Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс по выбору 5 (Уголовное право (особ.ч)).doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

 

2. Өмірге қарсы қылмыстар.  Адам өлтірудің түсінігі, түрлері және жалпы сипаттамасы 

Адам өлтірудің объектісі  - басқа адамның өмірі. Адам өлтіру іс-әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Күш қолданыпта (жарақаттау, уландыру), психикалық ықпал жасапта (қорқытып, үрейлендіріп жалған лақап таратып) адам өлтіруге болады.

Адам өлтірудің объективтік  жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет.

Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс.

Адам өлтірудің субъективті  жағы - Қылмыстық кодекстің 96-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің, болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер.

 Анасының жаңа туған баласын өлтіруі (97-бап).

Жаңа Қылмыстық кодексте анасының жаңа туған баласын өлтіргені  үшін жауаптылық бірінші рет жеке қарастырылған. Заң шығарушы адам өлтірудің  бұл түрінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оны дербес құрамға бөлуді мүмкін деп тапты. Бұл құрам үшін баланы туу кезінде немесе туғаннан кейін бірден қасақана өлтірген жағдайдың орын алуы шарт. Бұдан басқа, жаңа туған баланы елтіру біраз уақыттан кейін жүйкені зақымдайтын жағдай үстінде немесе есінің дұыстығын жоққа шығармайтын психиканың бұзылуы жағдайында орын алуы да мүмкін.

Жан күйзелісі жағдайында жасалған адам өлтіру (ҚК-тін 98-бабы).

Заң шығарушы адам өлтірудің бұл  түрін кенеттен басталған қатты  жан толғанысы жағдайында жасалған өлтіру ретінде айқындайды. Кінәлінің психикалық жай-күйі инстинктивті және сөзсіз-рефлекторлық қызметпен байланысты өткінші, интенсивті көңіл-күймен айқындалады. Көбінесе адам өлтірудің бұл түрі үшін ашу-ыза, жеккерушілік және түңілу әсері тән болады. Аффект (жан күйзелісі) жай-күйі негізінен аз уақытқа, әдетте бірнеше минутқа созылады. Қатты жан толқуы тікелей сыртқы әсердің салдарынан кенеттен пайда болады.

Қажетті қорғаныс шегінен  шығу кезінде жасаған кісі өлтіру және қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шығу кезінде жасалған кісі өлтіру   (ҚК-тін 99-100-баптары) 

Қылмыстық кодекс осы баптарда адам өлтірудің екі құрамын көздейді. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде адам өлтіру. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіру жәбірленушіні өмірінен айыру қажеттігі болмаған кезде орын алады. Кінәлінің әрекеті сипаты және дәрежесі бойынша қастандықтың қоғамға қауіптілігіне анық түрде сәйкес келмейді.

Сот тәжірибесінде қажетті қорғану  шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруге саралау жасалған кезде қателіктер жиі жіберіледі. Бірқатар жағдайларда  қажетті қорғану шегінен асып кету болмаған жәйттер де кездеседі.

Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіргенде тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықтың болуы мүмкін. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде абайсыздықтан өмірінен айыру қылмыстық жауапкершілік болып есептелмейді.

Абайсызда кісі өлтіру (ҚК-тін 101-бабы)

1997 жылғы Қылмыстық кодекс бойынша абайсыздықта адам өлтіріп алу адам өлтірудің түсінігіне жатпайды, ол өз алдына жеке қылмыс болып табылады.

Айырмашылықтары - өлімнің болуына  қатысты кінә нысанының өзгешелігенде: ст. 101 - Ұшқалақтықтан өлімді шамалайды, өзіне сенеді, өлімнің жолын кесемін деп есептейді.

Ст. 101 ч. 2  «Абайсызда екі немесе одан көп адамды өлтіру».

Объектісі - адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Объективтік жағы - сақтықтың бір ережесінің бұзылуына және соның нәтижесінде адам өліміне әкеп соғатын іс-әрекет (іс-әрекетсіздіктер) мен сипатталады.

Субъективтік жағы - ұқыпсыздық, ұшқалақтық, менмендік пен ұштасқан абайсыздық нысанындағы кінә болады.

Бұл бапты қолдану үшін қылмыстық  нәтижеге - адам өліміне қатысты  абайсызда кінәнің болғандығын анықтау қажет.

Бұл нәтижеге алып келген іс-әрекет абайсызда, қасақана жасалуы мүмкін.

Субъект - есі ақылы дұрыс, іс-әрекетіне жауап бере алатын, жасы 16-ға толған.

Өзін-өзі өлтіруге дейін  жеткізу (ҚК-тін 102-бабы)

Қылмыстың мәні — қорқыту, қатыгездікпен қару немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізуде.

Объектісі - адамның өмірі.

Объективтік жағы - өлімге алып келген іс-әрекет, іс-екетсіздік:

1)  қорқыту;

2) оған қатыгездікпен қарау; 

3) оның адамдық қасиетін ұдайы  қорлау. Осы   бап   -  жәбірленушіні  өзін-өзі  өлтірген де  ғана  емес,   сонымен   қатар  ол   өзін-өзі  өлтіруге оқталғанда да қолданылады.

Субъективтік жағы - жанама ниет, не зардабын абайламағандықтан сипатталады.

Субъект - ақыл-есі дұрыс, жасы 16-ға толған.

 

 

 3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың  жалпы сипаттамасы

Дене жарақатының объектісі — бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады.

Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады.

Дене жарақатын келтірудің субьективтік жағы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (мен-мендік және немқұрайдылық). Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексінің 15-бабының 2-тармағында көрсетілген  дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі  дұрыс субьектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (104-баптың 2-тармағы).

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап) 

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай делінген: «Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліға мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру».

Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап)

Қылмыстық кодекстің 104-бабында көрсетілген  қылмыстың денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден өзгешелігі келтірілген зиянның дәрежесінде. Ауыр зиянға қарағанда орташа ауырлықтағы зиян келтіру мынадай өзіндік белгілермен: 1) адамның өміріне кауіптіліктің болмауынан; 2) Кодекстің 103-бабында көрсетілген зардаптарға әкеп соқпауынан; 3) денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына; 4) жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеліп соғумен сипатталады. 3 баптадан (21 күннен әрі) артық уақытқа уақытша еңбек қабілетін жоғалту денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуы, ал жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін (10-нан 30%-ке дейін) жоғалту тұрақты жоғалту деп танылады.

Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі.

Субъектісі 104-баптың 1-тармағы бойынша 16-ға толған, ал осы баптың 2-тармағы бойынша 14-ке толған адам болады.                       

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) 

Қылмыстық кодекс денсаулықтың қысқа  уақыттық бұзылуына немесе жалпы  еңбек қабілетін айтарлықтай  емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауаптылық белгілеген. Ұзақтығы 6 күннен 21 күнге дейінгі уақыт аралығындағы денсаулыққа келтірілген зиян денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы, ол жалпы еңбек қабілетінің 10% дейінгісін жоғалту айтарлықтай емес тұрақты жоғалту деп танылады. Осы көрсетілген белгілердің әрқайсы - осы аяқталған жеке қылмыс құрамдары болып танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әр  түрлі болуы мүмкін. Егер жеңіл зиян бұзақылық ниетпен қоғамдық тәртіпті бұзумен ұштаса отырылып келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 257-бабы бойынша сараланады. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.                                                      

Азаптау (107-бап)

Қылмыстық кодекстің 102 және 104-баптарында сипатталған зардаптарға әкеп соқпаған жағдайда адамды ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен  тән зардабын немесе психикалық зардап шектіргені үшін жауаптылық белгілеген.

Объективтік жағынан алғанда қылмыс азаптау арқылы — ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен жүзеге асырылады.

Үдайы ұрып-соғуға жыл ішінде кемінде  үш реттен артык сабау жатады. Тән  зардабын шектіруге — адамды астан, жылу-дан, сусыннан айыру немесе оны  өте ыстық, не болмаса суық жерге жауып қою, шулы, ауасы ластанған жерде ұстау т.с.с.жатады.

Психикалық зардап шектіруге ұрып-соғу мен бірге адамды қорлау, оған бұзақылық  әрекеттер жасау, әртүрлі жолмен корқыту, сайқымазақ етулер жатады.

Күш қолдану арқылы зардап шектіруге үнемі өткір немесе қатты затпен, құралмен денені ауырту, күйдіретін, қыздыратын немесе басқа нәрселермен денені болмашы жарақаттау т.с.с. әрекеттер жатады.

Қылмыс күш қолдану немесе психикалық зардап шеккізу әрекеттері басталған  сәттен бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған адам.

Денсаулыққа жан күйзелісі  жағдайында зиян келтіру (108-бап)

Қылмыстық кодексте денсаулыққа кенеттен пайда болған жан күйзелісі (аффект) жағдайында жасалған, жәбірленушінің тарапынан зорлық жасауға, қорлауға немесе ауыр тіл тигізуге, не жәбірленушінін құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) байланысты, сонымен бірге жәбірленушінің ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық бұзылу жағдайында қасақана ауыр және орташа ауырлықтағы зиян келтіру үшін жауаптылық көзделген.

Қылмыс объективтік жағынан аффекті жағдайында, жәбірленушіге қасақана ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру арқылы сипатталады. Аффектілік жағдайдың түсінігін Қылмыстық кодекстің 98-бабын талдағанда бергенбіз, сондай-ақ жоғарыда жәбірленушінің денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру туралы да сипаттама бергенбіз.

Субъективтік жағынан бұл қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады. Кылмыстық субъектісі 16-ға толған адам.

Қажетті қорғаныс шегінен  шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап) 

Қылмыс объективтік жағынан алғанда денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.

Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде  зиян келтірудін түсінігіне, қажетті  қорғаныс шегінен шығу кезінде жасаған  кісі өлтіруді талдағанда тоқталғанбыз.

Ауыр зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 103-бабында көрсетілген. Осы бап (109-бап) бойынша тек қасақана ауыр зиян келтірген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық туындайды, қажетті қорғаныс шегінен шығу арқылы басқа жағдайларда келтірілген зиян келтірушілік үшін жауаптылық белгіленбеген.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен келеді.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам. 

Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап) 

Қылмыс объективтік жағынан қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 103-бабында толық берілген. Ал қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде қажетті шараларды асыра қол-данудың шарттары Қылмыстық кодекстің 23, сондай-ақ 100-баптарында көрсетілген.

Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) істеледі. Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам. 

Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап)  

Қылмыстық кодекстің 111-бабының 1-тармағында денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтіргені, ал 2-тармағында абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауаптылық көзделген.

Осы баптың (111-бап) 4-тармағында абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауаптылық белгіленген.

Денсаулыққа абайсыздықпен жеңіл  жарақат келтіргені үшін қылмыстық  жауаптылық белгіленбеген.

Көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік немесе немқұрайдылық) істеледі.

Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты