Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 17:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………….. 11
1 Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі
1.1 Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні .................................... 15
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар ....................................... 23
1.3 Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу
модельдері және маңызы ....................................................................
31
2 Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер
2.1 Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі.... 36
2.2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері..................................................... 42
2.3 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері............................... 44
3 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
3.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі .................................................................................................
50
3.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер ............ 55
3.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау................ 59
Қорытынды .................................................................................................... 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 71

Прикрепленные файлы: 1 файл

дербес саты ісқоз.2012.doc

— 498.00 Кб (Скачать документ)

Ведомстволық тексеру  ұйымның, мекеме мен кәсіпорынның қаржылық өкімдік пен жедел қызметіне  қатысты мәселелерді тексеру  үшін тағайындалады. Ведомстволық тексерудің мазмұны, мысалы, түсініктемелер алу  қызметімен бір деп есептелмейді. Әрине, тексерудің барысында тексеруші мәліметтерді тиісті тәртіптермен алуы мүмкін және олар міндетті болып табылады. Бірақ тексеру онымен шектелмейді: ол белгілі бір фактілерді (құжаттарды зерделеу, технологиялық процестің барысын бақылау және т.б.) анықтауға бағытталған тексерушінің нақты әрекеттерінен тұрады.

Міне, осыған байланысты арызданушы қылмыстық істі қозғаудан  бас тартылғандығы жөнінде хабардар болумен қатар, оған тиісті қаулының көшірмесіжіберілуі тиіс деген ұсыныс қолдау тауып отырған сияқты [46, 160]. Бұдан басқа арызданушыға оның арызы бойынша жүргізілген тексерудің материалдарымен танысу және оны толықтыру жөнінде өтініш  мәлімдеу құқығын берсе, орынды болар еді [41, 18-19].

Қазақстан Республикасының  ҚІЖК-нің 187-бабының 2 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі. Осы ереже және өзге де жоғарыда ұсынылған толықтырулар қылмыстық істі қозғау сатысында заңды және негізді шешімдерді қабылдауға өз әсерін тигізетіндігіне сенімдіміз.

Қылмыс туралы арыздар  мен хабарларды қараудың мерзімін ұзарту туралы міндетті түрде жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурорға хабарлануы тиіс.

Жасалған немесе жасалуға дайындалып жатқан қылмыс туралы арыздар мен хабарлар көбінесе ішкі істер органдарына келіп түседі. Осындай арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу екі түрлі жолмен жүргізіледі:

1) жасалған немесе жасалуға дайындалып жатқан қылмыстар туралы, ауызша не жазбаша арыздар мен хабарлар «Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды есепке алу кітабында тіркеледі (КУЗ - книга учета заявлений и сообщений о преступлениях);

2) қылмыс туралы басқа да мәлімет, ақпараттар, олар телефон, телеграф немесе сигнализация арқылы келіп түссе, «Қылмыс туралы мәліметтерді, ақпараттарды есепке алу» журналында тіркеледі (ЖУИ - журнал учета информаций).

Келіп түскен ақпараттар тексерілгеннен кейін, қылмыстық ізге түсу органының қызметкері, қылмыстық іс қозғау туралы, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы немесе арызды, хабарды тергелу ретімен, ал жеке айыптау істері бойынша – соттылығы бойынша жіберу туралы, шешімдердің біреуін қабылдауы тиіс [47, 95].

Қылмыс туралы  арыздарды, хабарларды, басқа да ақпараттарды қабылдау барысында келесі талаптар сақталуы керек:

- ресми құжат негізінде (жеке куәлік, паспорт, әскери билет және т.б.) арыз берушінің жеке басын анықтау;

- арыз берушіні әдейі жалған сөз жеткізгені үшін ҚР ҚК 351-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту;

- ауызша арыздар мен хабарларды міндетті түрде хаттама жасау арқылы бекіту;

- арызды немесе хабарды хаттамаға арыз берушінің атынан енгізу;

- хаттамада арызды қабылдап алған лауазымды тұлғаның және арыз берушінің қолын қою.

Арыз беруші арызды өзінің ана тілінде немесе білетін тілінде  беруге, аудармашының көмегін пайдалануға  құқылы.

Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды тексерудің амалдары мынадай:

1. Қылмыстық іс козғалғанға дейін тек екі кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекетін жүргізуге жол беріледі:

а) қарау (ҚР ҚІЖК-нің 184, 221-бабының 2-бөлімі);

б) сараптама тағайындау (ҚР ҚІЖК-нің 184, 242-бабының 2-бөлімі);

2. Түсініктеме алу (қылмыстық іс қозғалғанға дейін жауап алу тергеу әрекеті жүргізілмейді);

3. Құжаттарды және өзге де мәліметтерді сұрату (мінездеме, анықтама, және т.б.);

4. Жедел іздестіру әрекеттерін жүргізу;

5. Ведомстволық тексеру жүргізу жөнінде ұсыныс жасау (ревизия, тәуелсіз аудит, бухгалтерлік есеп жүргізу, инвентаризация).

Осындай тексеру әдістерінің  арқасында қылмыстық іс қозғау туралы шешімнің заңды, объективті, негізді  болуы қамтамасыз етіледі.

 

 

3.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер

 

Қылмыстық іс бойынша өндірісті бастау үшін, қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды тексеру нәтижесінде қабылданатын шешімдер заңда белгіленген процессуалдық формаға (тәртіпке) сәйкес болу керек. Процессуалдық форманы сақтау қылмыстық іс қозғаудың негізді болуына кепілдік болады.

Қылмыстық іс қозғау сатысында  белгілі бір шешім қабылдау барысында  қылмыстық ізге түсу органдары ҚР ҚІЖК-нің 185-бабында белгіленген  ережелерге сүйенуі керек.

Қылмыс туралы арызды немесе хабарды алған әрбір жағдайда немесе қылмыс тікелей анықталғанда анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші немесе прокурор мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) қылмыстық іс қозғау туралы;

2) қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы;

3) арызды, хабарды тергелу ретімен, ал жеке айыптау істері бойынша соттылығы бойынша беру туралы.

Жоғарыда аталған органдар қылмыстық әрекет туралы алғашқы  мәліметтерді алғаннан кейін белгілі бір мерзім ішінде оны қарап, оныңнегізділігін тексеруге міндетті.

Қылмыстық ізге түсу органдарының  лауазымды тұлғалары қылмыс туралы мәліметтерді қарау нәтижесінде белгілі – бір қорытындыға келеді. Осыған орай қылмыстық іс қозғау қызметінің келесі кезеңі – шешім шығару болып табылады. Бұл  шешім процесуалдық заңға сәйкес қаулы нысанында шығарылады және ол сөзсіз қылмыстық процесуалдық акт болып          табылады (ҚР ҚІЖК 185 бабы).

Шешімнің қабылданғандығы  жөнінде прокурорға (егер іс тергеушімен немесе анықтама органдарымен қозғалса) және мүдделі тұлғаларға хабарланады. Сонымен бірге арызданушылардың мүддесін  қабылданған шешім қанағаттандырмайтын болса, оған шағым беру құқығы бар екендігі түсіндіріледі. Егер қабылданған шешімге шағым немесе наразылық келтірілетін болса, онда белгілі бір тәртіппен бұл шешімнің заңдылығы мен негізділігі тексеріледі, ал қайта тексерудің нәтижесінде тиісті шешім шығарылады және ол жөнінде мүдделі тұлғалар құлақтандырылады [48, 85].

Қылмыстық істі қозғау немесе іс қозғаудан бас тарту  туралы шешімді қабылдау дәлелдемелер жиынтығына негізделуі тиіс. Сот, прокурор, тергеуші және анықтаушы арызда, анықтамаларда, түсініктемелерде және өзге де материалдарда  көрсетілген мәліметтерді өздерінің ішкі қалыптасқан нанымдары бойынша бағалап, заңды және негізді шешім                 қабылдаулары тиіс [49, 23-24]. 

Қабылданған шешім туралы арыз берушіге хабарланады және сонымен  бір уақытта оған шешімге шағым  беру құқығы түсіндіріледі.

Арыз немесе хабар  тергелу ретімен немесе соттылығымен жіберілген жағдайда анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор қылмыстың алдын алу, қылмыс іздерін бекіту шараларын колдануға міндетті.

Қылмыстық іс қозғауға жеткілікті негіздер мен себептер болған кезде, анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, және прокурор қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарады.

Қаулы кіріспе, сипаттама  жөне қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде қаулының шығарылған күні мен уакыты, оны  кім шығарғаны жөнінде көрсетіледі.

Сипаттама бөлімінде қылмыстық істің қысқаша мән-жайы, егер қылмыс жасаған адам белгілі болса, кімге қатысты қозғалғаны, қылмыстық іс қозғаудың себептері мен негіздері туралы жазылады. Қаулының бұл бөлімі басқаларына қарағанда күрделі болып есептеледі.

Қаулының қорытынды бөлімінде қылмыстық іс қылмыстық заңның қай бабы бойынша қозғалғаны жөнінде және істің болашақ бағыты туралы жазылады [50, 126].

Қылмыстық іс қозғау туралы қаулыны дұрыс жазудың мәні, маңызы өте зор. Қаулыны дұрыс құру, оның негізді шығарылуы қылмыстық процестің келесі сатысы – алдын ала тергеу сатысына үлкен ықпалын тигізеді.

Қылмыстық іс қозғау туралы қаулыны шығарғаннан кейін, құзыретті  орган қылмыс туралы мәліметтерді құқықтық статистика және ақпарат органына міндетті түрде тіркеуі керек. Тек содан кейін ғана қылмыстық іске жеке нөмір беріледі.

Осындай тіркеу жүргізу  барлық қылмыстық істер бойынша  міндетті. Тіркеудің арқасында барлық қылмыстар қатаң есепке алынады  және қылмыс фактілерін жасыруға жол  бермеуге кепілдік болады.

Қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарғаннан кейін қылмыстық ізге түсу органы 1.0. формалы статистикалық карточканы толтырады. Оны прокурор қолын қойып, куәландырады және прокуратура органындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығында тіркелінеді (ЦПСиИ).

Қылмыстық істер нақты тұлғаларға қатысты немесе қылмыс фактісі бойынша да қозғала береді.

Қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі. Шығарылған шешім туралы арыз берушіге және қылмыстық іс қозғалған тұлғаға хабарланады, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.

Қылмыстық іс қозғау туралы прокурордың шығарған қаулысы алдын  ала тергеу органына немесе анықтау  органына тергелу ретімен жіберіледі. Сол бойынша олар алдын ала тергеуді немесе анықтау жүргізуді бастайды. Сонымен қатар, олар қылмыстық істі өзінің өндірісіне алу туралы жеке қаулы шығарады, оның көшірмесін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурорға жібереді. Ал егер істі қозғаған тергеуші немесе анықтаушы сол істі өз өндірісіне алса, онда олар қылмыстық іс қозғау туралы және істі өз өндірісіне алу туралы бірыңғай қаулы шығарады.

Қылмыстық іс қозғауға негіздер мен себептер болмаған кезде, қылмыстық  ізге түсу органы қылмыстық іс қозғаудан  бас тарту туралы қаулы шығарады. Ол үшін қылмыстық іс қозғауды болдырмайтын мән-жайларды анықтап алу керек, содан кейін ғана қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы заңды және негізді болып табылады [51, 57]. Бұл қаулы да үш бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлімінде қаулының шығарылған уақыты, орны, кімнің шығарғаны  жөнінде жазылады. Қаулының сипаттама бөлімінде істің мән-жайы, қылмыстық өндірісті болдырмайтын мән-жайлар, оны дәлелдейтін дәлелдемелер көрсетіледі. Сонымен қатар осы бөлімде қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға негіз болған заң нормасына сілтеме міндетті түрде болу керек. Ал қаулының қорытынды бөлімінде – іс бойынша қорытынды шешім толық жазылады. Қаулының көшірмесі прокурорға жиырма төрт сағаттың ішінде жіберіледі. Сондай-ақ қаулының көшірмесі арыз берушіге беріліп, лауазымды тұлға оған құқықтарын және шығарылған қаулыға шағымданудың тәртібін түсіндіруге міндетті.

Қылмыстық істі қозғау сатысында  шығарылатын шешімнің тағы бір түрі – арызды, хабарды тергелу ретімен, ал жеке айыптау істері бойынша -соттылығы бойынша жіберу туралы шешім (ҚР ҚІЖК-нің 188-бабы).

Қылмыстық іс қозғауға құқық берілген лауазымды адам немесе орган қылмыс туралы арызды немесе хабарды қылмыстық істі қозғамай, тергелуі реті бойынша тек:

1) қылмыс бұл ауданнан тысқары жерде жасалып және қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін қылмыс жасалған жерде тергеу әрекеттерін жасау қажет болған;

2) қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін ол тергелуіне жатқызылған орган ғана жүргізе алатын тергеу әрекеттерін жасау қажет болған жағдайларда ғана беруге құқылы.

Қылмыстық істі қозғаудан  бас тарту туралы заңды және негізді шешімдерді қабылдаудың маңызды кепілдіктерінің бірі болып ҚІЖК-нің 187 б. 2 б. көрсетілген ереже табылады. Онда қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға және арыз берушіге жіберіледі. Бұл ретте арыз берушіге құқықтары мен қаулыға шағымдану тәртібі түсіндірілуге тиіс деп көрсетілген.

Шағымдар қылмыстық  істі қозғаудан бас тарту туралы қабылданған  қате шешімдерді түзетудің жиі кездесетін құралдары болып табылады. Жекелеп алғанда, бұл жөнінде тергеуші мен анықтама  органдарының қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулыларына келтірілген шағымдардың 33% (кейбір республикаларда 50% ) прокурордың қанағаттандыратыны белгілі.

Ю. Манаевтың мәліметтері бойынша осы шақта бұл қаулылардың тек 3% ғана шағымдануға жатады. Ал бұл белгілі жағдайларда былай түсіндіріледі: арыз берушілерге тек 67,35% жағдайларда ғана қылмыстық істі қозғаудан бас тартылғандығы хабарланған және тек 13,6% арызданушыларға қабылданған шешімге шағымдану құқықтарының бар екендігі түсіндірілген [52, 14].

Қылмыстық істі қозғаудан  бас тарту туралы шешімнің заңдылығын зерттеу барысында біздің анықтағанымыз, яғни фактілі қылмыстық істі қозғаудан  бас тарту туралы қабылданған шешім жөнінде 59,0%-ы арызданушыларға хабарланған, ал өзін-өзі өлтіргендердің  материалдары бойынша тек 10,6%-ы ғана хабардар болған. Егер өзін-өзі өлтіргендердің материалдары бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімге шағымдану тәртібі арызданушылардың барлығына да түсіндірілсе, ал екінші топтағы материалдар бойынша шешімнің қабылданғандығы жөнінде тек 27,4%-ына хабар берілген. Нәтижесінде бірде-бір қаулыға шағым берілмеген.

Арызды немесе хабарды, қылмыстық іс қозғамай, тергелу реті бойынша берілгені туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурор хабардар етілуге тиіс. Қылмыстық іс қозғамай, соттылығы бойынша жіберуге жәбірленушілердің жеке айыптау тәртібімен қозғалатын қылмыстар туралы шағымдары ғана жатады.

ҚР Бас Прокуратурасының «Арыздарды, хабарларды, шағымдарды және басқа да қылмыс туралы ақпараттарды қабылдау, тіркеу және оларды есепке алу туралы» Инструкциясында көрсетілгендей, арыздардың, хабарлардың тергелу ретімен, ал жеке айыптау істері бойынша соттылығымен жіберілгендігі туралы арызданушыға жазбаша түрде хабарланады.

 

 

 

3.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау

Информация о работе Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде