Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.
Субъективтік жағы - барлығы тікелей қасақаналық. Кейбір қылмыстар (ст. 160-Геноцид; ст. 163) белгілі бір мақсаттармен жасалады.
Субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс, іс-әрекетіне жауап бере алатын, жай адамдар.
Кейбір қылмыстар үшін арнаулы субъект - жауапты қызметкер адам (157 б. 2 тар.), қызмет бабын пайдалану (164 бап. 2 тар.)
Құрамына қарай - формальдық құрамға жатады, тек ҚҚ-нің 161 бабы экоцидте - (экологиялық апат болуы қажет) материалды құрамға жатады.
Тікелей объектісіне қарай осы 4 тараудағы қылмыстар төмендегі 5 топқа бөлінеді:
6. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар
Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу тұтандыру немесе жүргізу(156 бап)
I бөлім - Басқыншылық соғысты
жоспарлау, әзірлеу немесе
7 ж. - 12 жылға дейінгі бас
II бөлім - Басқыншылық соғысты жүргізу – 10 ж. - 20 ж. дейін бас бостандығынан айыру, өлім жазасы, өмір бойына бас бостандығынан айыр.
БҰҰ - ның Бас Ассамблеясының 1974 жылғы 14 дек. 33 Н(ХХІХ) қарарында тұңғыш рет латынша-шабуыл басқыншылықтын (агрессияның) анықтамасы.
«БҰҰ - ның Жарғысына сай келмейтін тұрғыда бір мемлекеттің өзінің қарулы күштерін екінші мемлекеттің егемендігіне, аумақтық түтастығына және саяси тәуелсіздігіне қарсы қолдану немесе басқадай тәсілдерді пайдалану арқылы оларға ықпал етуі басқыншылық (агрессия) деп танылған».
Қылмыс созылмалы қылмыс себебі құрамы-үздіксіз жасалып отырады.
Объектісі - тікелей объектісі-халықтар арасындағы бейбітшілік. Мемлекеттердің қатар өмір сүруін, достығын. бейбіт өмірін қорғайтын қарым-қатынастар.
Объективтік жағы- диспозицияда- негізгі белгілері, нысандары:
I бөлімде- 1) басқыншылық соғысты жоспарлау; әзірлеу; түтандыру.
II бөлімде - 1) басқыншылық соғысты жүргізу; 2) соғыс тек басқыншылық болуы тиіс.
Субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Оны ұғынады, зардапты тілейды.
Субъектісі - 16 жасқа толған, әрекетіне жауап беретін адам. Арнайы субъектісі- соғысты шешетін жауапты мемлекетік қызметті атқаратын адам.
Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрдс шақыру
(157- бап)
Соғысты насихаттау - бұл белгілі бір топтың арасында (үлкен, кішілігі-маңызсыз) соғыс бастауға, тұтандыруға бағытталған қөзқарастар мен дүдәмалдар. Ойлар, шақырулар тарату, ұран тастау, үндеу тастау, көпшіліктің алдында болады.
Құрамы формалдық құрамы, аталған әрекеттерді жасаған сәтінен аяқталған қылмыс болып есептеледі.
Зардаптың болуы міндетті белгісі емес.
Объектісі - тікелей объектісі- мемлекеттердің бейбіт өмірін қорғаудағы, бейбітшілікті қамтамасыз етудегі қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағы - диспозицияда.
Міндетті белгілері, нысандары (дәрежелеу үшін):
I бөлім:
а) басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу;
б) басқыншылық соғысты тұтандыруға жария түрде шақьіру:
в) соғыс басқыншылық түрде болуы тиіс.
II бөлімде: бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасау сол әрекеттер. Баспасөз, радио, теледидарды қолдану арқылы жүзеге асыруы-дәрежелеуге белгісі.
1) Мемлекеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дәл сол әрекеттер.
2) Соғыс басқыншылық түрде болуы тиіс.
Субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Басқыншылық соғысқа шақырып жүргенін ұғынады, соңы жасауды тілейді.
Мақсаты - әр түрлі болғандықтан- қылмысты дәрежелеуге маңызды емес. Субъектісі -
I бөлімде - 16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс, іс-әрекетіне жауап бере алатын адам;
II бөлімде - мемлекеттік жауапты қызмет атқарып жүрген лауазымды адам арнайы субъект.
7. Әскери қылмыстар
Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары
мен әдістерін қолдану (159-
Соғыс жүргізуді реттейтін бірсыпыра заңдылық, күші бар халықаралық актілер мен конвенциялар бар. Оларға 1856 жылы 16 сәуірде Парижде қабылданған теңіздегі соғыс туралы Декларация;
Қылмыстың тікелей объектісі халықаралық құқық нормаларымен белгіленген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан әскери тұтқындарға немесе әскери емес тұтқындарға қатыгездікпен қарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшіру, басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонау, Қазақстан Республикасының халқаралық шартымен тыйым салынған құралдар мен әдістерді әскери жанжалда қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.
Жалдамалылық (162-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі халықаралық құқық нормалары белгілеген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағынан қылмыс заң диспозициясында көрсетілген бірнеше тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда:1) жалдамалыны жалдануға азғырып көндіру, яғни қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалануға жалдау; 2) оқытып-үйрету, яғни жалданған адамды соғыс әрекетіне немесе қарулы жанжалға тікелей қатысуға әзірлеу; 3) қаржыландыру жалдамалыны ақша қаражатымен қамтамасыз ету; 4) өзге де материалдық қамтамасыз ету жалдамалыға киімкешек, азық-түлік беру; 5) соңдай-ақ оны қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалану тікелей осындай әрекеттерге қатыстырулар болып табылады.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.
Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып немесе кәмелетке толмағанға қатысты жасаған дәл сол әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түріне (162-баптың 2-тармағы) жатады.
8. Адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Геноцид (160-бап)
Геноцид - халықаралық құқық нормасы арқылы белгіленген қылмыс. Оның қоғамға қауіптілігі сол ол бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүзеге асырылатын қоғамға аса қауіпті іс-әрекет. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1946 жылғы 11 желтоқсандағы қарарымен геноцид халықаралық қылмыс деп жарияланды. 1947 жылғы 21 қарашадағы осы органның қарарына сәйкес геноцид үшін ұлттық және халықаралық құқық нормасымен белгіленген жауаптылыққа жеке тұлға немесе мемлекет тартылуға тиіс деп белгіленді.
1948 жылғы Халықаралық конвенция геноцидтен сақтандыру және оған жаза тағайындау шараларын белгіледі. Бұрынғы КСРО осы Конвенцияға 1954 жылы 18 наурызда қол қойған.
Қылмыстың тікелей объектісі - этникалық, ұлттық, нәсілдік немесе діни топтардын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағынан қылмыс геноцид, яғни ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты, осы топтың мүшелерін өлтіру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп біреуге беру, күштеп көшіру, не осы топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызу арқылы, толық немесе ішінара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстың объективтік жағы бірнеше балама әрекеттерден көрініс табады: 1) ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың мүшелерін осындай белгілері бойынша өлтіру (екі немесе одан да көп) өлтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 96-бабында берілген; 2) олардың денсаулығына ауыр зиян келтіру (Қылмыстық кодекстің 103-бабын талдауды қараңыз); 3) бала тууға күшпен бөгет жасау, бала көтеруге тыйым салу, жыныс мүшелеріне операция жасау арқылы оларды бала көтеру немесе ұрық шашу қабілетінен айыру; 4) балаларды мәжбүрлеп біреуге беруге ата-аналарынан балаларды тартып алып басқа топқа немесе басқа адамға беру немесе осындай күшпен алынған балаларды басқа біреуге сату, құлдыққа берулер жатады; 5) күштеп көшіруге тұрғылықты адамдарды жоғарыда көрсетілген белгілеріне қарай мекенінен жер аудару, басқа жаққа еріксіз кешірулер жатады; 6) топтың мүшелерін қырып-жою. Есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызу арқылы толық немесе ішінара қырып-жоюға бағьпталған қасақана әрекеттер. Бұған мұндай топтың мүшелеріне медициналық, гуманитарлық, азық-түлік немесе басқадай көмек бермеу, соғыс немесе стихиялық апатқа ұшыраған осындай топқа көмек беруге тыйым салу, т.б.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.
Экоцид (161-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі – адам заттың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты өсімдіктер немесе жануарлар дүниесі, соңдай-ақ атмосфера, жер немесе су ресурстары.
Қылмыс объективтік жағынан өсімдіктер немесе жануарлар дүниесін жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, соңдай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) істеледі.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.
Халықаралық байланыстарға қарсы қылмыстар
Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап)
Қылмыстық кодекстің 163-бабында халықаралық қорғау аясына алынған адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны үшін жауаптылық көзделіп отыр. Бұл қылмыстық-құқықтық норманың негізгі мәні халықаралық қорғауға алынған ұйымдар мен адамдарды кез келген экстремистік топтың шабуылынан, қылмысты қол сұғуынан қорғау, сөйтіп соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленістіруге жол бермеу болып табылады. Осы норманың заңдылық негізі халықаралық қорғаудағы адамдарды, оның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмысты тойтару және ондай қылмыс істегендерді жазалау жөніндегі 1973 жылғы Конвенция болып табылады.
Осы Конвенцияда халықаралық
Қылмыстық кодекстің 163-бабындағы
осы норма жоғарыда көрсетілген
адамдар шет мемлекеттің
Көрсетілген қылмыстың жәбірленушісі халықаралық қорғау аясына алынған адамдар болады.
Қылмыстың заты - халықаралық қорғау аясындағы адамдардың қызметтік немесе тұрғын үй-жайлары, не көлік құралдары болады.
Қылмыс объективтік жағынан шетелдік мемлекеттің өкіліне немесе халықаралық қорғау аясындағы халықаралық ұйымның қызметкеріне немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелеріне, соңдай-ақ халықаралық қорғау аясындағы адамдардын қызметтік немесе тұрғын үй-жайларына, не көлік құралдарына шабуыл жасау, соңдай-ақ осы азаматтарды ұрлау немесе бас бостандығынан күштеп айыру, егер осы эрекеттер соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленістіру мақсатында жасалу арқылы сипатталады.
Шабуыл жасауға жәбірленушіні ұрлау, оның денсаулығына орта дәрежелі зиян келтіріп, шабуыл жасаймын деген және соған ұқсас басқадай қорқытулар жасау; жәбірленушінің қызметтік немесе тұрғын жайына, көлік құралдарына басып кіру, бас бостандығынан еріксіз айыру т.б. әрекеттер жатады.
Егер шабуыл жасаудын нәтижесінде заңда көрсетілген адамның бірі қасақана өлтірілсе, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша (163, 96-баптар) сараланады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Адам халықаралық корғау аясындағы адамдарға немесе ұйымға шабуыл жасайтынын сезеді және соңы істеуді тілейді. Қылмыстың субъективтік жағының белгісі, қылмыстың мақсаты - соғысты арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленістіру болып табылады.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
Осы қылмыстың ауырлататын түріне: бірнеше рет не қару қолдану, не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған не денсаулыққа ауыр зиян келтірумен ұштасқан, абайсызда адам өліміне әкеп соққан нақ сол әрекеттер жатады (163 -баптын 2-тармағы).
Бірнеше рет істелген қылмыс түсінігі Қылмыстық кодекстін 11-бабында, адамдар тобының алдын ала сөз байласуының ұғымы Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2-тармағында берілген. Қаруға кез келген атылатын, жарылатын қарулар жатады.
Денсаулыққа ауыр зиян қасақана немесе абайсызда келтірілуі мүмкін, абайсызда өлімге әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық баптың осы тармағымен саралануға жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Адамның және азаматтың
2. Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.
3. Адамның және азаматтың
Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты