Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.
Төтенше экологиялық жағдай аумағының түсінігіне Қыл-мыстық кодекстің 279-бабына талдау жасағанда тоқталып өткенбіз.
ҚК-тің 281-бабының 2-тармағында сөз болып отырған - ерекше қорғалатын табиғи аумақ және төтенше экологиялық жағдай аумағы қылмыстың істелетін орны. Заңға сәйкес бұл жерлерде жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстың зар-дабының болған, болмағанына қарамастан қылмыс болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 281-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі - осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер абайсызда кісі өліміне әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.
4. Жерді, құрлықтық шельфті, жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қол сұғатын қылмыстар
Жер койнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу (286-бап)
Қылмыстың объектісі жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану аясындағы қоғамдық қатынастар. Мұндай қоғамдык қатынастар Қазақстан Республикасының жер койнауы туралы заңы арқылы реттеледі.
Қылмыстық заңның диспозициясына сәйкес осы қылмыстың затына пайдалы қазбалар жатады.
Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу қылмысы объективтік жағынан: 1) пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес құрылыстарды жобалау; 2) орналастыру; 3) салу; 4) кен өндіру кәсіпорындарын пайдалануға беру; және 5) пайдалану кезінде жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу; 6) сондай-ақ пайдалы қазбалар жатқан аландарға өз бетінше құрылыс салу, бұл әрекеттер едәуір зиян келтіруге әкеліп соғуы арқылы сипатталады. Жер койнауын корғау және пайдалану ережелері арнаулы экологиялық және тау-кен заңдарында белгіленген.
Осы заңдарға сәйкес жер қазба байлықтарын өндіруге, соны жүргізуге лицензиясы бар мемлекеттік немесе мемлекеттік емес кәсіпорындар, жекелеген азаматтар құқылы. Осыған орай Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңында, жер койнауын пайдалану нұсқауларында нақты құқықтары мен міндеттері айқындалған. Осыған орай олар кен байлығын тиімді пайдалану және қорғау; жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды қауіпсіз жүргізу; рұқсатсыз құрылыстарды салуды жобалауды, салуды, орналастыруды және басқа заңсыз әрекеттерді жүзеге асырмауға міндетті.
Көрсетілген ережелерді бұзу едәуір зиян келтіруге әкеліп соқса іс-әрекет қылмыс болып табылады.
Едәуір зиянға — пайдалы кен орындары кәсіпорындарын істен шығару; кен өндіру жұмысына кедергілер келтіріп жұмысты тоқтату; объектілерді, экологиялық жағдайын нашарлату; лицензияда көрсетілмеген кен игеру ісімен айналысу және т.б. әрекеттер жатады.
Қылмыс құрамы материалдық. Заңда көрсетілген зардап орын алған уақыттан бастап ол аяқталған деп танылады. Баптың диспозициясында көрсетілген ережелерді бұзумен келтірілген едәуір зиянның арасында себепті байланыс болуы шарт.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен де, абайсыздықпен де істеледі.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған жай немесе лауазымды адам.
Қылмыстық кодекстің 286-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі: жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттер жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне, мемлекетке ірі көлемде нұқсан, халықтың денсаулығына зиян келуіне әкеп соққаны үшін жауаптылық көрсетілген, жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларындағы экологиялық талаптарды бұзуға айналаны уландыру, ластау жұмыстарын жүргізу, жер қойнауына қауіпті жарылыс жасау, кен өндірудің қауіпсіздігін сақтамау әрекеттері жатады. Осы талаптарды сақтамау заңда көрсетілген зардапқа әкеліп соғуы шарт.
286-баптың 2-тармағында көзделген
әрекеттер абайсызда
5. Жануарлар дүниесін
тиімді пайдалану, сақтау және
қорғау ережелеріне қарсы
Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (олжалау) (287-бап)
Қылмыстын объектісі табиғи жағдайда мекендейтін судың тірі ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың затына әр түрлі балық тұқымдары: теңіз немесе тұщы су жануарлары; теңіз андары, өзге де су жануарлары, су өсімдіктер (теңіз капустасы).
Қылмыс объективтік жағынан: балықты, теңіз аңдарын және өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу; а) бұл әрекет ірі зиян келтіре отырып, б) өздігінен жүретін жүзгіш көлік құралын немесе жарылғыш және химиялық заттарды, электр тогын, не аталған су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де әдістерін қолдану арқылы; а) ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында; г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық жағдай аумақтарында жасалу арқылы сипатталады.
Заңда белгіленген ережені бұзып балықты, теңіз андарын, өзге де су жануарларын немесе есімдіктерді өз бетінше, рұқсатсыз, лицензиясыз, тыйым салынған жерлерден, тыйым салынған уакытта, сондай-ақ оларды аулауға қолдануға тыйым салынған құралдар мен тәсілдерді пайдаланып заңда көрсетілген заттарды алу заңсыз алу деп танылады.
Осы бап бойынша жауапқа тарту үшін осы баптың диспозициясында тізбектелген іс-әрекеттердің біреуін бұзудың езі жеткілікті. Бапта көрсетілген норма бланкеттік диспозицияға негізделген. Мысалы: Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын балық қорын қорғау және сулардан балық ұстауды реттеу туралы арнаулы Ереже бар.
Су жануарлары мен өсімдіктерді заңсыз алу орны - Қазақстан Республикасының аумақтық сулары, оның ішінде теңіз, көл, тоспа су қоймалары және басқа да су көздері.
Су жануарлары мен өсімдіктер дүниесін заңсыз алу мына төмендегі іс-әрекеттерді істеген жағдайда ғана қылмыс болып табылады:
а) ірі зиян келтіру арқылы. Ірі зиянның мөлшері алынған заттың құнына, экологиялық құндылығына, санына, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне келтірілген зиянның көлеміне байланысты анықталады. Ірі зиянға Қазақстан Республикасының қызыл кітабына жазылған жануарлар дүниесін жою, балықтың ұрық шашу орындарын жою, майда шабақтардын қырғынға ұшырауы да жатады;
б) өздігінен жүретін жүзгіш көлік құралын немесе жарылғыш және химиялық заттарды, электр тогын, не аталған су жануарларын және өсімдіктерін жаппай жоюдың өзгеше де әдістерін қолдану. Бұларға катерлерді, моторлы қайықтарды, басқа шағын жүзгіш құралдар мен қондырғыларды пайдаланып балықты, басқа да су жануарларын, өсімдіктерді заңсыз алу әрекеттері жатады. Бұдан басқа көрсетілген заттарды заңсыз алу үшін атылатын, жарылатын қару, кесетін немесе тесетін басқа да құралдар пайдаланылуы мүмкін;
в) ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында. Ұрық шашу, балықты көбейту, оларды сақтау, қорғау су объектілерінің тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Осы ережеде ұрық шашу, оларға бару жолдары да айқындалады. Осы орындардағы су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу — қылмысқа жатады;
г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық жағдай аумақтарында істелген осы әрекеттер (мұның түсінігіне Қылмыстық кодекстің 281-бабының 2-тармағына талдау жасағанда тоқталғанбыз).
Қылмыстық кодекстің 287-бабының 1-тармағында көрсетілген балықты, теңіз андарын, өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерін ірі зиян келтіре отырып заңсыз алу қылмысы материалдық құрам. Іс-әрекет пен одан пайда болған ірі зиянның арасын байланыстыратын себепті байланыс болуы керек.
Ал Қылмыстық кодекстің 287-бабының 1-тармағындағы басқа іс-әрекеттер формальдық құрамға жатады. Қылмыс бұл ретте су жануарлары мен есімдіктерді алмағанның өзінде, заңда көрсетілген іс-әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналық арқылы сипатталады.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-тармағында
осы қылмыстың ауырлататын
Қорықтар мен ерекше қорғалатын
табиғи аумактардың қьізметкерлері,
сондай-ақ қоршаған ортаны қорғайтын
мемлекеттік органдардың
6. Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (291-бап)
Қылмыстың объектісі - ормандар
мен бұталарды қорғау және тиімді
пайдалану аясындағы
Қылмыстың заты - барлық топтағы орман ағаштары мен бұталары, орман қорына кірмейтін немесе кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталар.
Орманның құқықтық ережелері Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Орман кодексінде белгіленген. Барлық ормандар және орман шаруашылығын жүргізуге берілген жерлер Қазақстан Республикасының орман қорына жатады.
Орман корына ауыл шаруашылық жерлерін қорғайтын орман қондырғылары немесе басқадай ағаштар мен бұталар; темір жол, автомобиль жолы және каналдарды қорғап тұратын орман белдеулері, елді мекендер мен қалаларды көгалдандыратын ағаштар, үй іргесіндегі, саяжайлардағы және саяжай учаскелеріндегі ағаштар кірмейді.
Қазақстан Республикасында атқаратын экологиялық, генетикалық, әлеуметтік-экономикалық қызметтері мен орналасқан жерлеріне қарап орман қорлары екі топқа белінеді.
Бірінші топқа суды қорғайтын ормандар (өзен, көл, бөгет және басқа су қоймаларының жағалауларын қорғайтын орман белдеудері); санитарлық-гигиеналық және сауықтыру орындары, қорықтар мен қорықтық аймақтар, ұлттық және тарихи табиғи парктердегі ормандар, ерекше құнды орман алқаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, генетикалық резервтер мен табиғи ескерткіштер, жаңғак кәсіпшілігі аймағының ормандары, жеміс-ағаш екпелері, биік таулардағы ормандар жатады.
Екінші топтағы ормандар қатарына таулы аудандардағы пайдаланылу маңызы шектеулі ормандар жатады.
Қылмысты іс-әрекет объективтік жағынан алғанда барлық топтағы ормандарда ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін немесе кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуін тоқтату үшін зақымдау, бұл әрекеттер елеулі зиян келтіру арқылы сипатталады.
Орман ағаштары мен бұталарын, сондай-ақ оларға кірмейтін басқа да ағаштар мен бұталарды немесе кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды кесу арнаулы рұқсат құжаттардың: лицензияның, ағаш кесу билетінің, ордердің, орман билетінің непзінде жүзеге асырылады.
Ағаштар мен бұталарды рұқсатсыз кесу заңсыз деп танылады, сондықтан тиісті рұқсат құжаттары болғанның өзінде рұқсат етілмеген жерден, рұқсатта көрсетілген санға және сапаға сәйкес келмейтін түрде ағаштар мен бұталарды кесуде заңсыз деп саналады.
Қылмыс құрылысы жөнінен материалдық құрамға жатады. Ол заңда көрсетілген әрекеттер елеулі зиянға әкеліп соққан жағдайда аяқталған деп саналады. Қылмыстық кодекстің 288-бабының ескертуіне сәйкес қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін залал мөлшері елеулі залал деп танылады. Іс-әрекет пен келтірілген осы залалдың арасында себепті байланыс болуы қажет.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың объектісі — 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 291-бабының 2-тармағында
осы қылмыстың ауырлататын
а) әлденеше рет;
б) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып;
в) ірі көлемде жасағаны үшін жауаптылық көзделген.
Әлденеше рет қылмыстың
7. Ерекше табиғи-биологиялық түдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу (289-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі - жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты - жануарлар дүниесі.
Жануарлар дүниесі мемлекетіміздің табиғи байлықтарьшың ең басты бөлігі, оған Республика аумағында құрғақта, суда, аспанда және жер астында еркін өмір сүретін жануарлардың барлығы жатады.
Жануарлар түріне: сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер кіреді.
Жануарлар дүниесін құқықтық қорғау
Қазақстан Республикасының
Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты