Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс по выбору 5 (Уголовное право (особ.ч)).doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

Кәсіпкерлік кызметке зансыз катысу (310-бап) 

"Қазақ КСР-інде шаруашылық  қызметтің бостандығы және кәсіпкерлікті  дамыту туралы" 1990 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңына сәйкес кәсіпкерлік қызмет деп өзара тиімді нәтижелер мен табыс алу мақсатындағы кез келген қызмет түсініледі (1-бап), мұнда кез келген меншік түріндегі кәсіпорын және солар құрған бірлестіктер құрыла алады және жұмыс істей алады. Кәсіпкерлік қызметтің саласында, егер оған заңмен тыйым салынбаған болса, шектеу қойылмайды.

Түсіндіріліп отырған қылмыстың  объективті жағы — субъектінің әрекеті  осы ұйымға жеңілдік және артықшылық берумен немесе оған басқа нысанда  қамқоршы болумен байланысты жағдайда, не лауазымды тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйым құруымен, не осыған қатысты тыйым салынғандығына қарамастан осындай ұйымды басқаруға қатысуымен түйінделеді.

Кінәлы лауазымды тұлға өзінің атқарып отырған қызметтік өкілеттігінің арқасында оны өз мүддесіне теріс пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметгі жүзеге асыратын ұйым құрады, не осындай ұйымға езі немесе өз адамы арқылы басшылық етуге қатысады. Әрекеттің кайсы нысаны болмасын, кінәлы адамның оған заңмен берілген лауазымдық өкілетті пайдалануы арқылы жасалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметтуралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі заңыңда мемлекеттік қызметшіге басқа қызметпен, соның ішінде педагогтік, ғылыми және жеке творчестволық қызметті қоспағанда, кәсіпкерлікпен айналысуға тікелей тыйым салынатындықтан, кінәлы адамдардың аталған әрекет нысандары заңсыз болып табылады.

 

3. Басқару тәртібіне  қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы  және түрлері 

Басқару тәртібіне қарсы  қылмыс деп мемлекеттік кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзатың қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті істеуді айтамыз.

Жаңа Қылмыстық кодексте осы  тұрғыдағы қылмыстардың қатарына жаңадан  бірнеше баптар қосылды. Олар: жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (322-бап); мемлекеттік туды заңсыз көтеру (329-бап); Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту (331-бап); шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету (338-бап).

4. Мемлекеттік органдардың  басқару әрекетіне байланысты  өкімет өкілдері мен басқа  адамдарғ ақарсы қылмыстар 

Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау (318-бап)  

Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес Қазақстан  Республикасының Президенті - мемлекеттің  басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны әрі кепілі (40-баптың 1, 2-тармақтары).

Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне  ешкімнің тиісуіне болмайды (46-бап, 1-тармақ). Республика Президенті мен оның отбасын  қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету  және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады (46-баптың 2-тармағы). Қазақстан Республикасының Конституциясының жоғарыда көрсетілген нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде Республика Президентінің ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасаушылық үшін жауаптылықты көздейтін арнаулы бап көрсетілген.

Қылмыстың тікелей объектісі - Қазақстан  Республикасы Президентінің басқару  қызметіне байланысты ар-ожданы мен  қадір-қасиетін қорғау жөніндегі қатынастар.

Қылмыстың жәбірленушісі - Республика Президенті, оның жақын туыстары.

Қылмыстың объективтік жағы Қазақстан  Республикасы Президентін жария  түрде қорлау немесе оның ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу арқылы сипатталады.

Республика Президентін жария  түрде қорлау деп басқа біреудің немесе көпшіліктің көзінше ел Президентін әдепсіз сөздермен, шектен шыққан арсыздығымен көзге түсетін дене қимылдарын жасау арқылы қоғамдық мінез-құлықтарға қайшы келетің басқа да әрекеттер жасау арқылы, ауызша немесе жазбаша түрде тіл тигізулер болып табылады.

 

5. Ресми құжаттар меи мемлекеттік  наградалардың айналым тәртібіне  қарсы қылмыстар 

Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру (324-бап) 

 

Қылмыстың тікелей объектісі - ресми  құжаттардын айналым тәртібіне  қол сұғу.

Қылмыстын заты азаматтық төлқұжат, жеке басының куәлігі немесе жеке басынын басқа маңызды құжаттары (әскери билет, білімі жөніндегі куәлік, зейнетақы куәлігі, қызметтік куәлік т.с.с. 324-баптың 1-тармағы), ресми құжаттар, мөртаңбалар, мөрлер (324-баптың 2-тармағы).

Қылмыстық кодекстің 324-бабының 1-тармағында азаматтың төлқұжатын, жеке басының  куәлігін немесе жеке басынын басқа манызды құжаттарын ұрлағаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыс объективтік жағынан алғанда көрсетілген құжаттарды азаматтардан ұрлау арқылы жүзеге асырылады. Ұрлау деп көрсетілген құжаттарды кез келген құқыққа қайшы тәсілмен заңсыз алуды айтамыз. Қылмыс құрамы жөнінен формальдық құрамға жатады. Ол құжаттары ұрланған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

 

6. Әскери қызметке атқарылу тәртібіне қарсы қылмыстар  

Әскери қызметтен жалтару (326-бап)  

Қылмыстың тікелей объектісі - әскери қызметке шақырылу тәртібі болып  табылады.

Объективтік жағынан алғанда қылмыс әскери қызметтен босату үшін заңды  негіздер болмаған кезде осы қызметке шақырудан жалтару арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген қылмыс әрекет немесе әрекетсіздік күйде жүзеге асырылады. Заң бойынша әскери қызметке шақырылған адам әскери орган белгілеген уақытта, белгіленген орынға келуге міндетті. Осы тәртіпті бұзып, уақытында келмеу немесе кешігіп келу, я болмаса мүлдем келмей қою шақырудан заңсыз жалтару деп табылады. Шақырудан жалтарудың тәсілі сан түрлі: өтірік ауырып қалу, жалған құжат көрсету, өз денесін жарақаттау т.с.с. Бұлтару тәсілі қылмысты іс-әрекетті саралауға әсер етпейді, ол тек жаза тағайындағанда есепке алынуы мүмкін. Қылмыс құрамы жөнінен формальдық. Әскери қызметтен жалтару фактісі орын алған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады. Егер әскери қызметтен босату үшін заңды негіздер болса, онда қылмыс құрамы орын алмайды. Заңды негіздерге - әскери қызметке шақырылу жасына толмау немесе осы жастан асып кету, әскери қызметке денсаулығы бойынша жарамсыз деп танылу, әскери қызметті басқа мемлекеттің қарулы күштері құрамында өтеп келу, тағы сол сияқтылар жатады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам әскери қызметке міндетті бола тұра заңды негізсіз әскери қызметке шақырылудан жалтарғанын сезеді және соны тілейді.

Қылмыстың субъектісі арнаулы - Қазақстан  Республикасының әскери қызметті өтеуге міндетті шақыру жасына толған, әскери қызметке жарамды деп танылған, одан босатылуға заңды негізі жоқ азаматтары болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 326-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:

а)   өзінің денсаулығына зиян келтіру арқылы;

б)  ауруды сылтаурату жолымен;

в)   құжаттарды бұрмалау немесе өзге де алдау арқылы жасалған әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Кінәлінін өз пайымдауынша әскери қызметтен  жалтаруға негіз боларлықтай  өзіне дене жарақатын салуы денсаулығына зиян келтіру деп танылады.

 

7. ҚР мемлекеттік рәміздеріне  қарсы қылмыстар  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе Мемлекеттік әнұранын қорлау (317-бап) 

Қылмыстың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасының басқару  тәртібі, Мемлекеттік рәміздерінің беделі.

Қылмыстың заты - Мемлекеттік ту, Мемлекеттік  елтаңба, Мемлекеттік әнұран.

Мемлекеттік ту - Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік әнұран Қазақстан Республикасының  мемлекеттігінің ресми рәміздері  болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын, Мемлекеттік әнұранын қорлау арқылы сипатталады.

Қорлау деп - Мемлекеттік туды, Мемлекеттік  елтаңбаны жария түрде жалып  тастау, өртеу, таптау, жою немесе бүлдіру, оларға әдепсіз сөздер, суреттер салып сайқымазақ ету сияқты әрекеттер жатады. Мемлекеттік әнұранды қорлауға оның мәтініндегі сөздерді бұрмалап келемеж ету, әнұранның мазмұның көрінеу теріс бұрмалау, оған қорлайтын әдепсіз сөздер қосып айту сияқты әрекеттер жатады.

Қылмысты әрекеттер жария түрде жүзеге асырылуы қажет. Іс-әрекеттің бөтен адамдардың (біреу болса да) көзінше жүзеге асырылуы немесе ешкім жоқта Мемлекеттік туға, Мемлекеттік елтаңбаға, Мемлекеттік әнұранға сайқымазақ сөздер, суреттер салып, оның көпшілікке аян болуы жария іс-әрекеттің белгілері болып табылады.

Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген заттарды қорлау әрекеттерін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан алғанда  тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам мемлекеттік рәміздерді қорлайтының сезеді және соны істеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам.

 

8. Басқару тәртібін  қамтамасыз ететін жекеленген  ережелерге қол сұғатын қылмыстар

Өзінше билік ету (327-бап)  

Өзінше билік ету, яғни заңмен белгіленген тәртіпке қарамастан, басқа тұлғаның немесе ұйымдардың таласын туғызатын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне, не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделеріне елеулі түрде зиян келтіретін өзінің нақты немесе болжамды кұкығын өз бетінше жүзеге асыруы өзінше билік ету деп танылып, кінәлы адам Қылмыстық кодекстің 327-бабының 1-тармағы бойынша жауапка тартылады.

Қылмыстың тікелей объектісі талас  туғызатын құкықты жүзеге асыру  тәртібі.

Қосымша тікелей объект азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары немесе заңды мүдделері болуы мүмкін.

Қылмыстын заты талас туғызатын  нәрселер болады. Елеулі түрде зиян шеккен азаматтар немесе заңды тұлғалар жәбірленушілер болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыс адамның  талас туғызатын нақты немесе жорамал құқығын занда белгіленген тәртіптен тысқары өз бетімен жүзеге асырып, жәбірленушіге елеулі түрде зиян келтіру арқылы жасалады.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік  басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас  жемқорлық және өзге де қылмыстарының жалпы сипаттамасы.

2. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік  басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас  жемқорлық және өзге де қылмыстарының  нақты түрлері.

3. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың  жалпы сипаттамасы, оның ұғымы  және жүйесі

4. ҚР-ның беделіне қол сұғу.

5. Мемлекеттік органдардың басқарушылық  қызметіне байланысты өкімет  өкілдері мен өзге адамдарға  қол сұғу.

6. ҚР-ның мемлекеттік шекарасының  дербестігіне қол сұғу.

7. Ресми құжаттарды және мемлекеттік  наградаларды қолдану тәртібіне қол сұғу.

8. Басқару тәртібін қамтамасыз  ету жөніндегі жекеленген ережелерді  бұзу.

9. Басқару тәртібіне қол сұғудың  арнайы түрлері.

 

 

 

9 тақырып

Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар. Әскери қылмыстар.

 

Қаралатын мәселелер:

 

1. Сот төрелігіне жөне жазалардың  орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың  жалпы сипаттамасы және түрлері

2. Әділетсоттылықты    жүзеге    асыратың    органдардың    лауазымды     адамдардың    жасайтын қылмыстары

3. Заң бойынша әділсоттылықты  жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары

4. Сотталғандармен басқадай қылмыстық-құқықтық  күштеу шараларын өтейтіндердің  жасайтын қылмыстары

5. Сот әділдігіне қарсы басқадай  адамдардың жасайтын қылмыстары

6. Әскери қылмыстың түсінігі  және жалпы сипаттамасы. 

7. Бағыныштылық тәртібіне және  әсекри қызметшілердің жарғылық  ережелерге сай қарым-қатынасына  қол сұғатын қылмыстар

8. Әскери қызметті өтеу тәртібіне  қарсы бағытталған қылмыстар

9. Қару-жарақ, сондай-ақ заттар  мен нәрселер, әскери мүліктерді, техниканы пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсы қылмыстар

10. Әскери лауазымды қылмыстар

11. Шайқас даласында және соғыс  жүріп жатқан ауданда әскери  қызметті атқару тәртібіне қырсы  қылмыстар

 

 

 

1. Сот төрелігіне жөне  жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері 

Жаңа Қылмыстық кодекстің қабылдануына байланысты бұрынғы Кодекс бойынша  қылмыс болып келген кейбір құрамдар: жер аударылған орыннан, еңбекпен емдеу  немесе еңбекпен тәрбиелеу профилакторийінен  қашып кету (бұрынғы Кодекстің 198-бабы), еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторында, тәрбие-еңбек профилакторийлерінде отырған адамдарға тыйым салынған заттарды заңсыз беру (ескі Кодекстің 199-бабының 3-тармағы) қылмыс қатарынан мүлдем шығарылды.

Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты