Қылмысқа дайындалудың түсінігі және ол үшін жаза тағайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2013 в 20:45, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24- бабының 1 бөлігінде қылмысқа дайындалуға былай түсінік беріледі - қылмыс істеу үшін құралдар немесе қарулар іздестіру, жасау немесе бейімдеу, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, олардың арасында келісімге қол жеткізу, немесе қылмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар туғызу қылмысты істеуге даярланғандық деп аталады.
Осы анықтамадан қылмысқа дайындалудың келесі объективтік белгілерін көруге болады:
қылмыс жасауға қару және құрал іздестіру;
табылған қару немесе құралды қылмыс жасауға бейімдеу;
қылмысқа қатысушыларды іздестіру және олармен сөз байласу;
қылмыс жасау үшін қолайлы жағдай туындату.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сауле. Ст.1.doc

— 52.50 Кб (Скачать документ)

                                                                       Орталық-Азиа Университетінің

                                                                        магистранты Джайляуова С.Б.                                                        

 

 

Қылмысқа дайындалудың түсінігі  және ол үшін жаза тағайындау

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінің 24- бабының 1 бөлігінде қылмысқа дайындалуға былай түсінік беріледі -  қылмыс істеу үшін құралдар немесе қарулар іздестіру, жасау немесе бейімдеу, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, олардың арасында келісімге қол  жеткізу, немесе қылмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар туғызу қылмысты істеуге даярланғандық деп аталады.

Осы анықтамадан қылмысқа дайындалудың келесі  объективтік  белгілерін көруге болады:

  1. қылмыс жасауға қару және құрал іздестіру;
  2. табылған қару немесе құралды қылмыс жасауға бейімдеу;
  3. қылмысқа қатысушыларды іздестіру және олармен сөз байласу;
  4. қылмыс жасау үшін қолайлы жағдай туындату.

1) Құрал-қаруларды іздестіру  дегеніміз - әртүрлі жағдайлармен қылмыс жасау үшін құрал жабдықтарды, қару-жарақтарды іздестіру, табу, айырбастау, заңсыз алу және басқа әрекеттер арқылы  ие болуды айтамыз.

2) Құрал және қаруларды  бейімдеу дегеніміз – адамның  алдын-ала ойлап қойған қылмыстарды  жүзеге асыру үшін заттарды соған жарамды етіп бейімдеуін  айтамыз.

3) құрал және қаруларды  жасау дегеніміз – қылмыс жасау  үшін құрал жабдықтарды, қаруды  кез келген жағдаймен жасауды  айтамыз. 

4) басқа да жағдайлар  жасау дегеніміз – қылмысқа  жағдай жасау түрлері әртүрлі  ол тек жоғарыда айтылғандармен шектелмейді, сондықтан заңның  мәтінінде нақты көрсетілген. Қасақана басқа бір жағдай  туғызу қылмысты істеуге даярланғандық болып табылады. Бұл жағдайларға қылмыс жасау үшін  ұйымдасқан топ құру, қылмыс жасау үшін кедергілерді жою жатады. Сонымен  қатар, дайындық әрекеттеріне қылмысқа қатысушыларды іздестіру және  олармен қылмыс жасау туралы сөз байласу жатады [1, 23 б].

Қылмыс жасау үшін келісу дегеніміз – қылмыс жасау  үшін екі және  одан да  көп  адамдардың келісімге келуін айтамыз.

Қылмыс жасау заттары  деп - әртүрлі заттарды  айтуға болады, құжаттардың, қарулардың көмегімен  қылмыстық қол  сұғушылықты жасау  жеңілдейді.

Қылмыс жасау құралдарына, объективтік пайдалануға жарайтын кез келген заттарды жатқызуға болады.

Дайындық әрекеттері қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға тікелей қауіп  төндірмейді. Дайындық әрекеті кінәлінің алдына қойған мақсатына жету үшін соған жағдай жасап, мүмкіндік  туғызады [2, 167 б.].

Белгілі бір  әрекетті қылмысқа дайындық деп саралау барысында Қылмыстық Кодекстің Ерекше  бөлімінің бабына  сілтеме жасаумен қатар, әруақытта 24 баптың 1 бөлігіне де  сілтеме жасау керек [3, 14 б]. Қылмысқа  дайындық сөз жоқ әрекеттермен бейнеленеді, бірақ кейде әрекетсіздік арқылы жасалуы да мүмкін.

Кейбір жағдайларда сыртқы көрінісі дайындыққа  ұқсас әрекеттерді заң  жеке аяқталған қылмыс есебінде қарастырады. Бұл жағдайларда заң аяқталған  қылмыс болып табылатын әрекетті, басқа  қылмыстарда оқталу немесе оқталуға дайындық ретінде қарастырады. Мысалы, ұйымдасқан қарулы топ құру бір  қылмыс үшін дайындық әрекеті болса, екінші жағдайда мәселен, ҚК 237 бапта  тұрақты қарулы топ құрудың өзі аяқталған қылмыс болып табылады. Осыған байланысты, бұл жерде қылмысқа оқталу жоқ, ал дайындық сатысын  аяқталған қылмыспен ұштасып кеткені мәлім  болып отыр.

Сонымен, адамды қылмыстық  жауаптылыққа  тартпас бұрын, оның іс-әрекетінде қылмысқа алдын-ала дайындалу  белгілерінің бар не жоқ екендігі анықталуы қажет. Яғни, дайындық әрекеттерінің  қылмыстық сипатқа ие  екендігін  қоғамға қауіп төндіру белгісі анықтайды. Н.Д. Дурмановтың пікірі  бойынша, қоғамға қауіптілік дайындық кезінде қолданылатын құрал-жабдыққа  байланысты болады. Қылмыс жасауға арналған арнайы құралдарды  алу дайындық әрекеттерінің қоғамға  төндіретін қаупінің жоғары екеніне дәлел болады [4, 70б].

Н.Ф. Кузнецованың пікірі  бойынша, қасақаналықпен жасалатын  қылмыстың қоғамға  қауіптілігі  ең алдымен әрекеттің неге  бағытталғандығымен  анықталуы қажет. «Объект неғрлым  құнды болса, - деп жазады автор, -   алдын-ала жасалынған дайындық әрекеттері соғурлым қоғамға қауіпті болады да, қылмыстық әрекет ретінде жазаланады. Ал неғурлым құндылығы төмен объектілерге қол сұғу үшін жасалынған дайындық әрекеттерінің қоғамға қауіптілігі төмен болады [5, 62 б].

В.К. Глистиннің пікірі бойынша қылмыс - әлеуметтік түсінік, яғни одан  келетін зардап қоғамдық қатынастарға әсер етпей қоймайды. Осы орайда М.Н.  Становскийдің пікірінше қылмыс қауіптілігі қылмыс нәтижесінде объектіге  келтірілген зиянмен қатар бұзылған қоғамдық қатынастар жиынтығын ескеру тиіс. Бұл пікірге Н.Д. Дурманов та қосылып, қылмыстың алдында  жасалатын әрекеттер, олар тек қоғамға қауіпті болған кезде ғана   жазаға тартылуы тиіс  деген ойын жеткізген. Т.В. Церетелидің пікірінше қылмыстық нәтижеге бағытталған әрекетті қауіпті деп, тек оның нәтижесінде белгілі бір зиян келгенде ғана айтуға болады.

Л.Д. Гаухманның пікірінше  қылмысты аяғына дейін жеткізуге  жағдай  жасаудың өзі қоғамға  қауіпті әрекет.

Аталған ғалымдардың  пікірлерінен, біз қылмысқа дайындалу  жайлы ойдың бір жағаға тоғыспайтындығына көз жеткіздік. Айтылған пікірлер  дайындалудың түсінігін жан-жақты қарастырады. Мысалы, А.Н. Ситинкова мен А.П. Козловтың пікірлерінше – қылмысқа дайындалу қоғамға  қауіпті әрекет, сондықтан аясын кеңейтіп, нақты жасалған дайындалу түрлерінде қылмыстық жазаны қолданып,қылмыстық заңдарға толықтырулар  енгізу керек. Бұл пікірмен кейбір ғалымдар келіспейді, оның бірі М.Г. Гринь, оның айтуынша қылмысқа дайындалуды декриминализациялау керек, себебі, ондай әрекеттердің қоғамға қауіптілік дәрежесі өте төмен және ол  қылмыс объектісіне қауіп  төндіруден алыс болады.

Қылмысқа дайындықтың  қоғамға қауіптілігін анықтауға  қажетті талаптардың бірі болып, біздің ойымызша, қылмыс жасаудың нақты  сипаты  табылады. Ол өз кезегінде  біріншіден, дайындық әрекеттерінің сипаты және  көлемімен, екіншіден, қылмыстық нәтижеге  жақындығымен анықталады. Сипаты бойынша әртүрлі дайындық әрекеттері  қоғамға әртүрлі дәрежеде қауіп төндіреді. Дайындықтың келесі негізгі белгісі әрекеттің адамның еркінен тыс  жағдайларға байланысты үзілуі.

Қылмысқа дайындық құрамының, аяқталған қылмыс құрамынан және  қылмысқа оқталудан өзіндік ерекшеліктері  бар. Бұл ерекшелік дайындық  әрекеттерінің  объективтік белгілеріне және субъективтік жағына байланысты.

Біріншіден, қылмысқа дайындық кезінде, ойластырылған қылмыс  объектісіне тікелей әсер ету  әлі болмайды.

Екіншіден, кез келген қылмысқа дайындық әрекеттері қылмысқа  дайындықтың объективтік жағын  құрайды. Сонымен, қылмысқа дайындық құрамы өзінің жеке объективтік жағымен сипатталады.

Қылмысқа дайындықтың  объективтік жағы тек әрекет арқылы жүзеге асырылады. Бұл Қылмыстық  кодекстің 24 бабының 1  бөлігінің  анықтамасынан шығады, себебі қылмыстық  заң бұл сатының тек белсенді  нысанының кезеңін көрсетеді. Соған  орай, көрсетілген нысанның қай-қайсысы болса да әрекетсіздік жолымен жүзеге асырылмайды. Бұл жерде объективтік жағының ерекшелігі қылмыстың адам еркінен тыс жағдайларға байланысты аяғына дейін жетпей қалуы. Сондықтан, біз екі жағдайды естен шығармауымыз керек. Біріншіден, қылмысқа  дайындық, аяқталған қылмыс  құрамын құрамауы керек. Екіншіден, адамның ойлап қойған қылмысы, сол адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты қылмыстық әрекет аяғына дейін жетпей қалуы керек, яғни кінәліге байланысты емес  жағдайлармен аяқталмай, қылмысқа  дайындық ретінде қалуы керек. [6, 52 б].

Субъективтік жағынан, қылмысқа дайындық тек қасақана кінәмен  сипатталып тікелей қасақаналық  түрінде болады. Адам қылмысқа дайындық жасағанда, өз әрекетінің қоғамға қаіпті екенін біледі, қылмыс жасалуына жағдай жасап, сол әрекеттің болуын саналы түрде тілейді [7, 21 б].

Қолданыстағы қылмыстық  заң қандай да бір қылмыс шеңберінде  дайындық үшін жауапкершілікті шектемейді. Алайда, тәжірибеден мәлім  қылмысқа дайындық әрекеттері үшін жауаптылыққа тарту жиі кездеспейді. Ол келесі  себептермен түсіндіріледі.

Біріншіден, дайындық жасырын  түрде жүреді, ол туралы нақты мәлімет  болмағандықтан, ашылмай қалады. Көптеген жағдайда жасалынған  әрекеттердің қылмыстық бейнесін дәлелдеу қиын.

Екіншіден, көп жағдайда адам дайындық әрекеттерімен ғана  шектелмейді одан әрі оқталу сатысына не қылмыстың аяқталуына өтіп кетеді де дайындықты жеке қараудың қажеттілігі болмай қалады.

Тәжірибе көрсеткендей көп жағдайда айыптының дайындалған  қылмыстық  әрекеті, оған дайындық істері де қоғамға қауіптілігі мардымсыз болғандықтан, айыптыны жауаптылыққа тарту қажетсіз болып қалады.

Қолданыстағы заң бойынша  тек ауыр немесе аса ауыр қылмысқа  дайындық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.   Біздің ойымызша бұл  дұрыс секілді.

Қылмысқа дайындықты, арам ниетті табу мен оқталудан айыра білу қажет. Қылмысқа дайындықтың арам ниет ойлаудан айырмашылығы, арам ниетте адам тек қылмыс жасауға ниет білдіреді, ал дайындықта сол қылмысқа нақты әрекеттермен жағдай туғызады. Арам ниетті байқағанда қоғамға қауіпті әрекеттер болмайды, ал дайындықта, нақты қылмыс үшін алғы шарттар болатын қоғамға қауіпті әрекет жасалынады.

Дайындықтың, оқталудан  айырмашылығы оқталуда құқықпен қорғалатын объектілерге тікелей қол сұғушылық  болады және бұл объект зиян шегу  қаупіне қалады не оған ішінара зиян келтіреді, ал дайындықта мұндай объектілерге қол сұғушылық болмайды.

Қылмысқа дайындық үшін жаза  тағайындағанда сот жаза тағайындаудың  жалпы ережелерін және аяқталмаған  қылмыс үшін жаза тағайындау ерекшеліктерін ескереді. Сонымен қатар, қылмыстың аяқталмай қалуына  себепші жағдайлар есепке алынады.

Қылмысқа дайындық үшін жазаның мөлшері  аяқталған қылмыс үшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген тиісті бап  үшін белгіленген ең қатаң жазаның  жартысынан аспауы қажет. Қылмысқа дайындық үшін өлім жазасы немесе өмір  бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Таганцев Н.С. Новое уголовное право России. – М., 1996. – 358 с.
  2. Учебник уголовное право. Общая часть. – М., СПАРК, 1996. – 412с.
  3. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений. – М., Юрист, 1999. – 304с.
  4. Дурманов Н.Д. Стадии совершения преступления по советскому уголовному праву. – М., Юридическая литература, 1955. – 212 с.
  5. Кузнецова Н.Ф. Ответственность за приготовление к преступлению и покушение на преступление по советскому уголовному праву.  Юридическая литература. М., 1953. – 225с.
  6. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. – Алматы, Жеті жарға, 2001. – 212 б.
  7. Красиков Ю.А. Субъективная сторона преступления. – М., ИНФРАМ-НОРМА, 1996. – 265с.

 

 

 

                                                    Т Ү Й І Н

    

             Бұл мақалада қылмысқа дайындалудың түсінігі  және ол үшін жаза тағайындау маңызы қаралады.

 

                                                          Р Е З Ю М Е

 

В этой статье рассматриваются  понятие и значение назначение наказания  за приготовление к преступлению.

 

 

 

 

                                                             R E S U M E

 

      This article discusses the concept and significance of punishment for preparation of a crime.


Информация о работе Қылмысқа дайындалудың түсінігі және ол үшін жаза тағайындау