Қылмыстық істі қозғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 21:20, реферат

Краткое описание

Сондықтан да экономика саласының заңдылықтарын іске асыру ең алдымен, сол әрекеттердің заң негізінде жүзеге асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету керек. Сонда ғана біз мемлекетіміздің экономикасын нығайтып отырған заңдылықтарды орындауымызға болады. Осындай күрделі мәселелердің бірі - дәл қазіргі жағдайдағы еліміздегі көптеп пайда болып жатқан шаруа (фермер) қожалықтары мен олардың қызметін құқықтық реттеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Содержание

I.К І Р І С П Е
II.1 Б Ө Л І М
1)Шаруа (фермер) қожалығының ұғымы мен түрлері
Шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайының азаматтық құқықтық ерекшеліктері……………………….
2)Шаруа (фермер) қожалығын құру үшін қызмет ұйымдастыру мен мүшелікке кіру тәртібі………………
3)Шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтату…..
III.2 Б Ө Л І М
1)Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметін құқықтық реттеу………………………….
2)Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығын азаматтық құқықтық реттеу………………….
3)Шаруа (фермер) қожалығына салық салу жеңілдіктері мен оны құқықтық реттеу.
4)Қазақстан Республикасы заңдарымен шаруа (фермер) қожалығына қарастырылған жеңілдіктер…
ІҮ. Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Ү. Б И Б Л И О Г Р А Ф И Я

Прикрепленные файлы: 1 файл

Sharua kojalygy 2004.doc

— 364.00 Кб (Скачать документ)

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ - түрік университеті

 

Заң факультеті

“Азаматтық құқық және іс жүргізу” кафедрасы

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы””

 

Ғылым жетекшісі:

“Азаматтық  құқық  және

іс жүргізу” кафедрасының

оқытушысы.                                        Батырбаев Н.М.

 

Орындаған:

ЗҚТ – 016 тобының

студенті                                               Жетібаев Ж.К.        

 

Қорғауға жіберілді

“    ”                2004 ж.

“Азаматтық құқық және

іс жүргізу” кафедрасының

меңгерушісі

з.ғ.к.                  Батырбаев Н.М.

 

Түркістан – 2004 ж.

 

 

Жоспар

Шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайын

 азаматтық құқықтық реттеу

 

  1. К І Р І С П Е
  2. 1  Б Ө Л І М
    1. Шаруа (фермер) қожалығының ұғымы мен түрлері

Шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайының азаматтық құқықтық ерекшеліктері……………………….

    1. Шаруа (фермер) қожалығын құру үшін қызмет ұйымдастыру мен мүшелікке кіру тәртібі………………
    2. Шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтату…..

 

  1. 2 Б Ө Л І М
    1. Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметін құқықтық реттеу………………………….
    1. Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығын азаматтық құқықтық реттеу………………….
    2. Шаруа (фермер) қожалығына салық салу жеңілдіктері мен оны құқықтық реттеу.
    3. Қазақстан Республикасы заңдарымен шаруа (фермер) қожалығына қарастырылған жеңілдіктер…

 

ІҮ. Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

Ү.    Б И Б Л И О Г Р А Ф И Я

 

 

 

К І Р І С П Е

Ауыл шаруашылығы - экономиканың аса күрделі саласы. Оны қалпына келтіріп ілгері дамыту оңайлықпен жүзеге асырылмайды. Ауыл шаруашылығын реформалау кезеңінде бұрынғы меншік түрлері мен шаруашылық құрылымдарын мәжбүрлеп өзгертті.

Нақты даму бағдарламасының болмауынан бақылаудың жеткіліксіздігінен, қыруар еңбекпен жинақталған ауылдың байлығы талан таражға  түсіп, құлдырауға жол берілді. Қазіргі уақытта еліміздің хал-ахуалы еліміздің экономикасын көтеруді, дүние жүзіндегі өркениетті елдер қатарына қосылуды талап етеді.

Сондықтан да экономика саласының заңдылықтарын іске асыру ең алдымен, сол әрекеттердің заң негізінде жүзеге асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету керек. Сонда ғана біз мемлекетіміздің экономикасын нығайтып отырған заңдылықтарды орындауымызға болады. Осындай күрделі мәселелердің бірі - дәл қазіргі жағдайдағы еліміздегі көптеп пайда болып жатқан шаруа (фермер) қожалықтары мен олардың қызметін құқықтық реттеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу және сақтаудың қазіргі жай-күйі бұрынғыға қарағанда көп өзгеріске ұшыраған. Жер және мүлік қатынастары қайта құрылды, кәсіпорындар құрылымдық жағынан өзгерді, олардың ұйымдық-құқықтық тұрпаты жаңаша сипатқа ие болды. Нарықтық үлгідегі шаруа қожалықтары сияқты шаруашылық субъектілері құрылды. Міне, бүгінгі осы субъектілердің құқықтық жағдайының азаматтық құқықтық ерекшеліктерін анықтап, жер пайдалану құқығы мен кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын құқықтық тұрғыдан айқындауға мүмкіндік туған сияқты.

Жалпы шаруа қожалығының пайда болуы – мемлекетіміз үшін жаңадан пайда болып жатқан мемлекеттік құқық, әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Шаруа (фермер) қожалығы туралы алғашқы ұғымдар 90-жылдары қабылданған бұрынғы КСРО-ның “Жер туралы” заңдарында айтылып кеткен еді. Кейін КСРО тарқағаннан кейін өз мемлекетіміз тәуелсіздік алған соң құқықтық қалыптасу барысында пайда бола бастаған алғашқы заңдарында “шаруа (фермер) қожалығының” құқықтық мәртебесіне нақты бір құқықтық тұрғыдан анықтама беруге мүмкіндік туды. Бұл 1990 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “Шаруа қожалығы” туралы заңы/1/. Осы заңда алғаш рет шаруа қожалығының құрылуының заң негізі, қызметін ұйымдастыру мен қызметін тоқтату барысы анықталып кеткен еді.

Ал бұл заң қазіргі таңда күн талабына сай қайта толықтырылып, өзгертіліп, жаңадан қабылданды. 1998 жылы 31 наурызда қабылданған “Шаруа (фермер) қожалығы” туралы бұл заңда, Қазақстан Республикасы шаруа (фермер) қожалықтарын құрудың және оның жұмыс істеуінің құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Дегенмен де, шаруа (фермер) қожалығының қызметін қандай болмасын, құқықтық тұрғысынан алып қарасақ, негізгі қызметі ауылшаруашылық өндірісімен тығыз байланысты екені белгілі. Ал, ауыл шаруашылығы өнімдер өндірісі мен өңдеу саласының бүгінгі таңда құлдырап кеткені рас. Оның бір себептері мүлікті және жер үлестерін жекешелендіру идеясының қисынды түрлері ақырына дейін жетпеуімен қатар, жаңа меншік иелеріне агротехнологиялық және техникалық қызметтер көрсету жөніндегі нарықтық құрылымдардың әлі күнге дейін дұрыс қалыптастырылмауы дейді. Алайда, осы ауылшаруашылығы өркендеуіне егер шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметінің дамып, қанат жаюы дұрыс жолға қойылатын болса, зор үлес қосары сөзсіз.

Қазіргі жағдайда, мемлекетіміздің заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерде, жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайын айқындауға жете көңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ, шаруа (фермер) қожалығының тұрақты жер пайдалану құқығын жүзеге асыру барысында туындайтын көптеген қайшылықтарды шешуге мүмкіндік тудыратын азаматтық құқықтық нормалардың маңызы зор.

Шаруа (фермер) қожалығын құру және дамыту мемлекетіміздегі агроөндірістік кешенді жаңаша реформалап, дұрыс қалыптастыруға жағдай жасайды. Ал осы аталмыш бітіру жұмысында да қаралатын негізгі мәселелердің бірі – шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайын азаматтық құқық тұрғысынан айқындап қана қоймай, оның ішінде еңбекті ұйымдастыру қызметін реттеумен қатар, бүгінгі таңда еліміздің заңдармен белгіленген шаруа (фермер) қожалығын қорғау мен қолдау шараларын айқындап көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Б Ө Л І М

Шаруа (фермер) қожалығының ұғымы мен түрлері

Шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайының

азаматтық құқықтық ерекшеліктері

 

Шаруа қожалығының қызметін реттеу барысында негізгі басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасы заңдары мен нормативтік актілерінде шаруа қожалығының ұғымын былай деп ашады. Біріншіден, Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлік туралы” 19 маусым 1997 жылғы заңына сәйкес./2/ “Шаруа қожалығы” деп – ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндірумен айналысатын, жерді пайдалану құқымен байланысты жүзеге асыратын жеке кәсіпкерліктің бір түрін айтамыз” – дейді.

Ал, Қазақстан Республикасы “Шаруа (фермер) қожалығы туралы 1998 жылдың 31 наурызында шыққан заңына сәйкес/3/ “Адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауылшаруашылық өнімін өндірумен, сондай-ақ, осы өнімді ұқсатумен және өткізушімен тығыз байланысты отбасылық еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп танылады” деген.

Көріп отырғанымыздай, шаруа (фермер) қожалығы заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын отбасылық еңбек бірлестігі болып саналғандықтан, оның мүшелері болып: ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін жұбайлар, балалар, асырап алынған балалар (қыздар), ата-аналар және басқа да жақын туыстары саналуға тиісті.

Жоғарыда аталған шаруа (фермер) қожалығының анықтамасына қарап, екі ұғымның, яғни, шаруа қожалығы мен фермер қожалығы ұғымының бір-бірінен айырмашылықтарын немесе өзара ажырататын белгілерін аңғару қиын. Дегенмен де, бұл екі ұғымның мазмұнын ажыратуға болады.

Сонымен, екеуіне жеке-жеке анықтама беретін болсақ, біріншіден, шаруа қожалығы деп – ортақ бірлескен меншік негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін құрылған отбасылық еңбек бірлестігін айтамыз. Ал, фермер қожалығы – бұл екі түрлі нысанда құрылатын, яғни өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген, сондай-ақ бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік негізінде жай серіктестік нысанында, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылған фермер қожалығы болып табылады. Сондықтан да бұл шаруа (фермер) қожалығының екі түрлі нысаны бар деп айтуға толық мүмкіндік бар. Ал шаруа (фермер) қожалығының анықтамалық ұғымына қарап бөлетін болсақ, “Үш түрлі құрылуы мүмкін” деуге әбден болады. Бірінші түрі – отбасылық нысандағы құрылған шаруа қожалығы; екінші түрі – бір адамның немесе өзіндік кәсіпкерлік нысанында құрылған, сондай-ақ, үшінші түрі – жай серіктестік нысанында құрылған шаруа (фермер) қожалықтары.

Бірақ, бұл үш субъектінің барлығы да, құқықтық мәртебесі тең шаруашылық болып табылады.

1990 жылғы 1 шілдеде қабылданған “Шаруа қожалығы” туралы заңында, шаруа қожалығына мүшелікке отбасы мүшелерімен қатар, басқа адамдар да мүше бола алады” /4/ – деп көрсеткен еді. Бұған өз кезегінде еліміздегі біршама ғалымдар өз қарсылықтарын білдірген еді. Себебі, Ю.Г.Басиннің айтуына қарағанда /5/, “Шаруа қожалығы мүшелігі – отбасы негізінде құрылса, шаруашылықты бірлесіп жүргізуге деген және отбасы мүддесі үшін қызмет жасауға отбасы мүшелерінің ынтасы арта түседі”, – дейді. Бұл пікірді Г.А.Волков та қолдайды /6/. Оның пікірінше, “Ауылшаруашылық кооперативтерінен т.б. кәсіпкерлік қызметпен айналысушы шаруашылық субъектілерінен шаруа (фермер) қожалығын ажырататын бірден бір белгі – оның отбасылық еңбек бірлестігі ретінде құрылуы” дейді.

Бұл пікірді қолдап, Л.А.Құсайынова “Шаруа қожалықтарына басқа тұлғалардың кіруі, оның тек жасанды түрде құрылуына әкеп соқтырады, себебі, олар әдейі шаруа қожалықтары үшін құрастырылған жеңілдіктерге ие болу үшін құрылады” /7/, – дейді. Әрине, бұл пікірлерді толықтай болмаса да, жартылай қолдауға болады. Әйтсе де, кейбір пікірлермен келіспеуге тура келеді. Себебі, қазіргі қолданылып жүрген шаруа (фермер) қожалығы туралы заңға сәйкес, отбасылық кәсіпкерлік нысанында ғана емес, бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы ретінде де құрылады. Сонымен қатар,

Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 224-бабына сәйкес /8/, шаруа (фермер) қожалығының мүлкі ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік меншік құқына сәйкес оның мүшелеріне тиесілі болады деп көрсетілген. Бұдан әрине, шаруа қожалығына негізделген (отбасылық) сипаттағы құрылған отбасылық бірлестік ортақ бірлескен меншік негізіне құрылса, ал, бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа негізделген фермерлер қожалығы ортақ үлестік меншік құқығы негізінде құрылады.

Сондықтан, шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншік нысанында құрылған мүліктері егер, ол бірлескен ортақ меншік нысанында құрылса, мүшелері арасында үлестері тең бөлінсе, ортақ үлестік меншікке сәйкес үлестеріне қарай бөлінеді.

Ал, шаруа (фермер) қожалығын, ауылшаруашылық, кооператив т.б. кәсіпкерлік қызметпен айналысушы шаруашылық субъектілерінен ажырататын бірден-бір белгі ретінде оның отбасылық еңбек бірлестігі ретінде құрылуымен қатар, азаматтардың заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүмкіндік алуын айтуға болады.

Біз осы шаруа (фермер) қожалықтары жөнінде жеткілікті анықтама алып жүрмізбе? Аталмыш ұғым нені білдіреді? Шаруаның қарамағындағы жер көлемі қанша болуы керек? Қолында қанша жалшысы болуы тиіс? Оны анықтамасақ, көптеген шаруа қожалықтары салық жеңілдіктерін пайдалануға жатпайтын баяғы помощниктер қожалығына ұқсап кетері сөзсіз.

Әдетте, шаруа қожалығы дейтініміз селода (ауылда, деревнияда) тұратын, жермен жұмыс істейтін, бірақ егін орағы сияқты қауырт кезеңде болмаса, басқа уақыттарда жұмысшы күшін жалдамайтын, өздігімен еңбек ететін жекелеген отбасыларымен бірлесіп еңбек етіп, бір мекенжайда тұрып, соқа тартып, егін салып, маусымдық жұмыстарда бірге жегілгендерді кулак шаруашылығы деп атайды. Осындай термин қалыптасты. Ауыл шаруашылыы жері үлкен, жалдамалы жұмысшылары да көп осындай өндірістік құрылым Ресейде помещиктік шаруашылыққа жатқызылды.

Шаруа (фермер) қожалығының құқықтық мәртебесіне келетін болсақ, ол заңды тұлға болып табылмайды. Көптеген Ресей ғалымдарының айтуына қарағанда, шаруа (фермер) қожалығының заңды тұлға болмауы (әрине, оған кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында көптеген жеңілдіктер әкелгенмен) оның көптеген қоғамдық қатынастарға түсу барысында біршама қиындықтарға әкеп соқтыратынын айтады /9/. Себебі , шаруа (фермер) қожалықтарының әр түрлі шарттарға мәмілелерге түсу барысында туатын, толық мүліктік жауапкершілігі қалай анықталатыны заңдарда да, басқа нормативтік актілерде де толық анық көрсетілмеген. Өйткені, біз үшін міндеттемелер бойынша туатын жауапкершілік шаруа (фермер) қожалығына емес, оның мүшелеріне түсері сөзсіз. Сонымен қатар, шаруа (фермер) қожалығының “заңды тұлға” құқықтық мәртебесінің болмауы, экономика саласындағы ғалымдардың айтуынша, оның өз өнімдерін сауда өндірісіне шығарып, жетістіктерге жетуіне кедергі келтіреді. Себебі, мемлекет шаруа (фермер) қожалықтарына салық саясаты барысында жеңілдіктер көрсеткенмен, олардың үлкен сауда-товар өндірісінің рыноктарына шығуына кепілдік бере алмайды дейді.

Сондай-ақ, шаруа (фермер) қожалығының заңды тұлға құқықтық мәртебесінің болмауы, оның сотта талапкер мен жауапкер бола алмауы деп көрсетеді. Мысалы, шаруашылық дауларының тууына байланысты, төрелік соттарға жолдана алмауы. Бұнда шаруашылық дауларды қорғайтын сот алқалары тек заңды тұлғалардың арасында ғана туған дауларды қарауы/10/. Әрине, бұл қиындықты жеңудің , меніңше, аса ауыртпалығы жоқ. Себебі, егер шаруа (фермер) қожалығы өз мүддесін сотта қорғауға аса қажеттілік туып жатса, оның атынан шаруа (фермер) қожалығының басшысы өз атынан сотта талапкер мен жауапкер болуына мүмкіндігі бар. Ал, оның төрелік соттарға жолдана алмауына байланысты туған шаруашылық дауды жалпы сот қарауына бере алатындығы және бар. Сондықтан да, шаруа (фермер) қожалықтарының заңды тұлға мәртебесі болмауы кейбір қиындықтарға әкеліп соқтырғанымен, азаматтардың заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысуына мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен қолдау шараларына ие болуына мүмкіндік әперген сияқты. Сондықтан, шаруа (фермер) қожалықтарына заңды тұлға құқық статусын әперу ешбір қажеттіліктен туып отырған жоқ.

Информация о работе Қылмыстық істі қозғау