Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 17:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………….. 11
1 Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі
1.1 Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні .................................... 15
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар ....................................... 23
1.3 Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу
модельдері және маңызы ....................................................................
31
2 Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер
2.1 Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі.... 36
2.2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері..................................................... 42
2.3 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері............................... 44
3 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
3.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі .................................................................................................
50
3.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер ............ 55
3.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау................ 59
Қорытынды .................................................................................................... 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 71

Прикрепленные файлы: 1 файл

дербес саты ісқоз.2012.doc

— 498.00 Кб (Скачать документ)

Көзделген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер алға қойылады:

1) қылмыстық іс жүргізуде қылмыстық істі қозғау сатысының маңыздылығын анықтау, оның басқа сатылармен ара-қатынасын ашу;

2) қылмыстық істі қозғаудың түсінігі мен маңызының мәнін және мағынасын айқындау;

3) қылмыстық істі қозғаудың  процессуалдық тәртібінің маңызын сипаттау;

4) қылмыстық істі қозғаудың  теориялық және практикалық маңызын ашу, сондай-ақ осы мәселеге қатысты дүниежүзілік тәжірибенің сапалы деңгейімен салыстыру жасау.

Дипломдық зерттеудің объектісі мен пәні. Зерттеудің объектісі – қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретіндегі қылмыстық іс қозғаудың мәні мен маңыздылығы, сондай-ақ қылмыстық іс қозғау барысында туындайтын даулы мәселелер болып табылады.

Дипломдық жұмыстың пәні – қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретіндегі қылмыстық іс қозғаудың мәні және маңызы болып табылады.

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Бұған қоса, жұмыста осы  салада қолданыста жүрген заңды тәжірибелік  және теориялық тұрғыда бағалау  және оны бұдан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстар қамтылған.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Заң ғылымында қылмыстық істі қозғау қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қарастырылады. Бірақ, кейбір авторлардың айтуы бойынша, қылмыстық істі қозғауды дербес саты ретінде қарастыру даулы мәселелердің қатарына жатады. Бұл түсініктің көптеген анықтамалары зерттеліп, заңгер ғалымдардың көпшілігінің назарын аударып келген мәселе. Қаралып отырған құқық институтының күрделілігін анықтауды келесіде аталатын ғалым заңгерлер өз еңбектерінде зерттеген. Мысалы,     Алиев М. М., Әлдекеев А.Ә., Бегалиев К.А., Быков Л.А., Вандышев В.В., Гуценко К.Ф., Дюрягин И.Я., Жогин Н.В., Карнеева Л.М., Лившиц Ю.Д., Ломидзе А.Б., Лютиков Н.Е., Мамутов А.М., Маслов Н.В., Михайленко А.Р., Нәрікбаев М.С., Нұралиева А.С.,  Оспанов С.Д., Рахунов Р.Д., Рыжаков А.П., Савицкий В.М., Сарсенбаев Т.Е., Сотников Н.И., Строгович М.С.,   Сүлейменова Г.Ж., Төлеубекова Б.Х., Терентьев Д., Халиқов К.Х.,       Химичева Г.П., Шифман М.М., және басқа да көптеген ғалымдар өз еңбектерін арнаған.

Осы аталған ғалымдардың  еңбектері дипломдық жұмысқа елеулі теориялық база болды.

Алайда, Қазақстан Республикасында  қылмыстық істі қозғау мәселелері қылмыстық  іс жүргізу ғылымында аз зерттелген. Осыған байланысты, дипломдық зерттеуде қылмыстық істі қозғаудың маңызды жақтарын қарастыру мен мәнін ашуды, мән-мағынасына қарай жіктеп және олардың жетілдіру жақтарын қарастыруды мақсат етіп қою.

Жұмысты зерттеудің әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік негізін жекелей құқықтық құбылыстарды тануға жәрдемдесетін материалистік диалектиканың заңдары мен категориялары құрады.

 Дипломдық зерттеудің  әдістемелік және теориялық негізін диалектика категориясы, конституциялық және қылмыстық іс жүргізу құқықтарының, сондай-ақ философияның принциптері мен концептуальдық ережелері, соның ішінде таным теориясы да қалайды.

Зерттеудің нормативті-құқықтық базасы – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормалары және Қазақстан Республикасы мен алыс-жақын шет елдердің өзге де заңдық, нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ, халықаралық құжаттар болды.

Зерттеу барысында құқықтың жалпы теориясы, таным теориясы, конституциялық құқық, қылмыстық, қылмыстық  іс жүргізу құқықтары, криминалистика, тағы басқа салалары бойынша тиісті әдебиеттер қолданылды.

Дипломдық зерттеуді жазу барысында, мен – танымның жалпы ғылыми әдістерін, ғылыми сараптау мен жинақтау әдістерін, тарихи әдіс және арнайы әдістерді (ресми-заңдық әдіс, салыстырмалы-құқықтық әдіс, логикалық, статистикалық және социологиялық әдіс)  қолдандым.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік құндылығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа заңдарын (Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық кодексі, т.б.) талдаудың нәтижесінде ондағы оңынан істелінген нормалары, сондай-ақ жетіспеушіліктері (кемшіліктері) және осының негізінде тиісті заң нормаларын жетілдіру мәселесіне арналған өзіндік теориялық зерттеулердің алғашқыларының бірі.

Қылмыстық  іс жүргізудің дербес сатысы ретіндегі қылмыстық іс қозғаудың негіздеріне және процессуалдық тәртібіне түсінік беріліп, олардың мәні мен мағынасы айқындалады.

Дипломдық жұмыстың белгілі бір дәрежедегі ғылыми жаңашылдығы – оның отандық заң ғылымдары әдебиетінде аз зерттелген тақырыпқа арналғандығында жатыр.

Зерттеудің тәжірибелік құндылығы – ондағы келтірілген қорытындылар мен ұсыныстар мұнан кейінгі қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық іс қозғау қызметін құқықтық реттеу саласындағы  ғылыми зерттеулерге негіз бола алатындығында.

Бұған қоса, зерттеудің теориялық  жайлары мен қорытындылары – «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Прокурорлық қадағалау» пәндерін меңгеру және оқыту процесі барысында пайдаланылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1    Қылмыстық іс қозғау қылмыстық процестің дербес сатысы ретінде

 

1.1 Қылмыстық істі қозғаудың  түсінігі және мәні

 

Қылмыстық істі қозғау – қылмыстық іс жүргізудің міндетті, бастапқы және дербес сатысы болып табылады. Бұл сатыда құзыретті органдар мен лауазымды тұлғалар жасалған немесе жасалуға дайындалып жатқан қылмыс туралы мәліметтер бойынша, қылмыстық іс қозғауға негіздердің бар, жоқтығын анықтап алғаннан кейін, қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Онда қылмыс іздері анықталады, бекітіледі, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мен ескерту шаралары қолданылады. Сонымен қатар, қылмыстық істі қозғауға құзыретті лауазымды тұлғалар тек қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарғаннан кейін ғана Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген нормаларға сәйкес қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы.

Аталған сатының болуы  заңды және негізді алдын ала  тергеудің басталуын, қылмыстық  процесс қатысушыларының құқықтары  мен бостандықтарын шектейтін процесуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудағы әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Бұл сатыда қылмыстық  қудалау органдары нақты іс бойынша  іс жүргізуге қажетті мәліметтердің  бар немесе жоғын анықтап, қылмыс белгілерінен тұратын анықталған фактілер бойынша әрекеттер жасау қажеттілігі және осыған орай сот төрелігі органдарының араласуы сияқты бірқатар мәселелер шешіледі.

Қылмыстық істі қозғау –  ол өкілетті органдар мен лауазымды  тұлғалардың қылмыстық іс бойынша  өндірісті бастауға себептер мен  негіздердің бар не жоғы жөнінде мәселелер шешілетін қылмыстық процесс сатысы.

Қылмыстық істі қозғау сатысы - қылмыстық іс жүргізуде үлкен  әрі маңызды роль атқарады. Оның маңыздылығын біз мынадан байқауымызға болады:

  • қылмыстық іс бойынша өндірісті заңды, негізді және уақытында бастау қылмыстық істі жан-жақты, толық және объективті қараудың бірден-бір кепілі болып табылады;
  • қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар іс бойынша процессуалдық шешім қабылдауға, соның ішінде дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуге қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана құқылы;
  • қылмыстық істі қозғауға себеп болған жағдайда, бұл саты барлық қылмыстар бойынша міндетті болып табылады;
  • қылмыстық іс қозғау туралы шешім қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сай дайындалуы керек.

Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін қылмыстық ізге түсу органдары нақты істі қарау мен тергеуге бағытталған процесуалдық әрекеттерді жүргізуге және азаматтарға процесуалдық  мәжбүрлеу шараларын: тінту, алу, куәлардан жауап алу, тексеру, куәландыру, эксгумация және өзге де тергеу әрекеттерін қолдануға құқылы әрі міндетті болады. Бұл қылмыстық іс қозғау сатысының процесуалдық-құқықтық немесе заңды мәнін білдіреді.

Қылмыстық іс қозғау сатысы саяси  мәнге де ие болады. Іс қозғау туралы мәселені дұрыс және жылдам шешу құқықтық тәртіп пен заңдылықтың нығайуына, қылмыспен күресу шараларын өткізуге, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мен ескерту шараларын қолдануға өз әсерін тигізеді. Бұл мәселені мұқият қарау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қылмыстық істердің негізсіз қозғалуы орын алмас еді.

Қылмыстық ізге түсу органдары өздеріне мәлім болған қылмыстың кез келген фактілерін жылдам қарауға, тексеруге  және қажетті жағдайларда қылмыстық істі қозғауға міндетті болады.

Қылмыстық істі заңсыз, негізсіз қозғау адамдардың құқықтарының шектелуіне, заңсыздыққа әкеледі; қылмыстық істі уақытында қозғамау қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің жойылуына, қылмыскердің бой тасалап кетуіне, соңыра қылмыстың ашылмауына, т.б. келеңсіз жағдайларға әкеліп соғады.

Қылмыстық іс қозғау сатысы – қылмыстық процестің дербес сатысының бірі. Сондықтан ондағы мәселелер дер кезінде және дұрыс шешілуі тиіс.

Аталған сатыда тиісті лауазым  иелері болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламаларды ғана қабылданып қоймай, қылмыстық іс қозғау немесе одан бас тарту туралы дәлелді шешімдерді де қабылдайды. Қылмыстық іс қозғау сатысының жеке дара сипатқа ие болуы ондағы қылмыстық процесуалдық қызметтің жүзеге асырылуы мен әрбір қылмыстық істің осы сатыдан басталатындығынан көруге болады [4, 18].

Қылмыстық іс қозғау сатысының  негізгі мақсаты - жасалған әрекетте қылмыстың белгілерінің бар-жоғын  анықтау болып табылады.

Қылмыстық істі қозғау қылмыстық  іс жүргізудің дербес сатысы ретінде  қарастырылады. Бірақ, кейбір авторлардың  айтуы бойынша, қылмыстық істі қозғауды дербес саты ретінде қарастыру даулы мәселелердің қатарына жатады.

Қылмыстық істі қозғауды дербес саты ретінде қарастырудың қажет  екендігін бірінші болып М.С. Строгович дәлелдеп берген. Бұл ойға басқа да процессуалистер қосылды.

Ал кейбір ғалымдар ұзақ уақыт бойы қылмыстық істі қозғауды дербес саты емес, ол алдын-ала тергеудің бастапқы кезеңі деген ойды ұстанды.

М.М. Шифман қылмыстық істі қозғау сатысын бөлек, дербес саты ретінде қарастырудың қажеттілігі жоқ деп санайды.

Өйткені қылмыстық істі қозғау бір ғана құжатқа (актіге) – «Қылмыстық істі қозғау» туралы қаулыға негізделеді және бұндай микросаты кімге керек? - деп айтады [4, 20].

Менің ойымша қылмыстық  істі қозғау сатысын қылмыстық істі жүргізудің дербес сатысы ретінде қарастырған  дұрыс. Өйткені алдын-ала тергеу әрекеттері тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана жүргізіледі және де қылмыстық іс қозғау - анықтау жүргізудің, алдын-ала тергеудің бастауы болып табылады.

Енді қылмыстық іс қозғаудың түсінігіне келетін болсақ, теорияда ол туралы да әр түрлі пікірлер бар.

Мысалы, Ю.Д. Лившицтің пікірі бойынша, қылмыстық істі қозғау қылмыстық іс бойынша өндірісті бастау мәселесін шешуге бағытталған қылмыстық процестің бастапқы сатысы [6, 9].

М.С. Строгович қылмыстық істі қозғаудың келесі түсінігін береді: қылмыстық істі қозғау алдын ала тергеу және анықтау органдарының, прокурор мен соттың қылмыстық іс бойынша өндірісті жүргізу үшін қажетті шарттардың бар екендігін анықтап, осы өндірісті бастау туралы шешім қабылдауы [7, 9].

М.С. Строговичтің анықтамасында сотты қылмыстық істі қозғау субъектісі ретінде көрсетуі қазіргі заң талаптарына сай емес. Сонымен қатар, біздің ойымызша, бұл екі анықтамада да қылмыстық іс қозғау сатысының мәні дұрыс анықталмаған сияқты. Қылмыстық іс қозғауға анықтама бергенде міндетті түрде бұл сатының мақсатын атап өту қажет. Ал қылмыстық істі қозғау сатысының мақсаты - қылмыстық іс қозғауға құқылы органдарға келіп түскен арыз, хабарламаларды тексере отырып, қылмыстың белгілерінің бар-жоқтығын анықтау.

Сонымен, біз қылмыстық іс қозғаудың келесі анықтамасын ұсынамыз:

Қылмыстық істі қозғау – бұл өкілетті органдар мен лауазым иелерінің қылмыстың белгілерінің бар-жоқтығын анықтауға бағытталған, осыған байланысты қылмыстық істі қозғау не қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімді қабылдауға бағытталған қызметін қамтитын қылмыстық процестің бастапқы және дербес сатысы.

Қылмыстық іс қозғау барысында оны жасаған адам нақты белгілі болмаса да, қылмыстық іс болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы фактілі себептермен қозғала береді. Егер қылмыстық іс қозғау кезінде оны жасаған адам туралы мәлімет болса, онда ол мәліметтер алдын ала тергеу немесе сот талқылауы барысында түрлі процесуалдық әрекеттердің көмегімен мұқият тексеріледі [5, 240].

Белгілі бір тұлғаны  қылмыс жасады деп қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін айыбын негіздейтін жеткілікті дәлелдемелер жиналуы қажет. Мұндай дәлелдемелер анықтама және тергеу барысында жиналады және олар алдын ала тергеу сатысына тән белгілі бір процесуалдық нысанға айналады. Мемлекетіміздің алдына қойған бірқатар міндеттеріне сай қылмыспен күресуге қоғамның қатысуы қылмыстық іс қозғау сатысында үлкен мәнге ие болады. Қылмыстық ізге түсу органдарының қоғаммен күнделікті тығыз байланыста болуы қылмыстың жасалу фактісін уақтылы анықтауға өз үлестерін қосады.

Информация о работе Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде