Қылмыс құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама — ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................3
1 Қылмыстың құрамы.............................................................4
1.1 Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы..............4
1.2 Қылмыс құрамының элементері мен нышандары...............................7
1.3 Қылмыс құрамдарының түрлері.................................................................9
2 Қылмыс объектісі.................................................................. 11
2.1 Қылмыс объектісі ұғымы және оның маңызы...............11
2.2 Қылмыс объектілерінің түрлері................................................13
2.3 Қылмыс заты..........................................................................................................17
3 Қылмыстың объективтік жағы.............................................20
3.1 Қылмыстың объективтік жағы ұғымы.................................................20
3.2 Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік........................21
3.3 Қоғамға кауіпті зардап ұғымы...................................................23
3.4 Себептік байланыс және оның қылмыстық заңдағы маңызы.........................................................................25
4 Қылмыстың субъективтік жағы..........................................27
4.1 Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы...27
4.2 Ниет және оның түрлері............................................................29
4.3 Абайсыздық және оның түрлері.................................................................36
4.4 Қылмыстың себебі және мақсаты.................................................................40
4.5 Кінәнің қосарланған (аралас) нысаны............................................................44
4.6 Кателік және оның түрлері..........................................................45
4.7 Кателік және оның түрлері..........................................................46
5 Қылмыс субъектісі.......................................................................48
5.1 Қылмыс субъектісі ұғымы..........................................................................48
Әдебиеттер 63

Прикрепленные файлы: 1 файл

қылмыс құрамы.doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

Аталып өткендей, есі  дұрыстық дегеніміз — қоғамға қауіпті өрекет жасаған кезде өз әрекетінің іс жүзіндегі сипатын, қоғамға қауіптілігін ұғына алатын, оған ие бола алатын қабілет. Есі дұрыстық ұғымы кінә түсінігімен тығыз байланысты, бұл ұғымның субъектінің қылмыстық жауаптылығы үшін маңызы зор. Тек есі дұрыс адам ғана айыпты деп танылады. Сондықтан да, есі дұрыстық — кінө мен жауаптылықтың алғы шарты.

Адамның мінез-құлқын оның санасы мен еркі анықтайды, солар  бақылайды.

Сана мен ерік —  адамның негізгі психикалық функциялары, олар объективтік шындықпен  байланысты, сол адам болатын жөне тұлға ретінде қалыптасатын қоғамның, қоғамдық ортаның материалдық өмір жағдайына негізделеді. Бірақ, сыртқы ортадағы жағдайға мұндай байланыстылық, негізделу  адамның  мінез-құлқының алдын ала анықталғандығын білдірмейді, бірақ оның санасына, еркіне қатты әсер ететіндігін, табиғатқа, қоғамдық өмірге,   шындықты  және  оның  объективтік заңдылықтарын тануға ықпал жасайтындығын жоққа шығаруға болмайды.

Адамның санасы мен еркінің  белсенді рөлі, істің ақ-қарасын  біліп әрекет жасау қабілеті оның сол өзі жасаған іс-әрекеті үшін, оның ішінде қылмыстық занда тыйым салынған әрекеттер үшін жауап беруін талап етеді.

Өз іс-өрекетінің маңызын ұғынуға немесе сол, кылмыстық заңда көзделген, өрекетті жасау кезінде оған басшылық жасауға қабілеті жоқ адам, психикасының қалыпты еместігіне байланысты қылмыс субъектісі бола алмайды.

Мұндай адамдар есі дұрыс емес деп саналады. Бұлардың іс-әрекеттерінде қылмыстық жауаптьшықтың алғы шарты — кінө жоқ.

Есі дұрыс еместік ұғымы және оның нышандары ҚК-тің 16 бабында жазылған.

Қылмыстық кодекстің 16 бабының 1 бөлігінде былай делінген: «Осы Кодексте көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (өрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес».

Есі дұрыс еместіктің заң екі нышанын (критерийін) белгілейді: медициналық (биологиялық) және заңдық (психологиялық).

Адамды   есі   дұрыс   емес   деп   тану   үшін

медициналық және заңдық критерийлердің жиынтығы қажет. Тек  медициналық немесе тек заңдық критерийлердің ғана болуы адамды есі дұрыс емес деп тануға негіз бола алмайды.

Есі дұрыс еместіктің медициналық критерийі ҚК-тің 16 бабының 1 бөлігінде көрсетілген психикалық қызметтің дертті бұзылуының төртеуінің біреуі болуын талап етеді, олар:

а) созылмалы психикалық ауру;

б) психиканың уақытша бұзылуы;

в) кемақылдылық;

г) психиканың өзге де дертке шалдығуы.

Созылмалы ауру — жазылуы қиын психикалық ауру, ұзақ уақытқа созылады, психикалық бұзылу біртіндеп үдеуі мүмкін. Мысалы: шизофрения, қояншық, үдемелі сал, ми мересі, т.б.

Психиканың  уақытша бұзылуы — уақытша болатын (кейбір жағдайларда бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін, ал кейбір жағдайларда — бірнеше күн, апта немесе ай) және толық айығып кетумен аяқталатын психикалық ауру.

Психиканың уақытша бұзылуына кенеттен басталып ұзаққа созылмайтын (минуттер, сағаттар) ерекше жағдайлар (мысалы, патологиялық мас болу, патологиялық аффект, сананың тұмандануы, т.б.) жатады; реактивтік жағдай, яғни психикалық жарақаттың әсер етуі нөтижесінде туындайтын психиканың дертті ахуалы (невроздың әртүрлі нысаны, реактивтік психоз); маскүнемдік психоз (елестік ауру немесе маскүнемдік дерилий, маскүнемдік галлюциноз, маскүнемдік паранойд).

Ақылкемдік — туа  біткен немесе ерте жас (2-3 жасқа дейін) пайда болған психикалық  қызметтегі  патологиялық өзгеріс (олигофрения) сондай-ақ жарақаттан, жұқпалы және басқа аурулардан мида болған органиқалық өзгерістердің салдарынан  бұрынғы қалыпты ойлау қабелітінің бұзылуы немесе нашарлауы салдарынан болған ақылкемдік (деменция).

Ақылкемдік ойлау қабілетінің  төмендігінен, негізінен, танымының  және пайымдауының  нашарлағанынан, өз өрекетін дұрыс бағалай алмайтындығынан  көрініс  табады.

Ойлау қызметінің бұзылуының қаншалықты ауырлығына және тереңдігіне  байланысты олигофренияның үш дәрежесі болады: идиотия (ең ауыр дәрежесі), имбецильділік (ақылкемділіктің орташа дөрежесі), дебильділік (ақылкемдіктің жеңіл дәрежесі). Психиканың басқа дертті жағдайы — психиканың  бұзылуының  жоғарыда  көрсетілген үш түріне жатпайтыны.

Бұған кейбір психикалық емес аурулардан барып психиканың бұзылғандығы жатады. Мысалы, кейбір жұқпалы аурулардан — іш сүзегінен, бөртпе сүзектен, ішкі органдар ауруының және зат алмасудың ауыр түрлерінен, мидың жарақаттанып немесе іскенінде, басқа да психикалық емес аурулар болғанда  психиканың уақытша  бұзылуы мүмкін.

Психикалық аурудың, тіптен созылмалы психикалық аурудың болуы  қылмыстық  заңда көзделген әрекетті жасаған адамның есі дұрыс еместігі туралы мәселені шешпейді. Психикалық аурудың

қарқыны әртүрлі болады, кейде ол адамды өз іс-өрекетінің мазмұнын ұғына алмайтын және оған ие бола алмайтын жағдайға дейін жеткізеді. Сондықтан да медициналық критерий зандық (психологиялық) критериймен толықтырылады. Медициналық критерий (аталған нышандардың біреуі болған жағдайда) зандық критериймен үйлескенде ғана есі дұрыс еместік болады. Критерийлердің біреуінің (медициналық немесе заңдық) болмауы адамды есі дұрыс емес деп тануды болдырмайды.

ҚК-тің 16 бабына сәйкес зандық (психологиялық) критерий екі нышанды  қамтиды: 1) интеллектуалдық; 2) еріктік.

Интеллектуалдық нышан  заңда мынадай сөздермен келтірілген: «Адам... өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған».

Есі дұрыс еместіктің интеллектуалдық нышаны психикалық аурудың салдарынан  сананың бүзылғандығын білдіреді. Өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің іс жүзіндегі сипатын ұғына алмау өзі жасаған әрекеттің іс жүзіндегі мәнін адамның түсіне алмағандығын, не істеп не қойғандығын түсінбейтіндігін, жасаған әрекеті мен болған зардаптардың арасындағы себептік байланысты түсінбейтіндігін көрсетеді. Мысалы, психикалық ауруы бар ана әлдилеп жатырмын деп баласын тұншықтырып тастайды. Интеллектуалдық  нышанның негізгі мазмұны адамның оз әрекетінің қоғамдық, әлеуметтік маңызын түсінбеуінде, яғни оның қоғамға қауіпті сипатын түсіне алмауында.

 

Зандық критерийдің  еріктік нышаны — адамда өз іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие болу қабілетінің  жоқтығы. ҚК-тің 16 бабында нышан «немесе  оған ие болу» деген сөздермен  келтірілген.

Адамның еріктік қызметі оның санасымен тығыз байланыста. Сана қатты бұзылса, яғни адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) мағынасын  ұғынбаса, сол кезде еріктік қызмет те бұзылады — адам оған ие бола алмайды.

Психикалық  ауру  адамның  психикалық қызметінің барлық саласын не оның кейбір жақтарын  бұзуы мүмкін. Сондықтан, сана біршама сақталғанда адам жасалған әрекеттің іс жүзіндегі мәнін және оның әлеуметтік маңызын түсінеді, бірақ психикалық ауруының салдарынан өз әрекетіне ие бола алмайды, бүл еріктік нышанға жатады.

Еріктік қызметтің психикалық дерттен бұлай бұзылуы, мысалы, импульсивтік құштарлықта байқалады. Импульсивтік құштарлыққа — ұрлық жасауға құштарлық (клептомания), өрт салуға құштарлық (пиромания), есірткі қатты аңсаған кез — наркомания жатады.

Есі дұрыс еместіктің заңдық критерийі үшін оның нышандарының біреуі — не интеллектуалдық, не еріктік болса жеткілікті.

Сонымен, адамды есі дұрыс  емес деп тану үшін есі дұрыс еместіктің екі критерийі бірден болуы қажет  — медициналық критерийдің нышандарының біреуі және заңдық критерийдің нышандарының  біреуі.

Қылмыстық заңда көзделген  әрекетті жасаған адамды есі дұрыс емес деп тану жөніндеп ақырғы шешімді сот-психиатриялық араптаманың қорытындысы негізінде сот қабылдайды.

Бұл адамдардың психикасының қалыпты екендігіне анықтама органы, тергеуші немесе сот күдіктенген барлық жагдайларда сот-психиатриялық сараптама тағайындалады. Сот-психиатриялық сараптаманың ұйымдастырылуын  және жүргізілуін ҚІЖК-нің тиісті нормалары, 1997 жылғы 12 қарашадағы «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасында сот-психиатриялық сараптама жүргізу туралы нұсқау, амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама комиссиясы туралы Ереже және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 407 бүйрығымен бекітілген қамаудағы адамдарға арналған психиатриялық аурухана жанындағы сот-психиатриялық сараптама бөлімшесі туралы Ереже реттейді.

Қылмыстық заңда көзделген  қоғамға қауіпті әрекетті есі  дұрыс емес жағдайда жасаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды  және жазаланбайды, себебі ол қылмыс субъектісі бола алмайды. Мұндай адамға, соттың тағайындауы бойынша, ҚК-тің 7 бөлімінде көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары  қолданылуы мүмкін.

ҚР-нің 1997 жылғы Қылмыстық  кодексіне алғаш рет есінің дұрыстығы  жоққа шығарылмайтын психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы туралы бап енгізілді. ҚК-тің 17 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан  өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.

ҚК-тің 17 бабының 1 бөлігінде  шектеулі есі дұрыстық жалпы есі  дұрыстықтың  басқа бір түрі ретінде  сөз болады.

ҚК-тің 17 бабының 1 бөлігінде  көрсетілген психиканың бұзылуы дегеніміз қылмыс жасаған адамның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі  сипаты мен қоғамдық қауіптілігін  ұғыну не есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын осындай психикалық аурудан іс-өрекетіне (өрекетсіздігіне) ие болу  қабілетінің  елеулі  азаюы.

Есі дұрыстығы шектеулі адам психикасының ауыткуынан күйзелісте болады, бірақ, біршама төмен болса да өз іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) есеп беру және оған ие болу (есі дұрыстықтың заңдық критерийі) қабілетін сақтайды. Шектеулі есі дұрыстықтың медициналық критерийі шекаралық деп аталатын жағдайларда.

ҚК-тің 17 бабының 2 бөлігіне сәйкес есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын  психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші  мөн-жай  ретінде ескереді  және ол Қылмыстық  кодексте көзделген  медициналық  сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз бола алады.

Адам   жасы   қылмыс  субъектісі  нышандарының  бірі

Есі дұрыс кез-келген жеке тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, егер ол занда көрсетіген жасқа  толмаса.

ҚК-тің 14 бабының 1 бөлігінде «есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс» делінген.

ҚК-тің 15 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыс жасалған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа  тартылуға жатады.

Заңда анық көрсетілген кейбір қылмыстар үшін ғана қылмыстық жауаптылық он төрт жастан бастап көзделген.

