Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 23:22, дипломная работа
1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.
КІРІСПЕ...............................................................................................................
І ТАРАУ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................
Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................
Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................
II ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Ақтөбе облысының қазіргі жай-күйі.............................................................
2.2 Ақтөбе облысының туризмінің даму перспективасы..................................
2.3 Алдағы уақытта туризмді дамытуға арналған бағдарламалар...................
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
3.1 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама...................
3.2 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы...........................
3.3 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................
-бірінші категорияда Германия 18503 туристер;
-екінші категорияда мемлекеттер жоқ;
-үшінші категорияда 7 мемлекет: Ресей, Туркия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай және Франция (31,5% жалпы резидент емес туристер санынан);
-төртінші категорияда 6 мемлекет: Австрия, Корея Республикасы, Пәкістан, Израиль, Индия, Нидерланды (8,2%)
-бесінші категорияда 25 мемлекет: Филиппины, Өзбекістан, Италия, Қырғызстан, Тәжікстан, Швейцария, Греция және Польша сияқты мемлекеттерді атап көрсетуге болады. Барлық 25 мемлекеттің үлесі жалпы резидент емес туристер санының 11 пайызын құрды;
-алтыншы категорияда қалған барлық мемлекеттер туристерді жіберуші мемлекеттердің жалпы құрылымның 12,1 пайызын құрды.
Бұл бөлуде 1998-1999 жылдар
Қазақстанда шетелдік туризмнің
даму тенденциясы шұғыл
Сондықтан Қазақстан Республикасы өзінің табиғи рекреациялық және экономикалық потенциалына сүйене отырып, келу (шетелдік) туризмін дамыту керек. Бұл туризм индустриясының «Клондайкомы» болып табылады.
Шетелдік туризмді дамыта отырып, оның әсерінің нәтижесін үйрену керек. Әрине бүгінгі күнде шетелдік туризмнің дамуы Қазақстанға ешқандай әсер еткен жоқ. Сонда да жалпы қабылданған шетелдік туризмнің әсерін келтірейік. Н.Ю.Малашенко туризм дамуының дамушы мемлекеттерде экономикалық-әлеуметтік және экологиялық әсерін бөліп көрсетеді. Біз тек экономикалық әсерін шетелдік туризмге қатысты жағдайларды көрсетеміз.
Дамушы мемлекеттерде туризм дамуының бір ерекшелігі ұлттық (ішкі) туризмнің болмауы және осы жерде қалыптасқан туризм индустриясы сыртқы сұранысты қанағаттандыруға бағытталған. Бұл Қазақстанда да өз дәрежесінде байқалады. Бірақ, бізде сыртқы сұранысты қанағаттандырудың кері процесі келуші (шетелдік) туристерге емес шығушы (резиденттер) туристерге жүреді. Осылай 1999 жылы резидент емес туристер саны 22% құрды. Бұл фактілер, яғни Қазақстанның туристік қызметінің келу нарығындағы жағдайының анализі туризмнің барлық проблемаларын қамтитын заңның жетіспеушілігін, қатаң салық салудың, тарифтің тым арттырылуын, туристік инфраструктураның нашарлығын, біздің мемлекетіміздің көрікті табиғатының шетелде жарнамаланбауын және туризмнің насихатталмауын дәлелдейді.
Жалпы біздің ойымызша шетелдік туристерді тарту негізінде туризм индустриясын қалыптастыру және дамыту – жақын болашақтың жұмысы.
Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың туристік ұйымдарының өкілдіктері кеңеюде, жарнамалық-ақпараттық өнімнің сапасы артуда. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде (Лондон қ.) 2004 жылғы қарашада Қазақстанның бірінші туристік өкілдігі ашылды.
Бүкіләлемдік туристік
ұйымның Іс-шаралар күнтізбесін
Туристік бизнес кәсіпкерлері үшін гранттар, техникалық көмек және инвестициялар тарта отырып бизнес-жоспарлар құру мен инвестициялық жобалар жасау бойынша оқытып үйрету семинарларын жыл сайын өткізу қамтамасыз етілген. Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін шетелде көрсету үшін инвестициялық жобалар каталогы, бағыттамалар, буклеттер мен қағаз және электрондық жеткізушілердегі басқа да жарнамалық-ақпараттық өнім шығарылды.
Қазақстанның оң туристік
имиджін қалыптастыруға және туристік
индустрияға инвестициялар
Бүгінде республика іс жүзінде туризмнің қолданыстағы барлық түрін ұсынып отыр. Туристік кластерді дамыту шеңберінде республикада туризмді дамытудың іскерлік, экологиялық, мәдени-танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлері сияқты басым бағыттары айқындалды.
Туристік қызмет көрсетулердің негізгі жеткізушісі туристік ұйымдар болып табылады, оларды туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 846 туристік ұйым мен 30 жеке кәсіпкер ұсынады. Әрекет етуші туристік фирмалар мен қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындарының басым көпшілігі Алматы қаласында (605), Шығыс Қазақстан (124), Қарағанды (122), Алматы (71) облыстарында және Астана қаласында (79) (1-қосымша). Қазақстанның туристік қызмет көрсетулер нарығында 3,2 мыңға жуық адам, 1,5 мың кәсіби гид пен экскурсияшы жұмыс істейді. Туристік нарықтың барлық ұйымдарының 98,3 %-ін шағын кәсіпорындар (жұмыс істейтіндердің саны 50 адамға дейін) білдіреді. 250 адамнан аспайтын персоналы бар орташа кәсіпорындар 1,3%-ті, ал ірілер 0,4%-ті құрайды. Талдауға қарағанда, туристік ұйымдардың көпшілігін шағын және орта кәсіпорындар құрайды, олар әлем елдерінің көбінде инновацияларға негізделген экономикалық өсімнің тиімді генераторы болып табылады. Қазақстанның туристік ұйымдары әлемнің жетпіс елімен ынтымақтаса жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда 2007 жылы Қазақстанда туризм саласында 379,3 мың адам еңбек еткен, бұл 2008 жылға қарағанда 17,8 процентке артық.
Жоғарыда көрсетілгендермен қатар, ұлттық туристік нарықта шетелдер қатысатын 37 туристік ұйым қызметін жүзеге асырады.
Тек қана туристік ұйымдардың қызметінен Қазақстан Республикасының кірісі 2008 жылы 5902,6 млн. теңгені құрады.
Тұтастай алғанда, 2008 жылы республика бойынша туристік индустрия кәсіпорындарының кірісі 16,8 процентке көбейіп, 30553,4 млн. теңгені құрады, сонымен қатар бюджетке 6526,5 млн. теңге аударылды, бұл былтырғымен салыстырғанда 37,6 процентке артық. Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі де 43,3 процентке артып, 24516,8 млн. теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің төлем теңгерімінің деректері (“Сапарлар” бабы) бойынша резидент еместерге Қазақстанның қызмет көрсетулер көлемі 2008 жылы 684,5 млн. АҚШ долларын құрады, Қазақстанның резидент еместерден алған қызмет көрсетулер көлемі 667,1 млн. АҚШ долларын құрады. 2008 жылы елдің ІЖӨ-ге туризмнің салымы 1,3 процентті құрады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметінің және Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің деректері
бойынша сырттан келушілер
Сырттан келушілер туризмін талдау көрсеткендей, туристердің 58,4 процентінің біздің елге іскерлік және кәсіби мақсаттармен келгенін көрсетті. Елімізде демалу мақсатында 12017 турист (30,1 %), таныстары мен туыстарының шақыруы бойынша 10,2 процент коммерциялық мақсатпен - 1,2 процент турист келген.
Жыл сайын сыртқа шығушылар туризмінің көлемі артуда. Егер 2005 жылы туристік фирмалар шетелге 67360 туристі жіберсе, ал 2008 жылдың қорытындылары бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 210692 туристі құрады. Алыс шетел мемлекеттерінің ішінде Түркия – 63,1 мың адам (30%) , Қытай – 48, 6 мың адам (23,1%), Біріккен Араб Әмірліктері – 23,8 мың адам (11,3%) Қазақстан тұрғындары арасында барынша танымал болып табылады.
Сыртқа шығушылар туризмінде бос уақыт, рекреация және демалыс (44, 7%) мақсатымен шығу басым болып келеді. Қалғандарының шығу мақсаты коммерциялық – шоп-турлар (29 %), іскерлік және кәсіби (18,7%) болып табылады.
Елде әр түрлі туристік қызмет көрсетулерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалуда, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленіп, қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту үшін жағдайлар айқындалды.
Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Елімізге туристер негізінен әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында көбінесе автожол көлігі пайдаланылады. Жыл сайын республикалық маңызы бар жолдар тізбесі толықтырылып, олардың құрамында ірі туристік объектілерге апаратын жолдар бар.
Сырттан келушілер туризмі
мен ішкі туризм көлемін ұлғайтудың
негізгі факторлары тармақталған көлік
желісін дамыту және жолаушылар тасымалының
барлық түрлерінің географиясын кеңейту болып табылады. Осыны ескере
отырып, ұлттық тасымалдаушы - «Қазақстан
темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік
қоғамы мен «Жолаушылар тасымалы» акционерлік
қоғамы туризм саласындағы уәкілетті
органның қолдауымен 2002 жылдан
бастап Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-
Болашақта Тегеранға дейін екінші кезеңді, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы Пекинге дейін үшінші кезеңді жүзеге асыру жоспарланып отыр.
2005 жылдан бастап 2008 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдермен туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нормативтік құқықтық базасы кеңейді. Қазіргі кезде туризм саласында 26 келісім қолданылуда. Жапониямен, Грекиямен, Франциямен, Катармен, Сауд Арабиясымен, Словениямен, Польшамен, Моңғолиямен, Малайзиямен туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім жобалары контрагенттерге келісу үшін жіберілді. Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік туристік ұйыммен және Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше елдердің ұлттық туристік әкімшіліктерімен ынтымақтастық нығайтылды.
Резидент еместерден ел экономикасына шетелдік валюта ағынының тұрақты артуы есебінен елдің төлем теңгерімі жақсарып отырғанын айта кету керек, туризм саласын қаржыландыру мәселесі шешілуде: 2001 жылдан бастап 26 млн. 111 мың теңге көлеміндегі қаржылық қаражат, халықаралық көрмелерге қатысу мен республикада халықаралық туристік жәрмеңкелер өткізуді қоса алғанда, туристік қызмет жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға бөлінді. 2005 жылдан бастап туристік іс-шараларды қаржыландыру көлемі Бағдарламаны қабылдауға байланысты 32 млн. теңгеге, 2007 жылы – 34 млн. теңгеге артты және 2009 жылы бөлінген қаржы қаражат сомасы 39,5 млн. теңгені құрады.
3.2 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы
Соңғы кездері азақстанда туризмді дамыту арқылы экономикалық жағдайды жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны жиі – жиі әнгіме болып отыр. Ресми мәліметтерге қарағанда, мемлекет қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы осы туризмнен түседі екен.Қазақстан туристік ел болуға толық мүмкіндігі бар бірден – бір ел қатарына жатады. Алайда, Қазақстанда туризм бәсең дамып келеді. Оның дәлелі, елімізге шеттен келетін туристердің басым көпшілігі – келуге тиісті іс – сапарлармен, кәсіби жұмыс бабымен келгендерден құралып отыр (89,7 пайыз). Соған қарамастан, әрбір турист шамамен 700 АҚШ долларын қалдырады екен. Әйткенмен, бұл көрсеткіш әлемдік орташа бағадан (1000 доллар) әлдеқайда төмен. Қазақстанда туризмнің қанат жаюы үшін, шекаралық тексерулер мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, туристерді тасымалдау, яғни, көлік қатынасына жағдай жасау санды факторларды іске асыруды дұрыс жолға қою керек.
Қазақстанда қазіргі жаңа экономиканың қызмет етуі жағдайында, салаларды дамыту стратегиялық мінезге ие болады, болжау мәні бірден өседі, әлеуметтік, экономикалық және сыртқы экономикалық приоритеттерінің қалыптасуы негізінде қоғамдық ұдайы өндірістің барлық процестерін реттеуге алғышарттар жасалады. Республикада соңғы жылдары туристік саланы дамытуға бағытталған және мемлекет жағынан оны жан-жақты қолдау шараларының кешені жүргізілді. Сондықтанда жүргізілетін шаралардың күшті және әлсіз жақтарын анықтау және жүргізілген талдау негізінде туристік қызметтің жақсаруын қамтамасыз ететін шаралар ұсыну қажеттілігі туды.Туризм сферасында мемлекеттік басқару органдарының жүргізген ұйымды-экономикалық шаралары, толығымен, конструктивті мінезге ие, бірақта талдау туристік нарықта сәтті қызмет үшін белгілі бір резервтер бар екендігін көрсетті. Белгіленіп отырған бірқатар шаралар саланың қыземтін жақсартуға мүмкіндік береді, экономикалық тиімділік көрсеткіштерін көтереді, туристік белсенділік дәрежелері көрсеткіштерін жоғарлатыды, ішке кіру туризмін дамытады, шетелдік туристерді тартады.
Туристік фирмалар қызметінің экономикалық жағдайларының шамалас жүйесін және оның әкімшілікпен және басқа органдармен өзара әрекеттері кезіндегі мүдделерін, сонымен қатар дамытудың негізгі приоритеттерін анықтау қажет.
Туристік фирмалардың қызметтерін жақсартуға мүмкіндік беретін негізгі шаралар – бұл шағын бизнес кәсіпорындарын капиталдандыру, фирмалардың қызметін маркетинг принциптеріне қайта бағыттау, лицензиялық жүйені жетілдіру. Қазақстанда туристік қызметтің әлеуметті-экономикалық механизмдерін оқып-үйренумен қатар, туристік ағымдар болжамын есептеуді жүргіземіз және мемлекеттік бағдарламамен ұсынылған болжаммен талдау.
Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері