Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 17:23, дипломная работа
Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.
Кіріспе ………………………………………………………………………….. 11
1 Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі
1.1 Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні .................................... 15
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар ....................................... 23
1.3 Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу
модельдері және маңызы ....................................................................
31
2 Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер
2.1 Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі.... 36
2.2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері..................................................... 42
2.3 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері............................... 44
3 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
3.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі .................................................................................................
50
3.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер ............ 55
3.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау................ 59
Қорытынды .................................................................................................... 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 71
Мазмұны
Кіріспе ………………………………………………………………………….. |
11 | |
1 |
Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі |
|
1.1 |
Қылмыстық істі қозғаудың
түсінігі және мәні .............................. |
15 |
1.2 |
Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар .............................. |
23 |
1.3 |
Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу модельдері және маңызы .............................. |
31 |
2 |
Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер |
|
2.1 |
Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі.... |
36 |
2.2 |
Қылмыстық іс қозғаудың
негіздері..................... |
42 |
2.3 |
Қылмыстық іс қозғаудан
бас тартудың негіздері..................... |
44 |
3 |
Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі |
|
3.1 |
Қылмыс туралы арыздар
мен хабарларды тексерудің әдістері
және мерзімі .............................. |
50 |
3.2 |
Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер ............ |
55 |
3.3 |
Қылмыстық іс қозғау сатысындағы
прокурорлық қадағалау......... |
59 |
Қорытынды .............................. |
67 | |
Қолданылған әдебиеттер тізімі .............................. |
71 |
Аннотация
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қылмыстық іс қозғау – алдын ала тергеудің дербес сатысы ретінде».
ЮМ 08 - 1к2 тобының студенті Жұмабаева Береке.
Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.
Бұған қоса, жұмыста осы салада қолданыста жүрген заңды тәжірибелік және теориялық тұрғыда бағалау және оны бұдан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстар қамтылған.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тоғыз бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Жұмыстың көлемі 74 бет.
Қолданылған әдебиеттер саны 68.
Студент____________
(қолы)
Нормативтік құқықтық сілтемелер
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: ЮРИСТ. Республикалық референдумда қабылданған 30 тамыз 1995 жыл.
2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Жеті Жарғы, 13 желтоқсан 1997 жыл.
3 Қазақ КСР-нің Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1959 ж. – Алматы: Қазақстан, 1984 жыл.
4 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 жыл. – Алматы: ЮРИСТ.
5 Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңы. 21 желтоқсан 1995ж.; 9 тамыз 2010 ж. №346 – 11 ЗРК.
6 Инструкция «О порядке
приема, регистрации, учета и
Анықтамалар
Ақтау үкімі – соттың ақтау үкімімен сотталушының қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сотқа берілген айыптау жөнінде қылмыстың жасалуына оның кінәсыздығын соттың танитын және жариялайтын үкім.
Алдын-ала тергеу – уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.
Анықтау органы – қылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына: заңмен белгіленген құзыретіне сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қолданатын уәкілетті орган.
Анықтаушы – өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.
Инвентаризация (лат. inventarium) – мүліктің, ақша құжатының сақталуын, өзара есеп айырысудың дұрыстығын тексеру. Инвентаризация ұрлық, тонау, қарақшылық, өрт қою, біреудің мүлкін уақытша иелену және т.б. қылмыстарды тергеуде кеңінен қолданылатын әдіс.
Жеке, жеке-жариялы және жариялы айыптау істері – жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық ізге түсу мен сотта айыптаудың жеке, жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылуы.
Конституция – қоғамның негізгі тәртібін бекітетін мемлекеттің ең басты заңы.
Кінәсін мойындап келу – әлі күмән келтірілмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда, адамның өзі жасаған қылмысы туралы ерікті мәлімдеуі.
Қаулы – соттың үкімнен басқа әр түрлі шешімдері, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қабылданған шешімдері.
Қылмыс – Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес, жазалау қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.
Қылмыстық іс – жасалды деп жорамалданған бір немесе бірнеше қылмыстар бойынша қылмыстық ізге түсу органы мен сот жүргізетін оқшауландырылған іс жүргізу.
Қылмыстық ізге түсу органы – прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы.
Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту – қылмыстық іс қозғауға негіздер болмаған кезде қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралар – сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:
1) есі дұрыс емес
жағдайда Қылмыстық кодекстің Е
2) қылмыс жасалғаннан
кейін психикасы жазаны
3) қылмыс жасаған немесе
есінің дұрыстығын жоққа
4) қылмыс жасаған және
алкоголизмнен немесе
Қазақстан Республикасының Прокуратурасы – Республика Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган.
Прокурор – өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға.
Рақымшылық (Амнистия; грек. amnestia) – белгілі бір адамдар категорияларына қатысты жоғары билік актісімен жүзеге асырылатын сотпен сотталған адамдардың жазасын жеңілдету және жазадан босату, қылмыстық қудалаудан босату, жазасын өтеп келген адамдардың соттылығын алып тастау.
Ревизия – кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін олардың алғашқы ақша құжаттарын және бухгалтерлік жазбаларын зерделеуге негіздей отырып тексеру.
Сот-психиатриялық сараптама – сот психиатриясы саласында арнайы танымдарды талап ететін мәселелерді шешу үшін тағайындалатын сот сараптамасы.
Фальсификациялау (Фальсификация; ағыл. falsification) – 1) бір нәрсені жалған жасау; дұрыс нәрсені бұрмалау; 2) сыртқы түрін сақтай отырып, өткізу заттарының сапасын нашарлатып пайдақорлық мақсатпен өзгерту.
Қысқартулар мен белгілер
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР К – Қазақстан Республикасының Конституциясы
ҚазКСР – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
ҚІЖК – Қылмыстық іс жүргізу кодексі
ҚК – Қылмыстық кодекс
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
РФ – Ресей Федерациясы
ІІМ – Ішкі істер министрлігі
ІІБ – Ішкі істер басқармасы
ІІО – Ішкі істер органдары
ҚІ – қылмыстық іздестіру
ЖІҚ – жедел іздестіру қызметі
ЖІШ – жедел іздестіру шаралары
т.б. – тағы басқа
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде тарихи біршама уақыт бойы өмір сүрген тоталитарлық тәртіп пен жан-жақты тәуелділіктен кейін Қазақ мемлекетінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» маңызды Заң қабылданғаны белгілі. Бұл құжат қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқын растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды, яғни еліміздің тәуелді, егеменді болып жарияланғанына 20 жылға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында елімізде бірнеше күрделі жұмыстар атқарылды. Соның ішінде Республикамыздың құқықтық жүйесі қалыптасып, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Ал қазіргі кезде, құқықтық мемлекет болғаннан кейін сол құқықтық жүйені одан әрі жетілдіріп, дамытуымыз керек.
1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында
референдум жолымен
Құқық қорғау органдарының тәжірибесінде негізсіз ұстау мен қамауға алу фактілері, адамдарды заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері түбегейлі түрде жойылуы керек. Сонымен қатар, дамыған, өркениетті ел боламыз десек, қылмыспен күресіп, оның деңгейін төмендету шараларын жүргізу алға қойған міндеттеріміздің ең негізгілерінің бірі болуы тиіс.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев негізгі мәселелердің бірі ретінде құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру болып табылады және бұл мәселені ең басты азаматтардың құқықтары мен бостандақтарын қорғауды қамтамасыз ету тұрғысынан қарау керек деп айтты [2].
Қылмыстың алдын алу, оны болдырмау, қылмыскерді жауапкершілікке тарту, мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, қылмыстық процестің, соның ішінде қылмыстық іс жүргізудің бастапқы сатысы болып табылатын қылмыстық іс қозғаудың орны ерекше. Бұл сатысыз ешбір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілмейді. Қылмыстылықпен күресуде қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыстық іс қозғау туралы шешімдері маңызды орын алады. Құқық қорғау органдарының осындай шешімдерді дұрыс қабылдауы қылмыстың алдын алу, оны келешекте болдырмау және қылмысты ашуға елеулі әсерін тигізеді.
Қылмыстық іс жүргізудің міндеттері – қылмыстың бетін тез арада және толық ашу, кінәлі адамдарды әшкерелеп, жауапкершілікке тарту, заңның, нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету және іс бойынша әділ шешім шығару болып табылады [3].
Сондай-ақ сатының негізгі
міндеті қылмыстық іс қозғауға қажетті
мән-жайлардың бар жоғын
Осы міндеттерді орындауда қылмыстық іс қозғау сатысының ролі үлкен.
Бұл мен таңдаған тақырыптың өзектілігін белгілеп, маңыздылығын көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Осы диплломдық жұмыстың көздейтіні қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретіндегі қылмыстық іс қозғау мәселелерін зерттеу мен теориялық ой-өрістен өткізуді заңдардың ережелері мен қылмыстық іс жүргізу ғылымының, анықтау мен тергеу, прокуратура тәжірибесінің мәселелерін салыстырмалы түрде қарастыру болып табылады.
Информация о работе Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде