Қылмыстық істі қозғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 21:20, реферат

Краткое описание

Сондықтан да экономика саласының заңдылықтарын іске асыру ең алдымен, сол әрекеттердің заң негізінде жүзеге асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету керек. Сонда ғана біз мемлекетіміздің экономикасын нығайтып отырған заңдылықтарды орындауымызға болады. Осындай күрделі мәселелердің бірі - дәл қазіргі жағдайдағы еліміздегі көптеп пайда болып жатқан шаруа (фермер) қожалықтары мен олардың қызметін құқықтық реттеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Содержание

I.К І Р І С П Е
II.1 Б Ө Л І М
1)Шаруа (фермер) қожалығының ұғымы мен түрлері
Шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайының азаматтық құқықтық ерекшеліктері……………………….
2)Шаруа (фермер) қожалығын құру үшін қызмет ұйымдастыру мен мүшелікке кіру тәртібі………………
3)Шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтату…..
III.2 Б Ө Л І М
1)Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметін құқықтық реттеу………………………….
2)Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығын азаматтық құқықтық реттеу………………….
3)Шаруа (фермер) қожалығына салық салу жеңілдіктері мен оны құқықтық реттеу.
4)Қазақстан Республикасы заңдарымен шаруа (фермер) қожалығына қарастырылған жеңілдіктер…
ІҮ. Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Ү. Б И Б Л И О Г Р А Ф И Я

Прикрепленные файлы: 1 файл

Sharua kojalygy 2004.doc

— 364.00 Кб (Скачать документ)

9. Шаруа (фермер) қожалығы шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізе алады.

Ауылшаруашылығын дамытуға қаражат жұмсайтын инвесторлар үшін тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңдарда көзделген тәртіп пен жағдайларда мынандай жеңілдіктер мен преференцияларды қолдануы мүмкін:

1. Мемлекеттік нақты гранттар.

2.Келісім шарт жасалған кезден бастап табыс салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын 5 жылға дейінгі мерзімде негізгі ставканың  100 пайызына дейін кеміту, сондай-ақ, одан кейінгі бес жылға дейінгі кезеңге табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту.

3. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар, шикізат пен материалдар импортына кеден бажын салудан толық немесе ішінара босату.

4. Мемлекет отандық шаруа (фермер) қожалығының рыногын дамыту мен қорғауға көмектеседі.

Қазіргі таңда, шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономиканың негізгі буыны екеніне көзіміз жеткен сияқты. Еліміздегі кәсіпкерлікті одан ары жандандыру мақсатымен қазақстандағы кәсіпкерлікті қорғау және дамыту орталығының Қазақстан кәсіпкерлері конгресі мен кәсіпкерлердің өндірістік мәселелерін шешуге көмектесетін бөлімдері ашылған.

Кәсіпкерлікті дамыту шараларына тікелей ат салысып отырған да жаңағы орталықтар болып табылады. Солардың бірі – Экономика және Сауда министрлігінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті қолдау департаменті. Себебі бұл департамент шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы негізгі басшылықты жүзеге асырады.

Республикамызда 1997 жылдың 1 қарашасына дейін 413,8 мың фермер шаруашылықтарында шағын кәсіпкерліктің секторлары жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерін біріктіретін мекемелердің бірі – Қазақстан Республикасы кәсіпкерлер конгресі. Бұл конгресс 1991 жылғы 20 желтоқсандағы “Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің мәселелері” деп аталған N 458 Президент Жарлығына сәйкес құрылған. Жарлық кәсіпкерлер үшін  біршама жеңілдіктер әкелді. Сол жеңілдіктердің қатарына несие мәселесін жатқызуға болады.

Сонымен шағын кәсіпкерлікті қолдау дегеніміз – әрбір кәсіпкердің толыққанды әрі нәтижелі жұмыс істеуіне барынша мүмкіндік туғызу. Олардың құқықтары мен мүдделерін заңмен қорғау, қаржылай көмек көрсету, сайып келгенде, кәсіпкерліктің тізгінін жаңадан қолға алған азаматтарға істері оңтайланып, бір бағыт алып кеткенше дем беру болып табылады.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың атына “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” Заңы мен басқа да құқықтық актілерінің орындалу нәтижесі жөнінде, оның әкімшілігінің ұйымдастыру, бақылау бөлімі дайындаған ақпаратында әлі де болса мемлекет басшысының жоғарыда көрсетілген актілерінің толық орындалмай отырғандығы айтылған. Сондай-ақ, онда: “Шағын кәсіпкерлік секторына, оның ішінде шаруа қожалықтарына берілген орташа және ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 1998 жылдың қарашасының біріне дейін 2,3 млрд болады” делінген. Бұл олардың жалпы көлемінің 21,1 пайызын ғана, екінші деңгейдегі банктердің оларға өндірістік мақсат үшін несиелері өте аз. Әлбетте, жоғарыда айтылған кейбір жайттар шаруа (фермер) қожалығының дамуына көлеңке түсіретін жайттар. Біздіңше шаруа қожалықтарын дамыту мен қолдауды осы салада жүрген азаматтар ғана емес, бүкіл министрліктер мен ведомоствалар жергілікті өкімет органдары болып қолға алу керек. Бұл жөнінде ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындағы Үкіметке 1998 жылы Сегіз нақты тапсырмасында баса айтылған.

 

Қорытынды

Сонымен, шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайын азаматтық құқық жағдай тұрғысынан реттеу ең алдымен шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайының мәнін ашып қана қоймай, оны құру тәртібі мен қызметін реттеу ерекшеліктерін көрсете отырып, оны басқа да шаруашылық субъектілерінен ажыратуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күндегі еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу үшін мемлекетіміздің экономикасы жоғары деңгейде дамуы тиіс. Ел экономикасын көтерудің халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартудың бірден-бір көзі – еліміздекәсіпкерлік қызметті дамыту. Елбасымыздың халқымызға жолдауында көрсетілгеніндей /42/, Қазақстан тәуелсіз мемлекет және оның өз даму жолы бар.

Бұл даңғыл жолға түсу, ел экономикасын көтеру – болашақ ұрпаққа қалдырар мұрамыз. Қазақстанды ХХІ ғасырда “Азия Барысы” ретінде жер жүзіне таныту. Ал экономиканың көтерілуі ең алдымен, елімізде болып жатқан реформалардың жүзеге асырылуы. Ол үшін қарапайым алықтан бастап, жоғарыда отырған әрбір мемлекеттік басшы немесе лауазым иесі мейлінше ат салысуы керек. Ел экономикасын дұрыс қалыптастырып, аяғынан тік тұрып кетуіне тізгін бнрнтін – ол кәсіпкерліктің қызметі. Соның ішінде жеке кәсіпкерлікті мемлекет барынша қорғап, қолдау көрсетеді, – дейді. Әрине, Елбасымыздың сөзінің де жаны бар. Өйткені, қазіргі таңда, ауылшаруашылығы мен ауыл өмірінің нашарлап кетуіне байланысты агро өндірістік кешенді белсенді түрде дамытуға баса көңіл бөлініп отыр. Жасыратыны жоқ, кешегі Кеңес өкіметі заманында да қаланы азық-түлікпен асыраған сол ауыл болатын. Ал, ауылымыз бүгінде аянышты хал кешіп отыр. Елімізде жаппай жұмыссыздық етек алып барады. Бүгінгі таңда осы жұмыссыздықты жоюдың бірден бір көзі шаруа (фермер) қожалықтарын құрып, оларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіп, дем беру керек. Ауыл экономикасын көтеру үшін бөлінген несие қаражаттарының тиісті орнына жетуіне мемлекет тарапынан қадағалау қою, жаңадан көтеріліп келе жатқан шаруа (фермер) қожалықтарының қызметіне мемлекеттік органдар тарапынан болатын заңсыз араласушылыққа тыйым салу.

Бұрын да айтып кеткендей, шаруа (фермер) қожалығының қызметінің негізі тікелей ауылшаруашылығымен тығыз байланысты. Ендеше ауылшаруашылығын көтеру үшін алдымен шаруа (фермер) қожалығының қызметіне жағдай жасау. Әрине, шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайы заң негізінде бекітіліп берілгенмен де, жасыратыны жоқ, бұл заңды жүзеге асыру механизмі жоқ. Заңның дұрыс жүзеге аспауы салдарынан мемлекеттік органымыздың өздері қожалық мәртебесін заңды тұлға мәртебесімен шатастырып, жылына екі-үш мәрте салық салады. Заңдарымызда шаруа (фермер) қожалықтарына қолдау көрсету мақсатымен қаншама жеңілдіктер көрсетілген. Ал, бұл жеңілдікті қолданып жатқан шаруа (фермер) қожалығының саны да шамалы. Өйткені, бұл жөнінде қарапайым халықтың көпшілігі білмесе, екінші жағынан жергілікті жердегі мемлекеттік органдар бұл жеңілдіктерді беруден заңсыз бас тартады. Ал, бұл кемшіліктерді жою үшін халықтың құқықтық санасын өсіріп, оларға радио, телевидение, газет-жорналдар арқылы заңдар жөнінде ақыл-кеңес беру керек. Екіншіден,  мемлекеттік органдар тарапынан болып жатқан кемшіліктерді жою үшін оларға шаралар қолдану арқылы жауапкершілікке тарту керек.

Сондай-ақ, еліміздегі зекті мәселелердің бірі – жекешелендірудің дұрыс жүзеге асырылуы. Елбасымыздың жолдауында айтылып кеткеніндей /43/: “Еліміздегі жекешелендірудің соңғы этапы 2000 жылы аяқталуы тиіс”. Қарап отырсақ, бұл уақыт та өтіп барады. Ал, елімізде жекешелендіру процесі қалай жүзеге асырылуда? – деген сұраққа әлі күнге дейін дау туып отыр. Себебі, кейбір статистикалық мәліметтерге жүгінсек  /44/, еліміздің оңтүстік, батыс аумақтарының кейбір жерлерінде әлі күнге дейін жекешелендіру жүзеге асырылмаған, ал кей жерлерінде жүзеге асырылған күннің өзінде заңсыз негізде жүргізілген. Бұл дегеніміз шаруа (фермер) қожалығын құрып, қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік жоқ деген сөз. Өйткені, шаруа (фермер) қожалықтары қызметінің негізі жермен байланысты. Жекешелендіру барысында шаруа (фермер) қожалықтары үшін жер бөліп беру мәселесін заңды негізде, дұрыс жолға қою керек. Бір айта кететін мәселе, шаруа (фермер) қожалықтары үшін жеңілдетілген салық салу жүйесі көрсетілгенімен, ал сол салық салу ставкалары өте жоғары. Мысалы, жер салығы жалпыға бірдей негіздерде көрсетілген, шаруа (фермер) қожалығы үшін арнайы мөлшері көрсетілмеген. Бұдан әрине, шаруа (фермер) қожалықтары өз қызметін жоғары деңгейге көтереді деуге негіз жоқ. Ал, екіншіден, елімізде әлі күнге дейін баға саясатының дұрыс ретке келтірілмей отыруына байланысты ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы өте төмен.Ал, өнім бағасын көтерсе, оған деген сұраныс аз. Бұдан шаруа (фермер) қожалықтарының кәсіпкерлік қызметті  жүзеге асыру барысында түсірген пайдасынан, шеккен зияны көп. Ол үшін елімізге шетелден келетін (Қытайдан, Қырғызстаннан т.б.) ауылшаруашылық өнімдеріне кеден органдары тарапынан тыйым салынып, бақылауды күшейткендері дұрыс болар еді. Дегенмен де, айтылған жайттар шаруа (фермер) қожалықтарының дамуына көлеңкесін түсіретін жайттар болғанымен, оларды жою үшін мемлекет тарапынан қолға алса, бұл мәселелерді шешуге мүмкіндік бар.

Құдайға шүкір, шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтық жағдайының заңдық базасы қалыптасты және ол мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Ал біз үшін тек өз мүддеміз бен пайдамызды ойлап, іске кірісудің қажеттігі ғана туындап отырғанын түсінетін мезгіл жеткен сияқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Библиография

 

1. К.Т.Аяганова. Крестьянское хозяйство Казахстана. Алматы. “Ғылым”, 1998.

2. Р.Аутов, Г.Джаксымбетова. Помочь крестьянскому хозяйству. // Казахстан: экономика и жизнь. 1995. N 7.

3. Баландин. Крестьянское хозяйство. МВО. Агропромиздат. 1992.

4. С.Н.Блохин, А.Ю.Шкарин. Индивидуальный предприниматель: Практика руководства и комментарии по организации ведения индивидуальной предпринимательской деятельности граждан без образования юридического лица. Москва. “Герда” 1997.

5. Б.Б.Базарбаев. Право собственности в крестьянском хозяйстве и вопросы его наследования. 1993. Вестник КазГУ, Серия юридическая.

6. Ю.Н.Вольдман. Об особенностях правового регулирования труда в крестьянском хозяйстве. // Хозяйство и право. 1998. N 3.

7. Г.А.Волков Крестьянское хозяйство как субъект земельных правоотношений. Автореферат. 1993.

8. Л.К.Еркинбанва, Д.Рыскалиев. Право крестьянского хазяйства РК. Учебно-методическое пособие. Алматы. 1995

9. Т.А. Есиркепов. Становление организационно-правовых форм сельскохозяйственных предприятий Казахстана в условиях рынка. Алматы, 1998.

10. В.Кузнецова. Пререгистрация крестьянских хозяйств. Проблемы и пути решения. // Хозяйство и право. 1996. N 2.

11. Л.А.Кусайнова. Правовое положение крестьянского (фермерского) хозяйства. Акмола. 1998.

12. Н.А.Кодерова, Л.Б.Барангазиева. Налоги для крестьянских (фермерских) хозяйств. // Сельская новость. 1998. 5 ноябрь.

13. В.А.Нудненко. Правовое регулирование подсобного хозяйсятва семьи и колхазника. Томск. 1997.

14. А.А.Погребной. Правовое регулирование деятельности крестьянских (фермерских) хозяйств в условия рынка. Москва. 1992.

15. А.А.Погребной. Организационно правовое вопросы создания крестьянских хозяйств. // Советское гос и право. 1991. N11

 16. А.А.Пегренко. Экономика крестьянского хозяйства. Алматы. 1993.

17. Проблемы и перспективы крестьянского (фермерского) хозяйства. Экономика и право РК. 1998. N3.

18. Е.Ш.Рахметов. Правовые проблемы развития крестьянских хозяйства Украины. ВМУ Серия 11. Право. 1991. N2.

19. А.Родостовец. Организация учета в мелких и средних крестьянских (фермерских) хозяйствах. Алматы. “Қайнар”. 1991.

20. Ж.Сарсенкулов. Как оптимизировать налогоблажение крестьянских хозяйств. // Азия: экономика и жизнь. 1996. N 46.

21. Ж.С.Сундетов. Организация и экономика крестьянских хозяйств. Акмола. 1995.

22. Н.Ж.Тусупова. Организация фермерских хозяйств в Казахстане. Алматы. 1992.

23. В.В.Устюкова Правосубъектность крестьянского хозяйства // Советское государство и право. 1992. N1.

24. А.В.Чаянов. Крестьянское хозяйстыо. Москва. 1989.

25. Г.В.Чубуров, А.А.Погребной. Право частной собственности крестьянина фермера. //Государства и право. 1993. N 7.

 

 

Нормативтік құқықтық актілер

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.1995ж.30тамыз.

2. “Шаруа қожалығы туралы”. ҚазССР Заңы. 1990 ж. 29 шілде.

3. ҚР “Шаруа (фермер) қожалығы туралы”  Заңы.

4. ҚР “Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы” Заң. 1992 ж. 4 тамыз.

5. ҚР “Ауыл шаруашылық серіктестіктері жәнеолардың қауымдастықтары туралы” Заңы. 2000 ж. 25 желтоқсан.

6. ҚР “Жеке кәсіпкерлік туралы заңы”. 1997 ж. 19 шілде.

7. ҚР “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заң”.1997 ж. 6 тамыз.

8. ҚР Министрлер кабинетінің “Шаруа қожалықтарын дамыту және қолдау туралы” 09.09.93 ж. Қаулысы.

9. ҚР Мемлекеттік салық комитетінің Нұсқаулығы 15.12.96 ж. “Жер негізгі өндіріс құралы болып табылатын шаруа (фермер) қожалықтарына жеңілдетілген салық салу жүйесі және ҚР салық комитеті органдарының патенттер беру тәртібі туралы”.

10. ҚР Министрлер кабинетінің “Мемлекеттік ауылшаруашылық өндірісін азаматтардың жеке меншігіне сату туралы” 24.02.94 жылғы Қаулысы.

11. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі №447 қаулысымен бекітілген “Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру олардың жұмыс істеу мен тарату және астық қабылдау кәсіпорындарыныңастық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу” Ережесі.

12. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы №257 қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау” Ережесі.

13. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы №236 қаулысымен бекітілген “Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындар үшін жабдықтар лизингіне кредит беру” Ережесі.

14. ҚР Үкіметінің “Шаруа қожалығын жүргізу үшін ҚР азаматында, тауар ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғасында жеке меншік құқығында,  сондай-ақ туралы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және шетелдік заңды тұлғаларда уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір әкімшілік ауданның аумағындағы шектімөлшерін бекіту туралы” №1071 қаулысы. 2003 жылғы 22 қазандағы

 

1.Сборник законов, указов и нормативных актов РК по вопросам рыночной  экономики.А:

2.Заң газеті , 1997.29қазан. 44

3.Заң газеті , 1997.29 қазан. 19

4.Сборник законов , указов и нормативных актов РК по вопросам рыно-ной экономики.А:1992.С.115

5.Басин Ю.Г. Вестник Каз ГУ. 1994. 2

6.Волков Г.А. Крестиянское хозяйство как субъект земельных правоотношений. Автореферат.1993.С.12

7.Кусайынова Л.А. Право землепользование крестиянских (фер-х) хозяйств в РК. Алматы. 1998.С.20

Информация о работе Қылмыстық істі қозғау