Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 17:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………….. 11
1 Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі
1.1 Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні .................................... 15
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар ....................................... 23
1.3 Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу
модельдері және маңызы ....................................................................
31
2 Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер
2.1 Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі.... 36
2.2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері..................................................... 42
2.3 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері............................... 44
3 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
3.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі .................................................................................................
50
3.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер ............ 55
3.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау................ 59
Қорытынды .................................................................................................... 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 71

Прикрепленные файлы: 1 файл

дербес саты ісқоз.2012.doc

— 498.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық істі қозғау – бұл өкілетті органдар мен лауазым иелерінің қылмыстың белгілерінің бар-жоқтығын анықтауға бағытталған, осыған байланысты қылмыстық істі қозғау не қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімді қабылдауға бағытталған қызметін қамтитын қылмыстық процестің бастапқы және дербес сатысы.

5. Бұл саты барлық істер бойынша міндетті болып табылады. Яғни, қандай жағдайда да, қылмыс туралы арыз, хабарлама тиісті органдарға келіп түскеннен кейін міндетті түрде қылмыстық істі қозғау сатысы басталып, тиісті әрекеттер жүзеге асырылып, қылмыстық істі қозғау не қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданады.

6. Қылмыстық іс қозғауға кұқылы органдарға және лауазым иелеріне келесілер жатады: анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші және прокурор. Бұлардың әрқайсысы өзінің құзіреті шегінде, заң талаптарына сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы.

7. Сот ҚР ҚІЖК-нің 23 бабында көрініс тапқан тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы принципіне сәйкес, қылмыстық ізге түсу органдарының қатарына жатпайды, сондықтан қылмыстық, істі қозғай алмайды. Егер жасалған қылмыс туралы арыз немесе хабарлама сотқа келіп түссе, сот оларды прокурорға жібереді, ал прокурор, өз кезегінде, қылмыстық істі қозғау туралы шешімді қабылдайды не осы шешімді қабылдау мәселесін шешу туралы жазбаша нұсқауын алдын ала тергеу не анықтау органдарына жібереді.

Сонымен, қазіргі қылмыстық  іс жүргізу заңына сәйкес соттың қылмыстық іс  қозғауға құқығының болмауы қылмыстық процестің тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы принципіне орай соттың айыптау функциясын атқара алмауына байланысты.

8. Қылмыстық істің қозғалуына тек заңда көрсетілген жағдайлар себеп бола алады. Біз қылмыстық іс қозғаудың себебі дегенге келесі түсініктеме береміз:

Қылмыстық іс қозғауға себеп дегеніміз – бұл заңмен қатаң белгіленген, жасалуға дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы қылмыстық ізге түсу органдарына немесе сотқа түскен мәліметтің қайнар көзі.

9. Қылмыстық іс қозғаудың себептеріне жатады;

1) азаматтардың арыздары;

2) кінәсін мойындап келу;

3) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;

4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлама;

5) лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы.

10. Қылмыстық іс қозғау үшін, себептермен қатар, негіздер де, яғни қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті деректер де болуы керек.                          ҚР ҚІЖК-нің 177-бабының 2 бөлімінде қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады делінген.

Сонымен, қылмыстық іс қозғаудың негіздері дегеніміз – ол қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы және қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың болмауы.

Егер қылмыстық ізге түсу органдарына белгілі болған әрекет не әрекетсіздік фактісінде қылмыстың белгілері болмайтын болса, онда бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғауға негіздің жоқ екендігін білдіреді.

Осыған байланысты біз  ғалым-процессуалистердің ішінде кездесетін –«қылмыстық іс қозғаудың негізі деп қылмыстың объективтік жағын көрсететін құзыретті органның қарауында болатын жеткілікті деректер» деген пікірін қате пікір деп санаймыз,

11. Қылмыстық іс қозғауға негіздің болмауы – қылмыстың белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болмауы және қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын мән-жайлардың біреуі болмаса біреуінің болуы.

Бұл мән-жайлар ҚР ҚІЖК-нің 37-бабында көрініс тапқан.

12. Қылмыс туралы арызды немесе хабарды алған әрбір жағдайда немесе қылмыс тікелей анықталғанда анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші немесе прокурор мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) қылмыстық іс қозғау туралы;

2) қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы;

3) арызды, хабарды тергелу ретімен, ал жеке айыптау істері бойынша - соттылығы бойынша беру туралы.

13. Қылмыстық іс қозғау сатысында көбінесе келесідегідей заң бұзушылыққа жол беріледі:

1) қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қабылдау кезінде:

а) қылмысты есептен жасыру;

б) жасалған қылмыс туралы арыздар мен хабарларды фальсификациялау;

2) қылмыс туралы арыздар мен хабарларды алдын ала тексеру кезінде:

а) негізсіз қылмыстық іс қозғаудан бас тарту;

б) негізсіз іс қозғау;

в) қылмыс туралы арыздар мен хабарламалар бойынша шешім қабылдау мерзімін сақтамау.

Мен өзімнің дипломдық жұмысымда қылмыстық іс жүргізудің бірінші және дербес сатысы болып табылатын қылмыстық іс қозғаудың мәнін ашып, қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздерін анықтап көрсетуге тырыстым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. Республикалық референдумда қабылданған 30 тамыз 1995 жыл.

2 Назарбаев Н.А. «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» туралы Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. 6 наурыз 2009 жыл.

3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Жеті Жарғы, 13 желтоқсан 1997 жыл.

4 Шифман М.Л. Дискуссионные вопросы уголовного судопроизводства // Соц. Закооность. – 1957. – №7. – С. 18.

5 Оспанов С.Д. Досудебное производство в уголовном процессе Республики Казахстан: Особенная часть. – Алматы, 2004. –  240 с.

6 Уголовный процесс Казахской ССР. Часть 1. Общая. Учебное пособие / Под ред. А.М. Мамутова и Ю.Д.Лившица. – Алма-Ата, 1975г.

7 Строгович М.С.  Курс советского уголовного процесса. Т. 2. – М., 1973. – С. 9.

8 Толеубекова Б.Х. Уголовное – процессуальное право Республики Казахстан. Часть общая. Учебник. – Алматы: Баспа, 2000. – С. 23.

9 Жогин Н.В., Фаткуллин Ф.Н.  Возбуждение уголовного дела. – М.: ГосЮризд., 1961. – С. 31.

10 Дорохов В.Я. Возбуждение уголовного дела как первоначальная часть стадии  предварительного расследования // Учен. зап. Пермск. ун-та. – 1955. – С. 79-83.

11 Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. – М.: Наука, 1970. – Т. 1. – С. 10.

12 Строгович М.С. Учебник уголовного процесса. – М., 1938. – С. 105.

13 Полянский Н.Н. Рецензия на книгу: Уголовный процесс М.С. Строговича // Советская книга. – 1947. – №4. – С. 18.

14 Карев Д.С., Савгирова Н.М. Возбуждение и расследование уголовных дел. – М., 1971. – С. 3.

15 Қазақ КСР-нің Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1959 ж. – Алматы: Қазақстан, 1984 жыл.

16 Гуценко К.Ф., Головко Л.В., Филимонова Б.А.  Уголовный процесс западных государств. М.: ИКД «Зерцало», 2001, С. 27.

17 Советский уголовный процесс. Возбуждение уголовного дела и предварительное расследование / Под ред. С.В.Бородина и И.Д.Перлова. – М., 1968, - С. 4-6.

18 Яшин В.Н., Победкин А.В. Возбуждение уголовного дела. Теория, практика, перспективы: Учебное пособие для вузов. – М., 2002. – 184 с.

19 Химичева Г.П. Рассмотрение милицией заявлений и сообщений о преступлении. – М.: Ю.И. МВД РФ, 1997. – С. 9.

20 Рахунов Р.Д. Возбуждение уголовного дела в советском уголовном процессе. – М., 1954. – С. 114.

21 Жогин Н.В., Фаткуллин Ф.И.  Предварительное следствие. – М., 1965. – С. 51.

22 Рыжаков А.П. Возбуждение уголовного дела и отказ в возбуждении уголовного дела. – М.: «Филин», 1997. – С. 17-18.

23 Шейфер С.А.  Сущность и способы собирания доказательств в советском уголовном процессе. – М., 1972. – С. 87-88.

24 Винберг А., Кочаров Т., Миньковский Т.  Актуальные вопросы теории судебных доказательств в уголовном процессе // Соц. Законность. – 1963. – №3 –С. 19,27.

25 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 16 шілде 1997 жыл.

26 Михайленко А.Р. Возбуждение уголовного дела в советском уголовном процессе. – Саратов: Изд-во Саратовского университета, 1975. – С.30.

27 Ерешев Е., Патсаев У. Предварительная проверка заявлений и сообщений о преступлениях как уголовно-процессуальная деятельность и как необходимая часть стадии возбуждения уголовного дела // Право и государство. – 1998. - № – 3. – С. 43-44.

28 Гуценко К. Ф. Уголовный процесс. Учебник. – М.: Зерцало, 1977. – С. 181.

29 Советский уголовный процесс / Под ред. Н.С. Алексеева. – М.: Юрист, 1999. – С. 30.

30 Толеубекова Б.Х., Капсалямов К.Ж., Шынарбаев Б.К., Бекишев Д.К. Уголовно – процессуальное право Республики Казахстан. Особенная часть: Учебник. – Астана: Дәнекер, 2002. – С. 143-145.

31 Е. Ерешев. Қылмыстық іс жүргізу. Жалпы бөлім: Оқулық. – Алматы: «Өлке» баспасы; 2006, - 216 б.

32 Сотников Н.И.  Отказ в возбуждении уголовного дела: Учебное пособие. – Караганда: ВШ МВД Республики Казахстан, 1992. – С. 102.

33 Сарсенбаев Т.Е., Хан А.Л. Уголовный процесс. Досудебное производство. – Астана, 2000. – С. 13, 169-171.

34 Лютиков Н.Е. Возбуждение уголовных дел о нарушении правил движения по улицам и дорогам. – Воронеж, 1968. – С. 7-10.

35 Гапанович Н.Н. Отказ в возбуждении уголовного дела. – Минск, 1976. – С. 16, 107.

36 №1058425 қылмыстық іс. Әуезов аудандық сотының архиві. Алматы қаласы, 2007. – 25 б.

37 №002105 қылмыстық іс. Алмалы аудандық прокуратурасының архиві. Алматы қаласы, 2008. – 18 б.

38 Обеспечение Конституционных прав граждан в досудебных стадиях уголовного процесса: Материалы международной научно – практической конференции, г. Астана, 26-27 августа 2007 года – Алматы: ДП «Эдельвейс», 2008. – С. 296.

39 Инструкция «О порядке приема, регистрации, учета и рассмотрения заявлений, сообщений, жалоб и иной информации о преступлениях», Генеральная Прокуратура Республики Казахстан 06.07.2009г. №10616.

40 Определения понятия доказательств, аналогичные содержащемуся в ст. УПК РФ; УПК РК 115, ст. 52-53; Комментарий к Уголовно – Процессуальному кодексу РФ. – М., 2002. – С. 128.

41 Савицкий В.М. Надо ли реформировать стадию возбуждения уголовного дела? // Сов. государство и право. – 1974. - №8. – С. 82-84.

42 Чувилев А.С. Дознание и предварительное следствие. – М., 1965. – С. 15.

43 Давыдов П.М., Сидоров Д.В., Якимов П.П. Судопроизводство по новому УПК РСФСР. – Свердловск, 1962. – С. 142.

44 Терентьев Д. Возбуждение уголовного дела в советском уголовном процессе // Соц. Законность. – 1951. №4. – С. 30-31.

45 Васильев А.Н.  Проблемы методики расследования отдельных видов преступлений. – М., 1978. – С. 12.

46 Уголовный процесс РСФСР / Под ред. В.Е.Чугунова и Л.Д.Кокорева. – Воронеж, 1968. – С. 160.

47 Ломидзе А.Б. Прокурорский надзор за законностью и обоснованностью принимаемых  следователем процессуальных решений. Методическое пособие. – М.: ООО Издательство «Юрлитинформ», 2000. – С. 23-24, 50, 95.

48 Лупинская П.А. Решения в уголовном судопроизводстве. Их виды, содержание и формы. – М., 1976. – С. 85.

49 Гуценко К.Ф., Филимонов Б.А.  уголовный процесс западных государств. – М.: ИКД Зерцало, 2001. – С. 23-24.

50 Прокофьев Ю.Н. Процессуальная форма документов на стадии возбуждения уголовного дела // Проблемы государства и права. – Иркутск, 1975. – Вып. 9-10. – 126 с.

51 Карнеева Л. Основания отказа в возбуждению уголовного дела // Соц. Законность. – 1977. –  №3. – С. 57.

52 Бажанов М.И. Об истинности процесуальных актов в советском уголовном судопроизводстве // Проблемы законности на современном этапе развития советского государства. – Харьков, 1968. – С. 217.

53 Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңы. 21 желтоқсан 1995ж.; 9 тамыз 2002ж. №346 – 11 ЗРК.

54 Трубин Н. Активнее осуществлять надзор за законностью решений органов дознания по заявлением о преступлениях // Соц. Законность. – 1980. – №1. – С. 21-23.

55 Петрухин И.Л. Прокурорский надзор и судебная власть: Учебное пособие. – М.: Проспект, 2001. – С. 29.

56 Бегалиев Қ.Ә., Әлдекеев А.Ә. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау. Оқулық. – Алматы, 2000. – 43-46 б.

57 Чеканов В.Я. Прокурорский надзор в стадиях возбуждения уголовного дела и предварительного следствия. Учебные труды, Вып. 2. – Саратов, 1965. – 164 с.

58 Ольков С.Г. Уголовно – процессуальные правонарушения. Тюмень, 1996. – С. 67-68.

59 Звирбуль В.К., Жуков А.И. Некоторые вопросы прокурорского надзора за точным исполнением законов в деятельности  милиции по борьбе с уголовной преступностью // Вопросы криминалистики. 1961. –  №1-2. – С. 74.

60 Быков Л.А., Маслов В.Н., Ремнев В.И. Законность возбуждения уголовного дела. – М., 1967. – С. 42-43.

61 Белозеров Ю.Н., Марцифин П.Г. Обеспечение прав и законных интересов личности в стадии возбуждения уголовного дела. – М.: УМЦ при ГУК МВД РФ. – 1994. – С. 12.

62 Комментарий к Уголовно – процессуальному кодексу Российской Федерации / Под ред. И.Л.Петрухина – М.: ООО «ТК Велби», 2002. – 816 с.

63 Чеканье В.Я.  Прокурорский надзор в стадиях возбуждения уголовного дела и предварительного расследования // Учен. тр. Саратов юрид. ин-та, 1965. – Вып. 2. – С. 143.

64 Карнеева Л.М., Ключанский В.И. Организация работы следователя. – М.: ГосЮриздат. – 1961. – С. 27.

65 Савицкий В.М.  Прокурорский надзор за дознанием и предварительным следствием. – М., 1962. – С. 191.

Информация о работе Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде