Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.
2. Әділетсоттылықты жүзеге асыратың органдардың лауазымды адамдардың жасайтын қылмыстары
Көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-бап)
Қылмыстық кодекстің 344-бабында көзделген осы қылмысты жасау азаматтардың конституциялық құқығын өрескел бұзумен бірге, әділсоттылық мүддесіне, жәбірленушінің заңды құқықтары мен бостандықтарына қылмысты қиянат келтіре отырып, зандылық қағидасының өрескел бұзылуына әкеп соғады.
Қылмыстың тікелей объектісі прокуратура, сот, тергеу, анықтама және басқа да осыларға теңестірілген органдардың дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объект жәбірленушінің заңды мүдделері (жеке бостандығы, ар-намысы, адамгершілігі, қызметтік немесе мүліктік мүдделері).
Қылмыс объективтік жағынан алғанда көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту әрекетін жүзеге асыру арқылы сипаталады.
3. Заң бойынша әділсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары
Көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап)
Көрінеу жалған сөз жеткізудің қоғамға қауіптілігі сол, мұндай әрекеттер құқық қорғау органдары өмірде анық орын алған қылмыспен күрес жүргізудің орнына оларды жалған хабарлама арқылы, шын мәнінде болмаған іс-әрекеттерді тексеруге, сөйтіп оған қыруар уақытты жоғалтуға әкеп соғады. Мұндай жалған сөз жеткізу жәбірленушінің қайғылы жағдайға душар болуына да әкеп соғады.
Бұл әдіс 1937-1940 жылдары КСРО-да кең тараған айла болды, нәтижесінде сан миллиондаған адам қуғын-сүргінге ұшырап, негізсіз жапа шекті.
Қылмыстың объектісі әділсоттылық жүйелері, олардың жекелеген органдарының дұрыс қызметі, ал қосымша тікелей объектісі жәбірленушінің мүдделері (ар-намысы, жеке бостан-дығы т.с.с.) болады.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу арқылы сипатталады.
Қылмыс жасағаны туралы жалған сөз жеткізуге құқық қорғау органдарына (полиция, прокуратура, сот, алдын ала анықтама жүргізуші органдар) істелгелі жатқан немесе істелген қылмыс және оны істеген адам жөнінде жалған хабарлаулар жатады. Мұндай жалған хабарлама тиісті құқық қорғау органына жеткізілу үшін басқа мемлекеттік органдарға (аудандық, облыстық әкімшілікке) берілуі де мүмкін. Жалған сөз жеткізу ауызша, жазбаша, телефон немесе бөгде адамдар арқылы, сондай-ақ аты-жөнін айтпау жолымен жүзеге асырылады.
Жалған сөз жеткізу жоғарыда көрсетілген органдарға немесе лауазымды адамдарға хабар берген сәттен бастап аяқталған деп табылады. Қылмыстың негізгі шарты шындыққа сай келмейтін, тіршілікте орын алмаған факті туралы көрінеу жалған сөз жеткізу болып табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Заңда көрсетілген «көрінеу жалған сөз жеткізу» дегеннің өзі кінәлінің хабарламасының шындыққа жатпайтынын сезе отырып, қылмыстық іс қозғату мақсатымен құқық немесе басқа органдарға өтірік хабарлайтынын біледі және соны тілеп әрекет істейді.
Қылмыстың объектісі - 16-ға толған кез келген адам.
Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, не жасанды айыптау айғақтарын жасаумен ұштасқан, не пайдакүнемдік ниеттен туған дәл сол әрекет үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 351-бабының 2-тармағында көзделген.
4. Сотталғандармен басқадай
қылмыстық-құқықтық күштеу
Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасынт өтеуден жалтару
(359-бап)
Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінде бас бостандығынан айырылуға сотталғандарды ерекше жағдайларға (жақын туысынын қаза табуы немесе ауыр науқасқа душар болуы, сотталған адамға немесе оның отбасына ауыр табиғи апат салдарынан елеулі материалдық зардап, басқадай ауыр оқиғалар болуына) байланысты қысқа мерзімге түзеу мекемелерінен шығуға рұқсат етілуі мүмкін. Бірақ осындай қысқа мерзімге занды рұқсат алғандар, жазасын одан әрі өтеуден бұлтару мақсатымен бас бостандығынан айыру мекемесіне келмей қоюы да мүмкін.
Қылмыстың объектісі - бас бостандығынан айыру жазасын атқаратын түзеу мекемелерінің бірқалыпты қызметі.
Қылмыс объективтік жағынан
бас бостандығынан айыру
Көрсетілген қылмыс екі нысанда жүзеге асырылады. Біріншісі - бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзімге шығуға рұқсат етілген сотталған адамның шығу мерзімі біткеннен кейін түзеу мекемесіне белгіленген уақытта себепсізден себепсіз қайтып оралмауы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 93-бабы). Белгіленген мерзімнен кешігіп оралу қылмыс емес - тәртіптік теріс қылық ретінде қаралады.
5. Сот әділдігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары
Сотты құрметтемеу (342-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі соттың
дұрыс қызметі және беделі, қосымша
тікелей объектісі сот
Қылмыс объективтік жағынан
алғанда формальдық құрамға жатады
және ол занда көрсетілген
Қорлаудың түсінігі ҚК-тің 130-бабында
берілген. Яғни кінәлі адам сотты құрметтемеушілікте
де сот талқылауына қатысушыларды,
судьяны олардың қызметіне
Қорлау тәсілдері (ауызша, жазбаша, ым, теріс дене қимылдарын көрсету т.б.) қылмысты саралауға әсер етпейді.
Судьяны немесе сот талқылауына басқа да қатысушыларды жеке өзара қатынастан пайда болған қақтығыстарға байланысты және әділсоттылык жүзеге асырылып жатқан жерден басқа орында қорлау, жеке адамға қарсы қылмыс ретінде қарастырылады (КК-тің 130-бабы).
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам өзі қорлап отырған жәбірленушілердің сот талқылауына қатысушылар екенін сезеді және соны істеуді тілейді.
Қылмыстың объектісі - 16-ға толған кез келген адам.
Кылмыстық кодекстің 342-бабының 2-тармағында осы қылмыстын ауырлататын түрі - судьяны қорлағаны үшін жауаптылық белгіленген. Сотталқылауын басқарып, әділсоттылықты тікелей жүзеге асырып отырған судьяны оның осы қызметіне байланысты қорлаудың қоғамға қауіптілігі ерекше. Осыған орай қылмыстық занда басқа сот талқылауына қатысушыларға қарағанда судьяны қорлағаны үшін көтеріңкі жаза мөлшері белгіленген.
6. Әскери қылмыстың
түсінігі және жалпы
Әскери қылмыстың түрлері
Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы занда, Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінін арнайы жарғыларында, басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери қылмыстарға арналған.
Қылмыстық кодекстің 366-бабында әскери қылмыстың заңдылық ұғымы берілген. Онда: әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы, әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады делінген.
7. Бағыныштылық тәртібіне
және әсекри қызметшілердің
Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап)
Қылмыс объективтік жағы бойынша: бағынбау, яғни бастыктың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастыктың белгіленген тәртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп, өзгедей әдейі орын-дамауы арқылы сипатталады. Бұл жерде екі бірдей қылмыс құрамы көрсетіліп тұр. Оның біріншісі бағынбау, яғни бастықтың заңды бұйрығын орындаудан ашық, қасақана бас тарту. Екінші бұйрықты өзгедей әдейі орындамау - яғни бастықтың белгіленген тәртіппен, заңды түрде берілген бұйрығын, яғни бағыныштының әдейі орындамауы болып табылады. Әдейі орындамауға ашық түрде, ешбір негізсіз заңға сәйкес берілген бұйрықтағы талаптарды істемеуі, немесе бұйрықтағы талапқа қарсы басқа әрекетті істеуі, немесе бұйрықты кешіктіріп орындау немесе жартылай орындаулар жатады.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады.
