Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс по выбору 5 (Уголовное право (особ.ч)).doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам. 

Қорқыту (112-бап) 

Қылмыстың   тікелей объектісі адамдардың өмірі мен денсаулығы.

Қылмыс объективтік жағынан өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп жарылыс жасау немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі арқылы сипатталады.

Субъективтік жағынан кылмыс Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындалғанда есепке алынады.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам. 

Адамның органдары мен тінін  алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу (113-бап) 

Қылмыстың объектісі - адамдардың өмірі немесе денсаулығы. Объективтік жағынан қылмыс күш көрсете отырып немесе күш көрсетемін деп қорқыта отырып ауыстырып салу, пайдалану үшін басқа адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс құрамы формальдық және ол жәбірленушіден донор болуына келісім алғанына немесе алмағанына қарамастан мәжбүрлеу әрекеттерін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың ниеті әр түрлі болуы мүмкін: ауру адамға жәрдем көрсету; бастығының алдында жақсы керіну; пайда күнемдік немесе атаққұмарлық және т.с.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам материалдық немесе өзге тәуелділіктегі адамға қатысты; керінеу кәмелетке толмағанға қатысты; екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса, онда бұл әрекеттері осы құрамнын ауырлататын түрі болып табылады (113-баптьщ 2-тармағы).

Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін  тиісінше орындамауы (114-бап) 

Қылмыстың тікелей объектісі - медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін реттейтін қоғамдық қатынастар, қосымша объектісі – адам өмірі.

Қылмыс объективтік жағынан медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін ұқыпсыз немесе оған адал қарамауының салдарынан немесе тиісінше орындамауынан орын алса, онда бұл әрекеттер адамның қайтыс болуына әкеп соғуы арқылы сипатталады.

Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік немесе немқұрайдылық) істеледі.

Қылмыстың субъектісі - арнаулы, 16-ға толған кәсіптік міндетін атқаратын медицина және фармацевтика қызметкері.

Заңсыз аборт жасау (117-бап) 

Аборт дегеніміз заңда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті жою болып табылады. Аборт әйелдердің етініші бойынша 12 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша - 23 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, ал медициналық негіздер мен әйелдің келісімі бойынша жүктілік мерзіміне қарамастан жүзеге асырылады. Абортты жүзеге асыру осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алған арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады. Жүктілікті жасанды түрде жоюдың медициналық негіздерінің (көрсеткіштерінің) тізімін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды, ал әлеуметтік көрсеткіштердің тізімі Қазақстан Республикасы бекіткен ережелер бойынша белгіленеді.

Қылмыстың объектісі - әйелдердің өмірі және денсаулығы. Объективтік жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы арқылы (117-баптың 1-тармағы) сараланады.

Субъективтік жағынан Қылмыстық кодекстін 117-бабының 1-тармағында көзделген қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам өзінде тиісті бағдардағы жоғары медициналық білім жоқ екенін және осыған байланысты аборт жасауға құқығы жоқ екенін сезеді, бірақта соны тілеп әрекет істейді.

Қылмыстың субъектісі жалпы, 16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамдар.

Қылмыстық кодекстің 117-бабының 2-тармағында тиісті бағдардағы жоғары медициналық  білімі бар адамның заңсыз аборт  жасағаны үшін жауаптылық көзделген.

Субъективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 117-бабының 4-тармағындағы қылмыс кінәлінің екі бірдей нысаны арқылы жүзеге асырылады. 

Науқасқа көмек көрсетпеу (118 - бап) 

Қылмыстың тікелей объектісі - ауру адамның өмірі және денсаулығы. Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстық кодекстің 118-бабының 1-тармағы бойынша заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге міндегті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыс объективтік жағынан: 1) заңға сәйкес немесе арнайы Ереже бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі; 2) бұл әрекетсіздіктен абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі; 3) әрекетсіздіктен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы арылы көрініс табады.

Қылмыстың субъективтік жағы әрекетсіздік жөніндегі қасақаналық, ал одан орын алатын зардап абайсыздық болады.

Қылмыстың субъектісі - арнаулы, 16-ға толған, науқасқа көмек көрсетуге міндетті адам.

 

4. Жыныстық қылмыстар 

Зорлау (120 бап) 

Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып  қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз  кұйін пайдаланып жыныстық қатынас  жасау.

Обьектісі - әйел жынысты адамның жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігі. Ер адаммен жыныстық қатынасқа баруды әйел өзі шешеді. Оған әйелдің ықтиярының жоқтығы, қарсылығы, келісімін бермеуі дәлел.

Объектитвік жағы - баптың диспозициясында көрсетілген  - жәбірленушіге, немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, психикалық қысым жасап, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жәбірленушімен жыныстық қатынас жасаудағы әрекеттер. Өз еркімен болса  зорлау болмайды.

Аяқталған қылмыс - жыныстық қатынас басталған кезден зорлау аяқталған қылмыс болып саналады.

Субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Себебі, кінәлі - әрекетті зорлауды заңсыз іс-әрекетті жасағанын ұғынады, зардапты - біледі, соны тілейді.

Субьектісі - зорлағандар, және оған көмектескендер (әйелдерде болуы мүмкін). 14 жастан.

Жас балаларды азғындату (124 бап) 

14 жасқа жетпегендігі айқын адамға  қатысты күш қолданусыз азғындық  іс-әрекеттерді жасау - 4 жылға  дейін бас бостандығынан айыру.

Қоғамға қауіптілігі - балалар өзінің қорғансыздығын, өзіне непсіқұмарлық  әрекеттердің мәніне жете түсіне алмайды. Азғындық әрекеттер - бала психикасын тез бұзады.

Объектісі - жас баланың 14-ке толмаған адамның өнегелі, дұрыс өсуі. Жәбірленуші - қыз да, бала да.

Объективтік жағы - диспозицияда көрсетілгендей - күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттер.

Субъективтік жағы - тек тікелей қасақаналық ниетпен. Себебі, кінәлі 14-ке толмағанға азғындық әрекеттерін ұғынады, зардапты түсінеді, соңы тілейді. Әртүрлі себеп болады (непсіқұмарлық ниет, ата-анасынан өш алу т.б.).

Субъектісі - 16-ға толған, әйел де, еркек те болады, ақыл-есі дұрыс, әрекетіне жауап бере алатын адам.  

 

5. Адамның және азаматтың жеке басының бостандығына қарсы қылмыстар.

Адам құқықтары мен бостандықтары  әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан  ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік кұқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Сондай-ақ Республика Конституциясында адамның жеке басына — өміріне, қадір-қасиетіне қол сұғылмауына кепілдіктер берілген.

Азаматтардың бостандықтары, қадір-қасиетін, ар-намысын қорғау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.

Қылмыстың тікелей объектісі нақты  жәбірленушілердің заңмен белгіленген  бостандығын реттейтін қоғамдық қатынасы болып табылады.

Адамды ұрлау (125-бап)

Адамды оның еркінен тыс жағдайда заңсыз, қасақана басып алып оған иелік етіп, ұрлаушылардың билігінде ұстауын адам ұрлау деп айтамыз.

Қылмыстың тікелей объектісі — адамның жеке бостандығы, қосымша тікелей объект — жәбірленушінің өмірі, денсаулығы, меншігі.

Қылмыстың субъектісі — 14 ға толған кез келген адам.

Бас бостандығынан заңсыз айыру (126 бап) 

Қылмыстың тікелей объектісі — адамның жеке басының бостандығы, қосымша тікелей объектісі — адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін. Объективтік жағынан қылмыс адамды, оны ұрлауға байланысты емес жағдайда бас бостандығынан айырумен сипатталады. Яғни жәбірленушінің еркін — қалауынша жүріп-тұруына тыйым салынады, немесе оны бір тұрғын жайға жауып қояды не байлап, қорқытып зорлықпен ұстайды, өз тілегі бойынша адамдармен кездесу мүмкіндігінен айырылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әртүрлі: қызғаныш, кек алу, бұзақылықт. с.с. болуы мүмкін.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған жай адам.

Адамды саудаға салу (128 бап) 

1-ші бөлім - адамды сатып алу-сату  немесе оған қатысты өзге де  мәмілер жасасу, сол сияқты оны  пайдалану не азғырып-көндіру,  тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану  мақсатында өзге де әрекеттер  жасау.

Объектісі - адамның бас бостандығы, денсаулығы мен өмірі.

Объективтік жағы –  диспозицияда көрсетілгендей әрекеттер.

Субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Себебі, кінәлі азғырып - көндіргенін, алдағанын ұғынады, зардапты біледі, соңы тілейді.

Субъектісі - 16 жаска толған, ақыл-есі дұрыс, іс-әрекетің не жауап беретің адам.

 

6. Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар 

Жала жабу (129-бап) 

Қылмыстық кодексте жала жабу, яғни басқа  адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне  нұқсан келтіретін немесе оның беделін  түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату - деп көрсетілген. Қылмыстың тікелей объектісі адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті, беделі.

Қылмыстың заты көрінеу жалған мәліметтер.

Қылмыстың жәбірленушісі болып  кез келген адам, оған есі дұрыс  емес, кәмелетке жасы толмаған, өлген  адамдар да жатады.

Объективтік жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату жолымен жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.

Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық аппарат құралдарында жала жабу - осы қылмыстын ауырлататыш  түріне жатады (129-баптын 2-тармағы).

 

 

7. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың ұғымы және жүйесі

Адам құқығы жөнінде 1948 жылғы «Жалпыға бірдей Декларация» Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы «Халықаралық пактісінде» отбасы қоғамның табиғи негізгі ұясы және ол мемлекет пен қоғам тарапынан қорғау құқығына ие деп белгіленген.

20.11.89 ж. қабылданған «Бала құқықтары  жөніндегі» Конвенцияда да балалардың  азаматтық және саяси әлеуметтік  құқықтарының қорғалуына ерекше  мән берілген және бөлінген. Қазақстан  Республикасының Конституциясының 27-бабында: Неке мен отбасы, Ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады (1); балаларына қамқорлық жасау және лоарды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы (2); Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балаллар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті(3).-делінген.Бұл көрсетілген қағидалар Халықаралық құқықтық осы мәселелер жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкестендірілген.Қазақстан Республикасы да отбасы және кәмелетке толмағандар жөніндегі халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып,осы мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауға ерекше мән береді.

ҚР да отбасы және кәмелетке томағандар жөніндегі Халықаралық құқық  нормаларын қастерлей отырып, осы  мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауға ерекше мән береді.

 

  1. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінідегі міндеттерді тиісінше орындамау

Баланы ауыстыру (134 бап) 

Бұл баптың міндетті белгілері:

I бөлімде -

1)      баланы алып екінші баламен ауыстыру;

2)      қасақаналығы - ауыстырудың (абайсыздық болмайды).

II бөлімде -

1)     пайдакүнемдік мақсаты, немесе

2)     өзге жамандық ниетпен жасалған дәл сол әрекеті.

Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі - баланы ауыстыру барысында ата-анасы мен баланың арасындағы байланысты үзумен ұштасады.

ІІ бөлімге бірдей:

Объектісі - баланың жеке бостандығы және олардың балаларын тәрбиелеуге қатысты ата-ананың мүддесі.

Объективтік жағы - баланы екінші баламен қасақана ауыстыру.

Қылмыстың аяқталғаны - баланы екінші баламен ауыстырған уақыттан саналады. Егер баланы екінші баламен ауыстыру мақсатсыз алып кетсе, онда бұл іс-әрекет ҚҚ-тің 125 бабымен (адам ұрлау) жауапқа  тартылады.

Субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Себебі, бір баланы екінші баламен ауыстырғанын біледі, соңы тілейді. Абайсыздықпен ауыстыру-қылмыс құрамын құрамайды, яғни қылмыс болмайды.

Субъектісі - ақыл есі дұрыс, әрекетіне жауап бере алатын 16-ға толған адам, және арнаулы тұлға.  

Бала  асырап алу құпиясын жария ету  (135- бап) 

Бұл қылмыстың міндетті белгілері, нысандары:

бала асырап алушының еркіне қайшы, еркінен тыс болуы: қызмсттік, немесе кәсіптік кұпия ретінде бала асырап алу фактісін сақтауға міндетті адамның  жария етуі; немесе өзге адамның  жария етуі; пайдакүнемдік, немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуі.

Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі – кәмелетке толмаған балаға қайғы қасірет келтірумен, оның үйінен кетіп қалумен, немесе асырап алған ата-аналары арасындағы келіспеушілік тууы мүмкін.

Объектісі - баланы асырап алуды құпияда сақтау тағы отбасының заңмен кепілденген құқығы.

Объективтік жағы - баланы асырап алу құпиясын жария ету әрекеттері. Бұл құпияны асырап алынған балаға, немесе басқа адамға жария ету, басқа жағдайларда айту немесе жеткізу әрекеттері.

Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты