Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс по выбору 5 (Уголовное право (особ.ч)).doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

Қорқытып алудың заты болып: мүлік, мүлікке құқық немесе қорқытушының пайдасына жәбірленушінің мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттерді істеуі жатады.

Қорқытып алушылықтын объективтік жағы екі түрлі жеке әрекеттен - қорқыту арқылы жәбірленушіден талап етіп отырған мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе кінәлінін пайдасына мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттерді істеуді талап етуден тұрады.

Қорқытып алушылық құрамындағы  мүліктің түсінігіне кез келген қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Кінәлі адам қорқыту арқылы осы мүлікті  өзіне беруді, яғни өз меншігіне өткізуді талап етеді.

Мүлікке құқықты беруді талап ету  дегеніміз қорқыту арқылы жәбірленушіден мүлікті пайдалану, иемдену немесе билеу құзыретінің бірін өзіне  беруді, сөйтіп сол арқылы мүліктен белгілі бір дәрежеде пайда көру жатады (тұрғын немесе тұрғын жайға жатпайтын құрылысты тегін немесе өзіне тиімді бағаға беруді талап ету, сондай жағдайда пайдалану үшін көлік немесе басқадай байланыс құралдарын ақысыз пайдалану, беруді тілеу т.б. әрекеттер).

Мүліктік сипаттағы басқа да әрекеттерді істеуге жәбірленушінің қорқытып талап етушінің пайдасына белгілі бір заңдылық мәні бар іс-әрекеттерді істеуі, соның нәтижесінде кінәлінің мүліктік сипаттағы пайда табуы немесе материалдық жауапкершіліктен құтылуы жатады (қорқытып талап етушінің қарызы жөніндегі колхатты жою; оның қарызын кешіру, өсиет туралы колхатты жою, оның пайдасына белгілі бір жұмыс атқару және т.б.).

Қорқытып алушылықта жәбірленушінің меншігіне жатпайтын мүлікті де талап етушілік орын алуы мүмкін. Егер кінәлі адам талап етіліп отырылған мүлік жәбірленушіге тиесілі емес екенін біле тұра соған қарамастан оны қорқытып талап етсе, онда оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 181-бабымен қоса басқа бөтеннің мүлкін талан-таражға салуға айдап салушы ретінде саралануы мүмкін.

Қылмыстық заңда қорқытып алушылықты жүзеге асыратын мынадай қорқыту тәсілдері көрсетілген: 1) күш қолданумен қорқыту; 2) бөтен мүлікті жою мен немесе бүлдірумен қорқыту, 3) жәбірленушінің немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді таратуымен де жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау.

Кез келген қорқыту нақты және жәбірленушінің пайымдарынша толық іске асатындай  болуы қажет. Осы қорқытулар арқылы кінәлі адам істейтін қылмысын жеңілдетіп, болашақта бөтеннің мүлкіне иелік етуді немесе мүліктен басқадай пайда көруді басты мақсат тұтады. Күш қолданыпқ қорқытуға жәбірленушіге жеңіл, орта ауырлықтағы немесе ауыр дене жарақатын келтіремін деген қорқытулар жатады. Бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқытуға әр түрлі тәсілмен жәбіленушінің немесе оның туыстарының меншігіндегі мүлікті құрту, бүлдіруге байланысты іс-әрекеттер жатады.

Масқаралайтын мәліметтерді таратамын  деп қорқытуға үшінші жаққа жәбірленуші  немесе оның туыстары туралы қолайсыз, шындыққа жататын немесе жатпайтын, олардың адамгершілігіне, ар-намысына тиетін әр түрлі қауесеттерді, деректерді жариялау арқылы олардың мүдделеріне елеулі зиян келтіру мүмкіндіктері жатады.

Қорқытып алушылық формальдық қылмыс құрамына жататындықтан, бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе басқадай әрекеттерді істеуді талап еткен уақыттан бастап аяқталған қылмыс деп танылады.

Субъективтік жағынан қорқытып алушылық тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады және пайдакүнемдік мақсатты көздейді. Кінәлі адам бөтеннің мүлкіне ешқандай құқығы болмаса да қорқыту арқылы мүлікті, мүлікке құқықты немесе өзінің пайдасына мүліктік сипаттағы басқа да әрекеттерді істеуді заңсыз талап етуін сезеді және осындай қорқытулар арқылы жәбірленушіні өзінің талаптарын орындауға мәжбүрлеуді тілейді. Осы қылмыстың құрамы үшін кінәлі адамның қорқытуды шын мәнінде жүзеге асыратынының немесе асырмайтынының ешқандай маңызы жоқ.

Қорқытып алушылықтың субъектісі - 14 жасқа толған адам.

Қорқытып алушылықтың ауырлататын  түрлері: а) күш қолдану; б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; в) бірнеше рет жасалған қорқытып алу (181-баптың 2-тармағы) болып табылады. Осы ауырлататын түрлердің соңғы екеуінін мазмұны ұрлықтың (175-бап) ауырлататын осындай түрлерімен ұқсас.

Қорқытып алудың ауырлататын түрі күш қолдану болып табылады. Осы қылмыс құрамына тән күш қолдануға жәбірленушіге оның денсаулығына зиян келтірумен байланысты емес (бостандығын шектеу, оларды ұстап тұру, болмашы түрде денесіне қол тигізу), сондай-ақ оларға жеңіл немесе орта дәрежелі жарақат келтірулер жатады.

Қорқытып алушылықтың аса ауырлататын  түрлері:

а)   ұйымдасқан топ;

б)  жәбірленушінің денсаулығына ауыр зардап келтіру;

в)   ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында;

г)   ұрлық немесе қорқытып алу үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған қорқытып алу болып табылады (181-баптын 3-тармағы).

Бұлардың алдыңғысының және соңғысының түсініктері ұрлықтың өте ауырлататын  түріндегі осындай белгілердін  түсініктерімен мазмұны біртектес.

Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зардап келтіру деп қорқытып алушының заңсыз талабын жүзеге асыру үшін Қылмыстық коедкстің 103-бабында көрсетілген ауыр дене жарақатын келтіруі болып табылады. Егер осындай жарақаттан адам өлімі туындаса, онда кінәлінің әрекеті (181-баптың 3-тармағы және 103-баптың 3-тармағы) қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

Ірі мөлшерде мүлік алу мақсатындағы қорқытып алушылыққа кінәлінің көм  легенде айлық орта көрсеткіштен 500 есе асып түсетін мүліктің құнын, мүлікке құқықты немесе басқадай мүліктік әрекеттерді өз пайдасына істеуін талап ету болып табылады. Қорқытып алушылықты тонаудан және қарақшылықтан ажырата білудін маңызы ерекше. Қорқытып алушылықты Қылмыстық кодекстің 178, 179-баптарында көрсетілген осы құрамдардан ажыратылу негіздерін осы құрамдарға талдау жасаған кезде толық көрсеткендіктен оны қайталап жатпаймыз.

 

10.  Меншікке қарсы жасалған пайда табу мақсатынсыз қылмыстар.

 

 

 Бөтен адамның мүлкін қасақана жою  немесе бүлдіру (187-бап) 

Бөтен адамның мүлкін едәуір зиян келтіру арқылы қасақана жою немесе бүлдіру ғана қылмыстық іс-әрекет деп танылады. Едәуір зиян деп айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін зиян мөлшерін айтамыз (187-баптың ескертуі).

Осы қылмыстың затына кез келген мүлік: қозғалатын немесе қозғалмайтын, оның ішінде азаматтық айналымнан алынған мүліктерде жатады. Қылмыстық кодекстің 258, 299, 324-баптарында көрсетілген заттарды жою немесе бүлдіру жеке қылмыс құрамы болып табылатындықтан онда көрсетілген заттар осы қылмыс құрамына жатпайды.

Көрсетілген баптағы қылмыс объективтік  жағынан бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Бөтеннің мүлкін жою деп оны  мақсатты пайдалануға мүлдем жарамсыз етіп тастауды, нәтижесінде ол түкке  жарамсыз болып өзінің шаруашылық-экономикалық құндылығын толық жоюын айтамыз.

Бөтеннің мүлкін бүлдіру деп оны ішінара жарамсыз ету, соның нәтижесінде мүлік өзінің мақсатты пайдаланылуының бір бөлегін жоғалтады, сөйтіп ол өз қалпына келтірілмесе немесе толық жөнделмесе пайдалануға жарамсыз болады.

Бұл қылмыстын субъектісі болып 16-ға толған, есі дұрыс азаматтанылады, ал ауырлататын мән-жайлар негізінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 2, 3 - тармақтары) үшін қылмыстық жауаптылыққа 14 жасқа толған адам тартылады.

Субъективтік жағынан қылмыс кінәлінің  қасақаналық нысаны ақылы жүзеге асырылады. Бұл ретте қасақаналық тікелей немесе жанама да болуы мүмкін.

Кінәлі адам бөтеннің мүлкін құқыққа  қайшы қасақана жою немесе бүлдіру  арқылы өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті  екенін ұғынып, оның меншік иесіне едәуір мүліктік зиян келтіруі мүмкін екенін алдын ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді немесе осы зардаптардың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол береді. Қылмыстық, ниет және мақсаттың істі саралауы үшін, яғни осы қылмыс құрамын өзіне ұқсас немесе жақын, қоғамға қауіпті іс-әрекеттерден жіктеу үшін маңызы зор. Мысалы бұзақылық ниетпен бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті осы көрсетілген баппен емес, Қылмыстық кодекстің 257-бабымен сараланады. Кінәлінің ұрланған мүлікті қылмысының ізін жасыру мақсатымен жоюы Қылмыстық кодекстің 175-бабымен қамтылатындықтан, осы баппен қосымша саралануға жатпайды.

Өрт қою, жару арқылы немесе өзге де жалпы  қауіпті әдістермен; абайсызда денсаулыққа  ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан; жәбірленушінің өзінің қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауымен байланысты не өзінің жақын туыстары женінде нақ сондай себептермен жасаса; әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздыкты себептер бойынша жасалса, онда олар осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (187-баптың 2-тармағы).

Абайсызда адам өліміне, тарих, мәдениет ескерткіштерін немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды жоюға немесе бүлдіруге әкеп соққан осы іс-әрекеттер бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдірудің аса ауырлататын түріне жатады (187-баптың 3-тармағы).

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Мемлекеттің конституциялық құрылысына  және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың  жалпы сипаттамасы.

2. ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігіне  қарсы қылмыстар.

3. ҚР-ның саяси жүйесі қарсы  қылмыстар.

4. ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігі  мен қорғаныс қабілетіне қарсы  қылмыстар.

5. Мемлекет құпиясын сақтауға қол сұғатын қылмыстар.

6.Меншікке қарсы қылмыстардың  түсінігі және олардың түрлері.

7. Талан-тараж ұғымы ұғымы мен  белгілері.

8. Бөтен мүлікті ұрлау формалары  мен түрлері.

9. Ұрлаумен байланысты емес, пайда   табу мақсатында меншікке қарсы  қылмыстар.

10. Меншікке қарсы жасалған пайда  табу мақсатынсыз қылмыстар.

 

 

 

1-модуль сұрақтары

Вопрос1

Жеке адамға қарсы қылмыстар  ҚР ҚК-нің қандай баптарын қамтиды?

Ответ1

96-130 баптарын

Ответ2

96-99, 103-115 және 129-130 баптарын

Ответ3

131-140 баптарын

Ответ4

96- 100, 112-119 және 125-128 баптарын

Ответ5

131-135 баптарын

Вопрос2

"Мемлекеттік опасыздық" (ҚК 165-бабы) үшін кімді жауапқа тарту қажет:

Ответ1

14-жасқа толған тұлғаны

Ответ2

азаматтығы жоқ тұлғаны;                                                    

Ответ3

Жауаптылыққа қабілетті 16-жасқа  толған ҚР азаматын;

Ответ4

шетел мемлекетінің дипломаттық өкілін;                   

Ответ5

жеке коммерциялық ұйым жетекшісін.

Вопрос3

«Экономикалық контрабанда» (ҚК 209-бабы) түсінігін беріңіз:

Ответ1

ҚР кеден шекарасынан кеден  бақылауын жанай немесе одан жасыру арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды өткізу;

Ответ2

Нақ сол әрекеттер, құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап  пайдалану арқылы жасалған;

Ответ3

нақ сол әрекеттер, декларацияланбаумен  немесе күмәнды декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізуге шектелген, кедендік шекара  арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу;

Ответ4

«а, б» жауаптары дұрыс;

Ответ5

барлық жауаптар дұрыс. 

Вопрос4

ҚК 176-бабы, 1-бөлігі қарастыратын «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету» қылмысы үшін кімді жауапқа тарту керек:

Ответ1

лауазымды тұлғаны;                                                        

Ответ2

материады-жауапты тұлғаны;                                                         

Ответ3

егер олар өз қызметтік бабын пайдалануға ұштасса, мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті немесе оған теңестірілген тұлғаны;

Ответ4

жауаптылыққа  қабілетті 18-жасқа толған тұлғаны;                         

Ответ5

барлық жауаптар дұрыс. 

Вопрос5

«Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану» (ҚК 307-бабы, 1-б.) сипаттамасы:

Ответ1

лауазымды адамның өз қызметтік  өкілеттігін қызмет мүдделеріне  керағар пайдалануы;

Ответ2

мемлекеттік қызметкердің өз қызметтік  өкілеттігін қызмет мүдделеріне керағар пайдалануы;

Ответ3

мемлекеттік қызмет функцияларын орындауға  өкілетті немесе оған теңестірілген  тұлғаның өзіне не өзге тұлғаларға не ұйымдарға  пайдакүнемдік мақсатпен  немесе өзге тұлғаларға не ұйымдарға  зиян келтіру мақсатымен өз қызметтік  өкілеттігін қызмет мүдделеріне керағар пайдалануы;

Ответ4

мемлекеттік қызмет функцияларын орындауға  өкілетті тұлғаның өз қызметтік өкілеттігін  қызмет мүдделеріне керағар пайдалануы;

Ответ5

лауазымды адамның өзіне не өзге тұлғаларға не ұйымдарға  пайдакүнемдік  мақсатпен немесе өзге тұлғаларға не ұйымдарға зиян келтіру мақсатымен өз қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне керағар пайдалануы;

Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты