Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 21:20, реферат
Сондықтан да экономика саласының заңдылықтарын іске асыру ең алдымен, сол әрекеттердің заң негізінде жүзеге асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету керек. Сонда ғана біз мемлекетіміздің экономикасын нығайтып отырған заңдылықтарды орындауымызға болады. Осындай күрделі мәселелердің бірі - дәл қазіргі жағдайдағы еліміздегі көптеп пайда болып жатқан шаруа (фермер) қожалықтары мен олардың қызметін құқықтық реттеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.
I.К І Р І С П Е
II.1 Б Ө Л І М
1)Шаруа (фермер) қожалығының ұғымы мен түрлері
Шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайының азаматтық құқықтық ерекшеліктері……………………….
2)Шаруа (фермер) қожалығын құру үшін қызмет ұйымдастыру мен мүшелікке кіру тәртібі………………
3)Шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтату…..
III.2 Б Ө Л І М
1)Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметін құқықтық реттеу………………………….
2)Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығын азаматтық құқықтық реттеу………………….
3)Шаруа (фермер) қожалығына салық салу жеңілдіктері мен оны құқықтық реттеу.
4)Қазақстан Республикасы заңдарымен шаруа (фермер) қожалығына қарастырылған жеңілдіктер…
ІҮ. Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Ү. Б И Б Л И О Г Р А Ф И Я
Шаруа (фермер) қожалықтарын құру жер учаскесімен тікелей байланыста екенін ескеріп, Салық кодексінде норма бар, ол бойынша аталған санат үшін арнайы салық режимін қолдану құқығы жер пайдалану құқығындағы және (немесе) жер учаскесінің жеке меншік құқығындағы (ауыл шаруашылығы өндірісіндегі үй-жайлар,ғимараттар және т.б. үшін пайдаланылатын жерлер) қожалықта бар кезде беріледі.
Ең алдымен, шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданудың негізгі шарты салық төлеуші ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін ұқсатумен және оны сатумен айналысатынын атап өту керек.
Кірістің әр дәрежесін ескеріп Салық кодексінде өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін ұқсату өнімі болып табылатын акцизделген өнімді өндіру, ұқсату және сату бойынша арнайы салық режимін қолдану мүмкіндігін болдырмайтын норма енгізілген.
Мысалы, “Адал” шаруа қожалығы өсімдік шаруашылығының өнімін, дәнді дақылдарды, жеміс-жидек және жемістерді (мәселен, жүзім) өндірумен сондай-ақ өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін ұқсатумен айналысады, шаруашылықта жеміс-жидектер мен жемістерді, күшейтілген шырындармен шарап материалдарын шығаруға дейін ұқсатумен айналысатын диірмен кондитер цехы, шағын жеміс-консерві зауыты бар. Бұл жағдайда шаруашылық қызметі жүзім өндіру мен өз жүзімін ұқсату қызметтің оңайлатылған түріне жатады, бірақ күшейтілген шырынды, одан шарапты шығару өндіріске, ал акцизделген тауарларды ұқсатуға жатады.
Соңғы шектеулердің енуімен бөлшек есепті жүргізу қажеттілігі туды. Осы арнайы салық режимдерінің қызметіне таралмайтын қызметтің түрлерін жүжеге асыру кезінде Салық кодексіне сәйкес салық төлеушілер нірістер мен шығыстардың, мүліктердің бөлшек есебін жүргізуге міндетті. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді есептеу, оларды төлеу мен қызметтің осындай түрлері бойынша салық есеп беруін беру жалпы белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Арнайы салық режимін қолдану бухгалтерлікті қоса есеп жүргізуден босатады деген қате көз қарас қалыптасқан.
Арнайы салық режимін қолдануға құқық.
Арнайы салық режимдерін қолдану құқығы салық төлеушіге ол берген өтініш негізінде беріледі. Өтінішті беру мерзімі-ағымдағы жылдың 20 ақпанына деиін шектелген. Осы шектеу (20 ақпан мерзімінің аяқталуы бойынша) қайта құрылған салық төлеушілерге қатысты емес. 20 ақпаннан кейін қайта құралған шаруа (фермер) қожалықтары жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу күніне өз арнайы салық режимін қолдану құқығына өтініш береді;
Қазақстан Республикасы заңдарымен шаруа (фермер)
қожалығына қарастырылған жеңілдіктер
Агро-өндірістік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың бір жолы – әлеуметтік мәселелер тобы. Нарықтық қатынастардың жүйесіз дамуы ауылшаруашылығында жұмыссыздықтың, кедейліктің пайда болуына, инфрақұрылымның бастапқы уақытта әлсіз болуына әкеліп отыр. Яғни селодағы барлық өзгерістерді аяғына дейін жеткізу үшін “Олар қуатты және нысаналы әлеуметтік саясатпен қатар жүргізілуі тиіс” (Н.Ә.Назарбаев. “Қазақстан – 2030”)
Қазіргі таңда бірінші кезекте барлық деңгейде шаруаны әлеуметтік қорғаудың және шаруаға әлеуметтік кепілдік берудің жаңа механизмін дайындауды қажет етеді.
Шаруа (фермер) қожалығын қорғау мен қолдау шараларының бірі ретінде оны шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде қарастырамыз. Шағын кәсіпкердің субъектісі болу үшін мынадай талаптар қанағаттандырылуы тиіс, яғни, заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және жеке қызметкерлерінің орташа жылдық саны елуден аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілерді айтуға болады. Сондықтан, шаруа (фермер) қожалығын шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде қарай отырып, оған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында келесі жеңілдіктерге ие болады /40/.
1. Мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш жыл бойына жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеу үшін ақы төлеуден босатылады.
2. Заңда көрсетілген тәртіпте табиғи монополистердің монополияларға қарсы реттеу қолдана отырып, электр энергиясы, жылумен, сумен жабдықтау және канализация бойынша біріктірілетін қуат үшін ақы төлеуден босатылады.
3. Шаруа (фермер) қожалықтарын мемлекеттік тіркеу үшін ақы төлемей келіп тіркелу сипатында болады.
4. Шаруа (фермер) қожалығы банк шоттарын ашуға және банктегі өз ақшаларына иелік етуге құқылы бола отырып, мемлекеттік екінші деңгейдегі банктерден ақысыз шот аша алады.
5. Бухгалтерлік және статистикалық есептерді жеке кәсіпкер ретінде оңайлатылған тәртіпте береді.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мұқтаждар үшін тапсырыстарды орналастыру кезінде басым құқықтарды падаланады.
7. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте белгіленген шекте жеңілдікті жағдайларда статистикалық және ақпарат қызмет, сондай -ақ ғылыми-техникалық талдамдар мен технологияларды қолданады.
8. Салық заңдарына сәйкес табыс салығын салық патенті негізінде не салықтың белгіленген сомасы, не салық базасын анықтау және салық есебін жүргізудің оңайлатылған жүйесі бойынша төлейді. Шаруашылықтың жеңілдетілген салық салу жүйесін қолдану құқығын белгілейтін негізгі ресми құжат салық есебінде тұрған шаруашылықтың тұрған жеріне календарьлық жыл бойынша берілетін патент болып табылады. Шаруашылық үшін патенттің жылдық бағасы жер үшін төлем ставкасын айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 “Мемлекет жеке меншікке сатқан немесе пайдалануға берген жерге ақы төлеу ставкасын бекіту туралы” қаулысында көрсеткендей, белгіленген сомадағы жер салығы, жерді пайдалану құқығын бағамдау бағасының 0,25 пайыз көлемінен алынатын табыс салығынан және қодданымдағы салық заңдарына сәйкес белгіленген сомадағы жер салығынан тұрады. Жеңілдетілген салық салуға көшуі немесе бұдан бас тарту туралы шешімді шаруашылықтың өтініш берген уақытынан бастап, он күн мерзімде салық салу органы шығарады. Салық органынан патент алу үшін тіркеуге арыз бере отырып, шаруа (фермер) қожалығының аты (қожалық басшысының есімі, фамилиясы, әкесінің аты) көрсетіледі, салық төлеушінің тіркелу нөмірі, атқаратын қызмет түрі, орналасқан жері, банк мекемелерінде ашқан есеп шоттарының нөмірі өтініште қоса көрсетіледі. Патенттің әрекет ету мерзімі біткеннен кейін шаруа (фермер) қожалығының өтініші бойынша, салық органы кезекті жылға (мерзімге) патент береді. Патент алған соң, шаруа (фермер) қожалығы жер салығы мен табыс салығы жөніндегі салықдекларациясын беруден босатылады. Есеп беретін жылдық қорытындысы бойынша, патентте көрсетілген сомаға қайта есептеу жүргізілмейді. Патент қатаң есеп беретін құжат тәртібін сақтайды. Патент өзгертілмейді, басқа тұлғаға беруге болмайды /41/.