Қылмыс құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама — ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................3
1 Қылмыстың құрамы.............................................................4
1.1 Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы..............4
1.2 Қылмыс құрамының элементері мен нышандары...............................7
1.3 Қылмыс құрамдарының түрлері.................................................................9
2 Қылмыс объектісі.................................................................. 11
2.1 Қылмыс объектісі ұғымы және оның маңызы...............11
2.2 Қылмыс объектілерінің түрлері................................................13
2.3 Қылмыс заты..........................................................................................................17
3 Қылмыстың объективтік жағы.............................................20
3.1 Қылмыстың объективтік жағы ұғымы.................................................20
3.2 Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік........................21
3.3 Қоғамға кауіпті зардап ұғымы...................................................23
3.4 Себептік байланыс және оның қылмыстық заңдағы маңызы.........................................................................25
4 Қылмыстың субъективтік жағы..........................................27
4.1 Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы...27
4.2 Ниет және оның түрлері............................................................29
4.3 Абайсыздық және оның түрлері.................................................................36
4.4 Қылмыстың себебі және мақсаты.................................................................40
4.5 Кінәнің қосарланған (аралас) нысаны............................................................44
4.6 Кателік және оның түрлері..........................................................45
4.7 Кателік және оның түрлері..........................................................46
5 Қылмыс субъектісі.......................................................................48
5.1 Қылмыс субъектісі ұғымы..........................................................................48
Әдебиеттер 63

Прикрепленные файлы: 1 файл

қылмыс құрамы.doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

Тікелей ниетте қоғамдық қауіпті өрекеттің немесе әрекетсіздіктің  болуын тілеу және зиянды салдарлардың болуын тілеу әртүрлі себептерге байланысты және олардан тиісті бір мақсат туындайды.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, оған 
саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен  жасалған деп танылады (ҚК-тің 20 бабының 3 бөлігі).

Интеллектуалдық жағдайдың  нышаны ретінде өзінің іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілігін ұғыну тікелей және жанама ниеттерінде біріне-бірі дәл келеді.

Жанама ниеттегі қоғамдық қауіпті  зардаптарды алдын ала білу тікелей ниеттегі алдын ала білуден бөлекше.

Тікелей ниетте адам қоғамға қауіпті  зардаптардың болуы мүмкін екендігін де жөне болмай қоймайтындығын да алдын ала біледі.

Жанама ниетте адам қоғамға қауіпті зардаптардың тек болуы мүмкін екендігін ғана алдын ала біледі.

Сонымен, жанама ниеттің  интеллектуалдық жағдайына өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін адамның үғынуы және қоғамға қауіпті  зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білуі кіреді.

Жанама ниет тікелей  ниеттен қоғамға қауіпті зардаптардың болатындығын алдын ала білу сипатымен ғана емес, негізінен, еріктік жағдай бойынша бөлектенеді. Тікелей ниетте адам қоғамға қауіпті зардаптардың болуын тілейді. Ал жанама ниетте ол бүл зардаптардың болуын тілемейді, бірақ оларға саналы түрде жол береді не бұған немқұрайды қарайды.

Зиянды зардаптарға саналы түрде жол беру дегеніміз — айыпкер олардың болуының нақты мүмқін екендігін алдын ала біледі жөне оларды тойтаруға әрекет жасамайды.

Қоғамға қауіпті зардаптардың болуына немқұрайды қарау дегеніміз  — көрсетілген зардаптардың  болуына айыпкердің толық бейқамдық  танытуы, өзімшілдігі, мейірімсіздігі. А., мас күйінде темір жолдың үстінде Р. деген қызды кездестіреді, оны тоқтату үшін Р.-ға қарай бұзақылық пиғылмен  автоматтан бірнеше рет атады, нөтижесінде Р.-дің іші, қолы жарақаттанады.

Р.-дің жағына қарай  атқанда А. оны өлтіргісі де, жарақаттағысы  да келген жоқ, бірақ ондай болуы  мүмкін екендігін ұғынды. А. өрекетті жанама ниетпен жасады.

Жанама ниетте қылмыс құрамына кіретін қоғамдық қауіпті  зардаптар айыпкердің іс-әрекетіңдегі ақырғы да, орта жолдағы да мақсат емес, қандай да бір мақсатқа жетудегі құрал да емес. Олар айыпкердің қандай да бір қылмыстық немесе  қылмыстық емес мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған, айыпкердің іс-әрекетінің  қосымша нәтижесі.

Жанама ниетпен жасалған қылмыстардағы қоғамдық қауіпті  зардаптар айыпкердің іс-әрекетінің себептерінен туындамайды, олардың  оған қажеті жоқ. Алға қойылған нақты мақсатқа жету үшін адам сол қосымша нәтиженің болуы мүмкін екендігіне келіседі. Жанама ниетпен қылмыс жасау тікелей ниетпен жүзеге асырылатын басқа қылмысты жасаумен ұштасуы мүмкін.

Жанама ниеттің ерекшелігі сонда, ол формальды кұрамы бар қылмыстарда бола алмайды. Мысалы, қаруды заңсыз жасау (ҚК-тің 252 бабы), өкімет өкілін қорлау (ҚК-тің 320 бабы) сияқты қылмыстарды жасағанда жанама ниеттің  болуы  мүмкін  емес.

Формальды қылмыстардың объективтік жақтары  заң диспозициясында  көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттен немесе әрекетсіздіктен ғана тұрады және қылмыстың құрамына белгілі бір қоғамға қауіпті зардаптардың болуы кірмейді. Құрамы формальды қылмыстардағы адам еркі сол іс-әрекеттің өзіне бағытталған  және  ол тек тікелей ниет нысанында болуы мүмкін.

Қылмысқа оқталғанда және қылмысқа дайындалғанда, құрамында  арнаулы мақсат бар қылмыстарда  жанама ниеттің болуы мүмкін емес. Қылмысты  қатысып жасаған кейбір жағдайларда да жанама ниет болмайды.

Тікелей  және жанама ниеттерді дәл ажыратып алудың қылмысты дұрыс саралаудағы маңызы зор.

Қасақана қылмыстардың көпшілігі тек тікелей ниетпен  жасалынады, мысалы, ұрлау, тонау, қарақшылық және басқа көптеген қылмыстар.

Жанама ниетті дұрыс  анықтау, сонымен қатар, жанама ниетті қылмыстық менмендік  нысанындағы  абайламаушылықтан  ажырату үшін қажет.

Ниетті жанама және тікелей  деп бөлу бірқатар қылмыстық заң 'институттары  үшін де маңызды.

ҚК-тің  20 бабы ниеттің  екі түріне ғана — тікелей және жанама түрлеріне ғана  анықтама береді.

Қылмыстық заң теориясы мен сот практикасы ниетті басқа түрлерге де бөледі.

Қалыптасқан  уақытына  қарай ниет алдын ала ойластырылған  және кенет пайда болған  болып  бөлінеді.

Алдын  ала ойластырылған  ниеттің ерекшелігі — қылмыстық  пиғыл туындағаннан бастап оны жүзеге асыруға дейінгі аралықта  біршама уақыт болады. Осы уақыт ішінде айыпкер қылмысты жасау жоспарын  ойластырады, озбырлық жасайтын объектісін, қылмыс затын, әрекет жасау тәсілін  тандайды, т.б.

Алдын ала ойластырылған  ниетпен қылмыс жасаған адам, кейбір жағдайларда, сондай қылмысты кенет пайда болған ниетпен жасаған адамнан қауіптірек.

Кенет пайда болған ниетте қылмыс жасау ниеті табан асты туындайды жөне ол тез арада  орындалады.

Кенет пайда болған ниеттің  басқа бір түрі — күйзелісген  ниет, бұл жағдайда ниет кенет пайда  болған қатты жан күйзелісі (аффект) жағдайында туындайды жөне жүзеге асырылады. Мысалы, КК-тің 98 бабы кенет пайда болған қатты жан күйзелісі жағдайында жасалған адам өлтірудің ерекше құрамын  қарастырады, және ҚК-тің 108 бабында кенет пайда болған қатты жан күйзелісі  жағдайында денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру және  денсаулыққа  қасақана ауыр зиян келтіру құрамы көзделген.

Айыпкердің өзі жасаған  іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардаптарын  дөл алдын ала білуіне байланысты ниет, сонымен қатар, анықталған (нақтыланған) жөне анықталмаған (нақтыланбаған) болып бөлінеді.

Анықталған ниетте айыпкер  нақты, дәл анықталған қоғамға қауіпті зардаптардың  болатынын алдын ала біледі.

Анықталған  ниет жай немесе балама болуы мүмкін.

Жай анықталған ниетте айыпкер өзі жасаған іс-әрекеттің нәтижесінде бір дэл анықталған қоғамға қауіпті зардаптың болатындығын алдын ала біледі (мысалы, жәбірленушінің қаза табатындығын).

Балама  анықталған ниетте айыпкер екі немесе одан көп нақты анықталған қоғамға қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала біледі (мысалы, жәбірленушінің өлетінін немесе ауыр дене жарақатын алатынын). Айыпкерге бұл жағдайда іс жүзінде болған нәтиже бойынша айып тағылады.

Анықталмаған  ниетте айыпкер қоғамға қауіпті  зардаптардың болатынын алдын ала біледі, бірақ оларды нақтыламайды, зардаптардың қандай болатынын дәл біле алмайды. Анықталмаған ниетте айыпкер іс жүзінде орын алған зардаптар үшін жауапталады.

 

 

 

4.3 Абайсыздық  және  оның  түрлері

 

ҚК-тің 21 бабының бірінші  бөлігіне сәйкес, менмендікпен немесе немқұрайдылықпен  жасалған  әрекет  абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.

ҚК-тің 21 бабында  абайсызда жасалған кінәнің екі түрі - менмендік және немқұрайдылық  көзделген.

ҚК-тің  21 бабының  екінші бөлігіне сөйкес, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің)  қоғамға  қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды  жеткілікті  негіздерсіз  жеңілтектікпен болғызбау     мүмкіндігіне     сенсе,     қылмыс менмендікпен  жасалған  қылмыс  деп танылады.

Менмендіктің  интеллектуалдық  жағдайы сонда,  адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға  қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін алдын ала біледі. Интеллектуалдық  жағдай бойынша қылмыстық менмендіктің тікелей, әсіресе жанама ниеттің интеллектуалдық жағдайымен біршама ұқсастығы бар. Бұл екі жағдайда да айыпкер өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының болатынын алдын ала біледі. Бірақ ниеттегі алдын ала білудің сипаты қылмыстық менмендіктегі алдын ала білудің сипатынан  елеулі  өзгеше.

Ниеттегі  алдын  ала  білу әрқашанда нақты сипат алған.

Айыпкер осы нақгы  жағдайда сол өзі жасаған іс-әрекеттен (әрекетсіздіктен) болуы  мүмкін немесе болмай қоймайтын қылмыстық нөтиже алынатындығын алдын  ала  біледі.

Қылмыстық менмендіктегі  алдын ала білудің сипаты басқа. Менмендік болғанда  қылмыстық зардаптар жалпы, абстракты нышанда көрінеді. Айыпкер өзі жасаған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жалпы қоғамға қауіпті зардаптар әкелуі мүмкін екендігін алдын ала біледі, бірақ нақты осы жағдайда бүл зардаптар  болмайды  деп сенеді.

Менмендіктегі  еріктік  жағдайда адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарын  жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне  сенеді.

Өз     іс-өрекетінің    зиянды    зардаптарын болғызбаймын деп ойлағанда айыпкер ауыр зардаптарға тосқауыл болатын, өз ойынша, нақты  мән-жайларға сенеді.

Субъект сенген мән-жайлар әртүрлі сипатта болады.

Айыпкер өзінің күшіне, тәжірибесіне, біліміне, т.б. сенуі мүмкін.

Айыпкер, сонымен  қатар, басқа адамдардың іс-әрекетіне, табиғат күшіне, техникаға, т.б. сенуі  мүмкін. Субъектінің сенімі бойынша зиянды зардаптарға тосқауыл бола  алатын мән-жайларда сол зардаптарды шындығында тойтара алатындай қасиет болуға тиіс. Нақты, іс жүзінде бар мән-жайларға сенбей кездейсоқ  мөн-жайларға  сенгенде  менмендік болмайды.

Айыпкердің  ойынша зиянды зардаптарға тосқауыл бола алатындай мән-жайларға сену жеңілтектік, яғни үстіртін, дәлелсіз, асығыс болады, себебі субъекті бұл мән-жайларды дұрыс бағалай алмайды. Айыпкердің белгілі бір мән-жайларға  сенімі оның жеңілтектігі нәтижесінде дұрыс болмай шығады, ол өз күшін, басқалардың мүмкіндігін және басқа да мән-жайларды дұрыс есептемейді, зардаптардың  болуына жол береді.

Мысалы, Г.-нің іс-әрекетінде менмендік бар. Ол автома-шинаны қатты жылдамдықпен айдап  келе жаткан. Жанында жолаушы К. бар. Шофер И. қарсы келе жатты, ал жолдың жиегінде, машиналардың айқасып өтуін қиындататын тас үйінді бар еді. Г. жылдамдығын бәсендетпей өте шығамын деп ойлап И.-дің   автомашинасымен   соғысып   қалды.

Нәтижесінде жолаушы К. қаза тапты.

Менмендік пен жанама ниеттің бір-бірінен өзгешелігі, негізінен, еріктік жағдайға байланысты.

Жанама ниетте айыпкер, өзі тілемесе де, зиянды зардаптардың болуына саналы түрде жол береді не оған немқұрайды қарайды.

Менмендік кезінде тілек те, зиянды зардаптардың болуына саналы түрде жол беру не оған немқұрайды қарау да болмайды.

Менмендіктегі еріктік  жағдайда адам зиянды зардаптарды болдырмауға  сенеді.

Зиянды зардаптарды  болдырмауды нақты мән-жайларға негіздеп, оған жеңілтектікпен сенуді нақгы мән-жайларға негізделмеген, «мүмкін бола қоймас» деген есептен ажырата білу керек. Мүмкін бола қоймас деп сену зиянды зардаптарға саналы түрде жол беру, яғни бұл жанама ниеттің еріктік жағдайы.

КК-тің 21 бабының  үшінші бөлігіне сәйкес, егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс жөне болжап біле алатын бола түра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.

Қылмыстық немқұрайдылықтың интеллектуалдық жағдайы адамның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алмауымен сипатталады.

Кінәнің басқа нысандарынан — ниеттен және менмендіктен немқұрайдылықтың айырмашылығы сонда — адам өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынбайды, қоғамға қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білмейді.

Немқұрайдылықта адам өз әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынбайды, зиянды зардаптардың| болуы мүмкін екендігін алдын ала білмейді, себебі сақтық  ережесін ұстанбайды, жеке  адамның мүддесін, мемлекет пен қоғам мүдделерін сақтауға қажетті ұқыптылық, сақтық және жете қамқорлық көрсетпейді. Егер айыпкер ұқыптырақ болып, сақгық ережесін сақтауға өз міндетіне жауаптырақ қараса, ол өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды екендігін ұғынған болар еді, зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала біліп, оларды  тойтарған болар еді.

Немқұрайдылық  болған  кейбір жағдайларда адам жасалатын әрекетті сол мәнінде толық ұғына алмайды, сондықтан да ол қоғамға қауіпті зардаптардың  болуы мүмкін екендігін алдын ала білмейді.

Немқұрайдылықтың еріктік  жағдайы екі нышанмен сипатталады. Біріншісі — адам өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптарын алдын ала  білуге тиіс еді; екіншісі — адамның оларды алдын ала білуі мүмкін болған. Қоғамға  қауіпті зардаптарды алдын ала білу міндеті, заң тілімен айтқанда «тиіс еді» деген сөз немқұрайдылықтың объективтік критерийі болып табылады.

Алдын ала білу мүмкіндігі, заң тілімен айтқанда «мүмкін  болған» деген сөз, немқұрайдылықтың субъективтік критерий болып табылады.

Заң (ҚК-тің 21 бабының 3 бөлігі) немқұрайдылыққа екі критерийді — субъективтік және объективтік  критерийлерді  қосып анықтама береді.

Немқұрайдылықтың объективтік  критерийі — өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының  болуы мүмкін екендігін адамның  алдын ала білуі керек екендігі. Бұл міндет заңның, басқа да нормативтік  актілердің талаптарынан, қызметтік және кәсіби міндеттерден, тұрмыс ережелерінен, сақтықты  талап  ететін басқа да ережелерден туындайды. Бұл  міңдеттің мәні сонда - адам өзіне жүктелген міндетті орындау барысында, әрекет жасалынатын накты жағдайда  ұқыпты, сақ болуға, зиянды зардаптардың  болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге және оларды болдырмау үшін  шара  қолдануға тиіс.

Объективтік критерий сақтықтың  белгілі бір талаптарын ескеруді міндеттейді, ол талаптарды айыпкер  айналысқан белгілі бір кәсіптің, мамандықтың немесе қызметтің адамдары сақтауға құқықтық, моральдық, тұрмыстық ережелердің нормалары әр адамға жүктеген сақгық шараларын орындауға тиісті.

Информация о работе Қылмыс құрамы