Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс по выбору 5 (Уголовное право (особ.ч)).doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

4. Жеке құқықтар мен бостандықтарға  қарсы қылмыстар.

5.Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне  қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы мен оның түрлері.

6.. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар.

7. Әскери қылмыстар.

8. Адамзат қауіпсіздігіне қарсы  қылмыстар

 

 

 

4 - тақырып

Мемлекеттiң конституциялық құрылысына және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар

Меншiкке қарсы қылмыстар

 

Қаралатын сұрақтар

 

1. Мемлекеттің конституциялық құрылысына  және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың  жалпы сипаттамасы.

2. ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігіне  қарсы қылмыстар.

3. ҚР-ның саяси жүйесі қарсы  қылмыстар.

4. ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігі  мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар.

5. Мемлекет құпиясын сақтауға қол сұғатын қылмыстар.

6. Меншікке қарсы қылмыстардың  түсінігі және олардың түрлері.

7. Талан-тараж ұғымы ұғымы мен  белгілері.

8. Бөтен мүлікті ұрлау формалары  мен түрлері.

9. Ұрлаумен байланысты емес, пайда  табу мақсатында меншікке қарсы қылмыстар.

10. Меншікке қарсы жасалған пайда  табу мақсатынсыз қылмыстар.

 

 

1. Мемлекеттің конституциялық құрылысы  мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға  жалпы сипаттама 

 

ҚР-нын жаңа Қылмыстық Кодексінде ескі қылмыстық кодекстегі «мемлекеттік қылмыстар» деген ұғым «мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» деген ұғыммен алмастырылған.

ҚР-нын 30.08.1996 жылғы Конституциясында «Конституциялық құрылысты, қоғамның ішкі, сыртқы қауіпсіздігін, саяси, экономикалық жүйесін қорғау болып табылады» деп көрсетілген. Сондықтан, осы Конституцияда көрсетілген негіздер қылмыстық құқық заңдарына негіз болып осы тараудағы қылмыстар ҚҚ-ге орын алған.

Бұл тараудағы қылмыстардың топтық объектісі  мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігін байланысты қоғамдық қатынастарды қорғау  болып табылады.

 

2.  ҚР сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар  

Мемлекеттік опасыздық (165 - бап)

ҚР-ның Конституциясы мемлекеттік  опасыздықты ең ауыр қылмыстардың ең ауыр туріне жатқызады Мемлекеттік опасыздық - деп ҚР-ң азаматы ҚР-ның сыртқы жауымен бірлесе өз мемлекеттіне қарсы жүргізетін душпандық әрекет деп белгіленген. Қауып - сыртан  шетелдік мемлекеттен төнеді. ҚР азаматы сыртқы жаудын Қ.Р-на қарсы дұшпандық әрекетіне көмектесе отырып, өз мемлекетіне опасыздық жасайды, мүделерін сатады

Тікелей объектісі - ҚР,  сыртқы қауыпсыздығы мен егемендігі.

Қылмыстың заты - мемлекеттік немесе әскери құпия болатын мәліметтер немесе шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша қиналып, ҚР-ның сыртқы қауыпсыздігі мен егемендігі нұқсан келтіретіндей етіп пайдалануы мүмкін басқада мәліметтер.

Объективтік жағы -  соғыс немесе қаруы жанжал кезінде жау жағына өту: шпиондық жасау; мемлекеттік құпияларды жатқа беруі; ҚР-на қарсы дұшпандық әрекеті; шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесі өкілдеріне басқадай жәрдемдесу.

Негізгі белгісі - бұл қылмысты ҚР-ның азаматы жасайды, басқа адам жатпайды.

Субъекітісі - 1) ҚР-нің  16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс, іс-әрекетіне жауап беретін азаматы;  2)  Арнайы субъект- құпияны білетін адам.

Субъективтік жағы тікелей қасақаналық, себебі - опасыздыққа баратынын түсінеді, сол әрекетті жасағысы келеді, қауіпсіздігі мен егемендігін бүлдіруді, әлсіретуді мақсаты еді. 

Шпионаж (166 - бап)      

 Шпионаж жасау деп шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне қарсы бүлдіру мақсатында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өнімдеріне беру, беру мақсатында жинау, ұрлау, немесе сақтау.

Қылмыскер - тек

1 )  шетелдік азамат:

2)      азаматтығы жоқ адам болу керек;

3)      ҚР-нің азаматы болмауы керек (егер ҚР азаматы болса - ст. 165 (мемлекеттік опасыздық) болады.

Субъектісі - 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс, әрекетіне жауап бере алатын. шетелдік азамат, немесе 16 жасқа азаматтығы жоқ адам.

ҚР азаматында 165 ст. - жоқ бола (мемлекеттік  опасыздық) жоқ болса, олар бұл қылмысқа қатысушылар болуы мүмкін. Нақты  іс бойынша.  

 

3.  ҚР саяси жүйесіне қарсы қылмыстар 

Қазақстан Республикасы Президентінің  өміріне қастандық жасау (167 бап)  

Жәбірленуші – тек қанаҚР Президенті ғана.

Президенттің жақын туысына, телохранителіне  жасалған қастандық, осындай қызмет үшін кек алу актісі көрсеткен  жағдайда да бұл іс-әрекет террористік  актіні құрамайды, ол  96 бап және т.б. баппен дәрежеленеді.

Президентпен бірге туысы, телохранителі  өлсе – онда 96 мен 167 баптармен дәрежеленеді.

Тікелсй  объектісі – ҚР саяси жүйесі,   ҚР президентінің өмірі  және денсаулығы (қосымша объект).

Объективтік   жағы   -   ҚР Президентінің өміріне   қарсы   жасалған   қастандық   іс-әрекеттері   (іс рекетсіздіктері).

Өмірге қастандық  деп Президентті өлтіруге, оған  қаза келтіруге тікелей бағытталған  іс-әрекетті айтамыз.

Зардаптың (өлім болса да, болмаса  да) дәрежелеуге әсері жоқ.

Қылмыстың аяқталуы – оқталу сатысына ауыстырылған.

Бұл қылмысқа – оқталу мен кісі өлімі кіреді, осы қылмыс құрамын құрайды және адам өлімі, денсаулыққа зиян келтіру – қосымша дәрежеленуді қажет етпейді.

Дәрежелеуге құралдар әсер етпсйді, ол тек жазаны тағайындауда әсері болуы мумкін.

Субъективтік жағы – тікелей қасақаналық, себебі қастандық жасайтынын ұғынады, өлім болатынын алдын-ала біледі, оның болуын, өлімді тілейді.

Субъективтік жақтың міндетті белгісі  – арнайы мақсат ҚР Президентінің  мемлекеттік қызметін тоқтату, немесе қызметі үшін кек алу болып табылады.

Субъектісі – 16 жасқа толған, ақыл-есі  дұрыс тұлға.  

Билікті күшпен басып алу немесе билікті  күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының  уәкілетті органдары мен лауазымды  адамдарының құзырына кіретін өкілеттіктерді шет мемлекет немесе шетелдік ұйым өкілдерінің жүзеге асыруы (168 бап) 

ҚР-ның Конституциясының 3 бабында - «ҚР-да билікті ешкім де иемденіп кетс алмайды. Билікті иемденіп кетушілік  заң бойынша қудаланады» - деген.

Соңдықтан билікті күшпен басып  алу – ақырғы ең үлкен бұзу болып табылады.

Бұл бапта - билікті басып алудың конституциялық емес бір ғана тәсілін  қарастырады – ол күштеу жолы.

Егер күшпен басып алу – адамды өлтірумен ұштасса, әкеп соқса, онда ол – себебі мен мақсатына байланысты мемлекет, қоғам қайраткерінің өміріне қастандық (167 бап), не қасақана кісі өлтуіру (96 бап) ретіндс дәрежеленеді.

Объектісі – тікелей объект –  ҚР саяси жүйесі, себебі халық мүддесіне, билік өкілеттігін орындаушы  жеке және заңды тұлғаларға тікелей  шығын келтіреді.

Объективтік жағъі – белгілері 1 тармақшасы бойынша:

1.        Билікті күшпен басып алу;

2.        ҚР Конституциясын бұзып билікті күшпен ұстап тұру;

3.        ҚР конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге бағытталған іс-әрекеттср болады.

2 тармақшасы бойынша:

ҚРсының, оның уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарының құзырындағы өкілеттіктерді шет мемлекет немесе шетелдік ұйым өкілдерінің жүзеге асыруы

Субъективтік жағы – 1) тікелей қасақаналық; 2) арнайы мақсат. Себебі, бұл әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін түсінеді, сол іс-әрекеттердің болуын тілейді.

Егер осы баптағы әрекеттерді  ҚР азаматы шетел мемлекетінің, ұйымның, оның өкілдерінің тапсырмасымен  жасаса, онда олар мемлекеттік опасыздық  жиынтығы (165 бап) бойынша дәрежеленеді.

Субъектісі -16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс тұлға.  

Қарулы  бүлік (169-бап) 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 169-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық кұрылысын құлату немесе күштеп өзгерту  не Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу мақсатында қарулы бүлік  ұйымдастыру не оған белсенді түрде қатысу қарулы бүлік деп танылады.

Қылмыстың тікелей объектісі болып  Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген саяси жүйесіне, аумақтық тұтастығына қылмысты түрде қол сұғу болып табылады.

Қылмыс объективтік жағынан: а) қарулы бүлік ұйымдастырудан немесе, б) қарулы бүлікке белсенді түрде қатысудан тұрады. Қылмыс әрекет арқылы істеледі.

Қылмысты субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырады. Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген азамат танылады. 

 

 

4. ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігі  мен қорғаныс қабілетіне қарсы  қылмыстар

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге  не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақырулар (170- бап). 

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге немесе аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға арналған бабы осы тұрғыдағы қылмыстың нақты тәсілдерін нақтылаумен бірге шақырулардың мәні мен бағытын нақты айқындап, конституциялық кұрылысты күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға бағытталған жария түрдегі үндеулерді қылмыс деп таниды.

Қылмыстың объектісі Қазақстан Республикасынын, конституциялық құрылысы, оның саяси жүйесі, қауіпсіздігі болып табылады. қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтіруге, кәсіпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін қаратуға немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату диверсия деп танылады.

Диверсияның тікелей объектісі - Қазақстан Республикасынын қауіпсіздігі, қорғаныс қабілеті және экономикалық күш Соғыс уақыты дегеніміз Қазақстан Республикасынын басқа мемлекеттермен соғыс жағдайында болуы. Соғыс басталды деп жарияланған уақыттан ол аяқталды деп жарияланғанға дейінгі уақыт соғыс уақыты деп саналады.

Ал одан әрі шақырудан бас  тарту дегеніміз - шақырудан қасақана, кәнігі түрде - себепсізден себепсіз бірнеше мәрте бас тарту болып  табылады.

Қылмыстың субъектісі - жұмылдыру бойынша шақырылуға жататын Қарулы Күштердің запастағы адамдары болып танылады.

Осы қылмыстың ауырлататын мән\жайларына  бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып немесе ұйымдасқан топпен жасалған, сол  сияқты бұрын осы бап бойынша  сотталған адам жасаған нақ сол  әрекеттер жатады (17О-баптын 2-тармағы).

  4. ҚР экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар 

Диверсия (171-бап) 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексінің 171-бабына сәйкес Қазақстан  Республикасының қауіпсіздігі мен  қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру  мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтіруге, кәсіпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін қаратуға немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату диверсия деп танылады.  Диверсияның тікелей объектісі - Қазақстан Республикаының қауіпсіздігі, қорғаныс қабілеті және экономикалық күш қуаты болып табылады, өйткені диверсиялық актілер мемлекеттің өзін әлсіретуге, бүлдіруге бағытталған.

Объективтік жағынан диверсия бірнеше балама әрекеттердің жиынтығы бойынша көрініс табады. Қылмыстық кодекстің 171-бабының диспозициясында олар заң қорғайтын объектілерді қирату немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатпен жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату деп көрсетілген.

Осыған орай қирату дегеніміз Қылмыстық  кодекстің 171-бабында көрсетілген объектілерді әр түрлі тәсілдермен (жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер арқылы) түкке жарамсыз етіп тастау; зақымдау деп көрсетілген объектілердің қалпына келтірілу мүмкіндіктері сақтала отырып, олардың уақытша немесе ішінара істен шығып қалуы болып табылады.

Субъективтік жағынан диверсия тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам заңда көрсетілген объектілерге қол сұғу арқылы өз әрекетінің мәнін сезеді және заңда көрсетілген зардаптардың тікелей орыналуынтілейді.

Қылмыстың субъектісі болып жасы 16-ға толған кез келген азамат танылады.

 

5.  Мемлекет құпияларын сақтауға қол сұғатын қылмыстар 

Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету (172-бап) 

Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты