Қылмыс құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама — ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................3
1 Қылмыстың құрамы.............................................................4
1.1 Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы..............4
1.2 Қылмыс құрамының элементері мен нышандары...............................7
1.3 Қылмыс құрамдарының түрлері.................................................................9
2 Қылмыс объектісі.................................................................. 11
2.1 Қылмыс объектісі ұғымы және оның маңызы...............11
2.2 Қылмыс объектілерінің түрлері................................................13
2.3 Қылмыс заты..........................................................................................................17
3 Қылмыстың объективтік жағы.............................................20
3.1 Қылмыстың объективтік жағы ұғымы.................................................20
3.2 Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік........................21
3.3 Қоғамға кауіпті зардап ұғымы...................................................23
3.4 Себептік байланыс және оның қылмыстық заңдағы маңызы.........................................................................25
4 Қылмыстың субъективтік жағы..........................................27
4.1 Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы...27
4.2 Ниет және оның түрлері............................................................29
4.3 Абайсыздық және оның түрлері.................................................................36
4.4 Қылмыстың себебі және мақсаты.................................................................40
4.5 Кінәнің қосарланған (аралас) нысаны............................................................44
4.6 Кателік және оның түрлері..........................................................45
4.7 Кателік және оның түрлері..........................................................46
5 Қылмыс субъектісі.......................................................................48
5.1 Қылмыс субъектісі ұғымы..........................................................................48
Әдебиеттер 63

Прикрепленные файлы: 1 файл

қылмыс құрамы.doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

Объективтік критерий тұрғысынан алғанда, осындай жағдайда қалған кез-келген адам зиянды зардаптарды алдын ала  білуге тиіс болса ғана сол зардаптардың  болатындығын  алдын ала білу мүмкіндігі бар деп танылады.

Объективтік критерийде адамның өзіне тән зардаптардың  болуы мүмкін екендігш алдын ала білуге тиіс болатын), онда зардаптардың   болуының  мүмкін екендігін адам алдын ала біле алатын жағдайда ғана  немкұрайдылық болады.

Мысалы, М. мен  К. өзара жанжалдасып бірін-бірі итере бастады. М.-нің қатты итеруінен К. шалқасынан құлап, басын тасқа соғып алды. Желке сүйегі мен бас терісінің жарақаттануы нәтижесінде ол көп кешікпей қайтыс болды.Сот М.-нің әрекетіңде  қылмыстық  немқұрайдылық нысанындағы абайсызда адам өлтіру бар екендігін мойындады. Тасты жерде тұрған К.-ны итергенде М. зиянды зардаптың болуы мүмін  екендігін (К.-нің өлім) алдын ала білмесе де, оның кұлайтынын  жөне ауыр зардаптың  болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге тиіс еді  және біле алатын еді.

Зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге тиіс емес жағдайда да жөне олардың болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алмаған жағдайда да  немқұрайдылық орын алмайды.

Қылмыстық немқұрайдылықты  кездейсоқ жағдайдан немесе казустен, яғни жазықсыз зиян келтіруден ажырату керек.

Кездейсоқ жағдайда зардаптың  болғандығына адам жазықты емес, сондықтан  қылмыстық  жауаптылық та болмайды.

ҚК-тің 23 бабының  бірінші бөлігіне сөйкес, егер әрекет жасаған адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) және одан кейін пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар оның ниетімен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай өрекет жасағаны және қоғамдық қауіпті зардаптар келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз    жасалған деп танылады.

ҚК-тің 23 бабының  екінші бөлігіне сәйкес, егер әрекет  жасаған адам өзінің іс-өрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін ұғынбаған және істің мән-жайы бойынша ұғьша алмаған болса, не қоғамдық қауіпті зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе және істің мән-жайы бойынша оларды алдын ала білуге тиіс болмаса немесе білуі мүмкін болмаса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

ҚК-тің 23 бабының  екінші бөлігі жазықсыз зиян келтірудің ерекше түрін қарастырады.

Егер әрекет жасаған  кезде қоғамға  қауіпті зардаптардың пайда болуын алдын ала  білген адам оны  болғызбауға  жеткілікті  негізде сенген болса не өзінің психика-физиологиялық  қасиеттерінің  қысыл-таяң  жағдайлар талаптарына сәйкес  келмеуіне немесе жүйке-психикалық  ауыртпалықтарга байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмесе де, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

 

4.4  Қылмыстың  себебі  және  мақсаты

Қылмыстың субъективтік жағы қылмыс жасаған адамның айыптылығына байланысты мәселемен шектелмейді. Қылмыс жасағанға дейін, жасау кезінде және одан кейін айыпкердің психикасында күрделі ішкі процесс жүреді, ол кінәнің нысандарымен  ғана шектелмейді.

      Субъективтік критерий әрбір нақты жағдайда сол адамның тек өзіне тән ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптарын сол адамның алдын ала білуі мүмкін болды ма деген сұраққа жауап беру үшін оның жасын, білімін, кәсібін, өмір тәжірибесін, жұмыс стажын және т.б., сондай-ақ денсаулығын, эрекет жасалған кездегі жағдайды ескеру қажет. Тек сол субъективтік критерийлерге сүйене отырып ол адамның зиянды зардаптардың болатынын алдын ала білуге нақты мүмкіндігі болған-болмағандығын анықтауға болады.

Субъективтік  критерий объективтік назардың болуын жокқа шығарды. Сондықтан да қылмыстық заң немқұрайдылықтың субъективтік критерийіне шешуші маңыз береді.

Субъективтік критерийдің  бар-жоктығын анықтау үшін алдымен  объективтік критерийдің бар-жоқтығын анықтау керек. Егер немқұрайдылықтың объективтік критерийі болмаса (адам өз әрекетінің болуы мүмкін зардаптарын алдын ала білуге тиісті емес болатын) немқұрайдылықтың субъективтік критерийі туралы мәселе де болмайды. Егер объективтік критерий анықталса (адам зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігш алдын ала білуге тиіс болатын), онда зардаптардың  болуының мүмкін екендігін адам алдын ала біле алатын жағдайда ғана немкұрайдылық болады.

Мысалы, М. мен  К. өзара жанжалдасып бірін-бірі итере бастады. М.-нің қатты итеруінен К. шалқасынан құлап, басын тасқа соғып алды. Желке сүйегі мен бас терісінің жарақаттануы нәтижесінде ол көп кешікпей қайтыс болды.Сот М.-нің әрекетіңде қылмыстық немқұрайдылық нысанындағы абайсызда адам өлтіру бар екендігін мойындады. Тасты жерде тұрған К.-ны итергенде М. зиянды зардаптың болуы мүмін екендігін (К.-нің өлім) алдын ала білмесе де, оның кұлайтынын жөне ауыр зардаптың болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге тиіс еді және біле алатын еді.

Зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге тиіс емес жағдайда да жөне олардың болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алмаған жағдайда да немқұрайдылық орын алмайды.

Қылмыстық немқұрайдылықты кездейсоқ жағдайдан немесе казустен, яғни жазықсыз зиян келтіруден ажырату керек.

Кездейсоқ жағдайда зардаптың  болғандығына адам жазықты емес, сондықтан  қылмыстық жауаптылық та болмайды.

ҚК-тің 23 бабының  бірінші бөлігіне сөйкес, егер әрекет жасаған адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) және одан кейін пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар оның ниетімен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай әрекет жасағаны және осыған байланысты өзі жасаған қылмысқа субъектінің психикалық көзқарасының қалыптасу тетігін, сондай-ақ мазмұнын анықтап білу үшін оның қылмыс жасау себебінің және мақсатының сипаттарын анықтау қажет.

Адамның қылмыс жасаған кездегі психикалық күйін сипаттайтын екі негізгі жағдайдан — интеллектуалдық және еріктік жағдайлардан басқа, адамның қандай да бір қылмысты қай сезімі оянып (өшпенділік, күндеу, қызғаныш, бас пайда, сараңдық, үрей, қорқақтық, т.б.) жасағандығын көрсететін эмоционалдық жағдайда да бар. Сонымен, қылмыс жасауға ықпал жасайтын эмоционалдық жағдай адамның субъективтік қасиеттерімен және ол қылмыс жасаған кезде қалыптасқан мөн-жайлармен байланысты.

Қылмыстың себебі — субъекті қылмыс жасаған кезде басшылыққа алған ішкі талабы. Себеп әрқашанда ниеттен бұрын тұрады, бір немесе бірнеше себептен ниет туады, орнығады. Оны анықтау адамның қылмыс жасаған кездегі психикалық күйін бағалау үшін ғана емес, айыпкерге мінездеме жасау және оның жеке басын моральдық тұрғыдан бағалау үшін де маңызды.

Қылмыстың себебі жасалған әрекеттің заңдылық дәрежесін де сипаттайды. Ол, сонымен қатар, қылмыс құрамының қажетті нышаны болып табылатын, жаза тағайындағанда жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде сот ескеретін жағдайларда қылмысты саралау үшін де маңызды.

 

 

 

Қылмыстың себептері эртүрлі болуы мүмкін. Қылмыстық заңда және сот-тергеу практикасында неғұрлым жиі кездесетін себептерді мына топтарға бөлуге болады:

1) саяси сипаттағы себеп, ол біздің мемлекетімізге, оның егемендігіне немесе аумақтық тұтастығына қастандық көзқарастан туындайды. Шетелдік барлаудың агенттері, сондай-ақ біздің мемлекетке дұшпандық пиғылдағы адамдар осы себепті басшылыққа алады;

2) өзімшілдіктің әртүрлі нысаны болып келетін опасыз себептер. Мысалы, пайда, баюды көксеу, ашкөзділік, қызғаншақтық. Бұларға тағы да мансапқорлық, кек, ашу, өшпенділік, қорқақтық, жігерсіздік, жауапкершіліктен аулақ болу сиякты адамның опасыз қасиеттері де жатады;

3) саяси және опасыздық сипаты жоқ себептер. Оларға жеке басындағы және отбасындағы ауыр жағдайларға, материалдық, қызметтік және басқа тәуелділікке байланысты, қорқыту, мәжбүрлеу және жөбірленушінің жөнсіз әрекеттерінен қатты жан күйзелуі себепті, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғағанда қажетті қорғану шегін асырып жасаған қылмыстар жатады.

Себептердің бұл тобы заңда қылмыстардың нақты құрамдарының міңдетгі нышаңцары ретіңде көрсетіледі, сондай-ақ жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріледі.

Себеп қылмыстық  заңның диспозициясында сол қылмыстың нышаны ретінде тікелей көрсетілген жағдайда ол қылмыс құрамының субъективтік жағының қажетті нышаны болып табылады.

Себеп қылмыстың нақты құрамының міндетті нышаны ретінде заңда көзделген болса, онда бұл көрсетілген әрекет қандай да бір басқа себептермен емес, тек занда көрсетілген себептермен жасалса ғана қылмыстық деп танылады деген мағына береді. Мысалы, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану тек оны пайда табу немесе басқа жеке мүдде үшін жасаған болса ғана занда қылмыс ретінде қаралады (ҚК-тің 307 бабы).

Сол әрекеттерді  көрсетілген себептермен емес, басқа себептермен (мысалы, кәсіпорынның немесе мекеменің теріс түсінілген мүдделері себепті) жасаса, ол қылмыс болып табылмайды.

Егер себеп  қылмыс құрамының міндетті нышаны болып табылмаса, ол қылмысты саралауға ықпал жасай алмайды. Мысалы, қорлау (ҚК-тің 130-бабы), жала жабу (ҚК-тің 129 бабы) айыпкердің қандай себептерді - кек алуды, қызғанышты, өшпенділікті, т.б. басшылыққа алғандығына қарамастан қылмыс деп танылады.

Қылмыстық кодекстің  бірқатар баптарында (мысалы, ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің «б», «з», «к», «д» тармақтары) себеп қылмыс құрамының саралаушы нышаны ретінде қарастырылған.

Абайсызда жасалған қылмыс та белгілі бір себептер итермелеген еріктік акт болып табылады. Қасақана жасалған қылмысқа қарағанда абайсызда жасалған қылмыста себеп зардаптарға емес, іс-өрекетке немесе өрекетсіздікке жатады.

Абайсызда жасалған әрекетте себеп қылмыс құрамының қажетті немесе саралаушы нышаны болып табылмайды, сондықтан әрекетті саралауға ықпал жасамайды, бірақ жаза тағайындағанда сот ескереді.

Қылмыстың мақсаты —  зиянды әрекет жасағанда субъектінің  қол жеткізуге ұмтылатын нөрсесі.

Қылмыстың себебі сияқты қылмыстың мақсаты да адамның қылмыс жасауына байланысты оның санасында болатын субъективтік процесті сипаттайды. Яғни, мақсат қылмыстың қоғамға қауіптілік өлшемін көрсетеді, бұл жазаға міндетті түрде ықпал жасауға тиіс.

ҚК-тің кейбір баптарында мақсат қылмыс құрамының міндетті нышаны ретінде көзделген. Бұл дегеніміз — занда көрсетілген мақсатпен жасалған әрекеттер ғана қылмыстың осы құрамына жатады деген сөз. Мысалы, диверсия (ҚК-тің 171 бабы) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында, қарақшылық (ҚК-тің 179 бабы) — бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында жасалынады. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың қайсысы болса да пайда көру үшін жасалынады.

Қылмыстың кейбір құрамдарында мақсат қылмыстың саралаушы нышаны ретінде қарастырылады. Мысалы, басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен, жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен қасақана адам өлтіру (ҚР ҚК-тің 96 бабының «к»,«м» тармақтары), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау (ҚК-тің 259 бабының 2 бөлігі).

Мақсат әрбір қылмыста емес, тек тікелей ниетпен жасалатын  қылмыстарда ғана болуы мүмкін. Жанама ниетпен немесе абайсызда жасаған қылмыстың қылмыстық құрамының нышанында мақсат болмайды, себебі кінәнің бұл нысандарында қылмыскер зардаптардың болуын қаламайды.

Қылмыс жасаудағы мақсаттың  дұрыстап басын ашу ниеттің мазмұнын жөне бағыттылығын анықтауға көмектеседі. Мысалы, төбелес кезінде пышақжарақатын салуды, көп жағдайларда, қасақана жасалған әрекет деп санайды.

Бірақ бұл әрекетті дұрыс саралау үшін ниетті факт ретінде көрсете салу жеткіліксіз, себебі пышакден жарақат салудағы мақсатқа байланысты бұл әрекет бұзақылық, дене жарақатын қасақана салу немесе өлтіруге оқталғандық ретінде саралануы мүмкін.

Ниеттің бағыттылығын өз әрекетін жасағанда айыпкер ұстанған мақсат анықтайды. Мақсатты анықтау сырттай ұқсас қылмыстарды бірінен-бірін ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, бөтеннің автомобилін жасырын ұрлау (ҚК-тің 175 бабы) жауаптылық ҚК-нің 185 бабында көзделген қылмыстан өзгеше, себебі бірінші жағдайда айыпкер бөтеннің автомобилін ұрлау мақсатында оны заңсыз иемденді. КҚ-тің 185 бабын қоддану үшін айыпкерде ондай мақсат болмауға тиіс.

Себеп және мақсат - өзара үйлесімдегі ұғымдар. Адамның өз мақсатын қалай қалыптастыратындығы себепке байланысты. Мақсат - қандай да бір әрекетті жасауда адамды алға жетелейтін күш. Мақсат бір немесе бірнеше себептерсіз туындамайды, ал, басқа жағынан алсақ, мақсат болса себепте мазмұн да болады.

Қылмыс жасаудың себебі мен мақсаты, олар бірімен-бірі қанша тығыз байланыста болғанмен, өзара тең ұғымдар емес. Олар еріктік процестің әртүрлі жағын сипаттайды. Қандай да бір әрекетті адам не үшін жасады деген сұраққа себеп жауап береді. Ал мақсат қызметтің бағытын анықтайды. Мысалы, жалдамалықтың себебі пайда көру болса, оның мақсаты — материалдық табысқа немесе басқадай жеке пайда көруге ұмтылу (ҚК-тің 162 бабы).

 

4.5 Кінәнің    қосарланған   (аралас)   нысаны

Субъективтік  жағынан алғанда қылмыстық занда көзделген бір қылмыстар тек касақана, екіншілер тек абайсызда, үшіншілер — бір жағынан касақана, бір жағынан абайсызда жасалуы мүмкін.

Информация о работе Қылмыс құрамы