Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.
Қылмыстық кодекстің 214-бабында ірі мөлшерде кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын алымдарды немесе басқа кедендік телемдерді төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Қылмыстын объектісі мемлекеттік кеденді реттеу саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты - кеден төлемдері мен алымдары.
3. Коммерциялық және өзге
Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар туралы тарауы ҚР Қылмыстық құқындағы және Қылмыстық кодексіндегі мүлдем жаңа тарауы болып табылады.
Қоғамымызда орын алған орасан әлеуметтік - экономикалық, саяси өзгерістердің талабына сай келетін жаңа қылмыстық зан қабылдау қажеттілігі туындады. Осыған орай мемлекеттік өкімет билігіне қарсы қылмыстар жеке тарауға, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар өзінше жеке тарауға бөлінді.
4. Коммерциялық және өзге
Өкілетгіктерді теріс пайдалану (228 - бап)
Бөлімде - «Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамның өз өкілеттіктерін осы ұйымның заңды мүдделеріне қарсы және өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделері не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқсаң.
200-500 айлық көрсеткішке, айыппүл, 3-6 айға қамауға, 2 ж. бас бостандығынан айыруға жазалануы.
ҚР Азаматтық кодекстің 34 бабында - «Коммерциялық ұйымдар - ден өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде заңды пайда келтіруді көздейтін заңды тұлғаларды айтамыз (мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, кооперативтер).
Коммерциялық емес (өзге) ұйымдар - партиялық қоғамдық бірлестігі, қайырымдылық қорлар, фондтар, діни бірлестіктер, спорттық қоғамдар, оқыту орындары т.б.
Өкілеттілікті пайдалану - деп басқару қызметін атқаратын адамның өзіне берілген кұқықтық деңгейде іс-әрекет жасауды айтамыз.
Объекті - коммерциялық және өзге ұйымдармен және осы ұйымдардың ішкі қарым-қатынас қылмыстық-құқықтық кұралдармен реттейтін қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағы - коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамның өз өкілеттіліктерін осы ұйымның заңды мүдделеріне қарсы әрекеттер мен оған елеулі зиян келтірумен сипатталады.
Аяқталған қылмыс - деп елеулі зиян келтіргеннен бастап санайды.
Міндетті белгі - іс-әрекетпен зиянның арасындағы себепті байланысты анықтау.
Субъективтік жағы - қасақаналық және арнайы мақсат пен сипатталады:
1) өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу үшін;
2) басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру.
Субъектісі - баптың өзінде айтылған - арнаулы субъект.
Коммерциялық сатып алу (231-бап)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабында мүлдем жаңа екі жеке қылмыс туралы көрсетілген. Оның біріншісі 231-баптың 1-тармағында көрсетілген құрам - сатып алу (пара беру), ал екіншісі осы баптың 3-тармағында көрсетілген құрам - сатылу (пара алу) болып табылады. Қылмыстық кодекстің 231-бабының бірінші белігінде: «коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлік беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесінде пайдалануы үшін оған мүліктік сипаттағы заңсыз қызмет көрсету - коммерциялық сатып алу (пара беру) деп белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі Қазақстан Республикасы Заңдарына және құрылтайшы құжаттарға сай келетін коммерциялық және өзге де ұйымдардың басқару аппаратының бірқалыпта қызметі болып табылады. Коммерциялық және өзге де ұйымдардың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 228-бабына талдау жасағанда толық түсінік берілген. Коммерциялық сатып алу (231-баптың 1-тармағы) қылмысының затына ақша бағалы қағаз, басқа мүлік, сондай-ақ мүліктік сипаттағы қызметтер жатады.
Объективтік жағынан сатып алу (пара беру) - коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамға ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлік беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесінде пайдалану үшін оған мүліктік сипаттағы заңсыз қызмет көрсету арқылы сипатталады. Осыған орай коммерциялық сатып алу (пара беру) құрамы болу үшіні біріншіден қылмыстың заты материалдық игіліктер (ақша, бағалы қағаз, басқа мүлік), сондай-ақ мүліктік сипаттағы басқадай қызмет көрсетулер (пәтерін, үйін, көлігін, саяжайын, автотұрағын, тағы басқа мүлкін тегін жалға беру, банктерде оның атына есепшот ашу, т.б.) нақты орын алуы керек; екіншіден осы көрсетілген қылмыс заттары коммерциялық және өзге де ұйымдардың басқару қызметін атқаратын адамдарына берілуі қажет; үшіншіден бұл заттар оны алушының өзінің қызмет бабын пайдалана отырып осы заттарды берушінің пайдасына белгілі бір әрекеттерді (әрекет-сіздіктерді) жасауы үшін алынуы қажет; төртіншіден осы заттарды беруші мен осындай заңсыз сыйақыны алушының әрекеттері өзара келісілген, белгілі бір нәтижеге жету үшін жүзеге асырылуы керек.
Егер коммерциялық сатып алу келісілмей жүзеге асырылса, онда кінәлінің әрекеті істің нақты жағдайларына қарай Коммерциялық сатып алуға арандату (349-бап) ретінде саралануы мүмкін.
Міндеттеріне адал қарамау (232-бап)
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқарушы адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарауы салдарынан өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауы, егер бұл адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса - міндеттеріне адал қарамау деп танылып, кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 232-бабымен жауапқа тартылады.
Қылмыстың тікелей объектісі - коммерциялық немесе өзге ұйымның бірқалыпты басқару қызметтерін реттейтін қоғамдық қатынастар. Объективтік жағынан міндеттеріне адал қарамау мына белгілер арқылы сипатталады: 1) басқару қызметтерін атқарушы адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарау салдарынан өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауы; 2) бұл әрекетсіздік адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса; 3) өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауы әрекетсіздігі мен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы.
5. Жеке нотариустарды, аудиторлардың, жеке детективтік және күзет қызметі басшылары мен өкілеттіктерін дұрыс атқаруына қарсы қылмыстар.
Жеке нотариустердің және аудиторлардың өкілеттіктерді теріс
пайдалануы (229 - бап)
14.07.1997 жылғы «Нотариат туралы
Заңында - жоғары заңгерлік білімі
бар, заң саласында 2 жылдан
жоғары қызмет істеген, ҚР
20.11.1998 жылғы «Аудиторлық қызмет туралы Заңында сараптау коммиссиясында аттестацияланған және «аудит деген атағы бар куәлік алған жеке тұлғаны аудитор ретінде белгілейді.
Аудиторлық қызмет - дегеніміз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит жүргізу жөнінідегі кәсіпкерлік қызметі.
Аудит дегеніміз - жүргізілген қаржы және шаруашылық опрацияларының дұрыстығын және олардың ҚР заңдарына сәйкестігін бағалау мақсатында заңды және жеке тұлғалардың (аудиттелетін субъектілердің) қаржылық есептілігін және өзге де құжаттарын аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тәуелсіз тексеруін айтамыз.
Объектісі - жекеше нотариустар мен
аудиторлардың әрекеттерінің
Тікелей объектісі - жекеше нотариустар мен жекеше аудиторлардың кәсіптік функцияларын заңға сәйкес атқаруын реттейтін қоғамдық қатынастар.
қосымша тікелей объектісі - азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғайтын мүдделері.
Объективтік жағы:
1) жекеше нотариустар, аудиторлардың өз өкілетіктерін өз қызметінің міндеттеріне қайшы пайдалануы;
2) азаматтардың, ұйымдардың, коғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруі;
3) іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс.
Қылмыс құрамы - материалдық, Себебі, елеулі келуі тиіс.
Аяқталған қылмыс - мүдделерге елеулі зиян келген уақыттан бастап саналады.
Субъективтік жағы - тікелей қасақаналық; арнаулы мақсатпен істеледі - ұғынады, біледі, зардапты тілейді.
Субъектісі - арнаулы субъект - жекеше нотариус, жекеше аудиторлар - лицензия алған - лауазымына ие болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Экономикалық қызмет
2. Кәсіпкерлік және басқа да
экономикалық қызмет
3. Ақша-несие саласындағы
4. Сауда және қызмет саласындағы басқа да қылмыстар.
5. Экономикалық қызмет
6. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар ұғымы және түрлері
7. Ұйым басшысының өкілеттігін
дұрыс атқаруына қарсы
8. Жеке нотариустарды,
6 тақырып
Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
Қаралатын сұрақтар
1. Қоғамдық қауіпсіздік және
қоғамдық тәртіпке қарсы
2. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.
3. Түрлі жұмыстар жүргізу
4. Жалпыға бірдей қауіпті
5. Қоғамдық тәртіпке қарсы
6. Халық денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері.
7. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар.
8. Адамгершілікке қарсы
1. Қоғамдық қауыпсіздікке және
қоғамдық тәртіпке қарсы
Қылмыстық кодекстің бұл тарау
1- қоғамдық қауыпсіздікке қарсы қылмыстар.
2- қоғамдық тәртіпке қарсы
Қоғамдық қауіпсіздік деп
- адамдардың қауіпсіз өмір
2. Қоғамдық қауыпсіздікке
Терроризм (233 - бап)
Объектісі:
1. Топтық объектісі - қоғамдық қауіпсіздік.
2. Тікелей объектісі - адамның өмірі, денсаулығы, мүліктік және саяси мүдделері, қызметінің қауіпсіздік шарттары.
Объективтік жағы - диспозицияда көрсетілген, яғни міндетті негізгі белгілері:
1-ші бөлімде:
1. адамдардың қаза болуы;
2. елеулі мүліктік зиян келтіру;
3. қоғамға қауіпті басқа
4. өрт қою;
5. өзге де іс-әрекеттер жасау;
6. Аталған іс-әрекеттерді
2-ші бөлімде:
1. адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша;
2. бірнеше рет жасалса;
3. атыс қаруын қолдана отырып жасалса.
3-ші білімде - осы баптың 1 немесе 2 - бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
1. ұйымдасқан топ жасаса;
2. жаппай қырып-жоятын қаруды, радиактивті
материалдарды қолдануға
3. абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардыптарға әкеп соқса.
Субъективтік жағы - кінәсі тікелей қасақаналық.
Міндетті белгісі: Мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету.
Субъектісі - 14 жасқа толған, ақыл - есі дұрыс адам - тұлға.
Адамды кепілге алу (234 - бап)
Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты