жетілдіру үшін де үлгілер қарастырылмаған. Осының әсерінен құқықтық ғылымда  біртұтас, қылмыстық процесс модельдерін кешеңді өңдейтін, оның ілгері дамуына объективті заңдылықтардың жетіспеушілігі болып отыр.

Шет елдік қылмыстық процесс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің тарихи екі моделі анықталған:

1) континентальдық (романо-германдық);

2) англо-американдық. Соңғы жүйе  құқық қорғау механизімінің құрылуы мен іс әрекет жасау әдістерін сапалы түрде анықтайды. Қазақстандық заң шығарушылар 1997 жылы ҚР ҚІЖК өңдеуде аталған модельдердің аралас элементтерін қолданған.

Қылмыстық іс бойынша алдын ала (сотқа дейін) іс жүргізудің Англо-американдық моделі. Бұл модельге тән ерекшелік қасиет оның сотқа дейінгі деп бөлінбеуіне байланысты болып келуі. Алдын ала тергеу функциясы (қылмыстық қудалау) анықтама нысанында жүзеге асырылады және заңнамамен ол міндет полиция және өзге де әкімшілік органдарына жүктеледі. Осыған сәйкес, заң сотқа дейінгі іс жүргізуді реттей отырып, процессуалдық әрекеттер мен жедел іздестіру шараларының арасында нақты шектерін бекітпейді.

Сондықтан заңмен бекітілген процессуалдық  тәртіп бойынша  қылмыстық іс материалдарды  сотқа ұсынудан басталады. Қарастырылып отырған модель бойынша істің мән-жайларын зерттеуде тараптар өз құзыреттерінің шегінде, сондай-ақ мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып дәлелдемелерді жинап және қылмыстық іс қозғауды жүзеге асырады.

Қылмыстық іс бойынша  алдын ала (сотқа дейінгі) іс жүргізудің Еуропалық (континентальдық) моделі. Сотқа дейін іс жүргізудің англо-американдық жүйеден айырмашылығы,  қылмыстық процессуалдық қызметтің біртұтастығында. Яғни, Франция қылмыстық процесі, континентальды типті ұсынушы ретінде жеке-жеке сатылардан тұрады. Олар: анықтама нысанындағы алдын ала тергеу, қылмыстық ізге түсуді қозғау және алдын ала тергеу, сондай-ақ сотта істі қарау. Еуропалық  сотқа дейінгі іс жүргізудің ерекшелігі  қылмыстық іс қозғау сатысының болмауы болып табылады. Осыған орай заңнамамен нақты қылмыстық іс бойынша бастапқы кезең бекітілмеген.

Істі сотта қарау  үшін сотқа дейін дайындау мемлекеттің  мүддесі болып табылады. Ол қылмыстық  іс қозғау үшін дәлелдемелерді жинауда  кең, өктемдік сипатқа ие болатын алдын ала тергеу органдары (сот полициясы, прокуратура және тергеу судьялары) қызметтерінің бірорталықтандырылуы. Сондықтан континентальдық қылмыстық процесі бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыратын қызмет мемлекеттің қолына берілген процессуалдық мүддесі бар тараптар тек дәлелдемелерді жинауға ғана қатыса алады. Көптеген еуропалық мемлекеттерде қылмыстық процестің сотқа дейінгі бөлігінде айыптау мемлекетке тән қасиет және қылмыскерлерді жазалау мемлекеттің ерекше құқығы екендігін көруге болады.

Қазақстандық сотқа  дейінгі іс жүргізудің қазіргі таңдағы  жағдайы.

Отандық сотқа дейінгі  іс жүргізу институттары өздерінің  қалыптасу мен даму кезеңдерінде күрделі де және қарама қайшы жолдарды өткізді. Оның басты себептерінің бірі шет елдік құқықтық жүйенің әсері болып табылады. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-сі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудің, яғни  континентальды типтегі аралас процесін сайысушылық процесімен ауыстыруды қарастырады. Бірақ шет ел модельдерінің  ережелері мен институттарына ауыстыруда қазақстандық құқықтық жүйенің даму барысы ескерілмеген.

Отандық қылмыстық процесінде соттық бақылау функциясы қалыптасып келеді. Оның салдары сотқа дейін  іс жүргізу барысында заңдылық пен  объективтіліктің  сақталуын жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмайды. Заң әдебиеттерінде сотқа дейінгі қызмет сот төрелігін жүзеге асыру үшін іс-материалдарды дайындау жөнінде ұсыныстар айтылады. Себебі қазіргі  заңнама бойынша маңызды орын сот процедурасына берілген.

Сотқа дейінгі іс жүргізу  функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының (анықтама органдары, ЖІҚ, тергеушінің мәртебесі, прокурордың өкілеттігі және т.б.) қызметтері мен оларды ұйымдастырудың жалпы жағдайлары мен мәселелерін  қарастыру болып табылады.

Осы мәселенің төңірегінде  алдын ала тергеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етуді талдау нәтижелері бойынша заңнамаларды жетілдіру үшін жекелеп алғанда сараптамалық мекемелерді реформалау мен тергеу органдарын сараптамамен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар жасау.

ҚР ҚІЖК нормаларына  сәйкес, алдын ала тергеуді үш ведомствоның тергеушілері, сондай-ақ көптеген анықтама органдары жүзеге асырады. Бірақ тәжірибеге сүйенсек, ол басқару мен қызмет көрсетушілер санының өсуіне әсер етеді, бұл негізінен орталықтарда іске асады. Ал кейбір аудандарда тергеушілер саны аз ведомстволар бар.

Бұл жағдайлар ұйымдасқан қылмыстық істері бойынша жұмыс  істеу мүмкін болмайтын тергеу топтарын құруға және қылмыстың жеке түрлерін тергейтін тергеушілердің мамандандырылуына  кедергі жасайды. ҚР ҚІЖК фактілі  тұрғыдан сотқа жіберілетін көпшілік істерді ІІМ жүйесіндегі құзыретті емес тергеушілер мен полиция қызметкерлері жүргізетіндігін көрсетеді. Ол сыбайлас жергілікті атқару органдарына тәуелді, өз кезектерінде жедел қызметтерге бағынышты болады.

Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын анықтама органдары алдын ала тергеу жүргізу құқықтарына ие. Ол процессуалдық теорияға  қайшы және алдын ала тергеудің екі нысанының арасындағы шекті жояды.              Қазақстан Республикасының ҚІЖК-де көзделген бірқатар қылмыстар бойынша тергеуді анықтама нысанында жүргізудің ерекше талаптары қарастырылған. Мұнда заңды салдарлар туындайтын процессуалдық және жедел іздестіру қызметтерінің өсуі орын алады. Қылмыспен күресу міндеті жүктелген ведомстволарда тергеу бөлімшелері емес, жедел іздестіру қызметтері негізгі, басты функциялары болған және ол солай болып қалуы тиіс.

Қылмыстық процесс теориясында  «сотқа дейін іс жүргізу», «алдын ала іздестіру», «алдын ала тергеу», «анықтама», «қылмыстық іс қозғау», «қылмыстық қудалау», «айыптау», «тергеуге дейінгі тексеру» деген ұғымдардың анықтамалары қазіргі  таңға даулы болып отыр. Оның себебі заң әдебиеттерінде олардың біртұтас анықтамаларының болмауында жатыр. Сонымен қатар ҚІЖК келтірілген ұғымдар да бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Қазіргі отандық қылмыстық процесте жасалған қылмысқа қатысының бар екендігін анықтауға байланысты қылмыстық процессуалдық қатынастарға түсетін тұлғалардың құқықтарын фактілі тұрғыдан шектеу кезінде пайда болатын алдын ала тергеу сотқа дейінгі іздестіру функциясы арқылы жүзеге асырылады.

ҚР ҚІЖК сотқа дейін  іс жүргізудің екі түрін анықтап  көрсетеді:

1) қылмыстық істі қозғау  туралы мәселені шешудегі қылмыстық  процессуалдық қызмет;

2) тергеу және анықтама  түрінде жүзеге асырылатын алдын  ала іздестіру.

Отандық қылмыстық процессуалдық заңнаманы зерттеуде, қылмыстық істі қозғау институты іс жүргізу процесінде өткен жүзжылдықтың екінші жартысында пайда болып тұрақтанып, қазіргі таңдағы құрылысының қалыптасқандығын куәландырады. Сонымен қатар  көптеген шет мемелекеттердің қылмыстық сот ісін жүргізу барысы іс қозғауды дербес  саты ретінде және ондағы іс қозғаудың процессуалдық актісін жеке деп қарастырмайды.

Қылмыстық процесс құрылысы жөніндегі теорияның дамуы барысында  өткен жүз жылдықтың отызыншы жылдарының аяғына дейін қылмыстық іс қозғау сатысы  алдын ала тергеудің бір бөлігі немесе істі тыңдау үшін тағайындаудың кезеңі деп қарастырылса да, оның жеке, дербестігі жөнінде позиция қалыптасты. Нәтижесінде қылмыстық іс қозғау туралы акт заңды маңызы бар құжат болып танылды. Оның дәлелі, біріншіден, тергеудің бастау міндеттілігін, ал екінші жағынан белгілі бір тергеу әрекеттерін жүргізуге және процессуалдық құжат қабылдауға құқылы екендіктерін білдіреді [16, 27].

ҚР ҚІЖК-і алдын  ала іздестірудің екі түрін, жаңа заңнама бойынша анықтама алдын ала тергеудің дербес нысаны болмайтынын ескеріп отырады. Онда тек болған қылмыс жөніндегі хабарламаны тексерудегі полиция қызметі екендігін ескермейді. Жоғарыда аталып отырған жағдай анықтама мен алдын ала тергеудің арақатынасы жөніндегі мәселенің түпкілікті шешімін таппағандығын және теориялық тұрғыдан аяқсыз қалғандығын білдіреді.

Тәжірибенің көрсетуі бойынша, тергеу мен жедел-іздестіру қызметін біріктіру дәлелдемелерді фальсификациялауға әкеп соғады. Осындай күрделі мәселелерді шешудің жолы ретінде 1995 жылы құрылған Мемлекеттік тергеу комитеті болатын. Бірақ, аталған органның қызметі біз күткен нәтижелерді әкелген жоқ. Менің ойымша, бұл органды құру барысында ғалымдардың айтқан барлық факторлары ескерілмеген сияқты, оның дәлелі болып аталған органның бір жыл ғана жұмыс істеуі табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2    Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер

 

2.1 Қылмыстық іс қозғау  себептерінің мәні, маңызы және  мінездемесі

 

Қазақстан Республикасының  заңдары бойынша кез-келген қылмыстық іс қозғау үшін міндетті түрде белгілі бір себеп және соған жеткілікті негіздердің болуы қажет.

Қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін заң нормалары  белгілі бір жағдайлардың болуын талап етеді. Оларға:

1) қылмыстық іс қозғауға  себеп;

2) қылмыстық іс қозғауға негіз;

3) қылмыстық іс бойынша өндірісті  бастауға мән-жайлардың болмауы жатады.

Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні мен маңызы туралы бірқатар ғалымдар, атап айтатын болсақ: М. С. Строгович, Н. В. Жогин, Ф. И. Фаткулин, Н. Е. Павлов, В. М. Савицкий, В. Н. Григорьев, А. К. Гаврилов, А. А. Давлетов, Н. И. Сотников, Г. П. Химичева және тағы басқалары дербес зерттеулер жүргізген.

Қылмыстық іс қозғау немесе одан бас  тарту туралы мәселелерді шешуде, ең бастысы, қылмыстық іс қозғауда заңды  себептің бар не жоғын анықтап алу қажет. Қылмыстық ізге түсу органдарының  заңда көрсетілген қайнар көздерден болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы алған хабарламалары қылмыстық іс қозғаудың себебі болып табылады.

Қылмыстық іс қозғаудың себептері  заңды факт болып табылады. Яғни, заң оны қылмыстық процесуалдық қатынастардың пайда болуымен байланыстырады [17, 4-6]. Оның пайда болуы жоғарыда аталған органдарға кез келген болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арыздарды қабылдау заңда бекітілген мерзімде қарау, тиісті шешімді қабылдау және арыз жолдаушыға хабар беру сияқты заңды міндеттерді жүктейді.

Дегенмен анықтама, тергеу, прокуратура  және сот органдарының алған әрбір  арыздары қылмыстық іс қозғау үшін себеп болып табыла бермейді. Себебі арыздардың балық түрі аталған органдарға қарау мен қылмыстық іс қозғау немесе одан бас тарту туралы шешімді қабылдау үшін құқықтық міндеттемелер жүктемейді. Мұндай міндеттемелердің пайда болуы үшін қылмыс туралы мәліметтер заңда көрсетілген көздемелерден алынуы және ол арыздар белгілі бір процесуалдық талаптарға жауап беруі тиіс.

Қылмыстық іс қозғаудың себептеріне  заңның қоятын басты талабы – арыз беруші тұлғаның белгілі болуы. Сондықтан  домалақ арыздар міндетті түрде  алдын-ала тексерулерге жатады. Егер Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 177 бабының екінші бөлігінде аталған жеткілікті деректер болғанда ғана қылмыстық іс қозғауға себеп бола алады.

Қылмыстық іс қозғаудың себептері  мен негіздері деген түсініктерге қатысты бұл ғалым-процессуалистердің арасында әр түрлі пікірлер кездеседі. Кейбіреулері қылмыстық іс қозғаудың себебі ретінде қылмыс фактісі туралы бастапқы мәліметті айтса, екіншілері, солардың қайнар көздерін айтады.

Мәселен, Г.П. Химичеваның айтуынша, «қылмыстық іс қозғаудың себебі дегеніміз – қылмыстық іс жүргізу заңымен көзделген заңдық актілер немесе іс-әрекеттер». Автор осылармен анықтау органының, тергеушінің, прокурордың қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шығарған шешімнің міндеттілігін байланыстырады [19, 9].

Г.В. Дроздовтың ойынша, «себеп» дегеніміз «қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген қайнар көз, осылардың негізінде қылмыс туралы мәліметті алған құзыретті органдар мен лауазымды тұлғалар қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдауға міндетті». М.С. Строгович, Г.В. Дроздовқа қарағанда бұл пікірді ертерек айтқан болатын [7, 13].

Ал, Р.Д. Рахуновтың айтуынша «себеп» дегеніміз – ол жасалған қылмыс туралы мәлімет, қайнар көз болып табылады [20, 31].

Н.В. Жогин. Ф.И. Фаткуллин қылмыстық іс қозғаудың себебі деп – юридикалық фактіні айтады [21, 51].

Осы айтылған пікірлерді қорытындылай келе, біз қылмыстық  іс қозғауға себепке келесі түсініктеме  береміз:

Қылмыстық іс қозғауға себеп дегеніміз – бұл заңмен қатаң белгіленген, жасалуға дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы қылмыстық ізге түсу органдарына немесе сотқа түскен мәліметтің қайнар көзі.

А.П. Рыжаковтың айтуынша, қылмыстық процестің басталуының себебі мен қылмыстық іс қозғаудың себептерінің арасында айырмашылық жоқ, ал қылмыстық процестің басталуының негізі мен қылмыстық іс қозғаудың негізі екеуі әртүрлі нәрсе [22, 17]. Біздің ойымызша, бұл пікірмен келісуге болады.

ҚР ҚІЖК-ң 177-бабында  қылмыстық іс қозғаудың себептері  нақты көрсетілген. Олар:

1) азаматтардың арыздары;

2) кінәсін мойындап  келу;

3) мемлекеттік органның  лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;

4) бұқаралық ақпарат  құралдарындағы хабарлама;

5) лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы.

Алынған заттар мен құжаттарды дәлелдеме ретінде пайдалану  мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, осы объектілерді  ұсынудың  тәртіптерін  заңда бекіту қажет. Онда объектіні  ұсынған адамнан оны табудың  мән-жайлары жөнінде жауап алынуы тиіс (егер зат немесе құжат қылмыстық іс қозғау сатысында ұсынылса, ал тұлғадан түсініктеме алынады); объектіні ұсыну куәгерлердің қатысуыменен жүзеге асырылады және ол жөнінде хаттама толтырылады [23, 87-88].

Информация о работе Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде