Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 21:20, реферат
Сондықтан да экономика саласының заңдылықтарын іске асыру ең алдымен, сол әрекеттердің заң негізінде жүзеге асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету керек. Сонда ғана біз мемлекетіміздің экономикасын нығайтып отырған заңдылықтарды орындауымызға болады. Осындай күрделі мәселелердің бірі - дәл қазіргі жағдайдағы еліміздегі көптеп пайда болып жатқан шаруа (фермер) қожалықтары мен олардың қызметін құқықтық реттеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.
I.К І Р І С П Е
II.1 Б Ө Л І М
1)Шаруа (фермер) қожалығының ұғымы мен түрлері
Шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайының азаматтық құқықтық ерекшеліктері……………………….
2)Шаруа (фермер) қожалығын құру үшін қызмет ұйымдастыру мен мүшелікке кіру тәртібі………………
3)Шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтату…..
III.2 Б Ө Л І М
1)Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметін құқықтық реттеу………………………….
2)Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығын азаматтық құқықтық реттеу………………….
3)Шаруа (фермер) қожалығына салық салу жеңілдіктері мен оны құқықтық реттеу.
4)Қазақстан Республикасы заңдарымен шаруа (фермер) қожалығына қарастырылған жеңілдіктер…
ІҮ. Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Ү. Б И Б Л И О Г Р А Ф И Я
Сонымен қатар, шаруа (фермер) қожалығының ұғымында айтылып кеткеніндей, оның негізгі қызметі ауылшаруашылығына арналған жерлерді, ауылшаруашылығы өнімін өндірумен тығыз байланыста болуы. Бұған қарап шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайын анықтау барысында, оның ауылшаруашылығымен тікелей жұптасуын байқауға болады. Мысалы, Армения Республикасының “Шаруа және ұхымдық шаруа қожалығы” туралы заңының 2-бабында /11/. “Шаруа қожалығы жерді пайдалануға байланысты мемлекеттік актісін алған сәттен бастап, заңда көрсетілген құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар сияқты ие болады” деп атап көрсеткен. Бұдан шаруа (фермер) қожалығы өзінің өндірістік шаруашылық қызметі, құрылымы барысында, заңды тұлға болып табылмағанымен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалармен қатар, барлық құқықтарын іске асыра алады. Сондай-ақ, шаруа (фермер) қожалығын заңды тұлға ретінде қарастыратын Украин елінің және т.б. заңдарының тәжірибе жүзінде іске асуынан көрсек, ешбір шаруа (фермер) қожалығының қызметі өзін-өзі ақтамайтынын (не оправдывает себя) көрсетеді. Сонымен, шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайының ерекшелігі мынада деп айтуға болады.
2) Шаруа (фермер) қожалығын құру тәртібі қызметін
ұйымдастыру мен шаруа (фермер) қожалығындағы
еңбекті құқықтық реттеу.
Елімізде жекешелендіру өріс алғалы, сондай-ақ нарықтық қатынастарға байланысты жаңадан заңдардың қабылдануына орай, ауылшаруашылығында ауылшаруашылық өндірісімен айналысушы субъектілер көптеп пайда бола бастады. Солардың бірі – ауылшаруашылық өндірісінің басты субъектісі – шаруа (фермер) қожалығы.
Экономистердің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек /12/, 1998 жылдың аяғына дейін елімізде қырық бес мыңнан астам ірілі-ұсақты шаруа (фермер) қожалықтары құрылыпты. Бұл ауылшаруашылық өндірісі субъектілерінің 83 пайызын құрайды екен. Оның 75 пайызы ұсақ шаруа (фермер) қожалықтары (саны 5 адамнан аспайтын). Бұл шаруа (фермер) қожалықтарының 47,6 пайызы жерден өнім өндірумен айналысса, 16,6 пайызы ауылшаруашылығымен, ал, қалған 35,2 пайызы аралас шаруашылықпен айналысады.
Қазақстан Республикасы “Жеке кәсіпкерлік” туралы заңының 8-бабына сәйкес /13/, шаруа (фермер) шаруашылығы дегеніміз – ауылшаруашылығына арналған жерлерді, ауылшаруашылық өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай-ақ, сол өнімді ұқсату мен өткізумен тығыз байланысты жеке кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады. Жоғарыда атап көрсеткендей, шаруа қожалығы отбасылық-еңбек бірлестігі негізінде, сондай-ақ өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген бір адамның фермер қожалығын құрумен және бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанындағы фермер қожалығы ретінде құрылады. Отбасылық – еңбек бірлестігі негізінде құрылған шаруа қожалығы – бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін бірлескен ортақ меншік базасына негізделген, отбасы мүшелерінен құралатын, отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығын айтамыз. Ал, өзіндік кәсіпкерлік – бір азаматтың меншік құқығы бойынша, өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ, мүлікті пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқықтық байланыстарды дербес жүзеге асыруы. Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік меншік құқығы нысанында, яғни, мүшелерінің мүлкі негізінен құралады.
Сонымен шаруа (фермер) қожалығының мүлкі мыналар болып саналады.
1. Жер учаскелеріндегі екпелер;
2. Шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар;
3. Меморациялық және басқа да құрылыстар;
4. Өнім беретін және жұмысқа жегілетін мал, құс шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар;
5. Көлік құралдары;
6. Керек-жарақтар;
7. Қожалық үшін оның мүшелерінің ортақ қаражаттарына сатып алынған басқа да мүлік болып табылады.
Шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеу тәртібі азаматтардың тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органдарында өтеді.
Шаруа (фермер) қожалығы мынадай жағдайларда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс /14/.
1. Егер, бұл қожалық жалданбалы жұмысшылар еңбегін тұрақты түрде қолданса;
2. Кәсіпкерлік қызметтен Қазақстан Республикасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген салық салынбайтын жылдық жиынтық таңбасы бар болған реттерде.
Шаруа (фермер) қожалығы тіркеуші органдарға келесі құжаттарды тапсырады:
1. Фермер қожалығының мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар белгіленген нысан бойынша беріледі.
2. Мемлекеттік тіркеу үшін төленгенкуәландыратын құжат.
Бір ескертетін жайт, бұл тәртіпті қолдану кәсіпкерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан асатын және орта есеппен алғанда жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны алпыс мың мәрте есептік көрсеткіштен асатын шаруа (фермер) қожалықтарында қолданылады.
Мемлекеттік тіркеу құжаттар берілген күні жасалады. Бұрынғы 1990 жылғы ҚазССР-нің “Шаруа қожалығы” туралы заңы бойынша, шаруа (фермер) қожалығы жерге мемлекеттік акт берілген күннен бастап құрылды деп есептелінсе, қазіргі қолданылып жүрген 1998 жылдың 31 наурызында қабылданған “Шаруа (фермер) қожалығы” туралы заңға сәйкес /15/, шаруа (фермер) қожалығы өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп есептелінеді.
Шаруа (фермер) қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылығының тең құқықты өндірістік бірлестігі бола отырып, ол өз қызметінің бағыттарын, өндірісінің құрылымы мен көлемін дербес айқындауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, өнімді өсірумен, ұқсатумен байланысты өз қызметін ұйымдастырады.
Көріп отырғанымыздай, шаруа (фермер) қожалығын бір азамат өзіне тиесілі мүлік негізінде, сонымен бірге, отбасы мүшелері және бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт нысаны негізінде серіктестік ретінде біріккен азаматтар тобы құра алады. Олар теңдей негізде шаруа (фермер) қожалығының мүлкін иелене отырып, шаруашылық қызметінен түскен табысқа ие бола алады. Егер, қожалық өтініш білдірсе, оның қожалық мүлкінен үлес алуға құқығы бар. Бірақ бір ескеретін жайт, егер де жер учаскесі ортақ бірлескен меншік нысанында құрылған болса, қожалықтан шығуға ниет білдіруші мүшеге жер учаскесін бөліп беру қиындыққа соқтыратындықтан, оған үлес табиғи түрінде емес, сол жер учаскесіне деген үлесінің ақшалай құнына теңестіріліп беріледі.
Сол сияқты шаруа қожалықтарын бөлумен, одан үлес беруді ажырата білу қажет. Қожалықты бөлу дегеніміз /16/ – шаруа қожалығынан бір немесе бірнеше мүшенің шығып кетуіне байланысты жаопы пайдаланудағы мүлікті шаруа қожалығының барлық мүшелері арасында бөліске салу. Демек, үлес бергенде бұрынғы қожалық жойылмайды.
Шаруа (фермер) қожалығының қызметін реттейтін негізгі құжат – шаруа қожалығының үлгі жарғысы болып табылады. Шаруа (фермер) қожалығыныңүлгі жарғысы оның айналысатын негізгі қызметтері мен ұйымдастырушы қызметтерін белгілейді. Ол үлгі жарғыда шаруа (фермер) қожалығының атауы , мүлкі, мүшелері туралы мәліметтер, олардың құқықтары мен міндеттері туралы жалпы мәліметтер көрсетілуі тиісті. Шаруа (фермер) қожалығының үлгі жарғысын тіркеу біріншіден, жерді пайдалану құқын беретін мемлекеттік актіні алумен немесе жерге меншік құқын тіркеу, сондай-ақ, жерді жалдау шартын жасаған сәттен басталуы тиіс. Профессор Ю.Г.Басиннің пікірінше /17/, “Шаруа қожалығы мүшелері арасындағы отбасылық байланыстың болуы олардың бірлесіп шаруашылық мүддесі үшін, сондай-ақ олардың бір-біріне шаруашылық жүргізуде сенім артуы және шаруашылық жүргізу барысында жеткен жетістіктер отбасын көтеруге бағытталуы, олардың шаруа қожалықтарын жүргізу үшін арнайы күрделі ішкі тәртіпті реттеуге ерекше ұйымдастырушылық құрылым жасауды қажет етпейді”, – дейді.
Сондықтан, шаруа (фермер) қожалығының үлгі жарғысы көбінше, бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт нысанында құрылған фермер қожалықтары мен жалдамалы еңбек үшін пайдаланушы шаруа (фермер) қожалықтары үшін міндетті түрде болуы шарт емес.
Шаруа (фермер) қожалығының қызметіне жалпы басшылықты оның мүшелері арасынан сайланған шаруа (фермер) қожалығының басшысы жүзеге асырады.
Шаруа (фермер) қожалығының басшысы болып 18 жасқа толған, іс-әрекетке қабілетті кез-келген Қазақстан республикасының азаматы бола алады. Сонымен қатар, шаруа (фермер) қожалығының басшысы болған азамат ұйымдармен, азаматтармен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста қожалық мұддесін білдіреді және заңмен тыйым салынбаған азаматтық құқықтық мәмілелерді жүзеге асырады. Ал, басқа мүшелері үшін заңда жас мөлшері көрсетілмеген. Жалпы шаруа (фермер) қожалығына мүшелікке кіру – күрделі құқықтық қатынас болып саналады. Себебі, ол өз кезегінде әр түрлі еңбек, басқару, мүліктік қатынастардың туындауына әкеледі. Алдыменен, шаруа (фермер) қожалығы жер қатынастарының субъектісі болу үшін оның міндетті түрде құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі болуы тиіс. Ал, шаруа (фермер) қожалығы заңды тұлға болып табылмағандықтан, оның әрекет қабілеттігі мен құқық қабілеттігі жеке тұлғалардың әрекет қабілеттігі мен құқық қабілеттігіне байланысты анықталады. Ендеше, оның мүшелері әрекет және құқық қабілеттерінің болуымен қатар, өзінің міндетті мүліктік немесе шаруашылық жүргізуге жеке еңбегімен қатысуы тиіс.
Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңның 13-бабына сәйкес /18/, шаруа (фермер) қожалығындағы жұмыстарды орындауға жалдау (еңбек келісімі және шарты) бойынша жұмыс істейтін азаматтар тартылуы мүмкін. Сондықтан, шаруа (фермер) қожалығындағы еңбек мәселесінің ерекшелігі сол, мұнда қожалық мүшелерімен қатар, жалдамалы жұмыс күші еңбеккерлері еңбек етеді. Сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығының қызметінен туындайтын жауапкершілік және міндет бір адамға, отбасына және туыстық қатынас байланысы жоқ адамдар тобына жүктеледі. Шаруа (фермер) қожалығындағы еңбек ауылшаруашылығына арналған жерлерде ауылшаруашылық өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай-ақ, сол өнімді ұқсату және өткізумен тығыз байланысты болады. Дегенмен, шаруа (фермер) қожалығы заңда тыйым салынбаған барлық қызмет түрімен айналысуға құқылы. Бірақ, бұл кезде бір мәселені есте ұстау керек. Ол, мысалы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында өнім өндіру, ұқсату және өткізу міндетті түрде ауылшаруашылық өнімін өндіру, ұқсату, өткізумен тығыз байланысты болуы керек.
Шаруа қожалығының басшысы /19/ қожалық еңбеккерлерінің мүддесін қорғау мақсатында тиісті зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік қорларға қаржы аударып отыруы тиіс. Жоғарыда айтылып кеткеніндей, шаруа (фермер) қожалығына мүшелік жасы белгіленбегендіктен, отбасы еңбек бірлестігі негізінде құрылған шаруа қожалығына отбасы мүшелерінің барлығы мүше болып саналады. Мысалы, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары, ал, оқуға кеткен, оқу орындарында оқитын мүшелерінің де сол оқу мерзімі уақыты аралығында шаруа (фермер) қожалығындағы мүшелігі сақталынады. Шаруа (фермер) қожалығында туындаған еңбек даулары сот тәртібімен қаралады.
Кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыратын шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтату туралы “ Шаруа (фермер) қожалығы” туралы заңның 20-бабында көрсетілген. Осыған сәйкес оның өз қызметін тоқтатудың бірнеше негіздері көрсетілген.
2. Банкрот болған;
3. Жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда
шаруа (фермер) қожалығы өз қызметін тоқтатады.
Сонымен, бірінші шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін жалғастырғысы келетін бірден-бір қожалық мүшесі мұрагер немесе басқа адам қалмаса қожалық өз қызметін тоқтатуға тура келеді.
Жалпы шаруа (фермер) қожалығының мүшесі болып, ортақ шаруашылықты бірлесіп атқаратын жұбайлар, балалар, асырап алған балалар, ата-аналары және басқа жақын туыстары қожалық мүшелері болып саналады. Шаруа (фермер) қожалығына мүшелік заңы заңда шектелмеген. Дегенмен де оның мүшелері санының елуден кем болуы оның оны шағын кәсіпкерліктің субъектісі деп тануға мүмкіндік береді /20/. Отбасылық-бірлестік нысанында құрылған шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің ең болмағанда бір азаматы оның қызметін жүзеге асыруға, шаруашылықты жүргізуге ниет білдірмесе қожалық қызметін тоқтатады. Ал мұрагерлердің болмауы, бұл жалпы айтқанда, шаруа қожалықтары ерікті негізде кооперативтерге, шаруашылық серіктестігі немесе өзге де ұйымдық құрылымға біріксе немесе қайта құрылса, оның шаруашылық қызметі барысында барлық құқықтары мен міндеттеріне ие болушы құқық қабылдаушы субъектісі болмаса, ол өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, бір-бір фермер қожалығынан бірнеше шаруа (фермер) қожалығының пайда болуы мүмкін, яғни, ірі фермер қожалығының бірнеше ұсақ қожалықтарға бөлініп кетуі. Шаруа (фермер) қожалығын бөлу дегеніміз – шаруа (фермер) қожалығының жалпы пайдалануындағы мүлікті жер учаскелерін бөлу нәтижесінде екі немесе одан да көп шаруа (фермер) қожалықтарының пайда болуы. Демек, шаруа (фермер) қожалықтарын бөлу кезінде оның өз қызметін тоқтатты деп айтуға болмайды. Себебі, бөлінгеннен кейін пайда болған ұсақ қожалықтар оның қызметін жалғастырушы мұрагер ретінде қала береді. Ал, қожалықтан бір немесе бірнеше мүшесінің шығып кетуі де қожалық қызметін тоқтатпайды. Оларға тек қожалық мүлкінен үлес бөлініп беріледі, қалған мүшелері қожалық қызметін жалғастырып жүргізе береді.
Шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтатуының келесі негізі – оның банкрот болуы. Банкроттық дегеніміз – борышкердің сот шешімімен танылған немесе берушілермен келісім бойынша сот шешімімен дәрменсіз деп танылуы /21/. Ал, дәрменсіздік – борышкердің немесе берушілердің ақшалай міндеттемелері бойынша, талаптарын, жалақы төлеу туралы талаптарын қоса алғанда, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуді қамтамасыз етуге қабілетсіздігі болып табылады.
Сонымен шаруа (фермер) қожалығының банкрот болу тәртібі ҚР Азаматтық кодексінің 21-бабы /22/ мен “Банкроттық туралы” Қазақстан Республикасының заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы “Жеке кәсіпкерлік” туралы заңының 7-тарауымен реттеледі. Оған қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22-желтоқсан 1997 жылғы қаулысымен бекітілген “Ауылшаруашылық ұйымдарын банкрот деп тану тәртібі” туралы Ережеге сәйкес, ауылшаруашылығы ұйымы деп жерден алатын өнімініен алатын табысы 50 пайыздан асатын коммерциялық ұйымдарды айтамыз.
Банкроттық сот шешімімен белгіленеді. Шаруа (фермер) қожалығын банкрот деп тану үшін сотқа берілетін өтініш пен құжаттармен қоса кадастарлық нөмірі бар құжат және ауылшаруашылық өнімін өндіруге байланысты, ауа райының мезгілдік әсерін көрсететін құжаттары тапсырылады.
Шаруа (фермер) қожалығын банкрот деп танудың негізі оны сот тәртібімен немесе соттан тыс тәртіпте дәрменсіз деп тану болып табылады.
Сонымен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты немесе берушілердің талаптарын 3 ай мерзімде қанағаттандыра алмайтын шаруа (фермер) қожалығы банкрот болып табылады. Оны банкрот деп тану туралы арызды борышкердің өзі кәсіпкерлік қызметті борышкердің жүзеге асыруына байланысты азаматтық-құқықтық міндеттемелерге түсуші немесе беруші, бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін міндетті төлемге қатысты салық органы және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар береді. Борышкердің-жеке кәсіпкердің өзінің банкрот болғандығы туралы өтініш сотқа кәсіпкерлік қызметті тіркеу орны бойынша, ал тіркелмесе, азаматтық іс жүргізу заңдары ережелер бойынша анықталатын тұрғылықты жері бойынша беріледі.
Шаруа (фермер) қожалығын банкрот деп тану салдары:
1. Кәсіпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді орындау мерзімі басталған болып саналады;
2. Кәсіпкерлік қызметке байланысты банкрот берешегінің барлық түрлері бойынша өсіммен пайыздар есептеу тоқтатылады;
3. Сот шешімімен кәсіпкерлікті жүзеге асыруға берілген лицензия күшін жояды. Ал соттан тыс банкрот деп тану, оның борыштарын жою барлық несие берушілердің келісімі бойынша жүзеге асырылады.