Қылмыс құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама — ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................3
1 Қылмыстың құрамы.............................................................4
1.1 Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы..............4
1.2 Қылмыс құрамының элементері мен нышандары...............................7
1.3 Қылмыс құрамдарының түрлері.................................................................9
2 Қылмыс объектісі.................................................................. 11
2.1 Қылмыс объектісі ұғымы және оның маңызы...............11
2.2 Қылмыс объектілерінің түрлері................................................13
2.3 Қылмыс заты..........................................................................................................17
3 Қылмыстың объективтік жағы.............................................20
3.1 Қылмыстың объективтік жағы ұғымы.................................................20
3.2 Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік........................21
3.3 Қоғамға кауіпті зардап ұғымы...................................................23
3.4 Себептік байланыс және оның қылмыстық заңдағы маңызы.........................................................................25
4 Қылмыстың субъективтік жағы..........................................27
4.1 Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы...27
4.2 Ниет және оның түрлері............................................................29
4.3 Абайсыздық және оның түрлері.................................................................36
4.4 Қылмыстың себебі және мақсаты.................................................................40
4.5 Кінәнің қосарланған (аралас) нысаны............................................................44
4.6 Кателік және оның түрлері..........................................................45
4.7 Кателік және оның түрлері..........................................................46
5 Қылмыс субъектісі.......................................................................48
5.1 Қылмыс субъектісі ұғымы..........................................................................48
Әдебиеттер 63

Прикрепленные файлы: 1 файл

қылмыс құрамы.doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

 

4  Қылмыстың   субъективтік   жағы

 

4.1 Қылмыстың  субъективтік   жағы  ұғымы   және оның маңызы

Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз — адамның өзі жасаған қылмыстық іс-әрекетке және оның зардабына психикалық қатынасы.

Сыртқы көріністі білдіретін қылмыстың объективтік жағына қарағанда  субъективтік жақ  қылмыстың ішкі мәнін білдіреді. Сонымен қатар қылмыстың объективтік және субъективтік жақтары өзара тығыз байланыста, олар қандай да бір тұтастық құрайды. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жағын зерттеу қылмыстың тиісті құрамының объективтік жағына талдау жасау арқылы жүргізіледі.

Субъективтік жағына мыналар жатады: кіне, қылмыс жасаудағы себеп және мақсат.

Бұл нышандардың барлығы  өз жиынтығында қылмыс жасаған адамның  психикасында пайда болатын ішкі процесті сипаттайды, адамның санасы мен еркінің жасалған әрекетпен байланысын бейнелейді.

Бұл нышандардың әрқайсысының маңызы әртүрлі.

Кінә — қылмыстың  кез келген құрамының субъективтік жағының міндетті нышаны. Кінәсіз қьшмыстың құрамы да болмайды, яғни қылмыстық жауаптылық жоқ.

Қылмыс жасаудағы себеп  пен мақсаттың кінәдан айырмашылығы, олар бір құрамдар үшін міндетті болып табылса, екіншілер үшін — субъективтік жақтың факультативтік нышаны болады.

Қылмыстың субъективтік жақтарын — кінәнің, қылмыс жасаудағы себеп пен мақсат нысандарын дұрыс анықтаудың маңызы зор; ол қылмыстық іс-өрекетті қылмыстық еместен айырып алуға, қылмысты дәл саралауға, объективтік жағынан өте ұқсас құрамдарды бірінен-бірін ажыратуға, қылмыстық әрекет жасаған адамның қауіптілік дәрежесін анықтауға, жазаны жеке даралауға мүмкіндік береді.

Қылмыстың субъективтік жағының нышандары қылмыстық занда әрқалай ашылған.

Бұл нышандар, кей жағдайларда, заң мәтінінде тікелей көрсетіледі. Мысалы, ҚК-тің 103 бабында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру тікелей көрсетілсе, ҚК-тің 188 бабында бөтеннің мүлкін жойып немесе бүлдіріп ірі залал келтіру абайламаулық деп сипатталады. ҚК-тің 314 бабында қызметтік жалғандықтың қажетті нышаны ретінде бас пайда және басқа жеке мүдделілік аталған.

Бірақ көп  жағдайларда қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын нышандар заңда тікелей көрсетілмеген.   Мұндай   жағдайларда   тиісті нышандарға заңда әртүрлі түсініктеме     беріліп,  объективтік нышандарға талдау жасау арқылы анықталады.   Мысалы,   ұрлықтың   құрамын анықтағанда (ҚК-тің 175 бабы) заң бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауды сөз    қылады. Бұл әрекеттің сипатынан туындайтын тұжырым - ұрлық қасақана және бас пайда үшін жасалынады.

Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мұқият зерттеу қажеттігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумынъщ 1993 жылғы 24 маусымдағы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысында көрсетілген: «Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейін анықтағанда сол нақты қылмыстық іс-әрекет жасалған барлық мән-жайлардың (кінәнің нысаны, қылмыс жасау себебі, әдісі, мән-жайы, кезеңі, келген зардаптың ауырлығы, әрбір қатысушының қылмысқа қатысу дәрежесі және сипаты, т.б. жиынтығына сүйену қажет».

Кінә  ұғымы және кінәнің  нысандары.

Қылмыстық заңның ең маңызды принципі - кінә болған жағдайда ғана жауаптылық белгілеу болып табылды.

Бұл принцип ҚК-тің 19 бабында анық тұжырымдалған. ҚК-тің 19 бабының бірінші бөлігіне сәйкес адам тек қоғамға қауіпті сол әрекеті (өрекетсіздігі) және содан келген қоғамға қауіпті зардап үшін ғана қылмыстық жауаптылық көтереді.

Адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келгенмен кінө дәлелденбесе, қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықты болдырмайды.

ҚК-тің 19 бабының екінші бөлігінде объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді делінген.

Кінә - адамның саналы немесе абайсызда өзі жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне және оның қоғамға қауіпті зардабына психикалық қатынасы.

Кінә әрқашанда саналы немесе абайсызда жасалған іс-әрекеттен  туындайды.

ҚК-тің 19 бабының екінші бөлігіне сөйкес қасақана немесе абайсызда  қылмыстық әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі болып танылады делінген.

Қылмыс  жасаудағы кінә — объективтік шындықтың фактісі. Субъектінің кінөсі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақталған барлық дәлелдер негізінде жасайды.

Егер қылмыстық занда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет жасалынып, одан адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келсе немесе зиян келу қаупі туса ғана кінә жайында әңгіме қозғауға болады. Қылмыстық-заң ұғымы бойынша қылмыс жоқ жерде кінә де жоқ. Кінә — тек психологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-саяси да ұғым.

Кінәнің психологиялық  мазмұны сонда — адам өзі жасаған әрекеттің іс жүзінде болғандығын және оның зардабын ұғынады немесе ұғынуға мүмкіндік алады.

Кінәнің әлеуметтік-саяси  мағынасы сонда — өз әрекетінің және оның зардабының әлеуметтік маңыздылығын, яғни олардың қоғамға қауіптілік сипатын ұғынады немесе ұғынуға  мүмкіндік алады.

Қылмыс жасаған адамның  саналы-ерікті психикалық жағдайы дегеніміз адамның санасы мен еркінің өзі жасаған, қылмыстық заңца көзделген, әрекетке және оның зардаптарына қатынасы. Сана (интеллектуалдық жағдай) мен еріктің (еріктік жағдай) өзара жиынтығы кінәнің мазмұнын құрайды. Сонымен кінә екі жағдаймен — интеллектуалдық және еріктік жағдайлармен сипатталады. Интеллектуалдық жөне еріктік жағдайлардың әртүрлі ара қатынасы кінәні нысандарға, ал нысанның ішінде түрлерге бөлуге негіз болады.

Қылмыстық заңда кінәнің екі негізгі нысаны көзделген — ниетпен және абайсызда жасау (ҚК-тің 20 және 21 баптары). Өз кезегінде қасақана ниет тікелей және жанама болып, ал абайсыздық менмендікке және немкұрайдылыққа бөлінеді. Занда кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс та қарастырылған (ҚК-тің 22 бабы).

 

4.2 Ниет және оның түрлері

Ниеттің мазмұны ҚК-тің 20 бабында ашылған: «Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады» (ҚК-тің 20 бабының 1 бөлігі).

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті  екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екендігін немесе болмай қоймайтыңдығын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады (ҚК-тің 20 бабының 2 бөлігі).

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамға қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (ҚК-тің 20 бабының 3 бөлігі).

Өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілік сипатын ұғыну және қоғамға қауіпті зардаптарды алдын ала білу санада жүріп жатқан процесс ретінде ниеттің интеллектуалдық жағдайын құрайды.

Өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілік сипатын ұғыну ниеттің қажетті элементін құрайды, оның болмауы қасақана кінәні жоққа шығарады.

Өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілік сипатын ғыну дегеніміз айыптының болған оқиғаны сырттай ғана емес, сонымен қатар өлеуметтік тұрғыдан ұғынуы, яғни өзінің іс-әрекетімен немесе өрекетсіздігімен қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға келтірген немесе келтіруі мүмкін зиянды түсінуі.

Жасалған іс-әрекеттің  қоғамға  қауіптілігін ұғыну қабілеті адамға өмір тәжірибесінен, білімнен, жалпы мәдениеттен, занды білетіндігінен, т.б. пайда болады. Мектептегі оқу, отбасының ықпалы, өндірістегі жұмыс, құқықтық насихат, әдебиет, өнер, баспасөз, т.б. қандай да бір әрекеттің адам, қоғам немесе мемлекет үшін қаншалықты зиянды екенін дұрыс ұғынуға көмектеседі.

Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғынуды оның заңға қайшы екендігін, немесе ол әрекетке қылмыстық занда тыйым салынғандығын ұғынумен теңестіруге болмайды.

Қасақана кінө үшін жасалған іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғыну қажет және айыптының өз әрекетінің заңға қайшы екендігін ұғынуының қажеті жоқ. Заң (ҚК-тің 20 бабы) заңға қайшылықты ұғынуды ниеттің қажетті нышаны ретінде қарастырмайды.

Өзінің интеллектуалдық жағдайын сипаттайтын ниетінің нышаны ретінде өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардабын адамның алдын ала білуі дегеніміз оның қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға өз іс-әрекетінің қаншалықты зиян келтіретінін оймен болжауы.

Қоғамға қауіпті зардаптарды адамның алдын ала білуі дегеніміз болған зардаптардың нақты нышандарын алдын ала білу ғана емес, олардың әлеуметтік маңыздылығын, яғни адамға, қоғамға және мемлекетке зияндығын да түсіну.

Қоғамға қауіпті  зардаптарды алдын ала білу дегеніміз болмай қоймайтын зардаптарды ғана емес, болуы мүмкін зардаптарды да алдын ала білу. Мысалы, бір адамды тақап тұрып атқаңда ол адамның қалайда өлетіндігін айыпкер біледі. Егер ол басқа бір адамды едөуір қашықтықта тұрып атса, айыпкер оның өлуі мүмкін екендігін ғана болжайды.

Жасайтын әрекеттердің нақты жақтарын ұғыну жөне алдын ала білу дегеніміз осы қылмысқа байланысты барлық мөн-жайларды емес, тек олардың заңдық мағынасы боларын ғана, яғни сол қылмыстың құрамының нышаны ретінде заңда көрсетілген барлық мән-жайларды ұғыну. Сол қылмыс құрамының барлық объективтік нышандарын — объектінің сипатын, сондай-ақ сол қылмыстың құрамының объективтік жақтарын құрайтын барлық нақты мөн-жайларды айыпкер ұғынып, алдын ала білуі керек. Қылмыс субъектісінің айрықша қасиеті занда арнайы көрсетілген болса, айыпкер бұл мән-жайларды да ұғынуы тиіс.Қылмыстың материалдық құрамында өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қогамға қауіптілік сипатын ұғыну ғана емес, сондай-ақ оның қоғамға қауіптілік зардабын, жасалған қылмыс пен оның зардаптарының арасындағы себептік байланысты да алдын ала білу де ниетке кіргізілген.

Ниетке сол қылмыс құрамының қажетті нышаны ретінде заңда қарастырылған қоғамға қауіпті зардаптарды ғана алдын ала білу кіргізілген.

Ниеттің болуы  үшін айыпкердің жасалған іс-әрекет пен жалпылай алынған зардаптың арасындағы себептік байланыстың дамуын алдын ала білу жеткілікті. Себепті байланыстың дамуын айыпкердің тәптіштеп білуі қажет емес. Мысалы, қасақана өлтіргенде жәбірленушіні атқан адам оның жүрек жарақатынан өлетіндігін алдын ала біледі, ал іс жүзінде ол басқа органның жарақаттануынан өледі.

ҚК-тің 20 бабында ниетке анықтама материалдық құрамы бар қылмыстарға қатысты берілген.

Формальды құрамдарда ниеттің мазмұнына тек жасайтын әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін ұғыну ғана кіргізілген, олар сол қьглмыстың құрамының объективтік жағына жатады, себебі бұл қылмыстарда зардап құрамының қажетті нышаны болып табылмайды.

Қоғамға қауіпті  зардаптардың болуын тілеу немесе оған саналы түрде жол беру, не оларға немқұрайды қарау психикалық қызметтің еріктік жағын сипаттайды және ниеттің еріктік жағын кұрайды.

Интеллектуалдық және еріктік жағдайлардың мазмұны бойынша ниет тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей ниетте адам өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамдық қауіптілігін ұғынады, қоғамдық қауіпті зардаптардың болмай қоймайтындығын немесе болуы мүмкін екендігін алдын ала біледі және оның болуын тілейді.

Тікелей ниеттің интеллектуалдық  жағдайы жасайтын іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамдық қауіптілігін ұғынуды, сондай-ақ қоғамдық қауіпті зардаптардың болмай қоймайтындығын немесе болуы мүмкін екендігін алдын ала білуді қамтиды.

Еріктік жағдай дегеніміз  қоғамдық қауіпті зардаптардың болуын тілеу.

Тікелей ниетте қоғамдық қауіпті зардаптарды алдын ала білу сипаты екіжақты болуы мүмкін. Айыпкер тиісті қоғамдық қауіпті зардаптардың болмай қоймайтындығын да, болуы мүмкін екеңдігін де алдын ала біле алады.

Қоғамдық қауіпті зардаптардың болмай қалмайтындығын алдын ала білу дегеніміз айыпкер тілеген зардаптардың қалайда болуы, олардың болмауының мүмкін еместігі.

Тікелей ниетте қоғамдық қауіпті қылмыстардың болуын тілеу әртүрлі нысанда көрініс табады:

а) қоғамдық қауіпті зардап айыпкердің іс-әрекетінің ақырғы мақсаты болуы мүмкін немесе б) қоғамдық қауіпті зардап айыпкер үшін ақырғы мақсатқа жету жолындағы аралықтағы мақсат болуы мүмкін, не в) зиянды зардап айыпкердің ақырғы мақсатқа жетудегі белгілі бір кезеңі болуы мүмкін.

Д.-ның ісі  тікелей ниетпен жасалған қылмыстың мысалы бола алады. Д.-ның өкесі мен көрші тұратын А. арасында тұрмыстық себептермен араздық пайда болады. Кезекті дауласу кезінде Д.-ның әкесі инфаркттен қайтыс болады. Марқұмның балалары мен туыстары әкелерінің өлімін А.-дан көріп, оны өлтірмекші болады. Бұлардың қоқан-лоққысынан

қорыққан А. өзінің туысының үйіне көшіп кетеді. А.-ны асханада көрген Д. оны қуып жетіп балтаның жүзімен мойнына, басына алты рет  ұрады, алған жарақаттан А. сол жерде  қайтыс болады. Бұл тікелей ниетпен жасалған қылмыс екені анық. Д. өз әрекетінің қоғамдық қауіпті сипатын түсінген, А.-ның өлетінін  де алдын ала білді, соны тіледі.

Қылмыстың материалдық  құрамдарында тікелей ниеттің мазмұнына  сол қылмыс құрамының қажетті  нышаны ретінде көзделген зиянды зардаптардың ғана болуын тілеу кіреді.

Салдар құрамның міндетті нышаны болып келмейтін формальды  құрамда тікелей ниеттің мазмұнына  тек заң диспозициясында көрсетілген  қоғамдық қауіпті  әрекеттің немесе әрекетсіздіктің болуын тілеу кіреді.

Формальды құрамдарда зияңды салдарларды алдын ала білу жағдайы болмайды.

Информация о работе Қылмыс құрамы