Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс по выбору 5 (Уголовное право (особ.ч)).doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

 2. Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар 

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі  жасау (189 бап) 

Бапта  ұйымдық  құқықтың нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сол сияқты жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттерді лауазымда адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып немесе үлкен залал келтіріп жасалса.

Ескерту - 500 есе асатын - ірі зиян - 2 жылға дейін түзеу жұмыстарына  не 6 ай қамауға, не 2 жылға дейін бас  бостандығынан айыруға.

Зиян - айлық көрсеткіш - 100 есе асатын, 500 есе асатын сомада ірі зиян.

Объекті - тікелей объектісі - экономикалық қызметті реттеу мен байланысты қоғамдық қатынас. қосымша объекті - кәсіпкерлік  пен басқа да заң тыйым салмаған қызметпен айналысу құқығы.

Объективтік жағы - заңды кәсіпкерлік  қызметке кедергі жасау, ол мына формада іске асады:

1)     кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу;

2)     кәсіпкердің дербестігін шектеу;

3)     кәсіпкердің қызметіне өзге де заңсыз араласу.

Егер осы әрекеттерді лауазымды  адам өзінің қызмет бабын пайдаланып    жасаса, сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып немесе үлкен задал келтіріп жасаса.

Қылмыс құрамы - формальдық, себебі, диспозицияда аталған әрекеттердің біреуі жасалған кезден бастап қылмыс аяқталған болып табылады.

Субъективтік жағы - ниеті - тікелей қасақаналық. Себебі - адам әрекетінің қоғамға қауіпті, заңға қайшы екендігін біледі, соны жасауға ұмтылады, залалды тілейді.

Субъектісі - арнаулы субъект - лауазымды адам. 

Заңсыз  кәсіпкерлік (190 бап)  

1-ші бөлімде - кәсіпкерлік  қызметті тіркеуден өтпей не рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен және өткізумен байланысты болса.

2-ші бөлімде - дәл осы әрекетті: 1. Ұйымдасқан топ жасаса; 2. Аса  ірі мөлшердегі табыс табумен  ұштастырып; 3. Заңсыз кәсіпкерлігі  немесе заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған адам жасаса;

Ескерту: 500 айлық есептік асатын ірі мөлшердегі табыс; 2000 айлық есептік  асатын аса ірі мөлшердегі табыс; азаматқа - 100 айлық есептік сомға  зиян асатын ірі зиян - ірі мөлшердегі тауар.

Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі - мемлекеттік экономикаға зиян болады. Кәсіпкердің лицензия алуды қажет ететін қызметпен айналысу қүқығы - сол лицензияны алған кезден бастап немесе онда көрсетілген мерзімде күшіне енеді, егер занда, өзге де құқыктық актілерде басқадай көрсетілмеген болса, мерзімі біткен соң лицензия күшін жояды. Мемлекеттік тіркеуден өтуге тиісті, сонан кейін ғана лицензия береді.

Қылмыс болу үшін - заңсыз кәсіпкерлік - азаматқа, ұйымға, мемлекеттке ірі  зиян, ірі мөлшерде табыс табумен  ұштасуға тиісті.

Объекті - қалыпты экономикалық қызмет.

Объективтік жағы - диспозицияда.

Егер, ол әрекеттер ірі зиян, ірі  мөлшерде табыспен ұштасса ғана қылмыс болады.

Субъективтік жағы  -  ниеті  тікелей  қасақаналық.  Себебі  ол   іс-әрекетті  ұғынады,   біледі, залалды тілейді.

Субъектісі - 16 жасқа толған, есі  дұрыс адам - тұлға.

Егер соттылығы жойылмаған, алынбаған  болса - онда ол сотталған адам болып  саналады.   

Заңсыз банктік қызмет (191-бап) 

Ақша-несие жүйесіндегі  қылмыстылық экономика саласындағы  қылмыстардың ең қауіпті түрі болып отыр. Бұл қылмыс заңсыз кәсіпкерліктің ерекше бір көрінісі болып табылады.

Қылмыстық заңда: «Банктік қызметті (банктік  операцияларды) тіркеуден өткізбей немесе рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жузеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мелшерде табыс табумен ұштасқан іс-әрекеттер заңсыз банктік қызмет деп белгіленген (ҚК-тің 191-бабы).

Қылмыстың объектісі ақша-несие жүйесіндегі заңмен белгіленген қоғамдық қатынастарға қол сұғу болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыс құрамы мынадай бірнеше, жеке дара әрекеттермен сипатталады: банктік қызметті (банктік  операцияларды) тіркеуден өткізбеу; міндетті рұқсат (лицензия) алуды сақтамау; банктік қызметті лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру; көрсетілген әрекеттер ұйымға, мемлекетке ірі зиян келтіру немесе ірі мөлшерде табыс алумен байланысты болуы болып табылады.

Банктік қызметті (банктік операцияларды) лицензиясыз жүргізу, тіркеуден өткізбеу заңсыз әрекет деп танылады. Міндетті лицензия алуды сақтамау деп арнаулы заңда көрсетілген осы талаптарды сақтамау саналады. Лицензия шарттарын бұзуға осында рұқсат етілген банктік қызметті (операцияларды) істемей басқа қызметпен шұғылдану әрекеттері танылады. Көрсетілген іс-әрекеттер көрсетілген ірі зиян келтірумен немесе ірі мөлшерде табыс алумен ұштасуы қажет. Егер заңда көрсетілген қылмыстық зардап орын алмаса, онда кінәлі адам әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Ірі зиян немесе ірі мөлшердегі табыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 190, 191-баптарында берілген. Қылмыстың субъектісі болып заңсыз банктік қызметпен айналысқан Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдар танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс кінәлінің қасақана нысаны арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде қасақаналықтың тікелей немесе жанама түрі де орын алады.

Ұйымдасқан топ жасаған; аса  ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан; заңсыз банктік қызмет немесе заңсыз кәсіпкерлік үшін бұрын сотталған  адам жасаған әрекеттер заңсыз банктік қызмет жүргізу құрамының ауырлататын түріне жатады (191-бап 2-тармағы). Бұл белгілердің түсінігі Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-тармағында көрсетілген осындай белгілерге ұқсас болып табылады. 

Жалған кәсіпкерлік (192-бап) 

Қылмыстық кодекстің 192-бабында «Жалған  кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз  несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты  бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру - жалған кәсіпкерлік» деп белгіленген.

Қылмыстың тікелей объектісі кәсіпкерлік  немесе басқа да коммерциялық әрекетті реттейтін қоғамдық қатынастар болып  табылады. Қылмыстық жауаптылықтың  басты шарты - азаматтың, ұйымның немесе мемлекеттің кұқықтары мен мүдделеріне зиян келтіру болып табылады. Объективтік жағынан осы бапта көрсетілген қылмыс кұрамы: кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсатымен занда белгіленген зардапты келтіре отырып коммерциялық ұйым құру әрекеті арқылы сипатталады. Қылмыс тек әрекет арқылы жүзеге асырылады. Жалған кәсіпкер коммерциялық ұйым құру үшін оны тіркету және оған лицензия алу үшін заңда көрсетілген барлық құжаттарды дайындайды. Құрылтайшылар жиналысын өткізеді, жарғы қабылдап, қажет болған ретте құрылтайшы шартын бекітеді. Осыдан кейін кәсіпкерлік немесе банктік қызмет заңды тіркеуден өткізіледі, оған лицензия беріліп, банк операцияларын жүзеге асыру үшін алымдағы және есептесу шоты белгіленеді. Осымен кәсіпкерлік ұйымның барлық заңды қызметі доғарылады да жалған кәсіпкер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке зиян келтіруге бағытталған басқа әрекеттермен шұғылданады: несие алады, азаматтардан немесе ұйымдардан ақша қаражаттарын жинайды, сөйтіп тыйым салынған қызметпен айналыса бастайды. Осындай әрекеттердің нәтижесінде қоғамға қауіпті зардап  азаматқа, ұйымға қауіпті зардап немесе мемлекетке ірі зиян келтіріледі. Осы уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады (ірі зиянның түсінігі ҚК-тің 189-бабының ескертуінде берілген). Қылмыстық құрамы заңдылық мәні жөнінен материалдық құрамға жатады.

Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады.

Қылмыстың субъективтік жағының қажетті  белгісі - тыйым салынған қызметті жасыру, заңсыз несие алу, салық төлеуден босатылу немесе өзге де мүліктік пайда табу мақсаты болады.

Қылмыстың субъектісі - кез келген есі дұрыс, 16-ға толған  азамат болады.  

Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын  немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап)  

Қылмыстық кодекстің 193-бабында «Көпе-көрінеу  заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен  немесе өзге де мүлікпен қаржылық операциялар  немесе басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ аталған қаражатты немесе өзге де мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалану» қылмысының анықтамасы көрсетілген. Заңда мұндай әрекеттер заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру деп аталады.

Қылмыстың тікелей объектісі экономикалық, қызмет аясындағы ақша қаражат айналымын  реттеудің коғамдық қатынастары  болып табылады.

Осы қылмыс құрамының міндетті белгісі - оның заты болып табылады. Қылмыстың затына ақша қаражаты немесе заңсыз жолмен алынған өзге мүліктер жатады. Ақша қаражаты теңгелік немесе валюталық керіністе болады. Мүлік козғалатын немесе қозғалмайтын (ғимараттар, кұрылыстар, кешендер), сондай-ақ меншікке немесе жалға алынған жер учаскелері болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 193-бабындағы көрсетілген әрекеттер нысаны бойынша заңды мәнге ие болған сияқты болып көрінеді, бірақта мазмұны жөнінен алып қарағанда бұл әрекеттердің бәрі қылмысты әрекетке жатады, өйткені қылмыстың заты - ақша және мүлік заңсыз жолмен талан-тараж, қызмет бабында пайдакүнемдікпен қиянат жасау, наркотикалық нәрселерді немесе қаружарақты заңсыз сату, заңсыз кәсіпкерлік немесе банктік қызмет, жалған кәсіпкерлік, салықты төлеуден жалтару арқылы алынған.

Қылмыстың объективтік жағы - заңда  белгіленген мынадай нысандар арқылы: 1) ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар жасау; 2) басқада мәмілелер жасау; 3) қаражатты немесе өзге де мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалану. Ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар жасау деп заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттарын пайдаланып банктік есеп ашу немесе жүргізуді, оны төлем қара-жаты ретінде пайдалануды, осы қаражатқа акция, вексель, облигация, баскадай бағалы қағаздарды алуды немесе оларды басқадай айырбас құралы ретінде пайдалануды айтамыз.

Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын  немесе өзге де мүліктерді пайдалану  арқылы азаматтық құқық және міндеттерді  белгілейтін, озгертетін немесе жоятын әрекеттерді (сатып алу, сату, айырбастау, сыйға беру, т.б.) істеуді басқа да мәмілелер жасау деп айтамыз.

Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын  немесе мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті одан әрі  дамытуға жұмылдыру, жарғылық қорға  айналдыру кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті заңсыз жүзеге асыру үшін пайдалану деп танылады.

Қылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады. Қылмыс объективтік  жақтың осы белгілерінің біреуі жасалған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей  қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам керінеу заңсыз жолмен аталған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыруды ұғынады және соны тілейді. Қылмыстық ниет субъективтік жақтың қажетті белгісі болып табылмағанымен, ол сөз жоқ соттың жаза тағайындау барысында есепке алынады. Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 193-бабының 2-тармағында мынадай ауырлататын белгілер көрсетілген: а) адамдар тобының алдын ала  сөз байласуы бойынша; 2) әлденеше рет; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер.

Егер заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті  заңдастыруды бірлесіп жасау туралы күні бұрын  қылмыс істелгенге дейін уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады. Талданып отырған қылмыстың объективтік жағынан белгілерін екі немесе одан да көп жасау, егер адам бұрын жасалған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, не соттылығы жойылмаса немесе қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтпесе оқ қылмыс әлденеше рет істелген деп танылады. Осы бап бойынша қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекетке мемлекеттік органның, коммерциялык немесе өзге ұйымның заң бойынша лауазымды адамы деп танылғандардың қылмыстары жатады. Қылмыстық кодекстің 193-бабының 3-тармағында осы кылмыстың өте ауырлататын белгілері көрсетілген. Олар ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмысты ұйым) жасаған немесе ірі мөлшерде жасалған әрекеттер. Ұйымдасқан топ пен қылмыстық қоғамдастықтың түсінігі КК-тің 31-бабының тиісінше 3, 4-баптарында берілген. Осы бап бойынша он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасалған мәмілелер немесе ақша қаражатын немесе басқа мүлікті пайдалану ірі мөлшер деп танылады (ҚК-тің 193-бабының 1-ескертуі). Осы 193-баптың 2-тармағында көрсетілген ескертуге сәйкес заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастыру дайындалып жатқаны не жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетіне осы баптың екінші және үшінші тармағында көзделген қылмыстар немесе өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Кеден төлемдері мен  алымдарын төлеуден жалтару (214-бап)  

Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты