Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 17:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………….. 11
1 Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі
1.1 Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні .................................... 15
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар ....................................... 23
1.3 Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу
модельдері және маңызы ....................................................................
31
2 Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер
2.1 Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі.... 36
2.2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері..................................................... 42
2.3 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері............................... 44
3 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
3.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі .................................................................................................
50
3.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер ............ 55
3.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау................ 59
Қорытынды .................................................................................................... 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 71

Прикрепленные файлы: 1 файл

дербес саты ісқоз.2012.doc

— 498.00 Кб (Скачать документ)

- екіншіден, жеке саты  деп танылған процестің кез  келген бөлігі орындалмаған жағдайда  процестің  әрі қарай дамуына кедергі жасайтындай тікелей міндеттерге ие болулары тиіс. Бұл міндет, сот төрелігінің жалпы міндеттерінен туындайтын және сот ісін жүргізудің тиісті кезеңіне сәйкес нақтыланатындай, сондай-ақ жетерлік дербестікпен сипатталуы тиіс;

- үшіншіден, қылмыстық процестің дербес сатысын құрайтын процесуалдық әрекеттер мен қатынастар сот ісін жүргізудің осы кезеңіндегі ерекше шарттарда өткізіледі және ол өз сипаты мен субъектілердің  жағдайларына орай процестің бұл кезеңін оның өзге кезеңдерінен ерекшелендіреді;

- төртіншіден, қылмыстық  процестің әрбір сатысының аяғында  арнайы өкілеттілік берілген  лауазымды тұлға өз шешімі  мен істің әрі қарай жүргізілуін  көрсететін акт қабылдайды. Сондай-ақ  осы сатыда дәлелдеу қызметі  жүзеге асырылады деген қорытындыға келуге болады. Бірақ ол қызмет процестің өзге сатыларындағы дәлелдеуден ерекшеленеді. Ол жөнінде жұмыстың өзге бөлімдерінде толығырақ айтылады.

Бұл белгілердің жиынтығы процестің тиісті баспалдағының  біртұтастығын, оңашалығын және дербес аяқталатынын білдіреді. Ол белгілер барлық криминалистермен процестің жеке сатысы деп есептейтін қылмыстық процесуалдық қызметтің бөліктерінің кез келгендеріне де тән. Алдын-ала тергеу, сотқа беру, басты сот талқылауы, үкімді апелляцялық тәртіппен қайта қарау және т.б. – қылмыстық процестің барлық осы сатылары аталған талаптарға жауап береді. Сонымен бірге көрсетілген талаптарға дербес сатысы деп танылмаған процестің  бірде-бір бөліктері жауап бермейді.

Қылмыстық істі қозғау сатысында  тергеу әрекеттерін жүргізуге жол берілмейді. Ерекше жағдайларда ғана заң қылмыстық іс қозғалғанға дейін екі тергеу әрекетін – қарау жүргізуді және сараптама тағайындауды рұқсат       етеді (ҚР ҚІЖК-нің 189 және 221 баптары).

Аталған әрекеттерді  жүргізуге рұқсат берілгендігінің  себебі, оларды жүргізу болған оқиғада қылмыс белгілерінің бар-жоқтығын анықтаудың бірден бір амалы болуында.

Қылмыстық іс жүргізудің, соның ішінде қылмыстық іс қозғаудың  міндеті - қылмыстарды тез және толық  ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерлеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық занды дұрыс қолдану болып табылады. Сонымен қатар адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғау, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен кұкық тәртібін нығайту, қылмыстың алдын алу қылмыстық іс жүргізудің, соның ішінде, қылмыстық іс қоғау сатысының, міндеті болып табылады.

 

 

1.2 Қылмыстық істі қозғауға  құқылы органдар

 

Қылмыстық істі арнайы білімі бар, нормативтік-құқыктық актілерді  білетін, жасалған немесе жасалуға дайындалып жатқан қылмыс фактілеріне дұрыс саяси-құқықтық баға бере алатын және қылмыстың жалпы қоғамға қауіптілігі дәрежесін анықтай алатын, сондай-ақ өзінің әрекеттері үшін қатаң жауапкершілікте екендігін білетін адам қозғай алады.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген.

Сонымен, ҚР ҚІЖК-ң 185, 186 баптарына сәйкес, анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші және прокурор, әрқайсысы өзінің құзіреті шегінде, заң талаптарына сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы.

Сот, ҚР ҚІЖК-нің 23 бабында көрініс  тапқан тараптардың бәсекелестігі  және тең құқықтылығы принципіне сәйкес, қылмыстық ізге түсу органдарының қатарына жатпайды, сондықтан қылмыстық істі қозғай алмайды. Егер жасалған қылмыс туралы арыз немесе хабарлама сотқа келіп түссе, сот сотқа келіп түскен қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды прокурорға жібереді, ал прокурор, өз кезегінде, қылмыстық істі қозғау туралы шешімді қабылдайды не осы шешімді қабылдау мәселесін шешу туралы жазбаша нұсқауын алдын ала тергеу не анықтау органдарына жібереді.

Сот арыз берушіге арыздың немесе хабарламаның прокурорға жіберілгендігі туралы хабарлайды. Егер қылмыстың белгілері сот талқылауы кезінде анықталса, сот бұл фактіге сәйкес қаулы шығарады. Бұл қаулыда прокурорға анықталған заңды бұзу фактісіне, қылмыс жасауға негіз болған себеп пен шарттарды анықтау үшін қажетті шараларды қолдану туралы назар аудару керектігі туралы жазылады.

Бұрынғы Қазақ КСР-ң Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша сот қылмыстық іс қозғауға құқылы болатын. Бұл Кодекстің 85-бабында прокурор, тергеуші, анықтама органы және соттың жасалған немесе жасалуға дайындалып жатқан қылмыс туралы арыздар мен хабарларды міндетті түрде қабылдау керектігі жазылған [15].

Осы Кодекске сәйкес, келіп түскен арызды немесе хабарламаны 5 тәуліктің  ішінде, ерекше жағдайларда 10 тәуліктің  ішінде қарап, мән-жайларды тексеріп алғаннан кейін аталған органдар және лауазым иелері мына шешімдердің біреуін қабылдаулары керек болатын:

- қылмыстық істі қозғау туралы;

- қылмыстық істі қозғаудан бас  тарту туралы;

- арызды немесе хабарламаны тергелу ретіне немесе соттылығына қарай жіберу туралы.

Сонымен қатар, сол 1959 жылғы Кодекске сәйкес сот жалғыз өзі де, алқалы түрде де қылмыстық істі қозғауға құқылы болатын.

Ал қазіргі қолданыстағы ҚІЖК-не сәйкес сот қылмыстық істі қозғай алмайды. Бұл орайда мынадай сұрақ  туады: жеке айыптау істері бойынша (ҚІЖК-нің 32, 33-баптарында көрсетілген істер) қылмыстық істі қозғау құқығы кімге берілген?

ҚР ҚІЖК-нің 390-бабының бірінші  тармағына сәйкес жеке айыптау бойынша  қылмыстық іс жәбір көрген адамның (бірнеше адамның) сотқа қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арыз беруі арқылы қозғалады. Яғни, жеке айыптау бойынша қылмыстық істі сот қозғамайды, мұндай істер сотта қылмыстан жәбір шеккен адамның арызы бойынша қозғалады. Жеке айыптау істері бойынша арыз анықтау органына, тергеушіге немесе прокурорға берілсе, арыз сотқа жіберілуге жатады. Арызда ол берілген соттың атауы, қылмыстық оқиғаның сипаттамасы, дәлелдемелер көрсетіле отырып, оның жасалған орны мен уақыты, істі іс жүргізуге қабылдау туралы сотқа өтініш, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам туралы мәліметтер, сотқа шақырылуы қажетті куәлердің тізімі жазылуы керек. Сондай-ақ шағымда азаматтық талапты қарау туралы өтініш болуы мүмкін.

Егер айыптауды бірнеше адам бір адамға қатысты қозғаса, олар шағымды бір-бірінен тәуелсіз береді. Егер сотта іс қарау барысында екі жақ бітімгершілікке келсе, қылмыстық іс қысқартылады. Мұндай жағдайда, яғни қайтарылып алынған жеке айыптау бойынша, қылмыстық іс қайта қозғалмайды [16, 4-6].

Сонымен, қазіргі қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес соттың қылмыстық іс қозғауға құқығының болмауы қылмыстық процестің тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы принципіне орай соттың айыптау функциясын атқара алмауына байланысты.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, ҚР ҚІЖК-ң 185, 186 баптарына сәйкес анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші және прокурор жасалған немесе жасалуға дайындалып жатқан қылмыс туралы арыздарды немесе хабарларды қарауға және осы бойынша істі қозғауға себептер мен негіздер жеткілікті болса, қылмыстық істі қозғауға құқылы. Осы аталған қылмыстық істі қозғауға құзыреті бар лауазымды тұлғалардың статустары және құқықтары мен атқаратын міндеттері әр түрлі.

Енді осылардың әрқайсысына  жеке-жеке тоқталып кетейік.

Аталған лауазымды тұлғалардың  ішінде прокурордың құзыреті, өкілеттілігі басқаларға қарағанда кең болып табылады. Прокурор қылмыстық істің тергелу ретіне қарамастан кез келген істі қозғай алады. Ол тек жариялы айыптау істерін ғана емес, жеке айыптау және жеке-жариялы айыптау істерін                    (ҚІЖК-нің 32-34-баптарында көрсетілген істер) қозғауға құқылы. Міне, осыдан прокурордың басқаларға қарағанда құзыретінің кеңдігін байқауымызға болады. ҚР ҚІЖК-ң 62, 190 баптарына сәйкес прокурор:

- кез-келген жариялы  айыптау істері бойынша іс қозғауға құқылы;

- жеке айыптау істері  бойынша жәбірленушінің шағымы  болмаған кезде және егер әрекет  дәрменсіз, немесе басқаға тәуелді  жағдайдағы, не басқа да себептер  бойынша өзіне тиесілі құқықтарды  өз бетінше пайдалануға қабілетсіз  адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор іс қозғауға                құқылы (ҚР ҚІЖК-нің 33 бабына сәйкес);

- жеке-жариялы айыптау  ісі бойынша жәбірленушінің шағымы  болмаған кезде де, егер әрекет  дәрменсіз, немесе басқаға тәуелді  жағдайдағы, не басқа да себептер  бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтын болса, прокурор іс қозғауға құкылы (ҚІЖК-ң 34 бабына сәйкес);

- анықтау органының,  анықтаушының, тергеушінің қылмыстық  істі қозғау туралы қаулысын негізсіз, заңсыз деп таныған жағдайда, бұл қаулыны бұзып, қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға құқылы;

- анықтау органының,  анықтаушының, тергеушінің қылмыстық  істі қозғаудан бас тарту туралы  қаулысын негізсіз, заңсыз деп  таныған жағдайда, бұл қаулыны бұзып, қылмыстық іс қозғауға құқылы.

Прокурор – өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға, және өзінің іс жүргізушілік өкілеттігін жүзеге асыруы кезінде тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады. Сонымен қатар, прокурор заңды қолдану тәртібіне қатаң қадағалау жасауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, қылмыскердің жасаған қылмысы бойынша жауапкершіліктен бұлтартып кетпеуіне және кінәсіз адамдарды негізсіз жазаға тарту фактілеріне жол бермеуге қадағалау жасауға міндетті.

Қылмыстық істі қозғауға құқылы келесі лауазымды тұлға —  тергеуші болып табылады. Бұл категорияға біз ішкі істер органдарының тергеушісін, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісін және экономикалық қылмыстармен күресу агенттігінің тергеушілерін жатқызамыз.

ҚР ҚІЖК-нің 64-бабына сәйкес тергеуші – өз кұзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам. Осы баптың екінші тармағына сәйкес тергеуші қылмыстық іс қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге және Кодексте көзделген барлық тергеу қызметін орындауға, тергеудегі іс бойынша прокурордың нұсқауларымен келіспеген жағдайда, ол жөнінде жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.

Тергеуші істің жағдайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге  барлық шараларды қолдануға, қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналған адамдарға қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту, айып тағу, оған бұлдыртпау шарасын таңдап алу, айыптау қорытындысын жасау жолымен қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға міндетті. Ол, заңға сәйкес прокурордың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудің бағыты мен тергеу әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімді дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтында атқарылуы үшін толық жауапты болады.

Тергеушінің қызметіне  заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

ҚР ҚІЖК-ң 192-бабында тергелу реті, яғни қай тергеу органының тергеушісі нақты қандай қылмыстар бойынша алдын ала тергеу жүргізетіні белгіленген. Тергеуші өзіне келіп түскен арыздың немесе хабарламаның өзінің қарауына жатпайтындығын анықтаса, арыз, хабарламаны тергелу ретімен тиісті тергеу органына жібереді.

Арыздың немесе хабарламаның қылмыстық іс қозғамай, тергелу реті бойынша басқа тергеу органына немесе соттылығы бойынша жіберілгені  туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурор хабардар етілуі тиіс.

Тергеу бөлімінің бастығының тергеушілерге қарағанда құзыреті кеңдеу болып табылады. Оны біз ҚР ҚІЖК-ң 63 бабының екінші бөлімінен көруімізге болады. Тергеу бөлімінің бастығы тергеушілер сияқты қылмыстық істі өзі дербес қозғауға құқылы, сондай-ақ өзінің қарауындағы істі немесе қылмыс туралы келіп түскен арыздарды, хабарды өзі басқаратын бөлімнің кез-келген тергеушісіне бере алады. Сонымен қатар қылмыстық істі қозғамай, тергелу реті бойынша тиісті тергеу органына жіберуге құқылы.

Сонымен, жоғарыда аталған  бапқа сәйкес тергеу бөлімінің бастығы:

- тергеу ісін жүргізуді  тергеушіге тапсырады, тергеушілердің  жүргізуіндегі қылмыстық істер  бойынша олардың дер кезінде  әрекет жасауына бақылау жасайды;

- тергеушілердің алдын  ала тергеу және қамауда ұстау  мерзімдерін сақтауына, прокурордың нұсқауларының, басқа алдын ала тергеу органдарының тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;

- нақты қылмыстық істер  бойынша нұсқаулар береді;

алдын ала тергеу жүргізуді  бірнеше тергеушіге тапсырады;

- заңда көзделген жағдайларда тергеушіні іс бойынша іс жүргізуден шеттетеді;

- өз құзыреті шегінде  өзіне бағынышты алдын ала  жүргізуді жүзеге асырушы органның  бір тергеу бөлімшесінен кылмыстық  істі алады және алдын ала  тергеуді жүзеге асырушы сол  не өзге де өзіне бағынышты  органның басқа тергеу бөлімшесіне береді;

Информация о работе Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде