Қылмыс құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама — ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................3
1 Қылмыстың құрамы.............................................................4
1.1 Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы..............4
1.2 Қылмыс құрамының элементері мен нышандары...............................7
1.3 Қылмыс құрамдарының түрлері.................................................................9
2 Қылмыс объектісі.................................................................. 11
2.1 Қылмыс объектісі ұғымы және оның маңызы...............11
2.2 Қылмыс объектілерінің түрлері................................................13
2.3 Қылмыс заты..........................................................................................................17
3 Қылмыстың объективтік жағы.............................................20
3.1 Қылмыстың объективтік жағы ұғымы.................................................20
3.2 Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік........................21
3.3 Қоғамға кауіпті зардап ұғымы...................................................23
3.4 Себептік байланыс және оның қылмыстық заңдағы маңызы.........................................................................25
4 Қылмыстың субъективтік жағы..........................................27
4.1 Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы...27
4.2 Ниет және оның түрлері............................................................29
4.3 Абайсыздық және оның түрлері.................................................................36
4.4 Қылмыстың себебі және мақсаты.................................................................40
4.5 Кінәнің қосарланған (аралас) нысаны............................................................44
4.6 Кателік және оның түрлері..........................................................45
4.7 Кателік және оның түрлері..........................................................46
5 Қылмыс субъектісі.......................................................................48
5.1 Қылмыс субъектісі ұғымы..........................................................................48
Әдебиеттер 63

Прикрепленные файлы: 1 файл

қылмыс құрамы.doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

Мүдде — ол да қоғамдық қатынас, бірақ оның нақтырақ көрініс табуы. Субъектілер мен олардың мүдделерінің арасыңдағы қатынас болмаса қоғамдық қатынас та болмайды.

Қоғамдық қатынастар қоғамдағы адамдар арасындағы көп қырлы байланыстың жиынтығын бейнелейді. Бұл байланыстар материалдық (өндірістік), өнегелік, эстетикалық, құқықтық және басқа қатынаста сипат алған, олар кластардың, әлеуметтік топтардың не жеке адамдардың мүддесін білдіреді. Нақты адам бұл жағдайда осы барлық қатынастардың өзінше материалдық субстраты болады, оларды өз қызметінде жүзеге асырады, басқа адамдармен әрқилы байланысқа кіреді. Сондықтан да қоғамдық қатынастар (мүдде) жайында сол мүдденің қоғамдық қатынастарға қатысушыға қандай байланыста екендігі тұрғысынан ғана айтуға болады.

 Мүддеде  тек онъщ өзін алъш  жүруші (субъект) ғана емес, сонымен қатар оның өз объектісі — өлеуметтік құнды игілік те (материалдық немесе идеалдық) болады, мүдде субъектілері арасында байланыс (қатынас) орнайды.

Сонымен қатар, мүдделер, қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі болғандықган, белгілі құқықтық формада — «қабықта» болуға тиіс. Онсыз олар қылмыс объектісін құрай алмайды. Бұзылатын норманы немесе занды олар қорғайтын қоғамдық қатынастардан бөлек алып қарастыруға болмайды. Қылмыскер объектіге қолсұға отырып занда тыйым салынған нормаларды бұзады.

Мүддені бұлай түсіну қылмыстың жалпы және текті объектілерін ғана емес, «тікелей» деп аталатын объектіні де неғүрлым нақты ұғынуға мүмкіндік береді.4

Мысалы, қылмыстардың бәрі бірдей қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамның, мемлекеттің, жеке адамның  мүддесіне қандай да болса нұқсан келтіреді, ол Қылмыстық кодекстің 2 бабында көрініс тапқан.

Объектілерді топтастырудың келесі сатысы нақты субъектілердің одан да нақтылау мүдделеріне әкеп тірейді.

Бұл жағдайда мүдделердің белгілі бір топтары қылмыстың ерекше немесе текті объектілері болып танылуы мүмкін. Бұл ереже Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінің «туыс» қылмыстарды біріктіретін баптарының дербес топтарында өз бекімін тартуға   тиіс, олар жайында ҚК-тің Ерекше бөлімінің тарауларында тиісті нормалар кдрастырылып, өзара топтастырылған.

Мұндай топтар ерекше болъш саналады, себебі қылмыстық заң нормаларымен қорғалатын қоғамдық қатынастардың негізінде жатқан мүдделер біртекті болып табылады, олар сипаты немесе мазмұны жағынан бірімен-бірі тығыз байланыста. Олардың тағы бір ерекшелігі — олар біртекті мүдделерді қанағаттандыруға бағытталған. Әлеуметтік маңызды, сондықтан да қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделердің біртекті ерекшелігі қоғамда іс жүзінде бар нақты мүдделер мен белгілі бір объективтік критерийлер негізінде анықталуға тиіс. Мүдделердің үйлесу немесе ұқсастық кезеңі ғана емес, қоғамға құнды мүдделерге (игіліктерге) қатысушы-субъектілердің тепе-теңдігі немесе ұқсастығы да үлкен рөл атқарады. Қылмыстың мұндай тектік объектісінің рөлі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелерін құрғанда жақсы көрініс тапкдн, онда белгілі бір субъектілердің мүдделерінің белгілі бір тобын бұзғандық үшін жауаптылық көзделген барлық қылмыстық-заң нормалары ретке келтіріліп жинақталған.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің негізгі тараулары мынадай: адамға қарсы қылмыстар; отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар; адамның және азаматтың конституциялық және басқадай құқықтары мен бостандығына қарсы қылмыстар; бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар; конституциялық құрылыстың негізіне және мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстар; меншікке қарсы қылмыстар; экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар; коммерциялық және басқа ұйымдардағы қызметке қарсы қылмыстар; қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар; халық денсаулығына жөне адамгершілікке қарсы қылмыстар; экологиялық қылмыстар; көліктегі қылмыстар; мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар; басқару тәртібіне қарсы қылмыстар; сот төрелігіне жөне жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар; әскери қылмыстар. Әрі қарай нақтыланса Қылмыстық кодексте қылмыстар туралы нормалардың  «кіші топтары» құрылуы мүмкін. Бұл процесті екі бағытта жүзеге асыруға болады: мүдде субъектісі бойынша және сол қорғалатын мүдденің сипаты мен мазмұны бойынша. Мысалы, адамға қарсы қылмыстардың ішінен барлық адамдардың өміріне, денсаулығына, ар-ожданына қарсы қылмыстар ғана емес, сонымен қатар, адамдардың кейбір санаттарыңа — кәмелетке толмағаңдардың, өйелдердің, ауру адамдардың және басқалардың тиісті мүдделеріне (игіліктеріне) қарсы қылмыстар бөлініп алынуы мүмкін.

Мемлекеттің, ұжымның немесе жеке адамның мүдделеріне қарсы бағытталған «лауазымдық» немесе «қызметтік» қылмыстардың ішіндегі заң қорғайтын мүліктік, жеке және басқа мүдделер өзінің сипатына қарай әлі де жіктелуі, сатылануы мүмкін.

Ал, «тікелей» деп аталатын объектіге келетін болсақ, ол нақты әрекет (әрекетсіздік) нөтижесінде қандай, әсіресе кімнің мүддесі бұзылғаңцығына қарай белгіленеді. Мысалы, адам өлтіргенде жалпы бір адам қаза таппайды, басқалардан өзгеше, бір нақты адам өмірімен қоштасады. Ұрлағанда, мысалы, жалпы бөтеннің мүлкі ғана емес, нақты бұйым ұрланады, оның түр-түсі, мөлшері болады.

Мысалы, А., мемлекеттік сатқындық жасап, мемлекеттік құпияны беру арқылы сол зауыттың (фабриканың) немесе өскери бөлімнің мүддесіне тікелей нұқсан келтіреді, ал жалпы алғанда ол отанның қорғаныс мүддесіне зиянын тигізеді; қамау орнынан қашқан адам, алдымен, сол қылмыстық-түзеу мекемесінің мүддесіне, сонымен қатар мемлекеттің сот төрелігінің мүддесіне залал келтіреді.

«Тікелей» деп аталатын объект тек сол қылмыстық құрамды анықтау үшін ғана, алдын ала және сот тергеулерінде, әрбір нақты жағдайға байланысты анықталады, қылмыс объектісін жалпы анықтау бұған жатпайды.

Басқаша айтқанда, қылмыстық-заң  нормаларында жазылмаған қандай да бір нақты объектінің өзіне тән нышандары жайында сөз болғанда «тікелей» объект ұғымы қолданылмайды.

Кьілмыстық заң теориясында  негізгі, қосымша және «факультативтік» деп аталатын объектілер бөлінеді.

Негізгі (тікелей) объект дегеніміз — соны қорғау үшін қылмыстық-заң нормалары (заң) қалыптасқан объекті.

Мұндай объект Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелеріндегі норманың орнын анықтауда басты критерий болып табылады.

Қосымша объект дегеніміз негізгі объектіге қарсы жасалған қылмыстан «жол-жөнекей» залал шегетін (немесе шегуі мүмкін болатындай қаупі бар) объект. Мысалы, тонағанда негізгі объект — меншік, ал қосымша объект — нақты адамның денсаулығы; көріне жалған сөз жеткізгенде негізгі объект — мемлекеттің сот төрелігінің мүддесі, ал қосымша объект — атына сол сөз айтьшған адамның мүддесі.

Қылмыстың факультативтік объектісіне қаңдай да бір қылмысты жасағанда белгілі бір зиян келуі мүмкін қатынас (мүдде) жатады. Мысалы, бұзақылық жасағанда, негізгі объект қоғамдық тәртіп болса да, жеке адамның мүддесі бұзылады. Бірақ, бұзақылық жасағанда мұндай объектінің мүддесі бұзылмауы да мүмкін (мысалы, нақгы адамның мүддесі).

 

2.3 Қылмыс заты

Озбырлық жасалатын  объектіні зерттеудегі маңызды да, сонымен қатар даулы көзқарастардың бірі — қылмыс заты болып қалады.

Қылмыстық заң теориясында бұл мәселені шешудің екі жолы бар. Біріншісі — қылмыс затын тек практикалық тұрғыдан қарастыру. Мысалы, заң оқу орындарына арналған көптеген окулықтарда қылмыс заты ретінде сыртқы әлемнің материалдық заттары алынған, олар қандай да бір қылмыс жасалғанда белгілі бір әсерге ұшырауы мүмкін.

Көптеген авторлар сырт көзге көрінетін, өлшем мен тұрқы бар, белгілі бір материалдық кейіптегі заттар мен құндылықтарды ғана қылмыс затына жатқызады. Осыған сүйеніп олар қылмыстық занда өзінің әсер ететін заты жоқ қылмыстардың көзделгендігін айтады.

Сөзсіз, қылмыс заты — түйсінуге, өлшеуге болатын заттар, құндьлықтар, олар қьшмыстың нышанын, қылмыстың сипатын және мұндай әрекетті жасау тәсілін анықтауда маңызды рөл атқарады. Оның топтастыруда да, саралауда да маңызы бар. Кейбір жағдайларда заттың нышаны жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде де қарастырылуы мүмкін (мысалы, Қызыл кітапқа кірген балықтардың, жануарлардың бағалы тұқымдарын аулау, ұрланған құжаттың аса маңыздьшығы, т.б.). Қылмыстық жаза шарасын белгілеу де затқа — материалдық құндылыққа байланысты болуы мүмкін (мысалы, бас пайдасы үшін жасалған қылмыстағы залалдың мөлшері).

Кьглмыс жасалғаңда затқа қаңдай да бір залал келуі мүмкін (мысалы, бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру), ал кейбір жағдайларда ондай залал келмеуі де мүмкін (бөтеннің мүлкін ұрлаған адам сол заттардың бүлінбеуіне барлық шара қолданады). және мұндай затты қылмыскердің объектіге, оның ішінде заттың өзіне ыкдал жасауына мүмкіндік беретін қылмыс құрамынан ажырата алу қажет (мысалы, бөтеннің мүлкін бүлдіруге қажетті балта, мал ұрлауға қажетті автомобиль). Сонымен қатар бір заттың өзі әртүрлі рөл атқаруы мүмкін — қылмыс

жасау құралы болып та, қылмыс заты болып та, мысалы — атылатын қаруды ұрлау үшін керекті қару және адам өлтіру үшін қажетті қару.

Дегенмен  қылмыс затын кең түсінікте қабылдаған дұрыс. Себебі,  кез-келген қоғамдық қатынас, жалпы түрде алғанда, заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір құндылыққа қатысты ара- қатынасын көрсетеді. Бұл белгілі бір әрекет түрінде болуы мүмкін (мысалы, кәмелетке толмағанды маскүнемдікке немесе есірткі қолдануға үйрету). Қылмыс объектісінің құрылымдық элементтері қоғамдық қатынастардың субъектілері де болуы мүмкін (мысалы, өзіне жаракат салу арқылы әскери қызметтен жалтару).

К. Маркс былай деп жазады: ақша формасы бір тауарда сіресіп қатып қалған, сол тауарға деген басқа тауарлардың қатынасының шағылыс сәулесі. Ақшаның тауар екендігі ешбір дау тудырмайды. Ақшаға байланысты барлық қоғамдық қатынастарда мүлікке байланысты барлық нышандар бар.

Адамдардың өзара қарым-қатынасындағы заттардың атқаратын рөлі жөнінде Ф. Энгельс былай дейді: «саяси экономика заттарды емес, адам арасындағы, айта келгенде кластар арасындағы қатынасты қарастырады, ал бұл қатынастар әрқашанда заттармен байланысты және әрқашанда зат түрінде көрініс табады».

Мүліктің  затпен арақатынасы, дегенмен, кейбір ерекшеліктермен сипатталады — сапасымен, мүліктік қасиетімен, салыстырмалығымен т.б.

Мүлік, өзіндік қасиет және қатынас санаттары бірімен-бірі тығыз байланысты, олар біріне-бірі ауыса алады.

Сондықтан да, «затсыз» деп  аталатын қылмыс қоғамда болмайды. Барлық қылмыстардың өз заты бар. Бірақ ол белгілі бір аспаптың көмегімен мүліктік, материалданған және материалданбаған, қиын бағаланатын не тіптен бағаланбайтын бола алмайды.

Қылмыс құрамдары бір жағдайларда озбырлық жасау заты қарастырылып, басқа жағдайларда қарастырылмағандыктан емес, бір құрамдарда мұндай заттар міндетті нышан ретінде енгізіліп, басқа құрамдарда ол ескерілетіндігіне қарай өзара бөлінеді. Сондықтан да, мысалы, адамды қорлау немесе жала жабу сияқты қылмыстарды затсыз деп санауға болмайды. Бұл жерде де қылмыс заты бар, мұның құрамды анықтаудағы, әрекетті саралаудағы және жаза белгілеудегі маңызы бөтеннің мүлкін ұрлағандағы материалдық заттан кем емес. А.А.Пионтковский былай дейді: «қылмыс объектісіне қарағанда қылмыс құрамының элементі болып табылатын зат жайында тек оған объектімен салыстырған озбырлық жасалмаса ғана сөз етуге болады жөне сөз ету керек». Қылмыс заты — кез-келген қылмыс объектісінің қажетті элементі, оған ықпал жасай. отырып қылмыскер қылмыстық заң нормалары қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіреді.

Қылмыс затына қылмыс құралының да қатысы бар.

Қылмыс құралы ұғымының тек теория жүзінде ғана емес, практикада да маңызы зор, атап айтқанда, қаруды, қылмыс құралын міндетті түрде тәркілеу жөніндегі қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу зандарының талаптарына байланысты әрбір нақты қылмыстық әрекетті саралау үшін.

Қылмыс құрамы ұғымының қылмыс затына да қатысы бола алады, себебі кейбір ғалымдар қылмыс заты деп тек материалдық мүлікті ғана түсінеді. Бұл ұғымның ортақтығы осы жерде байқалады.

Бірақ мұндай заттың қылмыс құралынан айырмашылығы сонда, олар бірдей материалдық нысанда бола тұрып жасалған қылмыста әртүрлі әлеуметтік рөл атқарады. Мысалы, мемлекеттік немесе қоғамдық мекемеге, не жеке адамға тиесілі автомобиль қылмыс заты бола алады (оны ұрлағанда, қуып кеткенде не жойып немесе бүлдіргенде).

Бірақ мұндай автомобиль бөтеннің мүлкін ұрлаудың құралы да болуы мүмкін (мысалы, мал немесе астық  ұрлағанда).

Практикада  «заттың» материалдық мүлік ретіңде қылмыс құралымен толық үйлесім табуы да мүмкін. Бүл, мысалы, «АН-24» жолаушылар ұшағын басып алып, жолсерікті өлтіріп шекара асып кеткен әкелі-балалы Бразинскастардың ісі.

Бұл жерде және осыған ұқсас жағдайларда қылмыстың өзінше дербес бірнеше құрамы бар: ұшақты ұрлау (мемлекет мүлкін); көлік құралын қуып кету; мемлекеттік шекарадан заңсыз ұшып өту;  азаматты өлтіру; кейбір адамдардың денсаулығына зиян келтіру; атылатын қаруды заңсыз сақтау, т.б.

Егер айыпкер  ресми құжатты қолдан жасап және алаяқтық жолмен, осы құжаттың көмегімен, басқа занды немесе жеке тұлғадан ақша немесе басқа мүлік алса, онда бұл зат тек қылмыстық қолсұғу заты (ресми кұжатты қолдан жасау үіпін) және бөтеннің мүлкін алаяқтықпен иемдену құралы болып саналады.

Мысалы, троллейбус жүргізушісі А. бейқамдықтан апат жасап өзі айдап жүрген көлікті және де басқа мемлекеттік мүлікті (соғысып қалған автобусты) бұзды. Бұл жағдайда троллейбус бірден авария жасау құралы және қылмыстық озбырлық заты болып тұр.

 

3 Қылмыстың  объективтік  жағы

 

3.1 Қылмыстың   объективтік  жағы   ұғымы

Қылмыстық құрамның объективтік жағына қылмыстық-заң нормаларының диспозицияларында көрсетілген қылмыстық әрекеттердің сыртқы көріністерінің жиынтығы жатады.

Адам жасаған  кез-келген актіде көптеген ішкі және сыртқы нышандар болады.

Нақты қылмыстық-жазаланатын  әрекет әрқашанда өзінше ерекше болады. Біз адамның жай дене қозғалысын емес, оның саналы қызметін қарастыруымыз керек. Мұндай қызмет қандай да бір қылмыстық заң нормасына сәйкес келеді, егерде оның ойы, сезімі немесе көңіл-күйі емес, тек қимыл-өрекеті нақты көрініс тапса.

Информация о работе Қылмыс құрамы