Қылмысқа қатысу нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:06, статья

Краткое описание

Қылмысқа қатысудың нысандары туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу төрт түрлі нысанға бөлінеді: адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан топ және қылмыстық қоғамдастық. ҚР ҚК-тің 31-бабы қылмысқа қатысудың төрт нысанын ажыратып көрсетеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қылмысқа қатысу нысаны.docx

— 11.73 Кб (Скачать документ)

                                    Қылмысқа қатысу нысаны

Қылмысқа қатысудың нысандары  туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерінің  өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара объективтік  байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне  байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу төрт түрлі  нысанға бөлінеді: адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар  тобы, ұйымдасқан топ және қылмыстық  қоғамдастық. ҚР ҚК-тің 31-бабы қылмысқа қатысудың төрт нысанын ажыратып көрсетеді.

31-баптың 1-тармағы: Егер қылмыс  жасауға екі немесе одан да көп орындаушы күні бұрын сөз байласпай бірлесіп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс деп танылады.

31-баптың 2-тармағы: Егер қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады.

31-баптың 3-тармағы: Егер қылмысты  бір немесе бірнеше қылмыс  жасау үшін күні бұрын біріккен  адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған  қылмыс деп танылады.

31-баптың 4-тармағы: Егер қылмысты  бір немесе бірнеше қылмыс  жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан  топтардың бірлестігі жасаса, ол  қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық  ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.

Сонымен қатар ҚК-тің 31-бабының 4-1 және 4-2-тармақшалары қосымша трансұлттық  ұйымдасқан топ және трансұлттық  қылмыстық қоғамдастық деп ажыратылған. Бұл жерде менің ұсынар идеям  – қазіргі қылмыстық кодекстегі 31-баптың тармақтар санын көбейтпей, 4-1 және 4-2 тармақшаларын жойып, 3 және 4-тармақтарға енгізу, яғни 31-баптың 3-тармағын ұйымдасқан топ және трансұлттық ұйымдасқан топ деп көрсету, сондай-ақ 31-баптың 4-тармағын қылмыстық қоғамдастық және трансұлттық қылмыстық қоғамдастық деп көрсету. Бұл идея практикада құқыққолданушыларға қылмысқа қатысу нысанын дәл анықтауға тиімді, сонымен қатар жаза тағайындау барысында үлкен септігін тигізеді.

 

Қинаш Гүлім КЮ-201


Информация о работе Қылмысқа қатысу нысаны