Қылмыс құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама — ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................3
1 Қылмыстың құрамы.............................................................4
1.1 Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы..............4
1.2 Қылмыс құрамының элементері мен нышандары...............................7
1.3 Қылмыс құрамдарының түрлері.................................................................9
2 Қылмыс объектісі.................................................................. 11
2.1 Қылмыс объектісі ұғымы және оның маңызы...............11
2.2 Қылмыс объектілерінің түрлері................................................13
2.3 Қылмыс заты..........................................................................................................17
3 Қылмыстың объективтік жағы.............................................20
3.1 Қылмыстың объективтік жағы ұғымы.................................................20
3.2 Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік........................21
3.3 Қоғамға кауіпті зардап ұғымы...................................................23
3.4 Себептік байланыс және оның қылмыстық заңдағы маңызы.........................................................................25
4 Қылмыстың субъективтік жағы..........................................27
4.1 Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы...27
4.2 Ниет және оның түрлері............................................................29
4.3 Абайсыздық және оның түрлері.................................................................36
4.4 Қылмыстың себебі және мақсаты.................................................................40
4.5 Кінәнің қосарланған (аралас) нысаны............................................................44
4.6 Кателік және оның түрлері..........................................................45
4.7 Кателік және оның түрлері..........................................................46
5 Қылмыс субъектісі.......................................................................48
5.1 Қылмыс субъектісі ұғымы..........................................................................48
Әдебиеттер 63

Прикрепленные файлы: 1 файл

қылмыс құрамы.doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

С.Т. ИКСАТОВА

 

 

 

 

 

ҚЫЛМЫС  ҚҰРАМЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар

Кереку

2010 

Пікіржазғандар: 

Ағыбаев А.Н.  заң ғылымдарының докторы, профессор аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы.

 

Олжабаев Б.Х. заң ғылымдарының кандидаты, доцент С.Торайғыроа атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің  «Мемлекет және құқық теориясы мен  тарихы» кафедрасы.

 

 Қылмыс құрамы: Практикалық-оқу құралы.

 

Практикалық-оқу  құралы Қазақстан Республикасының  жаңа Қылмыстық кодексі негізінде дайындалып, "Қылмыс құрамы" ұғымына жан-жақты түсінік берілген.

Практикалық-оқу құралы ретінде заң оқу орындарында және практикалық қызметте пайдалану ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Кіріспе                 

 

 

 

Қазақстан  Республикасының  жаңа Қылмыстық  кодексі Қазақстан  Республикасы конституциясының және  халықаралық құқықтың  жалпы жұрт таныған  принципттері  мен нормаларына  негізделген.

Қылмыстық құқық  пәнінің  Жалпы бөлімінің «Қылмыс құрамы»  курсын оқу барысында болашақ  заңгерлер жеке  адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстың  нақты құрамының барын  анықтауды, қылмысты дұрыс саралауды, іс-әрекетте құқыққа  қайшы және қоғамға  зиянды мән-жайлардың бар немесе  жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, бұл  жерде іс-әрекеттің  қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, кінәлінің жеке тұлғасын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып қолдануды, сол сияқты адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын  нақты, терең біліп үйренеді.

Қылмыс құрамын терең  оқып меңгеру болашақ заңгерлер үшін заңдылық қағидасын берік сақтаудың, оны іс жүзіне асырудың кепілі болары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қылмыстың құрамы

 

1.1 Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы

Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама — ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген.  Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің  Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.

Қандай да бір жасалған әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін сол әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуға негіз болатын мән-жайлардың белгілі бір жиынтығын анықтау қажет. Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық- заң нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құрамдарымен салыстыру қажет.

Нақты қоғамға  қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын, қылмыстық заңда белгіленген объективтік нышандардың жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыс құрамы деп атау қабылданған.

Қылмыс пен қьглмыс құрамы өзара ұқсас, бірақ бірдей ұғым емес.

Қылмыс —  нақты адамның іс жүзінде жасаған нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі және ол көптеген өзіне тән нышандармен сипатталады.

 Ал қылмыс құрамы — қандай да бір къглмыстык әрекеттің өзіне тән белгілерін ғана анықтайтын нормативтік санат.

Қылмыс құрамының маңызына осы тұрғыдан түсінік бере аламыз. Егер қылмысты жасау қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс жүзінде негіздеме  бола алса, қылмыс құрамы оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды: қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс құрамының нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тартуға негіз бола алмайды. Сондықтан да, жалпы ҚК-тің 3 бабына сәйкес, заң шығарушы да, теория да, практика да Қылмыстық Занда қарастырылған қылмыс құрамының барлық нышандары бар қоғамға қауіпті әрекетті ғана қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі  ретінде қарастырады.

Бұл дегеніміз, қандай да бір басқа мөн-жайлар (сол субъектінің жеке басын сипаттайтын деректер жасалған әрекеттің саяси маңызы, т.б.) қылмыстық жауаптылыққа негіздеме бола алмайды.

Мүндай негіздеме болмаса қылмыстық жауаптылық жайында сөз де болуға тиіс емес, егер адам, өзінің жасаған әрекетінде қылмыс құрамы болмаса да қудалауға түссе, қылмыс құрамының жоқ екендігі қай кезде анықталса, сол уақыттан бастап қудалау мүлде тоқтатылуға тиіс.

Кылмыс құрамының барлық нышандары бар әрекетті жасау қылмыстық жауаптылық үшін бірден-бір және жеткілікті негіздеме деп заң әдебиеттерінде дұрыс көрсетілген, бұл дегеніміз — қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органға адамды жауапқа тарту үшін оның жасаған әрекетінде қылмыс құрамының бар-екендігін анықтағаны жеткілікті.

Кьшмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін басқадай мән-жайларды анықтаудың қажеті жоқ

Бұл, әрине, қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның басқа ешқандай мән-жайды анықтауы тиіс емес деген түсінік бермейді.*Мысалы, қылмыс жасаған адамның сол қылмысқа дейінгі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайтын деректер. Бұлардың іс үшін өте маңызы зор, оларды үкім шығарғанда сот ескереді, бірақ олар қылмыстық жауаптылыққа негіз бола алмайды.

Сонымен, қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды. Осындай маңызды, өзекті рөлімен қатар қылмыс құрамы басқа да «қызметтік» деп аталатын өте қажетті міндеттерді атқарады.

Қьлмысты саралау процесі тек қылмыс құрамы негізінде ғана жүзеге асырылады, себебі ол қажетті қылмыстық-заң үлгісі (эталоны) болып саналады, онымен салыстыру арқылы жасалған қылмыстың мазмұны мен сипатын толық жәие дәл көрсететін тиісті қьшмыстық заң нормасын таңдауға болады.1

Қылмысты саралау мәселесі — теория бойынша да, практика тұрғысынан алғанда да күрделі де маңызды мәселелердің бірі, себебі қылмыстық заңның тиімділігі де, бұл заң қолданылған адамның тағдыры да жасалған өрекеттің қалай сараланғандығына байланысты.

Саралау (квалификация) термині екі латын сөзінен түрады — «сапа» және «істеу». Қылмыстық заңға байланысты алсақ, бұл дегеніміз — қоғамға қауіпті өрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы баға беру деген мағына. Басқаша айтқанда, қъшмысты саралау дегеніміз — адам жасаған қьшмыстың нақты нышандарының қылмыстық-заң нормаларында көзделген нақты қылмыс құрамының нышандарына дәл келетіндігін анықтап, заң жүзінде тиянақтау.

Қылмыс құрамының нышандары тек Ерекше бөлімнің диспозицияларында ғана емес, ҚК-тің Жалпы бөлімінің тиісті баптарында да баяндалған. ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында өртүрлі қылмыс

Мысалы, кісі өлтіргені  үшін жауаптылық көзделген 96 баптың диспозициясында адамның кісі өлтіргені үшін қанша жастан қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы көрсетілген. Бұл ақпарат ҚК-тің Жалпы бөлімінің бабында берілген.

ҚК-тің Ерекше бөлімінің  баптарында, әдетте, қылмысты орындаушының тікелей өзі жасаған немесе аяқталмай қалған қылмыс құрамдарының нышандары келтірілген.

Егер қылмысқа қатысушының (дем берушінің, азғырушының) алдын ала қылмыстық өрекеті немесе әрекетсіздігі орын алса, онда бұл әрекетте, жалпы алғанда, ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген қылмыстың қандай да бір кұрамының белгілері түгелдей болмайды. Бірақ бұл жағдайда да қылмыс құрамы болады, ал ол тек Ерекше бөлімдегі бапта ғана емес, сонымен қатар Жалпы бөлімнің тиісті баптарында бар нышандар арқылы құрастырылады.

Қылмысты саралағанда  сол әрекетке сәйкес келетін қылмыс құрамы бар Жалпы бөлімнің бабы немесе оның бөлігі дөл көрсетілуге тиіс, ал егер аяқталмаған қылмыстық өрекет, қылмысқа қатысушылық болса (олар жайында алда толық айтылады), онда ҚК-тің Жалпы бөлімге тиісті баптарына сілтеме берілуге тиіс.

Қылмысты саралаудың нәтижелері іс жүргізу құжаттарында (қылмыстық іс қозғау туралы, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыларда, үкімде, т.б.) көрсетіледі.

Қылмысты саралаудың маңызы сонда, ол қылмыс жасап айыпты болған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту түріндегі қылмыстық заңның атқаратын міндетін реттейтін тетікті «іске қосатын» заңдық фактінің (қылмыстық құрамның барлық нышандары бар қоғамға қауіпті әрекет жасау) бар екендігін ресми түрде растайды.

Қылмысты дұрыс саралаудың қаншалықты маңызды екендігі осыдан да түсінікті болар, ол жасалган қоғамға қауіпті әрекеттің нышандарын әлеуметтік-заң тұрғысынан дәл талдау арқылы қамтамасыз етіледі.

Әрекетті  дұрыс саралау үшін, қылмыстық занды дұрыс қолдану үшін істің нақты мән-жайын, сондай-ақ қылмысты қылмыс емес әрекеттен, бір қылмысты екінші қылмыстан айыруға мүмкіндік беретін құрам нышандарын жақсы білу қажет. Қорыта келгенде, қоғамдағы заңдылықтың жайы заң қолданатын органдардың қылмысты қаншалықты дұрыс саралай алатындығына едәуір байланысты.

 

 

 

1.2  Қылмыс       құрамының      элементері   мен   нышандары

Нақты қылмыс құрамдарының нышанын анықтау және жинақтап қорыту негізінде қылмыстық заң теориясы қылмыс құрамы деген ұғымды тудырады, ол ҚК-тің Ерекше бөлімінде көзделген қылмыстардың барлық құрамдарына тән сипаттарды қамтиды.

Заң әдебиетінде  қылмыстың әрбір құрамында оның міндетті түрде төрт элементі болады деп қарастырылған, олар: объект, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағы. Қылмыс құрамының бүл элементтері өзара тығыз байланысты. Егер жасалған әрекетте бұлардың біреуі ғана болмаса, ол — жалпы қылмыстың құрамы жоқ деген сөз, яғни мұнда қылмыстық жауаптылықтың негіздемесі де жоқ.

Қылмыс объектісі- дегеніміз қылмыстық заңмен қорғалатын және қылмыстан зиян келетін әлеуметтік құндылық. Отандық қылмыстық-заң ғылымы мұндай игіліктердің қатарына қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды жатқызады.

 Қылмыс объектісі дегенде қылмыс құрамының объектісі жайында да, қылмыстық занда көзделген қоғамға қауіпті әрекетке нысана болған қылмыс объектісі жайында да сөз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда қылмыстық заңмен қорғалатын игілік объекті болып табылса, екінші жағдайда - әрекет тікелей багытталған игілік объекті болады. Бұл айтылғандар, тиісінше, қылмыстық құрамның басқа элементтеріне де қатысты.

Адамньщ мінез-құлқының сыртқы көрінісін снлаттзйтын нышандардың жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Мұндай нышандарға адамның қоғамға қауіпті әрекеті (белсенді мінез-құлқы) немесе әрекетсіздігі (енжар мінез-құлқы) жатады, мысалы, ұрлық-біреудің мүлкін жасырын ұрлау немесе қызметтегі өрекетсіздік.

Қылмыстардың көптеген құрамдарының объективтік жағы қьілмыстық әрекеттен немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстық зардапты, онымен адам әрекеті арасындағы себептік байланысты да қамтиды.

Мысалы, меншіктерге немесе мүліктің басқа да иесіне ұрлық әрекетінің нәтижесінде мүліктік залал келсе ғана ұрлық құрамы, ал айыпкердің әрекеті нәтижесінде жәбірленуші қаза тапса ғана кісі өлтіру құрамы болады.

Бұл аталған белгілерден басқа объективтік жаққа қылмыстың жасалу жағдайы, уақыты, орны, тәсілі, және оны жасау қаруы мен кұралы да жатады.

Қылмыс субъектісі дегеніміз қылмыс жасаған және қылмыстық заңда көзделген нышандар бойында бар нақты адам. Ол нышандарға оның есінің дұрыстығы, белгілі бір жасқа жеткендігі, ал кейбір жағдайларда, арнайы нышандар да (қызмет жағдайы, кәсібі, т.б.) жатады.

Қылмыстың субъективтік жағына адам мінез-құлқының ішкі, психикалық кейпін сипаттайтын белгілер: кінә, қылмыс жасаудағы себеп пен мақсат жатады.

Қылмыс  құрамының бұл көрсетілген әрбір элементі арнайы зерттеуді қажет етеді, сондықтан да бұл тарау ауқымында оларға тек жалпы анықтама берілген, олардың маңызы көрсетілген.

Теория қылмыс құрамын  негізгі (міндетті, жалпы) нышандарға және арнаулы (факультативтік, қосымша) нышандарға бөледі.

Негізгі нышандар — әрбір қылмыстық құрамда болатын нышандар, олардың біреуінің болмауы  қылмыстық құрамның жоқ екендігін көрсетеді. Негізгі белгілерге мыналар жатады: қылмыс объектісінде — қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар; объективтік жақта - жасалған әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), субъектіде — нақты адам, оның есінің дұрыстығы, жасы; субъективтік жақта — кінә.

Қылмыс құрамының арнаулы нышандары дегеніміз негізгі нышандарға қосымша ретінде қылмыстың кейбір құрамдарын құрастырып заң шығарушы пайдаланатын нышандар. Объектідегі арнаулы нышандарға оның құрылымы, мазмұны, және де қылмыс заты жатады, объективтік жақтағы арнаулы нышандарға — зардап, себептік байланыс, қылмыс жасалған жағдай, уақыт, орын, жасау тәсілі, құралы; субъектіге — лауазымдық немесе қызметтік жағдай, соттылық, т.б.; субъективтік жақтағыға — қылмыс жасау себебі, мақсаты жатады.

Қылмыс құрамы нышандарын негізгі және арнаулы деп бөлудің тек теория жүзінде ғана маңызы бар екендігін, ол қылмыстық заңды оқыту мақсатында ғана пайдаланылатындығын ескерген жөн.

Информация о работе Қылмыс құрамы