Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.
Алдау жолымен жөзөкшелікпен
Жөзөкшелікпен айналысуға тартуда қызмет ақысын кінәлі жәбірленушімен бөлісуі немесе жеке өзі иеленіп кетуі мүмкін. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол жөзөкшелікпен айналысуға тарту әрекетін жүзеге асырған (жәбірленушінің ақылы түрде нәпсіқұмарлық байланысқа түскен) уақытынан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет және мақсат әр түрлі болуы мүмкін, олардың қылмысты саралауға әсері жоқ.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 270-бабының 2-тармағында
осы қылмыстың ауырлататын
Бақылау сұрақтары:
1. Қоғамдық қауіпсіздік және
қоғамдық тәртіпке қарсы
2. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.
3. Түрлі жұмыстар жүргізу
4. Жалпыға бірдей қауіпті
5. Қоғамдық тәртіпке қарсы
6. Халық денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері.
7. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар.
8. Адамгершілікке қарсы
7 - тақырып
Экологиялық қылмыстар
Көліктегі қылмыстар
Қаралатын сұрақтар:
1. Экологиялық қылмыстар
2. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар
3. Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар
4. Жерді, құрлықтық шельфті, жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қол сұғатын қылмыстар
5. Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
6. Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
7. Ерекше табиғи-биологиялық
8. Көліктегі қылмыстарға жалпы сипаттама
9. Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары
1. Экологиялық қылмыстар түсінігі және түрлері
Экологиялық қылмыс дегеніміз - қоршаған ортаға, оның ресурстарына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстың заңға кайшы іс-әрекеттер болып табылады.
Экология - табиғат пен қоғамдық қатынастарын, адам мен табиғаттың тікелей байланысын, айналадағы табиғи болып табылады.
Табиғи ортаны қорғау - адамның өмірі мен денсауылығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз етуге, табиғи ортаға қарсы зиянды іс-әрекеттер жасауға және бермеуге, табиғи тепе-теңдік сақтау және қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді.
Қылмыстық кодекстің бұл тарауында экологияға байланысты қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да көптеген баптар бар. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 11 тарауы түгелдей экологиялық қылмыстарга арналған.
Осыған байланысты тікелей объектісінің ерекшеліктеріне байланысты экологиялық қылмыстар мынадай топтағы 6 түрлерге бөлінеді:
2. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар
Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық
талаптардың бұзылуы (277-бап)
Қылмыстык кодекстің 277-бабында
көрсетілген осы қылмыстың
Қылмыстың объективтік жағы табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды, қүрылыстарды және әзге де объектілерді жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсіп, энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектілерін пайдалану, калалар мен басқа да елді мекендерді салу кезінде, әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери және ғарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшін жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір ластануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе есімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы арқылы сипатталады.
Занда осы көрсетілген шаруашылық немесе өзге де кызметті жүргізу үшін экологиялық қауіпсіздіктің мынадай талаптары сақталуы қажет: жобаны техникалық-экономикалық негіздеу, жобалауды қоршаған ортаны зиянды қалдықтармен ластауды жою шараларын қарастырумен бірге қоршаған ортаны пайдаланудың тиімді жақтарын есепке алу қажет; объектілерді орналастыруда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жақтары, экологиялық, экономикалық, демографиялық процестердің даму ерекшеліктері еске алынуы, сондай-ақ объектілердің құрылысы құзыретті мемлекеттік органның оны жүргізуге арнайы түрде берген рүқсатын алғаннан кейін жүргізілуі керек.
Обектілер барлық экологиялық талаптар орындалғаннан кейін ғана пайдалануға беріледі; әскери және қорғаныс объектілері, әскери және ғарыш қызметіне қойылатын барлық экологиялық талаптар орындалған соң іске қосылады.
Осы қылмыстың объективтік жағы Қылмыстық кодекстің 277-бабының диспозициясында көрсетілген шаруашылық және өзге де жұмыстарды жүргізуге қойылатын экологиялык, талаптардың бүзылуы, қылмыстың зардабы және олардың арасын-дағы себепті байланыс арқылы көрініс табады.
Талаптардың бұзылуын анықтау үшін арнаулы нормативтік-құқықтық актілерге жүгінуді талап етеді: яғни бүл баптың диспозициясы бланкеттік. Экологиялық талаптарды реттейтін ар-наулы нормалар біршама. Олардың қатарына: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы «Экологиялық сараптама туралы»; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы»; Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 карашадағы «Жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану туралы»; Қазақстан Республикасы-ның 1999 жылғы 11 ақпанындағы «Өсімдіктер карантині туралы" зандары, сондай-ақ жер қатынастары, атмосфералық ауаны қорғау туралы т.б. зандар жатады.
Экологиялық талаптардың бұзылуы
орын алғандығы Қазақстан
Қылмыстың объективтік жағының тағы бір қажетті белгісі шаруашылық және өзге де қызметке койылатын экологиялык талаптарды бұзудың қоршаған ортаның едәуір ластануы, адамның денсаулығына зиян келтіруі, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуі немесе өзге де ауыр зардаптардың орын алуы болып табылады.
Қоршаған ортаның едәуір ластануы деп көптеген адамдардың денсаулығына, жануарлар немесе есімдіктер дүниесінің өмір сүруіне қауіп келтіретін залалдарды айтамыз.
Адамның денсаулығына зиян келтіруге бір немесе бірнеше адамға жеңіл, орта немесе ауырлықтағы зиян келтірулер жатады.
Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесшің жаппай қүрып кетуіне олардың көптеген аумақтар бойынша сансыз қырғынга ұшырауы жатады.
Өзге де ауыр зардаптарға адамдардың улануы, эпидемия таралуы, қоршаған табиғи ортаны жақсарту бағдарламасын жүзеге асырудың үзілуі, ірі материалдық залалдардың келтірілуі т.с.с. жатады. Баптың диспозициясыңца керсетілген іс-әрекеттер мен орын алған зардаптардың арасында себепті байланыс болуы тиіс.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздыкпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы, 16 жасқа толған, шаруашылық және езге де қызметке қойылатын экологиялық талап-тардың сақталуына жауапты лауазымды немесе лауазымды емес адамдар. Мысалы экологиялық сарапшылар, жергілікті атқару органдарының лауазым адамдары, қадағалау немесе бақылау органдарының лауазым адамдары т.б.
3. Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар
Суларды ластау, бітеу және сарқу (281-бап)
Суларды ластау, бітеу және сарқығаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілеудің мақсаты су пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз ету, судың табиғи қасиеттерін сақтауды, тіршілік етушілердің күллісіне судан болатын зиянды тойтару болып табылады.
Қылмыстың объектісі суларды пайдалану және су объектілерін қорғау саласындағы қатынастар.
Қылмыстың заты жер беті немесе жер асты сулары, мұздықтар, ауыз сумен жабдықтау көздері болады.
Суды қорғау ережелері көптеген заң және басқадай нормативтік-құқықтық актілерде: Қазақстан Республикасының су кодексінде, қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заңда, суды ластаудан қорғау туралы ережелерді және тағы басқадай нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген.
Осы қылмыстың объективтік жағы: а) жер беті немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерін ластау, бітеу, сарқу не олардың табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту, б) осы әрекеттер жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, в) іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы сипатталады.
Зиянды заттардың қосылуы
Жер асты және жер үсті суларының запас қоры, саласы кеміп, пайдалануға жарамсыз болуын су объектілерінің сарқылуы деп білеміз.
Су объектілерінің сарқылуы өзендердің, көлдердің, бөгеттердің, жер үсті, жер асты суларының және басқа су объектілерінің бірқалыпты су режимін сақтаудан, суды пайдаланатын субъектілердің су объектілерінің сарқылуын болғызбау жөніндегі міндеттерін орындаудан, жер асты суларын сарқылудан қорғау шараларының дұрыс жүргізілмегенінен пайда болады.
Жарылыс, құрылыс, басқа жұмыстарды тікелей су объектілеріне немесе оған жақын жерлерде жүзеге асырудың әсерінен судың құрамының зиянды өзгеруі судың табиғи қасиеттерін өзге де өзгертулер деп айтамыз.
Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі - заңда көрсетілген зардаптардың - жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтірудің болуы болып табылады. Яғни қылмыс құрамы материалдық. Егістіктін, апатқа ұшырауы: мал жайылымынын жарамсыз күйге келуі ауыл шаруашылығына келтірілген елеулі зиянға жатады.
Жабайы аңдардың, құстардың өсуінің сиреуі, ағаштардың, ормандағы барлық өсімдіктердің қурауы жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне келтірілген елеулі зиян болып табылады.
Балықтардың ауруға, өлім-жітімге ұшырауы, тұқым шашпауы және тағы басқа зиянды зардаптардың орын алуы балық қорына келтірілген елеулі зиян болып табылады.
Занда көрсетілген іс-әрекеттер мен зардаптардың арасында себепті байланыс болуы шарт.
Қылмыс заңда көрсетілген балам
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен де, абайсыздықпен де істеледі. Қылмыстың субъектісі - жалпы, 16-ға толған кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 281-бабының 2-тармағында осы құрамның ауырлататын түрі - адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.
Адамның денсаулығына зиян келтіруге - жеңіл, орта, ауыр дене жарақатын келтірулер (бір адамға болса) жатады.
Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуі туралы түсінікті Қылмыстық кодекстің 278-бабына талдау жасағанда атап көрсеттік.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға
- Қазақстан Республикасының «
Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты