13 Октября 2013, реферат
Әдебиеттерде жекелеген авторлар кылмыстық іс жүргізу принциптерінің әртүрлі жүйелері мен түрлерін үсынады, алайда олар өзінің мәні жөнінен заңда көзделген және жалпыға танымал принциптерге өте жақын, кейде солармен бірдей болып келеді.
11 Января 2013, курс лекций
Қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.
Қылмыс субъектісінің белгілері жайлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 14-бабының бірінші бөлігінде былай делінген: Есі дұрыс, осы кодексте белгіленген
09 Марта 2013, реферат
Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.
29 Ноября 2012, курсовая работа
Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама — ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.
01 Апреля 2015, реферат
Бұнда да тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігінің мөлшері анағұрлым төмен болады. Егер әрекет салдарынан тұлғаға, қоғамға ауыр не орташа ауыртпалықтағы залалдар келтірілмесе, ол әрекетке әкімшілік тәртіпте жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, жол қозғалыс ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтірілсе.
28 Апреля 2014, реферат
Заң әдебиеттерінде қылмыстырды жіктеу мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінеді. Қылмыстарды жіктеу жеке нақты белгілері бойынша істелген қылмысты анықтауға, яғни әлеуметгік мәніне, қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі, кінәнің нысаны, қылмыстың саралануы мен тартылатын жазасына қарай санаттарға бөлуге мүмкіндік беретін болғандықтан қылмыстық құқықта негізге алынатын мәндердің біріне ие болады.
26 Сентября 2013, реферат
Сондықтан да экономика саласының заңдылықтарын іске асыру ең алдымен, сол әрекеттердің заң негізінде жүзеге асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету керек. Сонда ғана біз мемлекетіміздің экономикасын нығайтып отырған заңдылықтарды орындауымызға болады. Осындай күрделі мәселелердің бірі - дәл қазіргі жағдайдағы еліміздегі көптеп пайда болып жатқан шаруа (фермер) қожалықтары мен олардың қызметін құқықтық реттеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.
19 Сентября 2013, курсовая работа
Конституцияда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары, оны әлеуметтік жағынан қорғау жақсы көрініс тапқан.
Конституцияның 12 бабының 2 тармағында былай деп көрсетілген: "...Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тұрмысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады."
22 Марта 2013, реферат
Менің мәнжазбамның тақырыбым «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
Қылмыс және қылмыс құрамы
Қылмыс құрамының түрлері
13 Апреля 2013, курсовая работа
Қазақстан Республикасы 1991 жылы егемендік алғаннан бастап құқық жүйесі толығымен реформаланды. Қылмыстық құқық саласында да бірқатар өзгертулер мен толықтырулар орын алды. Атап айтқанда, жаңа Қылмыстық Кодекс, Қылмыстық атқару кодексі сынды маңызды құжаттар қабылданды. Сот тәжірибесінде жасалған іс – әрекеттің қылмысты екен дігін нақтылау өте маңызды болып табылады. Өйткені дұрыс анықталған фактілер адам тағдырын шешуге де ықпал етері сөзсіз. Осындайда қылмыс дұрысжіктелінуі үшін қылмыстық жауапкершіліктің негіздерін дұрыс анықтап алу өте маңызды.
23 Октября 2013, реферат
Менің курстық жұмысымның тақырыбым «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері».Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
· Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
· Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
· Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
28 Октября 2014, дипломная работа
Тәжірбие соттылықты алып тастаудың негізі ретінде рақымшылық пен кешірім беру актісін қолдану көлемі өсіп отыр. Сондықтан, соттылық түсінігінің, соттылықты жою және алып тастаудың, соттылықтың қылмыстық құқықтық салдарының теориялық негізін жасау және оларды құқықтық реттеуді жетілдіру қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығында өзекті мәселені құрайды.
11 Декабря 2014, реферат
Қылмыстық кодекстің 35-бабында әлеуметтік пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел кезінде заңмен қорғалған құқықтық мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мұндай ұғым болмаған еді. Сондықтан да бұл қылмыстық заңдағы жаңа институт болып табылады. Егер әрекеттер қазіргі ғылыми-техникалық білімдерге сәйкес келсе, ал қойылған мақсатқа, тәуекелге байланыссыз, әрекеттерсіз жетуге мүмкіндік болмаса және тәуекелді пайдаланған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудің барлық мүмкін шараларын қолданса, тәуекел орынды деп танылады.
07 Апреля 2013, курсовая работа
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».
13 Ноября 2014, реферат
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.
12 Марта 2013, реферат
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.
11 Июня 2013, реферат
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24- бабының 1 бөлігінде қылмысқа дайындалуға былай түсінік беріледі - қылмыс істеу үшін құралдар немесе қарулар іздестіру, жасау немесе бейімдеу, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, олардың арасында келісімге қол жеткізу, немесе қылмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар туғызу қылмысты істеуге даярланғандық деп аталады.
Осы анықтамадан қылмысқа дайындалудың келесі объективтік белгілерін көруге болады:
қылмыс жасауға қару және құрал іздестіру;
табылған қару немесе құралды қылмыс жасауға бейімдеу;
қылмысқа қатысушыларды іздестіру және олармен сөз байласу;
қылмыс жасау үшін қолайлы жағдай туындату.
20 Октября 2013, статья
Қылмысқа қатысудың нысандары туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу төрт түрлі нысанға бөлінеді: адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан топ және қылмыстық қоғамдастық. ҚР ҚК-тің 31-бабы қылмысқа қатысудың төрт нысанын ажыратып көрсетеді.
16 Апреля 2013, реферат
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек
05 Апреля 2014, курсовая работа
Бұл тақырыптың маңыздылығы қазіргі 21 ғасырда өз мазмұнын жойған жоқ.«Құқық»,«құқықбұзушылық» термині пайда болған кезінен, бұл тақырыпқа зерттеушілер көпеңбек арнаған.Оның себебі, адамзатқандай да прогресстік жолға шықса да, адам мен адам, тұлға мен қоғам арасында әрқашан да түсінбеушілік пайда болады. Қоғам ішіндегі проблемаларды шешу үшін, біздің заманымызға дейін адамзат «заң» мен «жеке құқықты» ойлаптапты. Құқықбұзушылық пен,адамбаласы жербетін алғашқыда басып жүрген кезінен кездескен. Эмилем Дюркгейм айтқандай: «Құқықбұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі».
19 Ноября 2012, реферат
Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
01 Июня 2013, реферат
Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.
04 Ноября 2013, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Алайда құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды реттейді, онсыз мемлекеттің, қоғамның болуы мүмкін емес.
24 Октября 2013, курсовая работа
Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас - қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.
02 Февраля 2013, курсовая работа
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.