ҚК-тің 15 бабының 2 бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адам мына қылмыстар  үшін қылмыстық жауапқа тартылады: адам өлтіру (ҚК-тің 96 бабы), денсаулыққа қасақана  ауыр зиян келтіру (ҚК-тің 103 бабы), ауырлататын  мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (ҚК-тің 104 бабының 2 бөлігі), зорлау (ҚК-тің 120 бабы), нәпсікұмарлық  сипатындағы күш қолдану (ҚК-тің 121 бабы), адамды ұрлау (ҚК-тің 125 бабы), ұрлық (ҚК-тің 175 бабы), тонау (ҚК-тің 178 бабы), қарақшылық  (ҚК-тің 179 бабы), қорқытып  алушылық (ҚК-тің 181 бабы), ауырлататын мән-жайларда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын  ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (ҚК-тің 185 бабының 2, 3, 4 бөліктері), ауырлататын мөн-жайларда бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187 бабының 2, 3, бөліктері), терроризм (ҚК-тің 233 бабы), адамды кепілге алу (ҚК-тің 234 бабы), терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚК-тің 242 бабы), қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу (ҚК-тің 257 бабының 2, 3 бөліктері), тағылық (ҚК-тің 258 бабы), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (ҚК-тің 260 бабы), ауырлататын мән-жайларда өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау (ҚК-тің 275 бабының 2 бөлігі), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (ҚК-тің 299 бабы).

Қылмыстардың бұл тізімі толық болып табылады, кең түсініктеме беруге жатпайды.

ҚК-тің 15 бабының 2 бөлігінде  көрсетілген қылмыстар үшін 14 жастан жауаптылық  болады, егер бұл қылмыстар қасақана жасалса.

Егер 14 жас пен 16 жастың арасындағы кәмелетке толмаған адам жауаптылық 16 жастан бастап көзделген қылмысты жасауға қатысса және де жауаптылық 14 жастан  бастап көзделген басқа қылмысты да жасаса (ҚК-тің 15 бабының 2 бөлігі), оңда ол жауаптылық 14 жастан бастан қарастырылған қылмысты жасағаны  үшін ғана жауапқа тартылады. Мысалы, бандитизмге (ҚК-тің 237 бабы) қатысқан14 жастан 16 жас аралығындағы көмелетке толмаған ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлау, қасақана өлтіру үшін жауапқа тартылады, егер бұл қылмыстарды ол шабуыл жасау барысында жасаса, ал бандитизм үшін жауапқа тартылмайды.

Қылмыс нышандары бар әрекетті жасаған, жасы 14-ке толмаған балалар ешқандай қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Олар ішкі істер органдарының  ұсыныстары бойынша, егер кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі комиссияның қорытындысы болса, тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу  шаралары  қолданылып соттың  ұйғарымымен  тәрбиелеудің ерекше  жағдайлары бар арнайы оқыту-тәрбиелеу  мекемелеріне жіберіледі (11 жастан 14 жас аралығындағы  құқық  бұзушыларға арналған арнайы жалпы білім беретін  мектепке).

Егер сот  жеткіншекті  арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемесіне жіберудің қажеті жоқ деп тапса, ол ұсынысты  қанағаттандырудан бас тартады, ал материаддарды кәмелетке  толмағандардың і стері бойьшша комиссия туралы Ереженің 30 бабында көрсетілген тәрбиелеу сипатындағы басқа шараларды қолдануы үшін кәмелетке толмағандардың  істері  жөніндег і  комиссияға  жібереді.

Кейбір  қылмыстар  үшін кәмелетке толмағанға 14 жастан, ал басқалары үшін 16 жастан қылмыстық жауаптылық белгілегенде заң шығарушы кәмелетке толмағанның бұл жаста өз іс-әрекетінің сипатына есеп бере алатындығына, оның қоғам үшін  қаншалықты  қауіпті екенін ұғына алатындығына, өз әрекетіне ие бола алатындығына сүйенген.

Заң қылмыстық жауаптьшықтың  жалпы жасы 18 жас деп белгілегенмен, субъекттің ерекше нышандарына немесе қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттердің сипатына байланысты кейбір  қьшмыстардың субъектісі көмелетке толған, яғни 18 жасқа толған адам ғана болады.

Мысалы, бұйрыққа  бағынбау  немесе оны өзгедей орындамау (ҚК-тің 367 бабы), кәмелетке толмаған  адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (ҚК-тің 132 бабы) сияқты  қылмыстардың субъектілері; әскери қьшмыстардың жөне бірқатар басқа  қылмыстардың субъектілері тек 18 жасқа толған  адам ғана бола алады.

Информация о работе Қылмыс құрамы