8. Әскери қызметті
өтеу тәртібіне қарсы
Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап)
Қылмыс объективтік жағынан шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші, әскери қызметшілер жұмыс жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде, іс-сапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке екі тәуліктен ұзақ, бірақ он тәуліктен артық емес уақытқа дәлелді себептерсіз мерзімінде келмеу - арқылы сипатталады.
Әскери қызметшінің бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен бастықтың рұқсатынсыз тастап кетуге құқы жоқ.
Бөлім немесе қызмет орнына әскери бөлім орналасқан жерлер, аумақтар жатады. Сондай-ақ қызмет орнына әскери бөлім орналасқан жерлерден тысқары жерлерде әскери қызметшілердің әскери міндетің өтейтін орындары да (уақытша жұмыс орны: эшелон, поезд, жылжымалы маршрут т.с.с.) жатады.
Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудын ережелерін бұзу (379-бап)
Қылмыс объективтік жағынан алғанда қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кіретің адамның қызмет атқарудың ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру арқылы сипатталады.
Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерін бұзу осы міндеттерді жүзеге асыруға міндетті әскери нарядтың құрамына кіретің адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауынан, соның салдарынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру арқылы көрініс табады. Қылмыс құрамы материалдық. Көрсетілген ережелерді бұзу мен одан орын алған зардаптың арасын байланыстыратың себепті байланыс болуы шарт. Ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 379-бабының 2-тармағында көзделген.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалады.
Қылмыстық кодекстің 379-бабының ескертуінде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші қылмысты жеңілдететің мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін делінген.
9. Қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселер, әскери мүліктерді, техниканы пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсы қылмыстар
Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (387-бап)
Қылмыстың заты қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери көлік құралдары, түнде көретің приборлар, өзге де әскери мүліктер.
Қылмыс объективтік жағынан қару-жарақты, оқ-дәріні, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру арқылы жүзеге асырылады.
Құрту деп көрсетілген заттарды толық жою арқылы оны өзінің тікелей мақсатында пайдалана алмайтын жағдайға келтіруді айтамыз.
Бүлдіруге – көрсетілген заттардың өз қажеттерін едәуір жоғалтуы, оны қалпына келтіру үшін біршама шығынның қажет болуы жатады.
Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыс әскери мүлікті қасақана құртқан немесе бүлдірген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
ҚК-тің 387-бабының 2-тармағында ауыр зардаптарға әкеп соққан сол әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Ауыр зардаптарға - әскери дайындық міндеттерін жүзеге асырмау, ірі мөлшердегі мүліктік залал келтіру, адамдардың денсаулығына зиян келтіру жатады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет - бұзақылықтан, бастыққа кек қайтарудан, әскери қызметке көңілі толмаудан болуы мүмкін.
10. Әскери лауазымды қылмыстар
Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі (380-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі - әскери
басқару аппаратының
Қылмыс объективтік жағынан бастықтың немесе лауазымды адамның билікті немесе қызмет бабын теріс пайдалануы, билігін немесе қызметтік өкілеттігін асыра қолдануы, сол сияқты пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүдделілікте жасаған және елеулі түрде зиян келтірген биліктің әрекетсіздігі арқылы көрініс табады. Яғни қылмыс объективтік жағынан үш түрлі жеке қылмыс құрамынан құралады: 1) қызмет бабын теріс пайдалану; 2) қызметтік өкілдігін асыра қолдану; 3) биліктің әрекетсіздігі. Көрсетілген қылмыс құрамдарының түсінігі Қылмыстық кодекстің 307,308,315-баптарында берілген. Олардың объективтік және субъективтік жақтарының белгілері ұқсас. Қылмыстық кодекстің 380-бабындағы қылмыстың субъектісі әскери лауазымды адамдар. Әскери лауазымды адамдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертуінде берілген.
Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты