Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 17:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………….. 11
1 Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі
1.1 Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні .................................... 15
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар ....................................... 23
1.3 Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу
модельдері және маңызы ....................................................................
31
2 Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер
2.1 Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі.... 36
2.2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері..................................................... 42
2.3 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері............................... 44
3 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
3.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі .................................................................................................
50
3.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер ............ 55
3.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау................ 59
Қорытынды .................................................................................................... 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 71

Прикрепленные файлы: 1 файл

дербес саты ісқоз.2012.doc

— 498.00 Кб (Скачать документ)

Аяқталған өндірісті  тексеру барлық материалдарды жан-жақты  талдаудан тұрады.

Бәрінен бұрын  заңды себептің бар екені, сондай-ақ өндірісті болдырмайтын  мән-жайлардың жоқтығы тексеріледі.

Солардың ішінде ең күрделісі  жиналған материалдардың іс қозғау үшін жеткіліктілігін бағалау болып  табылады. Сондай-ақ  құжаттардың  толықтылығы, тексеруші әрекеттерінің дұрыстығы, тексеру мерзімдері де тексеріледі.

Егер тексеру жүргізілген  тұлғадан өтініш келіп түссе, онда тексерушінің қолданған шараларын анықтау  қажет.

Тексеру метериалдарын  зерделеудегі аса маңыздысы ол қылмыстың  алдын алу мен қандай ескерту  шараларының жүргізілгендігін анықтау.

Осылайша, прокурордың  шешетін барлық мәселелері үлкен екі топты құрайтын мән-жайлардан тұрады:

1) қылмыстық іс қозғау  немесе одан бас тарту туралы  актіні шығарумен тікелей байланысты  мән-жайлар: себеп пен негіздің  болуы, құқылы адамның қаулы шығаруы, белгілі бір процесуалдық нысанды сақтау, іс бойынша өндірісті болдырмайтын мән-жайлардың бар не жоқ екендігі анықталады;

2) қылмыстық іс қозғауға  немесе одан бас тартуға   әсер еткен мән-жайлар (тексеру  мерзімдері, қылмыстың алдын алу мен ескерту шаралары, жеке әрекеттерді жүргізудің дұрыстығы, өтініштерді уақытында және дұрыс шешу).

Осы екі топтағы мәселелер  бойынша тексерушінің жіберген қателіктерінің салдары әртүрлі болады.

Бірінші топқа жататын  мән-жайларды бұзу, қылмыстық іс қозғаудың негізгі ережелеріне әсер етеді. Сондықтан олардың болуы тиісті қаулының күшін жояды. Ал екінші топтағы мән-жайларды бұзуға келетін болсақ, ол тексеруші шешімінің күшін жоя алмайды. Прокурор тексерудің барысында жіберілген қателіктері үшін тексерушіні жауапкершілікке тарту туралы мәселені қоюға немесе өзі тиісті жауапкершілікке тартуды қарастырады.

Қылмыстық істің заңды  қозғалуын қадағалау ол тек  тексерудің нәтижелерін ғана қадағалау емес. Прокурор тексерудің барысын да бақылауы тиіс. Ол кейбір маңызды, күрделі тексерулерге қатыса алады.

Тексерудің барысын жүйелі қадағалау прокурор үшін пайдалы. Неге десеңіз, ол уақытында заң бұзушылықты, жекелеп алғанда тексерушінің  заңсыз  шешімдерін жоя алады. Прокурор қылмыстық ізге түсу органдарына жеке әрекеттерді, соның  ішінде,  жедел іздестіру сипатындағы  шараларды жүргізу үшін тапсырмалар беруге құқылы [66, 848].

Жоғарыда айтылғандай, қажет болған жағдайларда прокурор тексеру материалдары бойынша нұсқаулар беруге құқылы. Олар жазбаша нысанда болуы тиіс. Әрине, нұсқау бірнеше мәселелерді қамтиды. Мысалы, тексерудің мерзімдері, көлемі мен әдістері және т.б. мән-жайларды.

Өзекті мәселе ҚІЖК 184 бабындағы тексеру мерзімін прокурордың ұзартуы болып табылады.

Тәжірибеде бұл мәселе өте актуалды. Егер:

1) тексеру сапасыз жүргізілген, бірақ мерзім өтіп кетсе де қосымша тексеру қажет болса;

2) тергеуші дәлелді  себептерге байланысты тексеруді  өз мерзімінде аяқтай алмаса (тұлғаның  аурып қалуы, дұрыс шешім қабылдауға  қажетті түсініктеменің болуы,  және т.б.);

3) ревизия аяқталмаса, ведомстволық тексеру аяқталмаса және т.с. жағдайлар кездеседі.

Біздің ойымызша, прокурорға тексеруді бес тәуліктен аспайтын мерзімге ұзарту құқығын беру қажет. Прокурор жұмыстың  көлеміне орай тексеруді аяқтау мерзімін анықтай алады. Егер ол қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының күшін жойса, онда тексеруді жүргізудің мерзімін қаулыда көрсетуі тиіс. Ал егер іс құжаттар бойынша түпкілікті шешім қабылданбаса, онда тексеруді аяқтау мерзімі прокурордың жазбаша нұсқауында бекітіледі. Егер мерзімді ұзарту жөніндегі ұсыныс тексерушіден шығатын болса, онда ол алдымен прокурорға қысқаша өтініш жасауы тиіс. Өтініште тексеруді ұзартудың мақсатын және оны аяқтау үшін талап етілетін мерзім көрсетілуі тиіс. Тексерудің мәні және мерзімі жөніндегі прокурордың шешімі тікелей өтініште көрсетіледі.

Өкінішке орай, айта кететін  жай, кейбір қылмыспен күресуді жүргізетін орындарда қылмыстың ізін жасыру фактілері де кездеседі. Мұндай көрінеу әрекеттер жалған қызығушылықтармен, өздерін жақсы тұрғыдан көрсету үшін қылмыстарды ашуда жақсы көрсеткіштерге ие болу үшін жүзеге асырылады [67, 32]. Мұндай заңсыз әрекеттер көбінесе қылмыс туралы арыздар мен хабарламалардың тіркелмеуіне орай болады. Аталған хабарламалардың басым көпшілігі ішкі істер органдарына түседі.

Қылмыстың ізі жасырылған істерді тіркемеудің қауіптілігі  мынада: «аса қауіпті қылмыстардың қайта жасалуына себеп болуы әбден мүмкін».

Біздіңше, қылмыстың ізін жасырудың басты себептерінің бірі төмендегідей:

1) ІІО осы саладағы  қызметтеріне прокурорлық қадағалаудың жеткіліксіздігі;

2) полиция  қызметкерлерінің  немқұрайдылығы;

3) заң бұзушылықты жіберген тұлғаларға  қатысты жеткілікті дәрежеде белгілі бір шараларды қолдануы немесе қолданбауы;

4) қылмыстарды ашу  көрсеткіштері бойынша лауазымды  тұлғалар немесе органдардың қызмет нәтижелерін  бағалау тәртіптерінің болуы;

5) болған қылмыс туралы  арыз бен хабарламаны қабылдау  және рәсімдеу тәртіптерінің  құқықтық  тұрғыдан жеткіліксіз  реттелуі.

Барлығымызға белгілі әрбір арыз, хабарлама ауызша немесе жазбаша нысанда болуына қарамастан, міндетті түрде қабылдануы, тіркелуі тиіс    (ҚІЖК 183 бабының бірінші бөлігі). Сондықтан мынадай ережені бекіткен дұрыс болар еді: қылмыс туралы арыз ауызша түскен жағдайда арызданушыға оның қабылданғандығы, тиісті тәртіптермен, қаралатын мерзімдерін көрсете отырып және оның нәтижесі арыз иесіне хабарланатындығын ескерте отырып арнайы құжат беру. Мұндай тәртіп арыздар мен хабарламаларды қараусыз қалдыру мүмкіндігін және қылмыстың ізін жасыру жағдайларын жоққа шығарар еді.

Сондай-ақ тәжірибеде өзекті мәселелердің бірі болатын қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың шегіне де тоқтала кетсек. Мұндағы прокурордың анықтама органдарының  қызметіне қадағалауды жүргізу құқығы жөнінде айта кеткіміз келіп тұр. Бәрінен бұрын болған қылмыс туралы арыз бен хабарламаны тексерудегі анықтама органдарының қызметтерін алдын ала тексеру деп атауға болатындығын анықтап алу қажет.

Аталған органдардың қызметтері бұл салада тексерудің жай, жасырын әдістерін қолдану және осы органдар жүргізуге тиісті арнайы сипатқа ие болатын әдістер мен құралдар арқылы жүргізілуі мүмкін. Қазіргі таңдағы заңнамада тергеушінің жүргізетін алдын ала тексеруі мен анықтама органдарының жүргізетін тексерулерінің арасында ешқандай да шектеу жоқ. Дегенмен, соңғылардың жүргізетін әдістері арнайы сипатқа ие болады.

Осыған байланысты  тексеру осы екі түрге бөлінсе  де, олар үшін прокурорлық қадағалау ортақ болуы тиіс [68, 21-23].

Жоғарыда айтылғандарға  орай анықтама органдарының жүргізетін тексерулерінің мерзімдері туралы мәселе шешілуі тиіс. Бұл мерзімдер        ҚІЖК 184 бабында көзделген. Біз анықтама органдарының қылмыстық істерді қозғау  заңдылығына прокурорлық қадағалау функциясының толық көлемде жүзеге асырылуына  ешқандай да кедергінің жоқ екендігін байқадық. Тәжірибеде мынадай көзқарастар кездеседі.  Мысалы, мұндағы қадағалау шектеледі немесе тексеру жедел іздестіру органдарымен жүргізілген мәліметтері бойынша тіпті шеттетілуі мүмкін. Прокурордан қылмыспен күресуге байланысты мәселелер бойынша ешқандай да құпия болмауы тиіс. ҚР ҚІЖК 190 бабында: «Қылмыстық істі қозғау заңдылығына прокурорлық қадағалау» деп көрсетілген жағдай кездейсоқтық емес.

Прокурор қылмыстық  іс қозғау сатысында, жалпы қылмыстық  процесте зор әрі маңызды роль атқарады. Ол тек заң тілімен сөйлейтін, адамдардың құқықтары мен мүдделеріне қол сұғушылықты болдырмайтын, сотта мемлекет атынан сөйлейтін, әділдікті басшылыққа ала отырып, заң бұзушылықтың алдын алатын кең өкілетті барлық қылмыстық ізге түсу органдарына, қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазым иелерінің іс-әрекеттеріне қадағалау жасауға құқылы лауазымды тұлға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Дипломдық зерттеу қорытындысында қылмыстық істі қозғаудың маңыздылығы мен оны қамтамасыз ететін зерделеу мәселелері көрсетіліп, жан-жақты тұжырымдалды.

1995 жылы 30 тамызда бүкіл  халықтық референдумда қабылданған          Ата заңымыздың елімізде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың негізін қалауда ерекше маңызы бар. Қазақстан Республикасында қабылданған барлық заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер Конституцияға негізделіп, қоғамымыздың демократиялық жаңғыру жолымен алға басуына мүмкіндік жасайды.

Қазіргі біздің міндетіміздің бірі – халықты қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, есірткі сатушылык пен басқа да қоғамға қауіпті әрекеттерге қарсы күреске көтеруіміз керек. Осындай құқық бұзушылықтармен, теріс қылықтарымен күресті тек Президент, Үкімет, Парламент, жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары ғана емес, бүкіл халық, ел болып жүргізуіміз қажет. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» атты даму стратегиясының бағдарламасында, тіпті жылда халыққа арналған жолдауларында күрделі мәселелерінің бірі ретінде көрсетілгендігін байқауымызға болады. Сондай-ақ республикамыздың құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіру және оны дамыту, алға қойылған міндеттерге сәйкес келтіру заң шығарушы органдардың, қылмыстық іс жүргізу ғылымының мақсаты болып табылады.

Қылмыстық істі қозғау қылмыстық  іс бойынша  өндірісті бастау мәселесін  шешуге бағытталған қылмыстық процестің  бастапқы сатысы ретінде қарастырылып, қылмыстық іс қозғаудың түсінігі толығымен анықталып, қылмыстық іс қозғаудың міндеті, қылмыстық іс жүргізудегі маңыздылығы және оның басты проблемаларын толық жетілдірудің жолдарымен  көрсетілді. Бұл сатысыз ешбір қылмыстық іс бойынша  тергеу әрекеттері жүргізілмейді. Қылмыстылықпен  күресуде қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыстық іс қозғау туралы шешімдері маңызды орын алады. Құқық қорғау  органдарының осындай шешімдерді дұрыс қабылдауы қылмыстың алдын алу, оны келешекте болдырмау және қылмысты аушуға  елеулі әсерін тигізеді.

Қылмыстық процестің  қылмыстық іс қозғау сатысына, бұл  сатыдағы прокурорлық қадағалау  мәселелеріне заң әдебиетінде үлкен  көңіл бөлінген. Бұл мәселелерге  Әлдекеев А.Ә., Бегалиев К.Ә., Быков Л.А., Жогин Н.В.,         Маслов Н.В., Рахунов Р.Д., және басқа да ғалымдар өз еңбектерін арнаған.

Қылмыспен күресте қылмыстық  іс қозғау сатысының қылмысты ашумен қатар үлкен саяси да мәні бар. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық құрылымын қорғау, құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың, кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың кепілі болып табылады.

Мен өзімнің дипломдық жұмысымда қылмыстық іс қозғау қылмыстық процестің бірінші және дербес сатысы екенін, оның қылмыстық іс жүргізу жүйесінде алатын орнын дәлелдеп беруге тырыстым.

Осыған байланысты біз  келесі қорытындыларға келдік:

1. Қылмыстық істі қозғау – қылмыстық іс жүргізудің міндетті, бастапқы және дербес сатысы болып табылады. Бұл сатыда құзыретті органдар мен лауазымды тұлғалар жасалған немесе жасалуға дайындалып жатқан қылмыс туралы мәліметтер бойынша, қылмыстық іс қозғауға негіздердің бар, жоқтығын анықтап алғаннан кейін, қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Сонымен қатар, қылмыстық істі қозғауға құзыретті лауазымды тұлғалар тек қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарғаннан кейін ғана Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген нормаларға сәйкес қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы.

2. Қылмыстық істі козғау сатысының маңызы:

- қылмыстық іс бойынша өндірісті заңды, негізді және уақытында бастау қылмыстық істі жан-жақты, толық және объективті қараудың бірден-бір кепілі болып табылады;

- қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар іс бойынша процессуалдық шешім қабылдауға, соның ішінде дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуге қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана құқылы;

- қылмыстық істі қозғауға  себеп болған жағдайда, бұл саты  барлық қылмыстар бойынша міндетті болып табылады;

- қылмыстық іс қозғау  туралы шешім қылмыстық іс  жүргізу заңының талаптарына  сай дайындалуы керек.

Қылмыстық істі заңсыз, негізсіз қозғау адамдардың құқықтарының шектелуіне, заңсыздыққа әкеледі; қылмыстық  істі уақытында қозғамау қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің жойылуына, қылмыскердің бой тасалап кетуіне, соңыра қылмыстың ашылмауына, т.б. келеңсіз жағдайларға әкеліп соғады.

3. Кейбір ғалымдардың пікірінше, қылмыстық істі қозғау – дербес саты болып табылмайды, ол алдын ала тергеу сатысының құрамдас бөлігі болып табылады. Біз жүргізілген зерттеудің нәтижесінде қылмыстық істі қозғау сатысы қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы болып табылады деген қорытындыға келдік. Өйткені алдын ала тергеу әрекеттері тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана жүргізіеледі және де қылмыстық іс қозғау – анықтау жүргізудің, алдын|ала тергеудің бастауы  болып табылады. Және де қылмыстық іс қозғаудың алдында тұрған дербес мақсаты бар, өз субъектілерінің тобы бар, өзіне ғана тән процессуалдық шешімдері бар.

4. Жүргізілген  зерттеудің  нәтижесінде  біз қылмыстық  іс қозғаудың келесі анықтамасын ұсынамыз:

Информация о работе Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде