Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс по выбору 5 (Уголовное право (особ.ч)).doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыс құрамы - формальды - асырап алу жайлы мәліметтерді жария еткен сәттен бастап аяқталған деп есептелінеді. Бұл құпияны қамтамасыз ету міндеттері балағып алуға рұқсат берген органға, әкімшілік бөлімдеріне, АХАЖ (ЗАГС) - жүктеледі.

Субъективтік жағы - тікелей қасақаналық, себебі пайда табу, кек алу, көре алмау ниеттер.

Субъектісі - қызметтік жағдайы бойынша баланы асырап алу құпиясын сақтауға міндетті адамдар - арнаулы субъектілер - сот, сот қызметкері, өзге адамдар-туыстары, көршілері, пайда көруді мақсат еткен басқалар да болуы мүмкін, әкімшілік аппараттың, қамқоршылық органдарының қызметкерлері. 

Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану (139 -бап)  

Бапта - қамқоршылықты немесе қорғаншылықты  пайдакүнемдік немесе қамқоршыдағы (қорғаншылықтағы) балаға зиян келтіру үшін өзге адам мақсаттарға пайдалану немесе қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) баланы қасақана қадағалаусыз немесе қажетті көмексіз қалдыру қамқоршылықтағы (корғаншылықтағы) баланың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі нұқсан келтіруге әкеп соқса.

ҚР-ның - «Жеке  және отбасы туралы Заңның 105 бабана сәйкес қорғаншылық - 14 жасқа толмаған балаларға, психикалық аурудан, ақыл есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған  адамдарға белгіленеді.

Қамқоршылық - 14 тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке  толмағандарға, спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы  салдарынан сот әрекет қабілеттілігі  шектеулі деп танылған адамдарға  белгіленеді.

Объектісі - қорғаншылыққа не қамқоршылыққа алынған балалардың заңды құқықтары мен мүдделері, және денсаулықтары.

Объективтік жағы -  пайдакүнемдік, не балаға зиян келтіру үшін өзге адам мақсаттарға пайдалану, қасақана қадағалаусыз, қажетті көмексіз қалдыру, құқытары мен заңды мүдделеріне елеулі нұқсан келтіруге әкеп соғатын түрлі әрекеттер

Субъективтік жағы - тікелей және жанама қасақаналық.

Субъектісі - арнай субъектілер: 1) қамқоршылар, 2) қорғаншылар.

Бақылау сұрақтары

1. Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың  жалпы сипаттамасы

2. Өмірге қарсы қылмыстар.

3. Денсаулыққа қарсы қылмыстар.

4. Өмірге және денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстар.

5. Жыныстық қылмыстар.

6. Адамның және азаматтың жеке  басының бостандығына қарсы қылмыстар.

7. Адамның және азаматтың ар-намысы  мен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар.

8.Отбасына және кәмелетке толмағандарға  қарсы қылмыстардың ұғымы және жүйесі

9.Балалардың өмірі мен денсаулығының  қауіпсіздігін қамтамасыз ету  жөнінідегі міндеттерді тиісінше  орындамау

 

 

 

 

 

 

3 – тақырып

Адамның және азаматтың  конституциялық құқықтары мен бостандықтарына  қарсы қылмыстар

Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне  қарсы қылмыстар

 

Қаралатын сұрақтар:

 

1. Адамның және азаматтың конституциялық  құқықтары мен бостандықтарына  қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

2. Саяси құқықтар мен бостандықтарға  қарсы қылмыстар.

3. Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

4. Жеке құқықтар мен бостандықтарға  қарсы қылмыстар.

5. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне  қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы  мен оның түрлері.

6. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар.

7. Әскери қылмыстар.

8. Адамзат қауіпсіздігіне қарсы  қылмыстар.

 

1. Адамның және азаматтың конституциялық  құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың жалпы  сипаттамасы және түрлері 

 Қазақстан мемлекетінің  басты міндеттерінің бірі - өз азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау. Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай орындайды және оған кепілдік береді. Сондыктан, ҚР Конституциясының І-ші бабында адам, адамныц өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып танылады және оған кепілдік береді. 

 Конституцияда  жария   етілген   адамдар  мен   азаматтардың  осындай   құқықтары   мен   бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі және басты міндеті деп есептейді, және аса маңызды көңіл беледі. Бұл қылмыстық топтың объектісі-азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары болып саналады. Бұл қылмыстық топ тікелей объектісіне қарай азаматтардың кұқықтары мен бостандықтарының мәніне қарай негізге 3 топтарға бөлінеді:

 

2. Саяси құқықтары мен бостандықтарына  қарсы қылмыстар 

Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141 бап) 

1 бөлім - Адамның (азаматтың)  құқықтары мен бостандықтарын  тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік  жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасына сенімі, тұрғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына себептерімен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу.

 

3. Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық  құқықтары мен бостандықтарына  қарсы қылмыстар  

Еңбек туралы заңдарды бұзу (148 бап) 

ҚР Конституциясының 24 бабына сәйкес - азамат еңбек ету бостандығына, қызметінен кәсіпті таңдауға, өз қалауына, қабілетіне, арнаулы даярлана сәйкес еркін еңбек етуге құқылы. ҚК 148 бабында келесі әрекеттер үшін жауапкершілік көзделген.

I. Қызметкермен еңбек шартын  заңсыз тоқтату, соттың жұмыста  қайта қалпына келтіру туралы  шешімін орындамау, сол сияқты  азаматтардың құқықтары мен заңды  мүдделеріне елеулі зиян келуіне   әкеп соққан ҚРның заңнамасын  өзге де бұзу.

II.   Әйелмен оның жүктілік себебі бойынша еңбек шартын жасаудан негізсіз бас тарту немесе жұмыстан негізсіз  босату   немесе   онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе 3-жасқа  дейінгі   балалары   бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту   немесе   онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату,  сол сияқты мүгедекпен оның мүгедектігі себебі бойынша не кәмелетке толмағанмен оның кәмелетке толмағандығы  себепті еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту   немесе   онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату.

Объективтік жағы - баптың пунктерінде аталған.

Субъективтік жағы - кінәнің тікелей қасақаналық нысаны. Кемсіту іс-әрекеттерін жасайтынын ұғымды, аталған әрекеттерді жасауды көздейді, қасақаналық әрекет жасайды.

Субъекті - п. І-ІІ де еңбек туралы заңды сақтау міндеттемесі жүктелген тұлғалар - лауазымды тұлға, жұмысқа қабылдау міндеті бар тұлғасы.

 

4.  Жеке құқықтар мен бостандықтарға  қарсы қылмыстар  

Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты  бұзу  (142 бап)  

Адамның жеке өмірі туралы оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау немесе тарату, егер осы әрекеттер жәбірленушінің құқықтары мен заңсыз мүдделеріне зиян келтірсе.

Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасалған нақ сол әрекеттер, сол  сияқты нақ сондай зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші бөлегінде аталған мәліметтерді көпшілік алдында сөйлеген сөзде, көпшілікке көрсетілетін шығармаларды немесе бұқаралық ақпарат құралдарына тарату.

Объектісі - тікелей - жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынас.

Объективтік жағы - бапта көрсетілген.

Мәліметтер-заңды мүддесіне ешқандай қайшы әсер етпесе және зиян  келтірмесе, онда ол іс-әрекет қылмыс емес.

Бұл қылмыс үйге заңсыз кірумен ұштасса, онда ол ҚҚ-тің 142 және 145 баптармен саралады-дәрежеленеді.

Субъектісі - 16 жасқа толған. ақыл-есі дұрыс, іс-әрекетіне жауап бере алатын адам, тұлға. 

Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу (143-бап) 

Конституцияның 18-бабынын 1-тармағына сәйкес азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайды. Азаматтардың хат-хабар жазуы, телефонмен сөйлесуі, телеграф арқылы хабарлауы олардын жеке өмірлік құқықтары болып табылады және мұндай хабарлаудың құпиялылығы сақталады (18-баптың 2-тармағы). Қылмыстың тікелей объектісі хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларынын немесе өзге хабарлар құпиясын реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан азаматтардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге хабарларынын құпиясын заңсыз бұзу арқылы көрініс табады.

Құпиялылықты бұзуға заңсыз телефонмен сөйлесуді тыңдау, почта-телеграф мәліметтерімен жәбірленушінің келісімінсіз танысу, біреудің хат-хабарын ашып оқып, соның  мазмұнын жұртқа жария ету әрекеттері жатады. Қылмыс формальдық кұрамға жатады және ол осы көрсетілген әрекеттердің біреуі орын алғанда аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзатынын сезеді және осыны істеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған есі дұрыс, кез келген адам.

Дәрігерлік құпияны жария ету  (144-бап) 

Қылмыстың тікелей объектісі - дәрігерлік құпияны қамтамасыз етуді реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстын жәбірленушісі  сырқатқа ұшыраған пациент.

Қылмыс объективті жағынан әрекетсіздік арқылы пациенттің сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметті кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария ету арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы нормативтік-құқықтық актілер дәрігерлік құпияның жария етілмеуін реттейді. Бірақта оны сақтауға міндетті адам ондай құпияларды ешбір негізсіз жария етеді, яғни әрекетсіздікке жол беріледі. Қылмыс құрамы формальдық, ал дәрігерлік құпия жария етілген сәттен бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін: кек алу, қызғаныш немесе басқадай арам пиғылдар.

Қылмыстың субъектісі - арнаулы медициналық қызметкер (дәрігер, медбике, фельдшер, т.е.). 

Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты  бұзу (145-бап) 

Қазақстан Республикасының  Конституциясының 25-бабына сәйкес тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге  және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 145-бабында тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі - тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс басып кіру арқылы көрініс табады.

Тұрғын үйге басып кіру біріншіден заңсыз болуы қажет. Екіншіден басып  кіру деп ашық немесе жасырын түрде  онда тұратын адамның еркінен  тыс тұрғын үйге кіруді айтамыз.

Тұрғын үйге - адамдардың түпкілікті немесе уақытша тұратын жеке үйлері, пәтерлері, бөлмелері, қонақ үйдегі бөлмесі, саяжайы, бағбаншылық үйшігі, соңдай-ақ демалатын, зат қоятын қосымша  жайлары жатады.

Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс жағдайда басып кірген сәттен аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам тұрғын үйге заңсыз кірудің қоғамға қауіптілігін сезеді және соңы жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстық ниет сан алуан болуы ықтимал.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 145-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі - күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен, немесе адамдар тобы жасаған, немесе түнгі уақытта, немесе заңсыз тінтуге ұласып жасалған әрекет, соңдай-ақ тұрғын үйден заңсыз шығарып тастау үшін жауаптылық белгіленген.

 

 

5.Бейбітшілік пен адамзат  қауіпсіздігіне  қарсы қылмыстардың  жалпы сипаттамасы мен оның  түрлері

Бейбітшілік пен адамзат  қауіпсіздігіне  қарсы қылмыстар – Халықаралық қылмыстарға жатады. Мұндай қылмыстар үшін жауаптылықтың негізгі көзі «Халықаралық әскери трибунал Жарғысы» (Нюрнберг, 1948 ж.) болып табылады. Соңымен қатар, Халықаралық конвенция 1948 жылы «геноцидті», 1974 жылы «апартендті» халыхаралық қылмыстар деп жариялады.

Бірақта, ҚР жаңа Қ кодексінің 4-тарауында  халықаралық құқықтың жұрт таныған  принциптеріне және нормаларына  негізделген осы тұрғыдағы қылмыстар  үшін жауаптылықтар көзделген.

Осы тараудағы қылмыстардың:

Топтық объектісі - халықаралық құқық нормаларымен белгіленген-Бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік.

Объективтік жағы - Бейбітшілік пен адамзаттын қауіпсіздігіне қарсы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.

Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты