Қылмыстық жауаптылықтың негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 08:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы 1991 жылы егемендік алғаннан бастап құқық жүйесі толығымен реформаланды. Қылмыстық құқық саласында да бірқатар өзгертулер мен толықтырулар орын алды. Атап айтқанда, жаңа Қылмыстық Кодекс, Қылмыстық атқару кодексі сынды маңызды құжаттар қабылданды. Сот тәжірибесінде жасалған іс – әрекеттің қылмысты екен дігін нақтылау өте маңызды болып табылады. Өйткені дұрыс анықталған фактілер адам тағдырын шешуге де ықпал етері сөзсіз. Осындайда қылмыс дұрысжіктелінуі үшін қылмыстық жауапкершіліктің негіздерін дұрыс анықтап алу өте маңызды.

Содержание

I. КІРІСПЕ
1. Қылмыстық жауаптылық және қылмыстық-құқықтық қатынастар
2. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
3. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
II.ҚОРЫТЫНДЫ
III.ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қылмыстық құқық.docx

— 35.66 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

I. КІРІСПЕ

1. Қылмыстық жауаптылық  және қылмыстық-құқықтық қатынастар

2. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі

3. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері

II.ҚОРЫТЫНДЫ

III.ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

           Қазақстан Республикасы 1991 жылы егемендік алғаннан бастап құқық жүйесі толығымен реформаланды. Қылмыстық құқық саласында да бірқатар өзгертулер мен толықтырулар орын алды. Атап айтқанда, жаңа Қылмыстық Кодекс, Қылмыстық атқару кодексі сынды маңызды құжаттар қабылданды. Сот тәжірибесінде жасалған іс – әрекеттің қылмысты екен дігін нақтылау өте маңызды болып табылады. Өйткені дұрыс анықталған фактілер адам тағдырын шешуге де ықпал етері сөзсіз. Осындайда қылмыс дұрысжіктелінуі үшін қылмыстық жауапкершіліктің негіздерін дұрыс анықтап алу өте маңызды. Қылмыстық жауапкершіліктің негіздерінің нысандарын белгілеу - қылмыстық ғылымның міндеті, ал келешекте оны іс жүзінде дұрыс пайдалану – құқық пайдаланушылардың: судьялардың, прокурорлардың, тіпті заңды дұрыс қолданып, айыпталушыны қорғау үшін қорғаушы үшін де өте маңызды. Сол себепті қылмыстық құқық саласындағы негізгі әрі өте маңызды мәселелердің бірі – қылмыстық жауаптылықтың негіздерін дұрыс анықтау болып табылады. Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері» ретінде таңдалынуының себептері де осы. Сонымен қатар, жоғарыда айтылған курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін де сипаттайды. Яғни, курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі – жасалған қылмыстың негізі бар немесе жоқ екендігін анықтап білу, бар болған жағдайда оларды дұрыс топтастырып, тисіті деңгейде құқықтық сипаттама жасау.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қылмыстық жауаптылық және қылмыстық-құқықтық қатынастар

 

Заң жүзіндегі жауаптылық құқық бұзушылықтан барып, яғни қорғалатын құқық қатынастарының нәтижесінен (олардың негізінде құқық шамасын  бұзу, құқыққа қарсы қылық жатыр) туындайды. Тап сондай-ақ, қылмыстық  жауаптылық оларды дәстүрлі түрде түйсінгендегі  қорғалатын қылмыстық-құқықтық қатынастардың  нәтижесі болып табылады. Сондықтан, қылмыстық жауаптылық ұғымы қорғалатын қылмыстық-құқықтық қатынастардың  мазмұнына байланысты болғанда ғана айқындалуы мүмкін. 
        Әдетте, құқықтың адамдардың еріктілік тәртібіне әсер ететіндігі белгілі болса, ал құқықтық реттеудің көздегені қоғамдық қатынастар екені даусыз. Қылмыс оқиғасы құқықтық қатынастардың үш түрін: қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-орындаушылық және қылмыстық-процессуалдық түрлерін туындатады. Бұл қатынастар ішінара тығыз байланысты, сондықтан қылмыстық-құқықтық қатынастарды қылмыстық-құқықтық реттеудің көздеген нысанасы ретінде ара жігін айыру үшін, әрбіреуі ілгеріде көрсетілген құқықтық қатынастардың әрқайсысына қатысы бар мына элементтерді анықтау қажет:

а)олармен байланысты тиісті құқықтық қатынас пайда болатын  заң жүзіндегі фактілер;

ә) құқықтық қатынастардың  субъектілері;

б)құқықтық қатынастардың  пайда болған және тоқтаған уақыты; 
        в)құқықтық қатынастар субъектілері құқықтары мен міндеттерінің мазмұны. 
        Тек қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-процессуалдық және қылмыстық-орындаушылық құқық қатынастарының аталған бөлшектерін (компоненттерін) салғастырып қана біз қылмыстық-құқықтық реттеудің қатынасын белгілей аламыз. 
        Құқық қатынасы әрдайым заң жүзіндегі фактіге сәйкес туындайды. Қорғалатын қылмыстық-құқықтық қатынас үшін ондай факті жеке тұлғаның қылмыс жасауы болып табылады1. Бұл ережеге кейбір криминалистер қарсы пікір айтып та жүр. Осыған орай, қайсыбір авторлар қылмыстық-құқықтық қатынастың басталуын қылмысты істің қозғалуымен байланыстырса, енді біреулері, оны жеке тұлғаның айыпталушы ретінде жауапқа тартылуынан бастайды, ал үшіншілері қылмыстық-құқықтық қатынастар, тек қана, айыптау үкімі шығарылған (немесе, оның заңды күшіне енген) сәтте туындайды деп есептейді. 
         Ал, шындығында алдын-ала анықтау органы, тергеуші немесе соттың қылмыс нышандарын анықтауы жасалған қылмыстың айқын екендігі жөніндегі мәселені түпкілікті шешті деп алдын алуға келмейді. Соңғы жағдайды заң жүзіндегі факт ретінде қылмыс нышандарын әлдекім, оның ішінде тергеуші немесе сот анықтады дегенге әкеп тіреу әсте дұрыс емес.

Әрине, іс жүзінде қателіктер жасалмауы керек болғанымен, олардың  істі соттың қарауы және үкім шығару кезінде  де орын алуы мүмкін. Қате шығарылған үкім (мейлі, ол айыптау немесе ақтау тұрғысында болсын) іс жүзінде жасалған қылмысты "өзгертпейді", немесе керісінше  оны дәйектей алмайды. Сондықтан, соңғы  жағдай алдын ала анықтау органдарының оның нышандарын табу фактісімен немесе соттың айыптау үкімін шығаруымен байланысты емес. Егер қылмыс жасалған болса, бірақ  алдын-ала анықтау және тергеу органдары  оны анықтамаса да, қылмыстық-құқықтық қатынастар бар деген сөз, өйткені  жасалған қылмыс — объективті болмыс, ал тергеу және сот арқылы қайтсе де анықталуы керек. Сайып келгенде, қылмыс жасау — нақты тұлғаның істеген қылмысы үшін өзі бұған  қылмыстық-құқықтық шаманың санкциясына  сәйкес мемлекет алдында жауап беретін  міндетін туындататын заң жүзіндегі  факт. М.С.Строгович былай деп, жөн  атап көрсеткен: "соттың үкімі адамды қылмыскер етпейді, ол қылмыскер  болғанды, қылмыс жасаған сәтте қылмыскер  болғанды (әрине, егер айыптау үкімі  дұрыс шығарылған болса) қылмыскер  деп таниды". А.Н.Тарбагаев көрсетілген  құқықтар мен міндеттер қылмыс жасаған  сәтте пайда болды деген шешімді  қылмыстық жаза қылмыс жасалған кездегі  күші бар заңмен белгіленеді, ал қылмыстық  жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруі, сондай-ақ, қылмыс жасалған күннен басталады  деп жөн тұжырымдаған.Қорғалатын қылмыстық-құқықтық қатынастың пайда  болуы үшін, жеке адамның қылмыстық-құқықтық шамадағы тыйым салуды бұзуы, яғни қылмыс жасағаны жеткілікті. Қылмыс жасаған  адамның қылмыстық заң қылмыспен  байланыстыратын жайсыз зардаптарды  өткеру міндеті тап сол қылмыстық  іс-әрекет істеу сәтінен бастап пайда  болады және сот пен тергеу органдарының қылмыскерді бұл міндетті орындауға  мәжбүрлейтін құқығы да осы кезден күшіне кіреді. Сонымен, құқық қатынастарының субъектілері де, сондай-ақ, олардың субъективтік құқықтары мен заң жүзіндегі міндеттері, яғни қылмыстық-құқықтық қатынастары да көз алдымызда тұр.

Қорғалатын қылмыстық-құқықтық қатынастың пайда болу уақытын анықтау  жөніндегі мәселені шешу теорияда кейінгі  кезде күрделіленіп кетті. Өйткені, 1981 ж. КСРО мен одақтас республикалар  қылмыстық заңдары Негіздерінің 3-бабында және 1982 ж. РФ ҚК-нің 3-бабында  былай деп жазылған болатын: "Ешкім  соттың үкімінсіз әрі заңға сәйкес болмаса қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табылып және сондай-ақ, қылмыстық  жазаға тартылуы мүмкін емес3. Қазіргі  кезде, бұл әділ ереже (рас, шамалы өзгертілген күйінде) РФ жаңа Конституциясы 49-бабының мәтініне де қылмыс деп есептегендікті білдіргені ме ? Бұл сауалға белгілі енгізілген. Сонда, бұл жағдай содан бері қылмыс оқиғасын бір ескертпелер теріс жауап беру керек деген ой келеді. Алдында аталып өткендей, қылмыстық-құқықтық қорғалатын қатынастардың мазмұны олардың субъектілерінің субъективтік құқықтары мен заң жүзіндегі міндеттері тұрғысындағы қатынастары болып табылады.

Осыған орай мынадай сауал  берген орынды: неге көрсетілген шаманың  бар екендігі (РФ ҚК 3-бабы 2-бөлігінін; 1982 ж. редакциялануы және оның қазіргіше  талқылануы) қылмыс оқиғасы субъектілердің қылмыстық-құқықтық шамалардан туындайтын құқықтары мен міндеттерін туғызбайды дегенге әкеп соғуы тиіс? Ал егер, бұл сауалға теріс жауап берілетін  болса, мемлекет (оның атынан құқық  қорғау органдары) ненің негізінде  қылмыс жасаған адамды соттың айыптау  үкімі бойынша қылмыскер деп  танымай тұрған кезде қылмыстық  тұрғыда қуғындайды? Мұндай жағдайда айыптау үкімі шыққанға дейін  қылмыстық тұрғыда қуғындау қылмыстық  құқықтық (материалдық) негіздемеден айрылады, ал бұл қалай болғанда да жөн деп  танылуы мүмкін емес. Қылмыстық-құқықтық шамалармен байланыссыз қылмыстық  қуғынға салу заңсыз жасалған қуғындауға айналады, өйткені, қылмысты және жазаланатын  іс-әрекетті анықтау, тек қылмыстық  заңда ғана мүмкін. Сондықтан, мынадай  келесі тұжырым бой көрсетеді: қорғайтын  қылмыстық-құқықтық қатынас қылмыстық  заң жүзіндегі факт ретінде жасалған кезінен басталады, бірақ, оның субъектілерінің  құқықтары мен міндеттері адамды қылмыс жасады — деп танып және оған жаза тағайындалған сәттен жүзеге асырылады. Мұндай шешім РФ Конституциясының 49-бабында да қарама-қайшы келмейді.

Егер қорғайтын қылмыстық-құқықтық қатынастың бастауы қылмыс оқиғасының өзі болса, онда қылмыстық-процессуалдық  қылмыстарды туындататын заң  жүзіндегі факт ретінде қылмыс жасаған  адамды анықтауға бағытталған тергеушінің, прокурордың, соттың процессуалдық  әрекеттері танылуға тиіс1. Қылмыстық-орындаушылық құқықтық қатынастардың пайда болуымен байланыстырылатын заң жүзіндегі  факт санатында соттың айыптау үкімін жариялауын есептеген жөн.

Құқықтық қатынастар субъектілердің құқықтары мен міндеттері толық  жүзеге асырылғанда тоқтатылады. Қылмыс жасаған адам жазаға тартылып қана қоймай, қылмыстық құқық шамаларында  қарастырылған, өзі жасаған қылмыстың  өзге де жағдайсыз зардаптарын да тартуға міндетті. Қылмыстық-құқықтық қатынастар, мәселен, РФ ҚК 86-бабына орай соттылықтың алынуының ерекше (соттық тұрғыдағы) тәртібіне сәйкес туындауы мүмкін.

Бірақ, қылмыс оқиғасы қорғайтын  қылмыстық-құқықтық қатынастардың  негізінде жататын жалғыз ғана заң  жүзіндегі факті емес. Қорғайтын  қылмыстық-құқықтық қатынастардағы заң  жүзіндегі фактілерді дәрежелеудің негізі ретінде осы құқықтық қатынастардың  динамикасын, яғни олардың пайда  болуы, өзгеруі және тоқтауын қабылдауға болады. Бұл жағдай оларды үш топқа  бөлуге мүмкіндік береді. Олар мыналар:

а) қорғайтын қылмыстық-құқықтық қатынастардың туындауына ілгек болатын заң жүзіндегі фактілер;

ә) өздерімен қорғайтын  қылмыстық-құқықтық қатынастардың  өзгеруі байланыстырылатын заң  жүзіндегі фактілер;

б) өздерімен қорғайтын қылмыстық-құқықтық қатынастардың тоқтатылуы байланыстырылатын заң жүзіндегі фактілер.

Бірінші топтағы заң жүзіндегі  фактілердің негізгі түрі — деп  қылмыс оқиғасын таныған жөн. Бірақ, бұл жағдай қорғайтын қылмыстық-құқықтық қатынастарды туындататын фактілердің  көп түрлілігін түгеспейді. Мысалы, қорғайтын қылмыстық-құқықтық қатынастар ауқымында сот медициналық сипаттағы  мәжбүрлеу шараларын қолданады. Тиісті қылмыстық-құқықтық шамалар  осынау қылмыстық-құқықтық қатынастар субъектілерінің ерекше субъективтік құқықтары мен міндеттерін қарастырады. Айталық, есі ауысқандарға медициналық  сипаттағы мәжбүрлеу шараларын  қолдану үшін, ол адамның қоғамға  қауіпті іс-әрекетті есі дұрыс  емес жағдайда жасаған факті немесе есі дұрыс жағдайда қылмыс жасаған  адамның үкім шығарылғанға дейін, яки  шығарылғаннан кейін жазаны тағайындауға не орындауға мүмкіндік бермейтін  психикасы бұзылып ауырғандығы  жайлы факті талап етіледі. Мұндай шаралардың қолданылуы, психикасының бұзылуы бұл адамның өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігіне не өзіне  немесе басқа адамдарға қауіп  төндіруіне байланысты жағдайларда  ғана мүмкін (РФ ҚК-нің 97-бабы).

Қорғайтын қылмыстық-құқықтық қатынастардың өзгеруімен байланысты заң жүзіндегі фактілер өз алдына екі топтамаға бөліне алады:

а) жазаны, оның ішінде шартты жазаны орындамай жалтарудан тұратын  заң жүзіндегі фактілер. Бұларға  айыппұл төлеуден (РФ ҚК-нің 46-бабы); міндетті жұмыстардан (РФ ҚК 49-бабы); бостандықты  шектеуден жалтару (РФ ҚК-нің 74-бабы); жазадан мерзімінен бұрын босатудың  шарттарын орындамау (РФ ҚК-нің 79-6.) және кейбір басқалары жатады.

ә) есі ауысқандық сырқатынан жазылып шыққан адамға жаза қолдануға  негіз болып табылатын заң  жүзіндегі фактілер (РФ ҚК- нің 103-бабы).

Қорғайтын қылмыстық-құқықтық қатынастардың тоқтатылуымен байланысты заң жүзіндегі фактілердің үшінші тобы үш негіз бойынша дәрежеленуі  мүмкін.

Біріншіден, бұлар сот  тағайындаған жазаның орындалуын куәландыратын  фактілер.

Екіншіден, олармен қылмыстық  заң қылмыстық жауаптылықтан  босатуды байланыстыратын фактілер. Олар:

• ескерту мерзімінің өтуі (РФ ҚК-нің 78-бабы);

• жағдай өзгеріп, оның нәтижесінде жеке тұлға жасаған іс-әрекеттің қоғамға қауіпті сипатынан айрылуы немесе сол тұлғаның қоғамға қауіпті болуын тоқтатуы (РФ ҚК-нің 77-бабы);

• адамға қылмыстық жауаптылықтан босатудың басқа да жағдайларына негіз боларлықтай фактілер;

• рақымшылдықтың қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз болуы (РФ ҚК-нің 84-бабы).

Бұған қылмыстық заң қылмыстық  жауаптылықтан босатуды Кодекстің  Ерекше бөлімінде көрсетілген негіздермен, мысалы, (РФ ҚК-нің 275-бабына ескертпе) байланыстыратын  фактілерді де жатқызуға болады.

Үшіншіден, бұлар кінәлінің  жазадан сөзсіз босатылғандығымен  байланыстырылатын заң жүзіндегі  фактілер. Оған мыналарды жатқызуға  болады:

• айыптау үкімінің ескіруі (РФ ҚК-нің 83-бап);

• шартты түрде сотталғанда сынақ мерзімінің аяқталуы (РФ ҚК-нің 73-бап);

• рақымшылық немесе кешірім жасау негізінде жазадан босату (РФ ҚК-нің 84-85-баптар) және кейбір басқа фактілер.

Осы фактілердің барлығы  да қорғайтын қылмыстық-құқықтық қатынас  субъектілерінің субъективтік құқықтары  мен міндеттерінің толықтай жүзеге асырылғандығымен сипатталады.

Сонымен, қорғайтын қылмыстық-құқықтық қатынастардың мазмұны қылмыстық  жауаптылық пен жазаның жүзеге асырылуының  әрқилы аспектілерімен айғақталады  — ал, олар қылмыс оқиғасымен, сондай-ақ, жазаның тағайындалуымен, оның өзгеруімен, қылмыстық жауаптылық пен жазадан  босату, сондай-ақ, медициналық сипаттағы  мәжбүрлеу шараларын қолданумен байланысты. Қылмыстық жауаптылықтың  қорғайтын қылмыстық-құқықтық қатынаспен тығыз байланысы да осында жатыр.

 

 

 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

Қылмыстық жауаптылықтың  түсінігі

 

        Қазақстан Республикасының  заңнамасына сай мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.

Информация о работе Қылмыстық жауаптылықтың негіздері