Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 17:23, дипломная работа
Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.
Кіріспе ………………………………………………………………………….. 11
1 Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі
1.1 Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні .................................... 15
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар ....................................... 23
1.3 Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу
модельдері және маңызы ....................................................................
31
2 Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер
2.1 Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі.... 36
2.2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері..................................................... 42
2.3 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері............................... 44
3 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
3.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі .................................................................................................
50
3.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер ............ 55
3.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау................ 59
Қорытынды .................................................................................................... 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 71
Сондықтан, егер қылмыс жасаған адамның жасаған қоғамға қауіпті әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпегендігі анықталса, бұл қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға негіз болып табылады.
11. Іс бойынша іс жүргізу қайтыс болған
адамды ақтау немесе істі
басқа адамдарға қатысты тергеу үшін қажетті
жағдайларды қоспағанда,
қайтыс болған адамға қатысты (КР ҚІЖК-нің
37 б. 1 б. 11 т.).
Қайтыс болған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалмайды. Өйткені қайтыс болған адамды қылмыстық жауапкершілікке тартудың ешқандай маңызы жоқ. Адамның шын мәнінде қайтыс болғандығы жөнінде ресми құжат (куәлік) болу керек.
Ал егер қайтыс болған
адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға
қатысты тергеу қажет болса, бұл
негіз бойынша қылмыстық істі
қозғаудан бас тартуға
12. Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне байланысты кылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты (ҚР ҚІЖК-нің 37 б. 1 б. 12 т.).
ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің кейбір баптарында ескертулер көрсетілген. Бұл ескертулердің кейбіреулерінде мүлдем қылмыстық жауапкершіліктен босату жағдайлары көрсетілсе, екіншілерінде қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігі көрсетілген.
Сонымен, ҚР ҚІЖК-нің 7 бабының 1 бөлімінің 12 тармақшасына сәйкес қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға ҚР Қылмыстық кодексінде белгіленген мүлдем қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы ескерту негіз болады (мысалы, ҚР ҚК-нің 310-бабының ескертуіне сәйкес).
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған жағдайда қылмыстан сақтандыру шараларын өткізу міндеттері толық көлемде қылмыстық іс қозғау сатысында шешілуі тиіс деген қорытындымен келісуге болмайтын сияқты [34, 7-10].
Дегенмен, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімді қабылдау үшін іс қозғау негіздерінің жоқ болуын немесе іс жүргізуді болдырмайтын өзге де жағдайлардың жеткілікті, сенімді түрде анықталуын ескеруіміз қажет [35, 16, 107].
Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы материалдарды зерттеудің нәтижесі бойынша: жалпы істердің ішінде 28,5%-да түсініктеме арыз берушілерден, ал 12,8%-да жәбірленушіден (арыз бермеген), 30,2%-зы оқиғаны өз көзімен көргендерден, 22,7%-зы өзге де тұлғалардан алынғандығы анықталды. Ал үкім шығарумен аяқталған істерді зерттеуде анықталғаны: анықтама, тергеу, прокуратура және сот органдарына 52,3%-да түскен арыздарды тексеруде түсініктемелердің алынғандығы, сонымен бірге 18,2%-да түсініктемелер арызданушыдан, 5,1%-да жәбірленушіден (арыз бермеген) 45,4%-да куәлардан, 25,7%-да сезіктілерден, 20,8%-да өзге де тұлғалардан алынған. Қылмыстық істі дұрыс шешуге қажетті фактілерді анықтама, тергеу, прокуратура және сот органдары арызданушы немесе өзге де тұлғалардың ұсынған қайнар көздерінен қылмыстық процестің кез келген сатысында ала алады. Қылмыстық іс қозғау сатысында олар қылмыс туралы арызбен хабарламаны бір уақытта немесе қылмыстық істі қозғау немесе одан бас тарту туралы мәселені шешудің алдында болып өткен тексеру кезінде де ұсынылуы мүмкін.
Үкім шығарумен аяқталған қылмыстық істерді зерттеудің нәтижесінде анықталғаны: қылмыс туралы арыз және хабарламамен бір уақытта зерттелген істердің жалпы мөлшерінен 17,8%-да қосымша материалдардын ұсынылғандығы, сонымен бірге алимент төлеуден бас тарту материалдары – 9,8%-да, көлік-жол оқиғаларының материалдары 2,58%-да, сырқаты жөнінде анықтамалар 1,5%-да, ревизия мен түгендеулер актілері 0,88%-да [36, 25].
Қылмыстық істі қозғаудан бас тартылған арыздар мен хабарламаларға қосымша материалдардың 38,5%-зы тіркелгендігі анықталды, сонымен қатар көлік – оқиғалары жөніндегі материалдар 29,4%-да, қалалық телефон байланыс актілері 7,5%-да, сырқатының тарихы 0,9%-да анықталған [37, 18].
3 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
3.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі
Қылмыстық іс қозғаудың тәртібі ҚР-ң ҚІЖК-нің 186-бабында көрініс тапқан. Соған сәйкес, қылмыстық іс қозғауға себеп пен негіз болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарады. Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кім жасағаны, қылмыстық іс қозғаудың себептері мен негіздері, ол кімге қатысты қозғалып отырғаны, белгілер бойынша іс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ істің бұдан былайғы бағыты қөрсетіледі.
Қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі. Қабылданған шешім туралы арыз берушіге және өзіне қатысты іс қозғалып отырған адамға оған қылмыстық ізге түсудің басталуына байланысты құқықтары мен міндеттерді түсіндіре отырып, хабарланады. Сонымен қатар, егер қылмыс жасаудан зардап шеккен адам белгілі болса, қылмыстық іс қозғаумен бір уақытта ол жәбірленуші деп танылады, ал егер қылмыс жасалғаны туралы хабармен бірге азаматтық талап қойылса, онда бұл адам сонымен қатар азаматтық талапкер деп танылады.Қылмыстық ізге түсу органы кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға, тіркеуге және қарауға міндетті. Арыз берушіге арызды немесе хабарды қабылдаған адамды, оны тіркеген уақыт пен арыз немесе хабар бойынша шешім қабылдануға тиісті уақытты көрсете отырып, қылмыс туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тіркелгені туралы құжат беріледі. Қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдаудан негізсіз бас тартуға прокурорға немесе сотқа шағымдануға болады [38, 296].
Сотқа түскен қылмыс туралы арыз немесе хабар, жеке айып тағу істерін қозғау жағдайларын қоспағанда, прокурорға жіберіледі, ол туралы арыз берушіге хабарланады. Ал, басқа қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істі талқылау кезінде қылмыс белгілерін байқағанда, ол туралы жеке қаулы арқылы прокурорға хабарлауға міндетті.
Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бұйрығымен 6 шілде 2009 жылы № 106 санды «Арыздарды, хабарларды шағымдарды және басқа да қылмыс туралы ақпараттарды қабылдау, тіркеу және оларды есепке алу туралы» инструкция қабылданды [39].
Аталған Инструкцияда құқықтық статистиканың субъектілеріне, арыздарды, хабарларды және басқа да қылмыс туралы мәліметтерді есепке алудың бірыңғай тәртібі көрсетілген.
Инструкцияға сәйкес құқықтық статистика субъектілеріне келесі органдар жатады:
- Прокуратура органдары;
- Ішкі істер министрлігі;
- Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
- Қаржы полициясы;
- Мемлекеттік кіріс министрлігінің жанындағы кеден комитеті;
- Қорғаныс министрлігі;
- Төтенше жағдай жөніндегі комитет.
Бұл инструкция 6 бөлімнен тұрады. Оның мазмұнында арыздар мен хабарларды және басқа да қылмыс туралы ақпараттарды қабылдаудың тәртібі, оларды қалай тіркеу керектігі, қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қараулығын, статистикалық есебі, арыздар мен хабарлардың, қылмыс туралы басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу және оларды есепке алу тәртібіне қадағалау жасаудың тәртібі көрсетілген.
Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қараудың мерзімдік шегі бар. ҚР ҚІЖК-нің 18-ші бабына сәйкес құзыретті органдар қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешімді, ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей қабылдауға тиіс. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, оқиға болған жерді қарау, сараптама жүргізу үшін бұл мерзім анықтау органының бастығы, тергеу бөлімі бастығының шешімімен он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда – бір айға дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл ерекше жағдайларға мысал келтіретін болсақ, оларға сараптаманың тағайындалуына, көп адамнан түсініктеме алудың қажеттігіне, адамдардың басқа жерде тұруына байланысты және т.б. жағдайларды айтуымызға болады [40].
Түсініктемелер алу қылмыс туралы арыз бен хабарламаны тексерудің бір амалы. Және оны дәлелдемелердің бір түрі ретінде қарастыруға болады. Бұлай деуіміздің себебі ҚР ҚІЖК 123 бабының екінші бөлігіне сай: «Құжаттар жазбаша да, өзге нысанда да көрсетілген мәліметтерді қамтуы мүмкін. Құжаттарға, сонымен бірге осы Кодекстің 125 бабында көзделген тәртіппен алынған, талап етілген немесе табыс етілген тергеуге дейінгі тексерулердің материалдары (түсініктеме және өзге де көрсетулер, түгендеулер, тексерулер актілері, анықтамалар), сондай-ақ компьютерлік арналарды қамтитын материалдар, фото және кино суреттер, дыбыс және бейне жазбалар да жатады» деп көрсетіледі. Аталған норманың мазмұнынан қылмыстық іс қозғау сатысында алынған түсініктемелерді дәлелдеме ретінде белгілі бір шешімді қабылдау үшін қолдануға болатындығын байқаймыз.
Түсініктемелер алу дәлелдемелерді жинаудың әдісі ретінде жауап алу үшін міндетті процесуалдық нысанның элементтерінен айырылған. Түсініктеме беруші тұлғаға жауап беруден бас тартқаны үшін және өтірік жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік ескертілмейді. Егер азамат түсініктеме беру үшін келуден жалтарған жағдайда оған мәжбүрлі түрде келтіру шарасын қолдана алмаймыз. Мұндай жағдайда тексеруді жүзеге асыратын тұлға түсініктемені алу қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімді қабылдауға қажетті екендігін және өзіне белгілі мән-жайлардың барлығын айту оның азаматтық борышы екендігін түсіндіруі тиіс. Қажетті жағдайларда қоғамдық ұйымдардың алдына шақырылып отырған адамның әрекетінің дұрыс еместігі жөнінде мәселе қойылуы мүмкін [41, 82].
Түсініктеме оны берушінің өз қолымен немесе қылмыстық процесті жүргізуші лауазымды азаматтар арқылы жазылуы мүмкін; онда түсініктемені беруші адам жөніндегі мәліметтер (тегі, аты-жөні, туылған жылы, жұмыс орны мен тұрағы) көрсетілуі тиіс. Жалпы түсініктемені алудың тәртіптері, олардың рәсімделуі, бекітілуі заңды тұрғыдан реттелінбейді. Сондықтан түсініктемені алудың тәртіптері мен жалпы ережелерін заңда бекіту орынды болар еді.
Сондай-ақ қазіргі заң күші бар қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен түсініктемелер алынатын тұлғалардың шеңбері анықталмаған. Осыған орай, кейбір авторлардың айтуынша, тек қана мүдделі азаматтар ғана емес, қылмыстық іс қозғау немесе одан бас тарту туралы мәселені шешуге қажетті мәліметтерді білетін кез келген адамдар мен лауазымды азаматтар шақыртылуы мүмкін [42, 15]. Бұл мәселені де заңдастырудың қажет екендігі ұсынылады.
Кейбір жағдайларда оқиғаның кейбір сәттерін нақтылау үшін арыз берушіні шақырту қажет болады. Бірақ арыз берушіден өзге адамдарды шақыруға болмайды, себебі, арызды немесе хабарды тексеру тергеудің орнын алмастыра алмайды деген пікірмен келісуге болмайтын сияқты [43, 142].
Әлбетте, болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы мәліметті тексеру тергеудің орнын алмастыра алмайды, ол тек тергеудің басталуына қажетті шарттарды анықтау үшін қажет. Аталған шарттарды анықтау үшін ғана анықтаушы, тергеуші және прокурордың белсенді деп тапқан заңда бекітілген кез келген әдістер қолданылуы мүмкін, сонымен бірге оқиғаны өз көзімен көрген және өзге де азаматтардан түсініктемелер алынады.
Кейбір жеке жағдайларда түсініктеме алу үшін қылмыс жасады деген мәлімет бар адамды да шақырту орынды. Оның нәтижесі бұл адамның әрекетінде қылмыс құрамының немесе іс бойынша процесті болдырмайтын жағдайлардың бар екендіктеріне әкеп соқтыруы мүмкін. Яғни қылмыстық істі негізсіз қозғаудың алдын алған жағдайларда, егер тексерудің нәтижесінде мән-жайлар анықталып, ол қылмыстық істі қозғауға кедергі болатын жағдайлар жоқ болса, онда қылмысты жасаған адамнан түсініктеме алудың қажеттігі жоқ. Сондықтан заң әдебиеттеріндегі тұлға барлық уақытта түсініктеме беру үшін шақыртылуға міндетті деген пікір қарама қайшылық тудырады [44, 30-31]. Мұндай ұсыныс тергеудің елеулі қиындауына әкеледі, себебі қылмысты шындығында жасаған адам басталып кеткен тексеру жөнінде хабардар болады және ол қылмыс іздерін жою мен өзгерту үшін шаралар қолдануы мүмкін. Тексеру жүргізіліп жатқан мәліметтердің жариялануының алдын алу мақсатында азаматтар мен оларды шақыртуды аса сақтықпен жүргізу қажет: себебі, олар қылмыс туралы шешімді негіздеуге қажетті, жеткілікті деректерді жинаудың өзге жолдары болмаған кезде ғана шақыртылуы тиіс.
Сондай-ақ, түсініктемелер алу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келмейтін жағдайларды да ескеру қажет. Себебі түсініктеме алу қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүзеге асырылады. Ал іс жүргізу өндірісі басталмас бұрын ол адамның процесуалдық жағдайы да анықталмайды. Ол түсініктемені процесс аяқталғанға дейін дәлелдеме ретінде қолдануға болмайды. Сондықтан мұндай жағдайдан шығудың жолы қылмыстық іс жүргізу өндірісі басталғаннан кейін алынған түсініктеменің орны жауап алу және өзге де хаттамалармен алмастырылуы болып табылады.
Түрлі санаттағы қылмыс туралы арыз бен хабарламаны тексерудің ұтымдырақ әдістерін және тексеру әрекеттерін жүргізудің тактикалық амалдарын ұсынуды жетілдірумен криминалистика ғылымы айналысады. Қылмыс туралы алғашқы материалдарды қараумен байланысты сұрақтар криминалистика пәніне және жекелеп алғанда қылмысты тергеу әдістеріне жатқызылмайды деген кейбір авторлардың пікірлерімен келісуге болатын сияқты [45, 12].
Қылмыс туралы арызды, хабарламаны, өтініштер мен өзге де мәліметтерді уақытылы, тиімді қараудағы заңдылық пен есеп-тіркеу тәртіптерін нығайтудағы шаралар өңделуге жатады.
Ол шаралардың негізінде №1550 мемлекеттік органдарда азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздарын қарау нәтижелерін тіркейтін біртұтас жүйені құру, сондай-ақ «Жемқорлықпен күрес және мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметтеріндегі тәртіпті бекіту мен нығайту шаралары» жөніндегі Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығының ережелері жатқызылады.
Аталған жүйені құру сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстар бойынша арыздар мен хабарламаларды қарау механизімінің уақытылы іс әрекет жасауын талап етеді.
Қазіргі таңдағы түскен хабарламалар бойынша қаржы полициясы органдарының қызметтері қылмыстық іс жүргізу заңымен, жедел-іздестіру қызметі туралы және қаржы полициясы органдары туралы заңнамаларымен ретеледі. Дегенмен, қылмыстық қудалау органдарының тәжірибелеріне жүгінетін болсақ, қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды тексерудегі қызметтері әлі де заңды тұрғыдан өңделіп, реттелуге жатады.
Тергеуші өзіне қажетті жағдайларда тиісті тексерулер жүргізу үшін ұйымдарға нұсқау бере алады.
Ведомстволық тексеру институты кезіндегі кеңес одағы және қазіргі таңдағы заңнамаларға таныс. ҚР Прокуратурасы туралы заңының 29 бабына сай «...заң бұзушылықтың барына орай министрліктер, ведомстволар, мекемелер, ұйымдар және жергілікті атқару органдарының басшыларына тексерулер мен ревизия жүргізу жөнінде талап қоюға құқылы» деп көрсетілген. Әрине, мұндай нұсқауларды беру жалпы қадағалауды жүзеге асыратын прокурорларға тән. Тексерулерді тағайындау алғашқы материалдарды алдын ала тексеруді жүзеге асырудың бір жолы. Сондықтан тексеруді оны жүргізетін адам жұмыс істейтін ұйымдарға емес, одан жоғары тұрған органға беру орынды болар еді. Себебі ол белгілі бір тексерудің барысы мен оның объективтілік элементін төмендетуіне әсер етпейді.
Информация о работе Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде