Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 17:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………….. 11
1 Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі
1.1 Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні .................................... 15
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар ....................................... 23
1.3 Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу
модельдері және маңызы ....................................................................
31
2 Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер
2.1 Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі.... 36
2.2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері..................................................... 42
2.3 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері............................... 44
3 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
3.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі .................................................................................................
50
3.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер ............ 55
3.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау................ 59
Қорытынды .................................................................................................... 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 71

Прикрепленные файлы: 1 файл

дербес саты ісқоз.2012.doc

— 498.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық іс қозғау туралы мәселені тек арнайы уәкілеттілік берілген органдар мен лауазым иелері ғана шеше алады. Оларды қылмыстық іс жүргізу  заңы нақты көрсетеді. Арнайы уәкілеттілік берілген органдар мен лауазым иелеріне прокурор, тергеу мен анықтама органдарының бастықтары, тергеуші, анықтаушы жатады.

Қылмыстық іс қозғау –  күрделі процесуалдық қызметтің  бір түрі. Ол өзінің мәнін жан-жақты  көрсететін бірнеше белгілерге ие болады. Бұл ұғымды төмендегідей түсінуге болады:

- біріншіден, қылмыстық істің пайда болу шарттарын, тәртібін және өзге де мән-жайларын анықтайтын нормалары бар қылмыстық процесуалдық институт;

- екіншіден, қылмыс  туралы алғашқы түскен мәліметтерді  заңға сәйкес қабылдау, қарау  және шешу барысындағы әрекеттер  мен қарым-қатынастардан тұратын қылмыстық іс жүргізудің біртұтас кезеңі;

- үшіншіден, нақты  қоғамға қауіпті  әрекет бойынша  қылмыстық процестің басталуы  жөніндегі лауазымды тұлғалардың тиісті жеке процесуалдық актілердің бірін шығаруы.

Қылмыстық іс қозғаудың мәні мен маңызы оның органикалық біртұтас екендігін ескере отырып, оны жан-жақты қарастырған жағдайда ғана анықталады.

XX ғасырдың 70-жылдарының аяғында  80-жылдардың басында қылмыстық  істі қозғаудың маңыздылығы туралы  даулар екі бағытта жүргізілді:

- қылмыстық істі қозғау және қылмыстық ізге түсу екеуі бір нәрсе;

- қылмыстық іс нақты қылмыскерге қатысты емес, қылмыс фактісі немесе қылмыстың оқиғасына қатысты қозғалуы (М.С. Строгович осы бағытты ұстанды).

Бұл аталған екі бағыт та қазіргі  кезге дейін дискуссиялық мәселелердің қатарында.

Н.Н. Полянский бұл сатыны тек қылмыстық істі қозғау туралы актімен байланыстырды.

Қылмыстық іс қозғау туралы нормалар ҚР Қылмыстық іс жүргізу  кодексінің Ерекше бөлімінде «Қылмыстық іс қозғау» деген дербес тарауда көрініс тапқан. Бұл тарау «Қылмыстық іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу» деген бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады.

Заң шығарушы бұл сатыны акт ретінде мәнін, маңызын анықтап, түсіндіре келе, бұл сатыдан қылмыстық  іс жүргізу ресми түрде басталады дейді [8, 23].

Сонымен қатар қылмыстық іс қылмыстың фактісіне, қылмыстың оқиғасына, нақты қылмыс жасады деп күдік келтірілген сезіктіге де қатысты қозғалуы керектігін дұрыс деп ойлаймын.

Бұл саты барлық істер  бойынша міндетті болып табылады. Яғни, қандай жағдайда да, қылмыс туралы арыз, хабарлама тиісті органдарға келіп түскеннен кейін міндетті түрде қылмыстық істі қозғау сатысы басталып, тиісті әрекеттер жүзеге асырылып, қылмыстық істі қозғау не қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданады.

Қылмыстық іс қозғауды процесуалдық-құқықтық институт ретінде қарастырудың мазмұны заң нормаларының жиынтығы арқылы анықталады. Аталған нормалар қылмыс туралы түскен алғашқы мәліметтерді қабылдау, қарау және шешуге байланысты пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейді. Жоғарыда аталған институттың  нормалары тиісті лауазымды тұлғалардың қоғамға қауіпті әрекет жөніндегі алғашқы мәліметтерді қабылдау, қарау, тіркеу қызметтерінің нысаны мен мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қылмыстық істі кім, қандай жағдайда және қандай тәртіптермен бастайтындықтарын бекітеді. Олардың саяси-әлеуметтік мазмұны халқымыздың, сондай-ақ қоғамдық материалдық өмір жағдайларының құқықтық көзқарастарын бейнелейді.

Бұл нормалар тәуелсіз мемлекетімізбен бекітілген және оның қызметінің демократиялық қағидаларына сай. Олар егеменді Республикамыздың саясатын, оның халқының еркіндігін білдіре отырып, құқықтық мемлекет құруға көмектеседі.

Жалпы қылмыстық іс қозғау институты қылмыстық іс жүргізу пайда болған кезден бастап-ақ оның бөлінбес бір бөлігі болған. Бірақ бұл бөлімді өзгерістерге ұшырамады деуге болмайды. Бұл институт мемлекетіміздегі өзге де құқықтық мекемелер сияқты құрылып, қысқартылып және тереңдетілуіне байланысты  дамып және демократиялы болған, ал оның нормалары әрдайым тексеріліп, талданып, алға қарай дамып отырған. дегенмен өмір талабына сай, заман ағымына және қоғамның өзгеруіне орай аталған сатының осы қалпында қалуына ешкім де кепілдік бермейді. әрине, ол реформалауға жатуы мүмкін.

Қылмыстық іс қозғау институты  қылмыстық процесуалдық құқықта  аса маңызды орынға ие. Аталған институттың нормаларымен қылмыстық іс жүргізудегі іс қозғаудың себептері мен негіздері, қылмыс фактісі жөніндегі алғашқы мәліметтерді қабылдау, қарау және шешу тәртіптері сондай-ақ, қылмыстық іс қозғауға уәкілетті органдары  мен олардың өкілеттіктері, қарым-қатынастары реттеледі.

Бұл нормалар тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың  құқықтары  мен міндеттерін дәл анықтайды. Және уақытты үнемдей отырып болған әрбір қылмыс фактісін қабылдау, қарау  үшін неғұрлым тиімді жағдайлар жасайды. Осы заң нормаларының арқасында болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы алғашқы  мәліметтерге назар аудару алғашқы қадамда-ақ мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге толық, нақты, қатаң түрде жауап беретін шек қойылады. Осынысымен қылмыстық процесуалдық қызметтің бастапқы кезеңінде заңдылықтың қатаң сақталатындығы анықталады.

Аталған қызметтің барысында  пайда болған қатынастардың анық, нақты және құқықтық бекемділігіне  назар аударылады. Заңсыздыққа жол  беру мүмкіндігін жоя отырып, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау қамтамасыз етіледі.

Қылмыстық іс қозғау институтының нормалары нақты қоғамдық қатынастарды реттейді және осы қатынастар саласындағы  адамдардың өзін-өзі ұстау ережелері  ретінде қызмет етуге шақырылады [9, 31]. Осы нормалармен анықталған заңды құқықтар мен міндеттер белгілі-бір тұлғалардың әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Бұл әрекеттер әрдайым  қылмыстық материалдық-құқықтық қатынастарда орын алған болжамалы немесе фактілі  себептерге байланысты жүзеге асырылады  немесе болған, дайындалып жатқан қылмыс туралы алғашқы мәліметтердің алынбауына байланысты қылмыстық іс қозғау институтының нормаларын қолдануға да мүмкіндік болмайды. Осы көріністен кейін қылмыстық іс жүргізудің қылмыстық құқықпен тығыз байланысты екендігін көруге болады.

Өзінің сипатына қарай  мұндай әрекеттер екі жақты болады. Олардың бірі қылмыстық іс қозғауға уәкілетті мемлекеттік органдардың  алдына қойылған процесуалдық-құқықтық актіні (мысалы, қаулы шығару немесе хаттама жасау) шығару өкілеттігіне жатқызылған мәселелерді шешу барысында көрінеді. Осындай құқықтық әрекеттерді жасай отырып, анықтама, тергеу және прокуратура органдарының лауазымды тұлғалары өз құқықтары мен міндеттерін процестің қатысушысы болып табылатын тұлғаның алдында емес, ол мемлекеттік органға жүктелген тікелей жариялы құқықтық міндеттерді орындайды. Осыған сәйкес олар өзге жағдайларда нақты қылмыстық процесуалдық қатынастардың субъектілері болып  табылмайды. Мұндағы олардың әрекеттері процесуалдық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі мен қысқаруына әсер ететін бірқатар жаңа құқықтар мен міндеттерді тудыратын заңды фактілі мәнге ие болады.

Қылмыс туралы арызданушының, прокурордың немесе өзге де уәкілетті  тұлғалардың бір-біріне қатысты өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері біршама түрлі сипатқа ие болады. Оларды жүзеге асыра отырып, олар сөзсіз нақты қылмыстық процесуалдық қатынастардың субъектілері болып табылады. Мысалы, белгілі бір тұлға қылмыстың фактісі жөнінде арыз береді – тергеуші ол арызды қабылдайды; қылмыс туралы арызданушы тергеушінің әрекетіне шағым береді – прокурор ол шағымды қабылдайды және т.с.с. Мұндай жағдайларда өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырушы тұлғалардың әрекеттері тиісті процесуалдық қатынастардың маңызды мазмұнын құрайды.

Бірақ аталған процесуалдық әрекеттер және қатынастар органикалық біртұтастықта болады. Өйткені, алғашқылары шартты немесе пайда болудың (өзгеру, қысқару) себебі болса, екіншісінің маңызды мазмұны болады. Жалпы олар қылмыстық іс қозғау қызметін құрайды.

Қылмыстық іс қозғау қызметі  келіп түскен қылмыс туралы алғашқы мәліметтерді қабылдау, тексеру, ол бойынша процесуалдық шешім қабылдау, ол шешімге шағымдану және оның заңдылығы мен негізділігін тексеруді қамтиды. Ол процесуалдық әрекеттер мен қатынастардан тұратындықтан құқықтық болып табылады және заңға сай орындалады. Бұл қызмет қылмыстық процестің алғашқы кезеңдерінің бөлігін құрайды. Оны процестің шегінен шығаруға әрекет жасау және оның  болмысы ретінде қарастыру – заман талабы.

Қылмыстық іс жүргізу  қылмыстық іс қозғау туралы қаулы  шығарылып, ол актінің күшіне енуіне орай басталады деген көзқарастың дұрыс еместігін мойындауымыз қажет. Олай деуіміздің себебі, яғни іс қозғау барысында жасалған, сондай – ақ тиісті қаулыны қабылдау процестің шегінен шығады және ол болмыс ретінде бағаланады. Нәтижесінде іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің барысында емес, оған дейін жүргізілген болып есептелінеді.

Егер мұндай көзқарасты қолдайтын болсақ, онда мына төмендегідей қорытындыға келуге болады: «қылмыстық іс жүргізу құқығының маңызды институттарының бірінің нормаларын барлық қылмыстық процесуалдық қызметтен тыс қолдану оның уақытша және процесуалды емес сипатқа ие болатындығын білдіреді». Бұлай болу ойға сыймайды және ол мәні бойынша әділ деп есептелмейді.

Іс қозғау қылмыстық  іс жүргізудің бөлінбес бір бөлігі. Яғни ол қылмыстық процестің дербес сатысы [10, 79-83].

Әрине, кезінде іс қозғау жеке дара процесуалды  саты болып табыла ма, ал егер олай болса ол неден құрылады, оның шегі қандай деген мәселелер көтерілгендігін айта кетсек, артық болмайды.

Осы кезге дейін криминалистер қылмыстық процесс екі сатыдан алдын-ала тергеу және істі сотта қараудан тұрады деп есептеген. Ол кезде қылмыстық іс қозғау алдын-ала тергеудің бір бөлігі деп саналған немесе егер іс бойынша алдын-ала тергеу талап етілмесе істі тыңдау тағайындалатын.

Аталған көзқарасқа қарсы болып ең бірінші М.С. Строгович сөйледі. Ол қылмыстық іс қозғау жеке дара процесуалды саты болып танылуы тиіс екендігін баса айтты [11, 10]. Бірақ бұл көзқарас мұнымен бір қалыпты болмайды. Ол «егер істі қозғаудан және ол бойынша тергеуді бір орган жүргізетін болса,» онда іс қозғау мәні бойынша алдын-ала тергеудің басталуымен сәйкес келетінін айтты [12, 105].

Сонымен бірге оның көзқарастары да бір-біріне қарама-қайшы болды, егер қылмыстық іс қозғау мәні бойынша  процестің өзге сатыларымен бірігіп кететін болса, онда мұндай жағдайларда оны формальды белгілері бойынша жеке дара сатыға бөлуге болмайтынын да айтады.

М.С. Строговичтен кейін де көптеген процесуалистер қылмыстық іс қозғау жеке дара процесуалды саты болып табылады деген пікірлер айтты. Бірақ олардың  жұмыстарында айтылған көзқарасты негіздейтіндей жеткілікті мәселелер келтірілмейді. Бұл жұмыстардың кейбіреулерінде қарама-қайшы аргументациялар келтірілген. Демек, Н.Н. Полянский бұл сатыны бір ғана актіде – тиісті қаулы шығаруда көреді, бірақ сонымен бірге процестің кез келген сатыларының белгісі процесуалдық қатынастырдың  жиынтығы болып табылатындығын айтады [13, 18]. Процесуалистердің бірқатары осы күнге дейін қылмыстық іс қозғау жеке дара саты болып табылмайды, ол алдын-ала тергеудің бастапқы кезеңі, яғни  М.Л. Шифман «қылмыстық іс қозғауды жеке дара саты деп бөлудің ешқандай да қажеттігі жоқ», яғни қылмыстық іс қозғау мен алдын-ала тергеуді екі сатыға бөліп шектеуге негіз жоқ, әрі десеңіз, қылмыстық іс қозғау мәні бойынша бір ғана құжат – қылмыстық іс қозғау туралы қаулыны шығарумен шектеледі. «Кімге мұндай микростадия қажет?» деген көзқарастар да айтылған [4, 28]. Әрине, бұл мәселе қазіргі таңға дейін өзекті болып келеді.

Жалпы қылмыстық іс қозғауға байланысты қызмет бір ғана тиісті процесуалдық шешімді қабылдаумен байланысты деген пікірдің дұрыс емес екендігін атап өту қажет. Мұндай қорытынды заңнан туындамайды. Ол қылмыстық процестің бастапқы кезеңінің мәні мен міндеттерін жоққа шығарады. Әрине, қылмыстық іс қозғау туралы шешім – қылмыстық іс жүргізудің алғашқы кезеңінің маңызды екендігіне ешқандай күмән жоқ. Ол уәкілетті лауазымды тұлғалардың алғашқы мәліметтері бойынша өз шешімдерін бейнелейтін әрекеттерінің бірі.

Қылмыстық іс жүргізу  құқығы қылмыстық іс қозғауға уәкілетті органдарға қылмыс туралы кез келген арызды қабылдауға, арызданушыға өтірік, жалған жеткізгені үшін жауапкершілік жөнінде ескертуге және хаттама жазуды (егер хабарлама ауызша жасалса немесе өзі кінәсін мойындап келсе) жүктейді        (ҚР ҚІЖК 178 бап). Қылмыстық іс қозғауға өкілетті органдар мен лауазымды тұлғалар аталған міндеттерді атқара отырып, процесуалды әрекеттерді жүзеге асырады, себебі олар қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттеледі.

Қылмыстық істі қозғау қызметі  өте күрделі болып табылады. Оның құрамына қылмыстық факт туралы арызды қабылдау, оны тексеру, ол бойынша процесуалдық шешім қабылдау, сонымен бірге қабылданған шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексерудегі әрекеттер мен қатынастар жатады. Осы қызметті қылмыстық процестің жеке дара, бөлек сатысы деп санауға бола ма?

Берілген сұраққа жауап  беру үшін, ең алдымен, қылмыстық процесс  сатысының не екендігін анықтап алу қажет.

Іс жүргізу сатысын  процесуалдық құқықтың институтымен араластыруға болмайды. Алғашқысы екіншісінен белгілі бір заң нормалары болғандықтан емес, оларды жүзеге асырудағы кезеңдермен ерекшеленеді. Бір құқықтық институттың нормалары қылмыстық процестің екі немесе одан да көбірек сатыларында қолданылуы мүмкін.

Процесуалдық саты қылмыстық  процесуалдық қызметтің кезеңі, баспалдағы екендігі белгілі. Бірақ бұл қызметтің дамуында кез келген  баспалдақ процестің жеке дара, бөлек сатысы деп танылмайды. Бұл үшін ол бірқатар талаптарды қанағаттандыруды және бірнеше белгілермен сипатталуы тиіс. Олар төмендегідей:

- біріншіден, процестің  белгілі бір кезеңі, егер өзге  жағдай заңның өзінде айтылмаса,  өтіп кетпейтіндей, құтыла алмайтындай  бөлігінің болуы қажетті. Процестің  сол немесе өзге де сатысының  болмауы немесе одан аттап  кету, тікелей заңмен қарастырылады  (мысалы, жеке айып тағу істері бойынша алдын-ала тергеудің болмауы; соттың үкіміне шағым немесе наразылықтың келтірілмеуіне байланысты апелляциялық сатының болмауы);

Информация о работе Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде