Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 17:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………….. 11
1 Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі
1.1 Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні .................................... 15
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар ....................................... 23
1.3 Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу
модельдері және маңызы ....................................................................
31
2 Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер
2.1 Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі.... 36
2.2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері..................................................... 42
2.3 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері............................... 44
3 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
3.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі .................................................................................................
50
3.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер ............ 55
3.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау................ 59
Қорытынды .................................................................................................... 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 71

Прикрепленные файлы: 1 файл

дербес саты ісқоз.2012.doc

— 498.00 Кб (Скачать документ)

Заң әдебиетінде қылмыстық  іс қозғаудың негіздері деген  түсінік бойынша бірнеше пікір  бар.

Ғалымдардың бірінші тобы, қылмыстық іс қозғаудың негізі деп жасалған қылмыстың фактісін айтады.

Екіншілері – қылмыстық іс қозғаудың негізі деп қылмыстың құрамының болуын түсінеді.

Ал үшіншілері – қылмыстық іс қозғаудың негізі деп қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуын айтады [22, 18].

Соңғы айтылған пікір  қазіргі біздің қолдануымыздағы  ҚР ҚІЖК-де, көрсетілген қылмыстық  іс қозғаудың негізі деген түсінікпен бірдей.

Болған оқиғада қылмыстың  белгілерін көрсететін жеткілікті деректермен  қатар, қылмыстық ізге түсу органдары қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын мән-жайларды да анықтаулары керек. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын мән-жайлардың тізімі ҚР ҚІЖК-ң 37-бабында белгіленген.

Сонымен, қылмыстық іс қозғауға жол бермейтін, ал қылмыстық іс қозғалған жағдайда, оның қысқартылуына әкеліп соғатын жағдайлар келесі болып табылады:

1) қылмыс оқиғасының болмауы;

2) әрекетте қылмыс құрамының болмауы;

3) егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық 
ету актісінің салдары;

4) мерзімнің ескіруіне байланысты;

5) ҚР ҚІЖК-нің 33-бабының екінші бөлімінде және 34-бабының екінші бөлімінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптардың бірінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, яғни жеке айыптау және жеке-жариялы айыптау істері бойынша, жәбірленушінің шағымының болмауы;

6) ҚР ҚІЖК-нің 33-бабының бірінші бөлімінде көрсетілген жеке айыптау істері бойынша жәбірленушінің айыптаудан бас тартуы;

7) өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

8) белгілі бір айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық ізге түсуден бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

9) қылмыстық іс қозғау, оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты;

10) әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты;

11) іс бойынша іс жүргізу қайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты тергеу үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты;

12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ережелеріне 
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға 
қатысты.

Сонымен қылмыстық іс қозғаудың негіздері дегеніміз – ол қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы және қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың болмауы.

Егер қылмыстық ізге түсу органдарына белгілі болған әрекет не әрекетсіздік фактісінде қылмыстың белгілері болмайтын болса, онда бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғауға негіздің жоқ екендігін білдіреді.

 

 

2.3 Қылмыстық іс қозғаудан  бас тартудың негіздері

 

Қылмыстық іс қозғауға негіздің болмауы қылмыстың белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болмауын білдіреді.

Қылмыстық іс қозғауға негіздер болмаған кезде қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іс қозғаудан бас  тарту туралы қаулы шығарады (ҚР ҚІЖК-ң 187-бабына сәйкес). Бұндай шешімді тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтаушы, анықтау органының бастығының бекітуімен, анықтау органы немесе прокурор дербес шығарады, және шығарған шешімдері бойынша жауапкершілікте болады. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы процессуалдық акт ретінде белгілі бір талаптарға сай болу керек. Ол қылмыстық іс қозғау туралы қаулы сияқты, негізді, толық, және заң талаптарына сай болуы тиіс. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға және арыз берушілерге жіберіледі. Бұл ретте арыз берушіге құқықтары мен қаулыға шағымдану тәртібі түсіндірілуге тиіс. Арыз берушілер ретінде азаматтар, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар, т.б. болуы мүмкін.

Тергеушінің, анықтаушының қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулысына тиісінше тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына, сондай-ақ прокурорға немесе сотқа заңда белгіленген тәртіп бойынша шағымдануға болады. Соттың жеке айыптау туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады [31, 216].

Егер келіп түскен арызда (хабарда) азаматтардың саяси, еңбек, тұрғын үй, отбасы және өзге де құқықтарын бұзушылық, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қойылатын ұйымдардың заңды мүдделерін бұзушылық байқалса, онда қылмыстық іс қозғаудан бас тартумен бір уақытта мүдделі адамдарға бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру үшін азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну тәртібі түсіндірілуге тиіс.

Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық іс қозғауға негіздің болмауы қылмыстың белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болмауы және қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын мән-жайлардың біреуі болмаса біреуінің болуы [32, 102].

Бұл мән-жайлар ҚР КІЖК-нің 37-бабында көрініс тапқан. Осы мән-жайларға жеке-дара тоқталып кетейік.

1. Қылмыстық оқиғасының болмауы (ҚР ҚІЖК 37-б. 1 б. 1 т.).

Егер қылмыстық ізге түсу органдарына келіп түскен арызды немесе хабарламаны тексеру барысында:

- арызда немесе хабарда көрсетілген оқиғаның  шын мәнінде болмағандығы анықталса;

- оқиға жәбірленушінің өзінің әрекеттерінің салдарынан болғандығы анықталса (мысалы, өзін-өзі өлтіруі, асылып өлу, т.б. кездейсоқ апат болса);

- егер оқиға табиғи апаттардың салдарынан болғандығы анықталса, (мысалы, жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт, т.б.), қылмыстық іс қозғалмайды, ал қозғалған қылмыстық іс қысқартылуға жатады.

2. Әрекетте қылмыстың құрамының болмауы (ҚР ҚІЖК 37-б.1 б. 2 т.).

М.С. Строгович: «Егер қылмыстық ізге түсу органдарына белгілі қылмыстың оқиғасында қылмыстың құрамы болмаса, бұндай іс қозғалуға жатпайды», - деген екен [11, 10].

Қылмыстың құрамы төрт элементтен тұратындығы бізге қылмыстық  құқықтан белгілі. Олар:

- қылмыстың объектісі;

- объективтік жағы;

- қылмыстың субъектісі;

- субъективтік жағы.

Әрекетті қылмыс деп тану үшін осы аталған қылмыс құрамының элементтерінің барлығы болуы керек.

Сонымен, егер:

- жасалған іс-әрекет қылмыстық заңда қылмыс деп танылмаса;

- егер әрекет қажетті қолдану, аса қажеттілік, сезіктіні ұстау кезінде оған зиян келтіру, орынды тәуекел, психикалық немесе күштеп мәжбүрлеу, бұйрықты орындау кезінде болса, қылмыстық іс қозғаудан бас тартылады.

3. Егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары (ҚР ҚІЖК-нің 37-б. 1 б. 3т.).

Рақымшылық ету актісі – ол жоғарғы мемлекеттік органның актісі болып табылады. Рақымшылық ету актісіне сәйкес, осы рақымшылық ету актісіне жататын қылмыстар бойынша тергеудегі істер бойынша өндіріс қысқартылады, ал іс бойынша тергеу аяқталған, бірақ сот әлі үкімін шығармаған істер соттың шешімімен қысқартылады. Егер де рақымшылық актісі соттың үкім шығаруы кезінде қабылданса, сот жаза тағайындап, бірақ одан босататын айыптау үкімін шығарады.

Егер қылмыстық іс рақымшылық ету актісін қолдануға  жататын болса, бірақ айыпталушы жағы кінәлі емес деп санап, өзіне қатысты рақымшылық ету актісін қолданбай-ақ қоюды сұраса, бұндай адамның ісі бойынша тергеу жалғастырылады және болашақта сот талқылауы жүргізіледі. Бірақ сот айыпталушыны кінәлі деп таныса, сол айыпталушыға қатысты рақымшылық ету актісінің негізінде іс қысқартылады немесе жазадан босататын айыптау үкімі шығарылады.

Рақымшылық ету актісі шыққаннан соң аяқталған қылмыстар бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға болмайды. Қылмыс жасаған адамның кінәсін мойындау, мойындамауы рақымшылық ету актісін қолдануға әсерін тигізбейді.

4. Мерзімнің ескіруіне байланысты (ҚР ҚІЖК-нің 37 б. 1 б. 4 т.).

Қылмыстың ескіру мерзімі, жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты, қылмыс жасалған күннен бастап есептелінеді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 69-бабында қай қылмыстар бойынша, қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескіруі қалай есептелетіні көрсетілген:

- жеңіл қылмыстар бойынша -2 жыл өтсе;

- орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша - 5 жыл өтсе;

- ауыр қылмыстар бойынша - 10 жыл өтсе;

- аса ауыр қылмыстар бойынша -15 жыл өтсе, заң шығарушы осы қылмысты жасаған тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен босатады. Сонымен қатар, егер қылмыс жасалған күннен бастап 25 жыл өтсе, ескіру мерзімі үзілмеген болса, тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Мерзімнің ескіруіне байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға болмайды, егер қылмыс жасады деп жауапкершілікке тартылған тұлға бұл негіз бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға қарсы болса. Бұл жағдайда іс бойынша іс жүргізу жалғастырылады және оған негіз болған кезде сотталған адамды жазадан босату арқылы айыптау үкімімен аяқталады [33, 169-171].

5. Жәбірленушінің шағымдануының болмауы (ҚР ҚІЖК-нің 37 б. 1 б. 5 т.).

Егер ҚР ҚІЖК-нің 32-34 баптарында көрсетілген жеке айыптау және жеке-жариялы  айыптау істері бойынша жәбірленушінің шағымы болмаса, бұл – қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға негіз болады. Тек ерекше жағдайда ғана прокурор жеке айыптау және жеке-жариялы айыптау істері бойынша, жәбірленуішінің шағымы болмаса да, іс қозғауға құқылы. Мұндай ерекше жағдайларға мыналар жатады:

1) егер тұлғаның дербес қорғауға қабілеті болмаса;

2) егер қылмыс қоғамға немесе мемлекет мүддесіне қарсы болса.

Аталған жағдайларда жәбірленушінің арызы болмаса да, прокурор қылмыстық іс қозғауға құқылы.

6. Жеке айыптау істері бойынша жәбірленуші мен айыпталушының татуласуы (КР ҚІЖК-нің 37 бабының 1 бөлімінің 6 тармақшасы).

Жеке айыптау істері бойынша жәбірленуші өзі бастапқыда берген шағымынан бас тартқан кезде, оның айыпталушымен бейбіт келісімге келуі негізінде, судья тараптардың татуласуы бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

7. Өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша, соттың заңды күшіне енген үкіміне қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты (ҚР ҚІЖК-нің 37 б. 1 б. 7 т.).

Қылмыс жасаған тұлға, сол қылмыстық іс-әрекеті бойынша екі рет жауаптылыққа тартылмайды: «non bis idem». Бұл үшін сол айып бойынша бұрын заңды күшіне енген соттың үкімі болуы керек.

Бірақ, ерекше жағдайда сол  іс бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Егер:

- соттың қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы не ақтау үкімі қадағалау тәртібінен бұзылса;

- немесе соттың қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы не ақтау үкімі жаңадан айыпталған мән-жайлар бойынша бұзылса.

8. Белгілі бір айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық ізге түсуде бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты (ҚР ҚІЖК-нің 37 бабының 1 бөлімінің 8 тармақшасы).

Осының алдындағы негіз  сияқты бұл негіз де қылмыстық  процестің қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі деген конституциялық принципіне негізделген (ҚР Конституциясының 77-бабы, ҚР ҚІЖК-нің 20-бабы бойынша заңда белгіленген тәртіпке сай қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының күші жойылмағанша, осы іс бойынша қайтадан қылмыстық іс қозғауға болмайды).

9. Қылмыстық іс қозғау, оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу 
шараларын қолдану үкімі қажетті жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты (ҚР ҚІЖК-нің 37 бабының 1 бөлімінің 9 тармақшасы).

Бұнда психикалық аурумен ауыратын және сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша адамды есі дұрыс емес деп таныған жағдайдағы қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарға қатысты айтылған.

ҚР ҚІЖК-нің 506-бабының 1-бөліміне сәйкес психикасы бұзылып ауырған адамдарға қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылады. Сонымен қатар, ҚР ҚІЖК-ң 514-бабына сәйкес, алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін мына екі шешімнің біреуі шығарылады:

  1. іс жүргізу ісін – 37 бапта және 269 баптың 3 бөлігінде көзделген, сондай-ақ сырқаттың психикасының бұзылуы өзі немесе басқа адамдар үшін қауіп-қатермен не өзге елеулі зиян келтіру мүмкін жағдайларда қысқарту туралы;
  2. істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы шығарады.

Тәжірибеде бұл негіз  бойынша қылмыстық іс қозғаудан  бас тартылмайды. Алдын ала тергеу органдары өз шешімдерін қылмыстық істі қозғап барып, істің барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп барып қана қабылдайды.

10. Әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты (ҚР ҚІЖК-нің 37 б. 1 б. 10 т.).

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 15-бабында  қылмыстық жауаптылық 16 жастан, ал кейбір қылмыстар бойынша 14 жастан басталады деп айтылған.

Кәмелетке толмағанның  жасын біз тууы туралы куәліктен  немесе медициналық сараптаманың қорытындысы  негізінен нақты біліп алуымыз  керек. Тұлға дәл туылған күні емес, келесі тәуліктің 00 сағатынан бастап белгілі жасқа толды деп есептеледі. Ал егер біз баланың жасын медициналық сараптаманың көмегімен білгіміз келсе, онда сарапшының атаған жылының соңғы күні баланың туған күні деп есептелінеді.

Информация о работе Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде