Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс по выбору 5 (Уголовное право (особ.ч)).doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

Объектісі:

1. Топтық объектісі - қоғамдық  қауіпсіздік; 

2. Тікелей объекті - адамның өмірі,  денсаулығы, бостандығы, мүліктік құқығы.

Объективтік жағы - диспозицияда көрсетілген, яғни: баптың міндетті белгілері:

1-ші бөлімде: 1) адамды кепілге ұстау; 2) кепілдік ретінде ұстау.

2-ші бөлімде - 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; 2) бірнеше рет жасалса; 3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып жасалса; 4) қарулы немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолдана отырып жасалса; 5) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса; 6) айыптыға жүктілік жағдайы көрінеу мәлім әйелге қатысты жасалса; 7) көпе-көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға қатысты жасалса; 8) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса; 9) пайдакүнемдікпен немесе жалдау арқылы жасалса.

3-ші белімде - осы баптың 1 немесе 2 - бөліктерінде көзделген әрекеттерді, егер:

1. Оларды ұйымдасқан топ жасаса;

2. Олар абайсызда адам өліміне  әкелсе;

3. Немесе өзге де ауыр зардаптарға  әкеп соқса.

Субъективтік жағы - кінәнің тікелей қасақаналық.

Міндетті белгісі: Мақсаты - кепілге алынған адамды босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды, немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету.

Субъектісі - 14 жасқа толған, ақыл-есі  дұрыс адам-тұлға, іс-әрекетке жауап бере алатын адам.

Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру  (235-бап) 

Қылмыстық кодекстің 236-бабында: «Заңсыз әскерилендірілген құрама (бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге де топ) құру, сондай-ақ ондай құраманы баскарғаны» үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қылмыстың объектісі - заңмен белгіленген әскерилендірілген құраманы ұйымдастыруды реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан  мынадай белгілермен сипатталады:

а) әскерилендірілген құрама құру және басқару;

б) құраманың қарулануы;

в) мұндай құраманы құрудың заңға  негізделмеуі.

Субъективтік жағынан тікелей  қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстің 236-бабының 2-тармағында заңсыз әскерилендірілген құрамаға - бірлестікке, отрядқа, жасаққа немесе өзге де топқа қатысқаны үшін жауаптылық белгіленген.

Бұл жерде қатысу деп әскери құраманы құрмаған немесе ондай құраманы басқармаған адамның құраманың қатардағы жауынгер немесе оның белгілі бір бөлігінің командирі ретінде көрінуін айтамыз.

Бандитизм (237-бап) 

Бандитизм - аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса кауіптілігі сол, банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды жасайды.

Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздік.

Қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай мүдделері.

Объективтік жағынан бандитизм  бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша  сипатталады:

Субъективтік жағынан бандитизм  тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 237-бабында  көрсетілген әрекеттерді істейтінін сезеді және оны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет - әр түрлі болуы мүмкін, оның негізгісі - пайдакүнемдік ниет.

Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі - арнаулы  мақсат азаматтарға немесе ұйымдарға  шабуыл жасау болып табылады.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған, есі  дұрыс адам. Егер бандаға 14 пен 16 жастың арасындағы адамдар қатысса, онда олар адам өлтіргені, әйел зорлағаны, ұрлық  жасағаны үшін, яғни Қылмыстық кодекстің 15-бабының 1-тармағындағы қылмыстарды  істегені үшін ғана жауапқа тартылады. Қылмыстық кодекстің 237-бабының 2-тармағында тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысқаны үшін жауаптылық көрсетілген.

 

3.  Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар  

Бұзақылық (257-бап) 

Бұзақылықтың қоғамдық тәртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін, қайсыбір жағдайларда, одан гөрі ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті құқық бұзушылық екеніне дау жоқ. Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тәртіпті, адамгершілік салтты өрескел бұзатын, көбінесе себепсіз немесе болар-болмас себепті пайдаланып қоғамды мейлінше сыйламаушылықтан көрінетін, қоғамдық тәртіпке ашық қарсыласуымен, өзін айналасындағыларға қарсы қоюымен, оларға немқұрайды қарым-қатынасымен әдейі жасалған әрекеттері арқылы көрініс табады. Бұзақылық - тұрмыс салты мен қоғамдық тәртіптің бірден-бір жауы.

Қылмыстың тікелей объектісі –  қоғамдық тәртіп, ал қосымша объектісі - адамның денсаулығы, ар-намысы немесе меншігі болып табылады.

Осы қылмыстың жәбірленушісі кез  келген адам болуы мүмкін. Қылмыстық  кодекстің 257-бабының 2-тармағының «а» тармақшасында бұзақылықтан жәбір көретіндердің тізімі: өкімет өкілі, қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге де адамдар деп тура көрсетілген. Өкімет өкіліне қоғамдық тәртіпті бұзушылықты тыюға құзыретті барлық лауазым адамдары жатады.

Қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым  салушы өзге адамдар деп өкімет өкіліне  немесе ұйымдық тәртіпті қорғау жөніндегі  міндетті атқаруға жатпайтын басқа  адамдардың азаматтық борышын өтеп қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушыларды  айтамыз.

Қоғамдық тәртіп дегеніміз қоғамдық тыныштықтың, азаматтардың, қоғамдық орындардағы лайықты мінезқұлқының, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық немесе жеке көлік құралдарының бір қалыпты жұмысының, азаматтардың жеке басына қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Бұзақылық іс-әрекет бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен байланысты болса, онда бөтеннің мүлкі оның заты болып табылады.

Объективтік жағынан бұзақылық  қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бұлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен үштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық әрекеттер арқылы сипатталады.

Қылмыстың субъектісі - жалпы, 16-ға (257-баптын, 1-тармағы) және 14-ке (257-баптың 2,3-тармақтары) толған есі дұрыс адам. 

Тағылық (258-бап)  

Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінің 258-бабында тағылық үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Осы бапта: «тағылық, яғни үйлерді немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын өзге де іс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру» деп оған анықтама берілген. Бұрынғы Қылмыстық кодекс бойынша мұндай әрекеттер бұзақылық деп бағаланатын. Тағылықтың бұзақылықтан өзгешелігі сол, тағылықты құрайтын қылмыс құрамының әрекеттері қоғамдық адамгершілік және эстетикалық нормаларды бұзу арқылы жүзеге асырылады, тағылық қоғамдық тәртіпті бұзумен ұштасады.

Бұзақылықтын заты – бөтеннің мүлкі  болса, тағылықтың заты - үйлер, өзге де ғимараттар, қоғамдық орындардағы мүлік  болып табылады.

Тағылықтың объектісі – қоғамдық тәртіп, қосымша тікелей объектісі  адамгершілік нормалары болады.

Объективтік жағынан бұзақылық  қоғамдық тәртіпті өрескел бұзумен, қоғамды көрінеу қадірлемейтін  әрекеттермен ұштасса, ал тағылықтың объективтік  жағы үйлерді немесе өзге де ғимараттарды жазулармен, суреттермен немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын іс-әрекеттермен, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру арқылы сипатталады.

 

. Халықтың денсаулығына және  адамгершілікке қарсы қылмыстардың  түсінігі және түрлері 

Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық  кодексінде халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар  жеке тарау болып беріліп отыр.Өйткені  қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің  бірқалыпты қызмет атқаруы үшін халықтың денсаулығының, адамгершілік қасиеттерінің құқықтық нормалар арқылы қорғалуы аса қажет. Осыған орай Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтардың өмірін, денсаулығын, оларды қоршаған ортаны, тарихи және мәдени мұраларды, адамгершілік нормаларын қорғау принциптеріне ерекше  мән берілген. Осы көрсетілген принциптерді қатаң сақтау әркімнің қасиетті борышы. Кейбір жағдайларда осы принциптер бұзылып қыммыстық заң қорғайтын қоғамдық қатнастарға белгілі бір зиян келтіреді. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға айналдыру, адамгершілікке жат іс-әрекеттерменшұғылдану сияқты қылмыстардың етек алуы алаңдатушылық туғызады.

Сондықтан, тікелей объектісіне  байланысты осы тарауда көрсетілген  қылмыстар 2 түрлі топқа бөлінеді:

1.      халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар (259-269, 272 баптар);

2.      адамгершілікке қарсы қылмыстар (270- 271, 273 - 276 баптар).

 

 

 5. Халықтың денсаулығына қарсы  қылмыстар 

Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу (267-бап) 

Қылмыстың объектісі — тұрғындардың денсаулығы және өмірі.

Объективтік жағынан қылмыс — абайсызда  адамдардың жаппай сырқаттануына немесе улануына әкеп соққан санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу арқылы жүзеге асырылады.

ҚК-тің 267-бабының нормасы бланкеттік. Бұл тұрғыдағы заң бұзушылық Қазақстан Республикасының арнаулы санитарлық-эпидемиологиялық Заңы арқылы реттеледі. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер — жұқпалы аурулардан сақтандыру, олардың тарауына жол бермеуге бағытталған нормативтердің жиынтығы болып табылады. Осы ережелерді бұзу әрекет немесе әрекетсіздік арқылы істелуі мүмкін. Көрсетілген қылмыс санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзудан абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына немесе улануына әкеп соққанда ғана туындайды.

Адамдардың жаппай сырқаттануына  эпидемиялардың тарауы (тырысқақ, тұмау, т.б.);

Улануға — химиялық, бактериологиялық, өндірістік, тұрмыстық, тағамдық уланулар жатады. Мұндай уланулар адам ағзасына улы, зәрлі заттардың әсер етуі арқылы пайда болады.

Көрсетілген ережелерді бұзу мен адамдардың жаппай сырқаттануының немесе улануының арасындағы себепті байланысты анықтауы тиіс. Қылмыс көрсетілген сырқат немесе улану орын алған сәттен бастап аяқталған деп саналады.

Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен  істеледі.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған жай  адам, сондай-ак санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау өзіне жүктелген лауазымды адамдар да болуы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 267-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі: абайсызда кісі өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет үшін жауаптылық көзделген.                   

 

 

 6. Адамгершілікке қарсы қылмыстар 

Жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-бап)  

Қылмыстың негізгі тікелей объектісі - коғамдық адамгершілік, ал қосымша  тікелей объектісі - адамның денсаулығы, ар-намысы, және өміріне қол сұғылмайтындығы немесе меншігі болып табылады.

Қылмыстың жәбірленушісі әйелдер  де, ер адамдар да болуы мүмкін. 1959 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық  кодексі бойынша жезөкшеліктің  жәбірленушісі болып тек қана кәмелетке толмағандар танылса, ал Қазақстан Республикасының жаңа Кылмыстық кодексі (1997 ж.) бойынша 270-бапта көзделген қылмыстың жәбірленушісі болып 18-ге толған кез келген жынысты адамдар танылады. Өйткені Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 132-бабында кәмелетке толмаған адамды жезөкшелік іс-әрекеттер жасауға тартқаны үшін жеке жауаптылық белгіленген.

Жөзөкшелік дегеніміз - бұл әр түрлі  адамдармен ақылы түрде әлденеше рет жыныстық қатынаста болу. Жөзөкшеліктің  мынадай негізгі белгілері бар: жыныстық қатынаста болу. Жыныстық қатынас әйел мен еркектің, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің (гомосексуальдық) болуы мүмкін.

Әр түрлі адамдармен жыныстық қатынаста  болу. Яғни бей-берекет нәпсі құмарлық  қатынас жасау. Жыныстық қатынасты белгілі бір ақы алу үшін жасау.

Ақы төлеу ақшалай немесе басқа  нысанда заттай, киім-кешек, косметикалық парфюмериялық, асыл тастар, інжу-маржандар беру немесе басқадай қызмет көрсетулер арқылы жүзеге асырылады.

Жыныстық қатынас жасағанға  дейін ақы төлеу жөнінде алдын  ала келісімнің орын алуы;

Белгілі бір ақы алу үшін үнемі  жыныстық қатынасқа түсу. Осыған орай ақы алып, бір рет жыныстық қатынаста болу жөзөкшелікпен айналысу деп саналмайды. Жөзөкшелік моральға жат құбылыс, онымен айналысатындардың бәрінің іс-әрекеті қылмыс қатарына жатпайды. Қылмыстық заңда - ҚК-тің 270-бабының диспозициясында жөзөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін ғана жауаптылық көрсетілген. Осы қылмыстың объективтік жағының белгілері заңда: күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы не алдау жолымен жезөкшелікпен айналысуға тарту деп көрсетілген. Яғни заң жезөкшелікке тартудың 5 түрлі тәсілін керсетіп отыр. Енді осыларға тоқталайық.

Күш қолдану - жәбірленушінің өміріне, денсаулығына қауіпті де, қауіпсіз де түрде жеңіл, орта дене жарақатын  келтіре отырып, оның өз еркіне қарамастан жөзөкшелікпен айналысуға көндіру. Мұндайда жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті қосымша ҚК-тің 103-бабымен саралануға жатады.

Күш қолданбақшы болып қорқыту - жәбірленушінің кез келген дәрежедегі дене жарақатын келтірмекші болып, үрейін алу, қорқыту, әр түрлі тәсілмен ауызша, жазбаша немесе әр түрлі заттарды көрсету, қимыл арқылы белгі берумен жүзеге асырылады. Күш қолданбақшы болып қорқыту сөз жүзінде ғана емес, шын мәнінде нақты іске асатын, айқын болуы қажет және осы тәсіл жәбірленушіні жөзөкшелікпен айналысуға мәжбүр етуі керек.

Тәуелді жағдайын - материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамды осындай  жағдайларын пайдалану арқылы жезөкшелікпен  айналысуға тарту.

Бопсалау – жөзөкшелікпен айналысуға тартылатын адамды немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп немесе олардың мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялаймын деп қорқыту.

Мүлікті жою немесе бүлдіру арқылы қорқытуға - болашақта жәбірленушінің немесе оның жақындарының дүние, мүлкін, үйін, саяжайын, көлігін толық немесе ішінара жарамсыз етіп тастау туралы, оның жүзеге асырылатын әрекеттер арқылы жәбірленушіні жезөкшелікке тартуы жатады.

Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты